«Мүгедектігі бар адамдардың және жүріп-тұруы шектеулі топтардың қажеттілігін ескере отырып, инфрақұрылым объектілерінің халыққа қолжетімділігі бойынша қызметтер» кәсіптік стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрық жобасына баспасөз релизі
«Мүгедектігі бар адамдардың және жүріп-тұруы шектеулі топтардың қажеттілігін ескере отырып, инфрақұрылым объектілерінің халыққа қолжетімділігі бойынша қызметтер» кәсіптік стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрық «Кәсіптік біліктілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді.
Кәсіптік стандарт кәсіпорындарда кадрларды, білім беру ұйымдарының жұмыскерлері мен түлектерін оқытуды қоса алғанда, білім беру бағдарламаларын қалыптастыруға қойылатын талаптарды және халыққа инфрақұрылым объектілерінің болуы бойынша қызметтер көрсету саласындағы мәселелердің кең ауқымын шешу жолдарын белгілейді.
Кәсіптік стандарт Қазақстан Республикасының тілдер туралы заңнамасына сәйкес толықтай қайта қаралды.