Ақпараттық хабарлама!
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі еңбек заңнамасын жетілдіру мақсатында «Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және кейбір заңнамалық актілеріне еңбек заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына реттеушілік саясаттың консультативтік құжатын әзірледі (бұдан әрі – реттеушілік саясаттың консультативтік құжаты).
Реттеушілік саясаттың консультативтік құжатында еңбек, еңбек қатынастары және және әлеуметтік әріптестік салаларындағы мемлекеттік реттеудің проблемалық мәселелері, сондай-ақ ұсынылып отырған шешу жолдары қамтылған.
Осыған байланысты, Еңбек және Әлеуметтік кодекстеріне, «Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңына және басқа да заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу жоспарлануда.
Жақын арада реттеушілік саясаттың консультативтік құжаты жария талқылау үшін ашық НҚА интернет-порталында орналастырылатын болады.