«Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы (ҚРҮҚ № 1193)

«Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына толықтыру енгізу туралы

 

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулыға 18-қосымша мынадай мазмұндағы реттік нөмірі
16-жолмен толықтырылсын:

«

16.

 

Ауылдық елді мекен санатынан қайта құрылған қаладағы жұмысы үшін арттыру

 

 

 

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ауылдық елді мекен санатынан қайта құрылған қалалық елді мекенде орналасқан мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандарға елді мекен санаты қайта құрылған күннен бастап екі жыл ішінде жоғары жалақы (тарифтік ставкалар) белгіленеді

 

кемінде
25 %-ға

 

».

  1. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап енгізіледі және 2024 жылғы 9 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

 

 

Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі                                                         О. Бектенов

Дата публикации
04 апреля 2025