Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын (1-шығарылым) бекіту туралы

Қазақстан Республикасы

                                                                         Еңбек және халықты

                                                                      әлеуметтік қорғау министрінің

                                                         2009 жылғы 30 қарашадағы

                                                                № 343-ө бұйрығымен

бекітілген

 

 

 

 

 

 

 

Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің

бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы

 

 

 

 

 

 

1-шығарылым

 

 

 

 

Экономиканың барлық салалары үшін

ортақ жұмысшылардың кәсіптері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Астана  2009

 

Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы шығарылымдарының тізімі

 

№

р/с

Шығарылым №

Бөлім аттары

 

1

1

Экономиканың барлық салалары үшін ортақ жұмысшылардың кәсіптері;

 

2

     2

 

1-бөлім    

2-бөлім

Құю жұмыстары; Дәнекерлеу жұмыстары; Қазандық, суық қалыптау, созғылау және сығу жұмыстары; Ұсталық-нығыздау және термиялық жұмыстар;

 

Металдар мен басқа да материалдарды механикалық өңдеу; Металмен қаптау және бояу; Эмальдеу; Слесарлық және слесарлық –құрастыру жұмыстары;

 

3

3

Құрылыс,  монтаждау және жөндеу-құрылыс жұмыстары;

 

4

4

Тау-кен және күрделі тау-кен жұмыстарының жалпы кәсіптері; Байыту, агломерация, брикеттеу жұмыстарының жалпы кәсіптері; Көмір және тақта тас өндіру мен байыту, көмір және тақта тас шахталары мен қабаттарын салу; Метрополитендерді, тоннельдерді және арнайы жер асты құрылыстарын салу;  Руда және ұсақ тау жыныстары пайдалы қазбаларын өндіру және байыту; Руданы агломераттау; Тау-кен химиялық шикізатты өндіру және байыту; Құрылыс материалдарын өндіру және байыту; Торфты өндіру және қайта өңдеу; Қоңыр көмір мен озокерит рудаларын қайта өңдеу;

 

5

5

Геологиялық барлау және геодезиялық -топографиялық жұмыстар;

 

6

6

Ұңғыма бұрғылау, Мұнай мен газ өндіру;

 

7

7

Қара металлургияның жалпы кәсіптері; Домна өндірісі; Болат балқыту өндірісі; Прокаттау өндірісі; Құбыр өндірісі; Ферроқорытпа өндірісі; Коксты химия өндірісі; Отқа төзімділер өндірісі бөлімі; Металдарды екінші реттік қайта өңдеу;

 

8

8

Түсті металлургиядағы жалпы кәсіптер; Түсті, сирек  металдар мен  түсті металдардан ұнтақтар өндірісі; Түсті  металдарды өңдеу; Қатты балқымалар,  ауыр балқыма металдар мен  ұнтақ тау-кен өнімдерінің өндірісі; Электродты  өнімдердің өндіріс;

 

9

 

9

 Электр станциялардың және желілердің жабдықтарын                             пайдалану, энергия пайдаланушыларға қызмет көсету; Электр станциялар мен желілердің жабдықтарын жөндеу;

 

Жылу электр станциялары; Гидроэлектр станциялар; Электр желілері; Жылу желілері; Энергия өткізу және оны пайдалану жөніндегі кәсіпорын (энергия өткізу);

 

10

10

Сағаттар мен техникалық тастар өндірісі, сағаттарды жөндеу; 

 

11

11

Ине өндірісі;            

 

12

12

Ремиз-берд өндірісі;   

 

13

13

Қаңылтыр-банкі және туб өндірісі;

 

14

14

Металды электродтар өндірісі;

 

15

15

Метал канаттар, торлар, серіппелер,щеткалар мен шынжыр өндірісі;

 

16

16

Медициналық аспаптар, құралдар мен жабдықтар өндірісі;

 

17

17

Абразивтер өндірісі;

 

18

18

Синтетикалық алмаздар, аса қатты материалдар және олардан жасалған бұйымдар мен табиғи алмаздар өндірісі;

 

19

19

Электртехника өндірісінің жалпы кәсіптері; Электр изоляция материалдары өндірісі; Электр көмір өндірісі; Кабель өндірісі; Изоляция және орау-орамалау жұмыстары; Химиялық және басқа да ток өндірісі;

 

20

 

20

1-бөлім

2-бөлім

Электронды техника бұйымдары өндірісінің жалпы кәсіптері; Жартылай өткізгіштер өндірісі;

 

Радиобөлшектердің өндірісі; Электровакуумдық өндіріс, Пьезотехникалық өндірістер;

 

21

21

Радиоаппаратура және өткізгіш байланыс аппаратурасының өндірісі;

 

22

22

Ұшу аппараттарының, қозғалтқыштардың және оның жабдықтарының өндірісі мен жөндеу жұмыстары;

 

23

23

Кеме құрастыру және кеме жөндеу;

 

24

24

Химиялық өндірістердің жалпы мамандықтары;         

 

25

25

Азот өндірістері және органикалық синтез өнімдері; Негізгі химиялық өндірістер;

 

26

26

Анилиндеу-бояу өндірісі; Полиграфиялық бояу өндірісі; Лак-бояу өндірісі;

 

27

27

Полимерлі материалдар өндірісі және одан жасалған өнім;

 

28

28

Шыныталшық, шыныталшық материалдар, шыныпластик, химиялық талшық және солардан жасалатын бұйымдар өндірісі;

 

29

29

Гидролиз өндірісі және сульфитті сілті өңдеу; Ацетон-бутил өндірісі; Лимон және шарап тасты қышқыл өндірісі; Ашытқы өндірісі; Дәрілік заттар, дәрумендер, медициналық, бактериялық және биологиялық дәрі-дәрмектер мен материалдар өндірісі;

 

30

30

Синтетикалық каучуктар, май алмастырушылар және мұнайхимия өнімдерінің өндірісі;

 

31

31

Резеңке қоспаларын өндіру мен қайта өңдеудің  жалпы кәсіптері; Резеңке техникалық бұйымдардың,  резеңке аяқ киім мен кеңінен тұтынылатын  резеңке бұйымдарының өндірісі; Шиналардың өндірісі, қалпына келтіру және жөндеу; Техникалық көміртегінің өндірісі; Регенерат өндірісі;

 

32

32

Химиялы-фотографиялы өндіріс

 

33

33

Жасанды тері өндірісі;

 

34

34

Мұнайды, мұнай өнімдерін, газды, сланецті, көмірді қайта өңдеу және магистральдік труба құбырларына қызмет көрсету;

 

35

35

Төлкелі ағаштың қабығынан жасалған бұйымдар

 

36

36

Таскендір техникалық бұйымдарын өндіру;

 

37

37

Ағаш дайындау өндірісінің жалпы кәсіптері; Ағаш дайындау жұмыстары; Ағаш ағызу; Ағаш шырынын ағызу; Қамыс дайындау және өңдеу;

 

38

38

Ағаш өңдеу өндірісінің жалпы кәсіптері; Ағаш аралау және ағаш өңдеу; Сүрек және талшық плиталар өндірісі; Фанера өндірісі; Жиһаз өндірісі; Сіріңке өндірісі; Қарындаш өндірісі;

 

39

39

Целлюлоза, қағаз, картон және олардан бұйым өндіру;

 

40

40

Құрылыс материалдарының өндірісі;

 

41

41

Шыны және шыны бұйымдарының  өндірісі;

 

42

42

Керамика, фарфор және фаянс бұйымдары өндірісінің жалпы кәсіптері; Құрылыс керамикасы бұйымдарының өндірісі; Электр керамика бұйымдарының өндірісі; Фарфор және фаянс бұйымдарының өндірісі;

 

43

43

Мақтаны және тінді дақылдарды алғашқы өңдеу;

 

44

     44

1-бөлім

2-бөлім

Тоқыма өндірісінің жалпы мамандықтары;

 

Мақта-мата өндірісі; Зығыр өндірісі; Жүн өндірісі; Жібек өндірісі; Жібек түту өндірісі; Трикотаж өндірісі; Киіз өндірісі; Тоқыма галантереясының өндірісі; Кендір жіп өндірісі; Мақта өндірісі; Беймата материалдар өндірісі; Ау тоқу өндірісі; Қолмен тоқымашылығы;

 

45

45

Жеңіл өнеркәсіп өндірістерінің жалпы кәсіптері; Былғары және тері шикізаты өндірісі; Былғары аяқ киім өндірісі; Былғары өндірісі; Былғары галантерея өндірісі; Қайыс-ер бұйымдары өндірісі; Былғарыдан техникалық бұйымдар жасау өндірісі; Қыл-щетка өндірісі; Тері илеу- экстракты өндірісі;

 

46

46

Тігін өндірісі;

 

47

47

Парашют өндірісі;

 

48

48

Тамақ өнімі өндірісінің жалпы кәсіптері;

 

49

49

Ет өнімдері өндірісі; Сүйек өңдеу және желім өндірісі; Құс және қоян өңдеу; Май жасау, ірімшік жасау және сүт өндірісі;

 

50

50

Балық және теңіз өнімдерін аулау және өңдеу;

 

51

51

Алкогольді және алкогольсіз өнімдердің өндірісі; Нан-макарон өндірісі; Кондитерлік өндіріс; Крахмал-сірне өндірісі; Қант өндірісі; Тамақ концентраттары өндірісі; Темекі-макарон және ферментациялық өндіріс;

 

Эфир майы өндірісі; Шай өндірісі; Парфюмерлік-косметика өндірісі; Май-тоңмай өндірісі; Ас тұзы өндірісі; Уытты тамыр өндіру және қайта өңдеу; Элеватор, ұн тарту-жарма және комбикорм өндірісі; Сауда және қоғамдық тамақтану; Консерві өндірісі;

 

52

52

Темір жол көлігі және метрополитен; Автомобиль және қалалық электр көлігі; Теңіз және ішкі су көлігі;

 

53

53

Ұшатын аппараттарды (әуе құрылғылары) экспулатациялау және ұшу сынақтары;    

 

54

54

Байланыс жұмысшы мамандары және жұмыстар;

 

55

55

Полиграфиялық өндірістің жалпы кәсіптері; Полиграфиялық өндірістің қалып процесі; Басылым процесі; Брошюра жасау - беттеу және өңдеу процесі; Шрифт өндірісі;

 

56

56

Көрнекті  құралдар өндірісі;

 

57

57

Жарнамалық - безендіру және макет жұмыстары; Қалпына келтіру жұмыстары;

 

58

58

Жалпы мамандықтар; Киностудия и кәсіпорын, теледидар мен радиохабарламаны ұйымдастыру; Киножүйе және кинопрокат; Театр-көрініс кәсіпорындары.

 

59

59

 

Музыкалық аспаптары өндірісінің жалпы кәсіптері; Клавиштік аспаптар өндірісі; Қияқты аспаптар өндірісі; Шертпелі аспаптар өндірісі; Тілдік аспаптар өндірісі; Үрмелі және ұрмалы аспаптар өндірісі; Музыкалық аспаптарды жөндеу және қайта жаңарту;

60

60

Ойыншық өндірісі;

61

 

 

 

 

61

Көркемөнер бұйымы өндірісінің жалпы кәсіптері; Зергерлік-филигран өндірісі; Металдан  көркемөнер бұйымдарын өндіру; Ағаштан, капе тамыры және қайың қабығынан көркемөнер өндіру; Қырлау өндірісі; Тастан көркемөнер бұйымдарын өндіру; Миниатюралық  сурет салынған папье-маше көркемөнер бұйымдарын өндіру; Сүйек және мүйізден көркемөнер бұйымдарын өндіру; Янтарьдан көркемөнер бұйымдарын өндіру; Мүсіндеу өндірісі; Боялған кенеп және картон өндірісі; Тері және былғарыдан көркемөнер бұйымдарын өндіру; Халық көркемөнер кәсіпшілігі бұйымдарының өндірісі;

62

62

Тұрмыстық қызметтер саласындағы жұмыстар;

63

63

Қала, ауыл және елді мекендердегі газ шаруашылығы;                  Су құбыры-кәріз шаруашылығы; Өсімдік шаруашылығы;             Фото жұмыстары;

64

64

Мал шаруашылығындағы жұмыс;

65

65

Оптикалық-механикалық өндіріс;

66

66

Арнайы өндіріс бұйымдарын жөндеу және сынау; 

67

 

67

Бұрын қолданыста болған БТБА бойынша  кәсіптердің атаулары көрсетілген, Жұмысшылардың  жұмыстары мен кәсіптерінің  бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығында орналастырылған жұмысшылар кәсіптерінің тізбеcі;

68

68

Жұмысшылар кәсіптерінің өзгертілген атаулары мен олар енгізілген жаңа Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің  бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығының бөлімдері көрсетілген,  бұрын қолданыста болған БТБА-да көзделген жұмысшылар кәсіптері атауларының тізбесі

 

                           ________________________________

 

 

 

 

Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай

тарифтік-біліктілік анықтамалығының жалпы  ережесі

 

  1. Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын (БТБА) Қазақстан Республикасындағы экономикалық қызметтің барлық ұйымдарында пайдалануға міндетті.
  2. БТБА жұмыстарды тарифтеуге, жұмысшыларға біліктілік разрядтарын беруге, сондай-ақ экономикалық қызметтің барлық саласындағы жұмысшыларды даярлау және біліктілігін арттыру жөнінде бағдарламалар жасауға арналған.
  3. БТБА меншік нысанына қарамастан өндірістер мен жұмыстардың түрлері бойынша бөлімдерге топтастырылған жұмысшылардың тарифтік-біліктілік сипаттамаларынан тұрады. БТБА-ға орналастырылған жұмысшылардың тарифтік-біліктілік сипаттамалары ғылыми-техникалық прогрестің, бригадалық ұйым нысандары талаптарының және еңбек төлемінің кеңінен пайдаланылуын, сондай-ақ артып келе жатқан өнім сапасы талаптары, жұмысшыларға жалпы білім беру деңгейі мен арнайы даярлау сапасы ескеріле отырып әзірленді.
  4. Жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамалары тиісті сипаттамаларда көрсетілген жекелеген жағдайларды қоспағанда, сегіз разрядты тарифтік кестеге сәйкес әзірленді.

Жұмыс разрядтары олардың күрделігіне қарай, әдеттегідей еңбек жағдайларының есебінсіз белгіленді. Қажет болғанда еңбек  жағдайлары (ауырлығы, зияндылығы және т.б.) арттырылған лауазымдық жалақылар (тарифтік ставкаларды) немесе заңнамаға сәйкес қосымша ақыларды есептеу  арқылы белгіленеді.

  1. Анықтамалықта келтірілген тарифтік-біліктілік сипаттамалар жұмысшылардың кәсіптері бойынша негізгі, анағұрлым жиі кездесетін жұмыстарды сипаттаудан тұрады. Әрбір жұмыс орнындағы жұмыстың нақты мазмұны, көлемі мен орындалу тәртібі ұйымдарда технологиялық карталармен, жұмыс нұсқаулықтарымен немесе басқа да құжаттармен белгіленеді.

Жұмысшылар тарифтік-біліктілік сипаттамаларда көзделген жұмыстардан басқа ауысымды қабылдау және тапсыру, өз жұмыс орнын, жабдықтарды, аспаптарды, айлабұйымдарды жұмысқа уақтылы даярлау және жинаумен, оларды тиісті жағдайда ұстаумен; белгіленген техникалық құжаттаманы жүргізумен байланысты жұмыстарды да орындауға тиісті.

Барлық кәсіптердің тарифтік-біліктілік сипаттамаларының «Білуге тиіс» деген бөлімдерінде орындалатын жұмыстар шегінде білімінің болу қажеттігін ескеру керек.  

  1. Көптеген БТБА бөлімдерінің жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларында осы разрядқа жататын жұмыс мысалдары келтірілген. Бұл мысалдар экономиканың барлық саласындағы жұмыстарды қамтымайды. Сондықтан қажет болған жағдайларда жұмыстарды тарифтеу және кәсіпорындарда, министрлік пен ведомствоның экономикалық қызметінің әртүрлі түрлерінің ұйымдарында жұмысшыларға біліктілік разрядтарын беру кезінде тұтастықты қамтамасыз ету мақсатында оларды ведомстволық бағынысты кәсіпорындар мен ұйымдарда қолдану үшін БТБА-ның жекелеген бөлімдеріне қатысты қосымша жұмыс мысалдарының тізбесін әзірлеуге және бекітуге болады. Қосымша тізбеге енгізілген жұмыстар орындалу күрделігіне қарай БТБА-ға орналастырылған тиісті разряд кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларында келтірілген жұмыстарға сәйкес болуға тиіс.
  2. Анықтамалықта бір немесе өзге кәсіп үшін бірнеше разряд және де тарифтік-біліктілік сипаттамада көзделген жағдайларда анағұрлым жоғары білікті жұмысшының оның тарифтік-біліктілік сипаттамасында санамаланған жұмыстардан басқа білімі, дағдысы және осы кәсіп бойынша төмендеу білікті жұмысшының тарифтік-біліктілік сипаттамасында көзделген жұмыстарды орындай алатын болуға тиісті. Сондықтан да, төмендеу разрядты тарифтік-біліктілік сипаттамаларда келтірілген жұмыстар әдеттегідей, жоғары разрядты сипаттамаларда көрсетілмеген.

Жекелеген кәсіптердің төменгі разрядтарының жұмыс сипаттамаларында өндірістің жағдайы немесе орындалатын жұмыс суреттемесіне сүйене келе, технологиялық процесті жүргізу немесе жекелеген жұмыстарды орындау анағұрлым жоғары білікті жұмысшының басшылығымен жүргізіледі деп жазылған. Мұндай жағдайларда анағұрлым жоғары разрядты жұмысшылар сол кәсіптегі төмендеу разрядты жұмысшыны басқара білуге тиісті. Технологиялық процестерді жүргізумен айналысатын жоғары разрядты жұмысшылар сол процестерді жүргізуге қатысатын жұмысшыларды басқарулары керек.

  1. Тарифтік-біліктілік сипаттамада баяндалған білікті жұмысшының тиісті теориялық және практикалық білім деңгейіне қойылатын талаптармен қатар жұмысшы мыналарды білуге тиіс:

а) өз жұмыс орнында еңбекті оңтайлы ұйымдастыруды; еңбекті ұйымдастырудың бригадалық нысанында әрбір жұмысшы өз бригадасының да еңбегін ұйымдастыруды;

б) орындалатын жұмыстың технологиялық процесі; өндіріс жұмыстары кезінде ағымдағы сипаттағы ақаулықтарды анықтау және жою қызметін көрсететін жабдықтарды, айлабұйымдар мен аспаптарды техникалық пайдалану және күту ережесі; орындалатын жұмысқа кететін жағар май, энергия және материалдардың шығыс нормалары;

в) орындалатын жұмыстың, оның ішінде аралас операциялар немесе процестер бойынша сапасына қойылатын талаптар; ақау түрлері, оның туындау себептері, және оның алдын алу және жою тәсілдері;

г) қауіпсіз және санитарлық-гигиеналық еңбек әдістері; өз жұмыс орнында өрттің алдын алу және сөндірудің негізгі құралдары мен жолдары; дабыл қағу, жұмыс орнында еңбекті ұйымдастырумен көзделетін жерлерде ілмектеу жұмысының ережесі;

д) өндірістік (кәсіп бойынша) нұсқаулық және ішкі еңбек тәртібі ережесі;

ж) өндіріс тиімділігін арттыру жолдары – еңбек өнімділігін, шығарылатын өнім сапасын, учаскеде, бригадада, өз жұмыс орнында материалдық ресурстарды үнемдеуді арттыру, өнімнің құнын және еңбек сыйымдылығын төмендету, шаруашылық есепті, еңбекті ұйымдастырудың бригадалық нысанын пайдалану;

з) тарифтік ставкаларды, нормалар мен бағаларды тағайындау және белгілеу тәртібі; жұмысты тарифтеу, жұмысшы білік разрядтарын, нормаларды және бағаларды қайта қарау, техникалық негізделген нормаларды белгілеу тәртібі;

и) өндірісте жұмысшыларды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттырудың негізгі ережелері мен нысандары;

к) еңбекақы нысандары мен жүйесі; көп станокты қызмет көрсету және кәсіптерді алмастыру кезіндегі еңбекақы шарттары, бригададағы еңбекақы және еңбекақыны бөлу жүйесінің ерекшеліктері;

Жұмысшы өзінің практикалық қызметінде экономикалық білімді қолдануды, өзінің және бригада жұмысының нәтижелерін талдауды білуге тиіс.

а-д тармақшаларында көрсетілген талаптардан басқа, машиналар мен механизмдерді басқарумен және қызмет көрсетумен тікелей айналысатын жұмысшылар, машиналардың машинистері, мотористері, жүргізушілері, тракторшылар, баптаушылар, краншылар, электр монтерлері, жөндеушілер, монтаждаушылар, құюшылар, аппаратшылар, каландрлаушылар және т.б. орындалатын жұмыстың шарты бойынша жұмыс процесінде туындайтын ағымдағы сипаттағы ақаулықтарды өз бетінше жоюға және оны жөндеуге қатысуға жеткілікті көлемде слесарлық істі игеруге тиіс.                            

Теміржол және су көлігіндегі қозғалыспен, қопару жұмыстары өндірісімен, қопару материалдары және улы заттарды сақтау және қолданумен, көтеру-көлік жабдықтарында, қазандық құрылғыларында, қысыммен істейтін аппараттар мен ыдыстарда қызмет көрсетумен байланысты немесе басқа да жұмыстарда істейтін жұмысшылар қолданыстағы ереже және нұсқаулықтармен оларды орындаудың ерекше талаптары көзделгенде сол ережелерді білуге және сақтауға және қажет болған жағдайларда қопарушының тиісті бірыңғай кітапшасы, дәнекершінің дипломы болуға тиіс.

Тиісті кәсіптердің тарифтік-біліктілік сипаттамаларында баяндалған бақылау-қабылдау функцияларды орындайтын жұмысшылар екі жылда бір рет берілген біліктілік деңгейіне сәйкестікке және бақыланатын өнімнің сапасына қойылатын талаптарды білуге аттестациядан өтуге тиісті. Бұл жұмысшыларды аттестациялау тәртібін заңнамада белгіленген тәртіпке сәйкес ұйымдар айқындайды.

  1. Жұмыстарды тарифтеу тарифтік-біліктілік сипаттамалардың негізінде жүргізіледі. Бұл ретте тарифтелетін жұмыс тарифтік-біліктілік сипаттамаларда сипатталған тиісті жұмыстармен және анықтамалықта немесе осы Ереженің 6-тармағына сәйкес бекітілген қосымша жұмыс мысалдарының тізбесінде орналастырылған үлгілік мысалдармен салыстырылады.

Жұмысты бригада орындаған жағдайларда жұмысты тарифтеу әрбір операция немесе осы жұмыстың құрамына кіретін операциялардың сомасы, оның орташа разряды бойынша сараланып жүргізіледі.

  1. Жұмысшыға разряд (сынып, санат) беру немесе жоғарылату туралы мәселені оқудан өткен жұмысшының өтінішінің және тиісті бөлімше басшысының (шебер, ауысым бастығы және т.б.) ұсынымының негізінде ұйымның (кәсіпорынның) біліктілікті айқындау комиссиясы өндірістік бригаданың кеңесін ескере отырып қарайды.

Біліктілік емтихандарына әдетте, теориялық білімін алдын ала тексерусіз және сынақ тапсырмай-ақ тиісті оқу бағдарламалары бойынша теориялық және өндірістік оқудың толық курсынан жақсы өткен адамдар жіберіледі.

Технологиялық тәртіпті өрескел бұзғаны үшін, сондай-ақ басқа да әзірленетін өнім сапасының төмендеуіне алып келген елеулі бұзушылықтар үшін ұйым (кәсіпорын) басшылары жұмысшылардың біліктілік разрядтарын (сыныбын, санатын) 3 айға дейінгі мерзімге төмендетуге құқығы бар. Бұл ретте разрядты (сыныбын, санатын) қалпына келтіру разряд (сынып, санат) беру үшін белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

  1. Ұйымның (кәсіпорынның) біліктілікті айқындау комиссиясының төрағасы басшының орынбасары, бас инженер болып табылады. Біліктілікті айқындау комиссиясы кемінде бес мүшеден тұрады, оның құрамын ұйымның (кәсіпорынның) басшысы бекітеді.

Разряд беру немесе өзгерту туралы мәселені қарауға біліктілік комиссиясы қажеттігіне қарай осы кәсіптегі білікті жұмысшыларды немесе басқа да қызметтердің мамандарын тартады.

  1. Жұмысшыға біліктілік разрядын беру немесе оны жоғарылату цехтағы, учаскедегі, құрылыс-монтаждау, құрылыс-жөндеу ұйымдарда орындалатын жұмыстың күрделігіне қарай жүргізіледі.
  2. Біліктілікті айқындау комиссияның жұмысшылардың теориялық білімдерін тексеруін және олардың сынақтарды тапсыруын ұйымдастыру шебердің, жұмысты өндірушінің (прорабтың), ауысым бастығының немесе басқа да тиісті бөлімше басшысының міндеттемесі болып табылады.
  3. Біліктілік разряды берілетін немесе жоғарылатылатын жұмысшы тиісті разрядтың тарифтік-біліктілік сипаттамасына сәйкес ауызша түрде «Білуге тиіс» деген бөлімнің сұрақтарына жауап беруге және сынақ тапсыруға, яғни аталған ұйымдағы «Жұмыс үлгілері» немесе «Жұмыс сипаттамасы» деген бөлімдерде көрсетілген жекелеген жұмыстарды өз бетінше орындауға тиіс. Бұған қоса, жұмысшы осы Жалпы ереженің 8-тармағында баяндалған білім деңгейіне қойылатын талаптардан туындайтын сұрақтарға да жауап беруге тиісті. Сынақ тапсырғанда жұмысшы жұмыстың қажетті сапасын қамтамасыз ету үшін белгіленген әзірлеу, уақыт, қызмет көрсету нормаларын орындауы керек. Сынақ жұмыстарын орындауға болмайтын учаскедегі жұмысшының практикалық даярлық деңгейін (учаске, цех және т.б.) жетекшісі бағалайды.
  4. Егер жұмысшыға біліктілік разрядын беру немесе жоғарылату үшін сынақ ретінде бөлінген жұмысқа басқа жұмысшылардың қатысуы талап етілетін болса, сынақ тапсырған уақытқа қажетті бригаданы (звено) жетекші (шебер, прораб, ауысым бастығы немесе тиісті бөлімшенің басқа да басшысы) ұйымдастырады.

Бригадада істейтін жұмысшыға біліктілік разрядын беру немесе жоғарылату анағұрлым жоғары білікті жұмысшының басшылығымен орындалатын жұмыстың күрделік дәрежесіне қарай емес, біліктілік сынағын тапсырғанда өз бетінше орындай алатын жұмыстың күрделігіне қарай жүргізілуге тиіс.

  1. Негізгі кәсібі бойынша жұмыспен қатар бригада басшылығы функцияларын орындау да жүктелген жұмысшыларға біліктілік разрядын беру жалпы негізде жүргізілуге тиіс. Жұмысшының бригадир етіп тағайындалуы оның разрядын көтеру үшін негіз бола алмайды.
  2. Бір және одан да көп кәсіпті бірге алып жүрген кезде разряд беру тәртібі жоғарыда айтылғандарға ұқсас болады.
  3. Уақытша жұмысшылардың разрядтарын көтеруді тиісті разряд жұмысының күрделігіне қарай жүргізуге болады.
  4. Жұмысшы кәсібінің атауы өндірісте орындалатын нақты жұмысы ескеріле отырып БТБА-ға қатаң сәйкестікте белгіленуге тиіс.

Жұмысшы түрлі кәсіптерді орындаған жағдайда, жұмысшы кәсібінің атауы негізгі жұмысы бойынша олардың орындайтын жұмысының  көлеміне қарай белгіленеді.

  1. Біліктілік комиссиясының қорытындысы (хаттамасы) негізінде ұйымның (кәсіпорынның) әкімшілігі жұмысшыға БТБА-ға сәйкес тиісті құжаттарды ресімдей отырып, кәсіп атауын және біліктілік разрядын бекітеді. Жұмысшыға негізгі жұмысы бойынша берілген разряд пен кәсіп атауы қызметкердің еңбек қызметін растайтын оның құжаттарына енгізіледі.

Жұмысшыға қоса атқаратын кәсібі бойынша берілген разрядқа  растайтын құжат беріледі.

  1. Кәсіби құрамы бойынша ұйымдарда (кәсіпорындарда) жұмысшыларды есепке алу, сондай-ақ жұмысы туралы барлық құжаттардағы жазбалар БТБА шығарылымдарында көрсетілген жұмысшы кәсіптерінің атауларына сәйкестігін қатаң сақтай отырып жүргізілуге тиіс.
  2. Жұмыстарды тарифтеу және жұмысшыларға жаңа кәсіптер бойынша белгіленген тәртіппен біліктілік разрядтарын бекіткенге дейін беру қолданыстағы Бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы мен жұмысшылар кәсіптерінің анықтамалығында қамтылған осыған ұқсас кәсіптер мен жұмыстардың атаулары мен сипаттамаларына қатысты жүргізіледі. Бұл ретте ұйымдар (кәсіпорындар), уәкілетті органдар жаңа жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларын белгіленген тәртіппен әзірлеп, бекітеді.
  3. Жұмысшылардың кәсіптері мынадай санаттарға бөлінеді: білікті және білікті емес.

 Білікті санатқа еңбегі БТБА-ға сәйкес кәсіптік даярлауды және арнайы білімді талап ететін жұмысшылар жатады.

 Білікті емес жұмысшылар қол құралдарын пайдаланумен және белгілі бір  күш жұмсаумен байланысты қарапайым механикалық жұмыстарды орындайды. Кәсіптердің аталған санатының көбі үшін негізгі жалпы немесе жалпы орта білімінің болуы және жұмыс орнында жеке үйренуі тән.

Жұмысшылар кәсіптерін топтар бойынша сыныптау Қазақстан «Қызметтер сыныптауышын» Республикасының мемлекеттік сыныптауышында айқындалған, оған сәйкес білікті жұмысшылар 5-тен 8-ге дейінгі кәсіптер тобына, білікті емес жұмысшылар кәсіптердің 9-тобына қатқызылған.  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Экономиканың барлық салаларына ортақ жұмысшы кәсіптері

 

Кіріспе

 

Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығының (БТБА) 1-шығарылымының «Экономиканың барлық салаларына ортақ жұмысшы кәсіптері» бөлімі бұрын қолданылған БТБА-ның  КСРО еңбек және әлеуметтік мәселелер жөніндегі мемлекеттік комитетінің және Бүкілодақтық Кәсіптік одақтардың орталық кеңесі хатшылығының  1985 жылғы 31 қаңтардағы № 31/3-30 қаулысымен бекітілген шығарылымы негізінде әзірлденді.

Бөлімде ұқсас жұмыстарды тарифтеу жетілдірілді, ғылыми-техникалық прогресті жылдамдату, өнімнің сапасына, жұмысшылардың біліміне, жалпы білім беру және  арнайы даярлауға қойылатын талаптардың артуының әсерінен еңбек мазмұнының өзгеруімен байланысты жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамалар нақтыланды.

БТБА-да әдеттегідей, әрбір мамандық бір бөлімде ғана кездеседі. Осы бөлімге нақты өндіріс немесе жұмыс түрі үшін айрықша болып табылмайтын жұмысшылардың кәсіптері енгізілген.

Тарифтік-біліктілік сипаттамаларды пайдалану, разрядтар беру және арттыру, өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығының жалпы ережесінде, сондай-аұ Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрықтарымен бекітілген және қазіргі кезде қолданылатын Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын, Жұмысшылар кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларын әзірлеу, сынаудан өткізу, қайта қарау, бекіту және пайдалану ережесінде көрсетілген

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тарифтік - біліктілік сипаттамалар

 

  • 1. Аккумуляторшы

1-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Аккумуляторларды бөлшектеу және жинау, аккумулятор ыдастарын майсыздандыру, тазартылған суды сүзу, дайындау және анағұрлым жоғары білікті аккумуляторшының басшылығымен зарядтық станцияларға қызмет көрсету. Аккумуляторларды жөндеу мен  зарядқа дайындау. Аккумулятор ыдастарын тазалау, шаю және сүрту. Қосатын жолақтары мен  ұштарында пластиналарды дәнекерлегеннен кейін қабыршақтарды және қаспақтарды тазалау. Қышқылмен, элеткролитпен, тазартылған сумен бөтелкелерді, улы калиймен банкаларды жұмыс орнының шегінде орнын ауыстыру.

Білуге тиіс: аккумулятор батареялардың құрылысы туралы негізгі мәліметтер; аккумулятор өндірісінің негізгі материалдар мен реактивтердің атауы; қышқылдарды, сілтілерді және оларды ұстай білу ережесі, оларды сыртқы түрі мен басқа белгілері бойынша анықтау тәсілдері; едәуір таралған қарапайым құралдардың, құрылғылардчың атауы мен белгіленуі.

 

  • 2. Аккумуляторшы

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Барлық түрлі аккумуляторларды бөлшектеу және жинау. Заряд станцияларының (агрегаттарының жабдығына қызмет көрсету. Барлық түрлі аккумуляторларды және аккумулятор батареяларын зарядтау. Тығындарда резеңке клапандарды ауыстыру, төсемдерді дайындау. Аккумулятор батареяларының жекелеген элементтерінің кернеуін өлшеу. Аккумулятор батареяларын дәнекерлеу. Аккумулятор элементтерінде электролиттің деңгейі мен тығыздығын анықтау. Кристалл каустиктен немесе концентрацияланған ерітіндіден белгіленген  рецептура бойынша сілті ерітіндісін дайындау. Қақпақтар мен ыдыстар арасындағы саңылауларды жабу және оларды қыздырылған мастикамен құю. Банкаларды тазартылған сумен және электролитпен құю және толтырып құю. Жекелеген банкаларды ауыстыру және оларды мастикамен жағу. Заряд станцияларын (агрегатты) пайдалану бойынша жазу жүргізу.

Білуге тиіс: электротехникадан қарапайым мәліметтер; аккумулятор батареяларының  құрылысы және белгіленуі; аккумулятор батареяларын зарядтау және разрядтау ережесі мен режимдері; қолданылатын  қышқылдардың, сілтілердің қасиеттері және оларды ұстай білу ережесі; аккумулятор батареяларының элементтерінің кернеулерін өлшеуге арналған бақылау- өлшеу аспаптарының белгіленуі және пайдалану шарттары.

 

  • 3. Аккумуляторшы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Әр түрлі және сыйымдылықты аккумуляторлар мен аккумулятор батареяларын жөндеу бойынша қарапайым және орта күрделі жұмыстарды орындау. Батарея элементтерінің зақымдалған жерлерін анықтау және оларды жою. Заряд агрегаттарын ағымдағы жөндеу. Аккумулятор батареяларында электролитті және сепарацияны ауыстыру. Қалыптар мен аратөсемдерді дайындау. Қорғасын қосатын жолақтар мен ұштарын құйып алу. Ыдыстарға тіреу шынылар мен қорғасын аратөсемдерді орнату. Белгіленген рецептура бойынша электролит дайындау. Қосатын бөлшектерін түзетумен аккумулятор батареяларының элементтерін жинақтау және бөлшектеу. Жұмыс істейтін батареялардың элементтерінен қалдықты алып тастау. Аккумуляторларды қолданысқа енгізу бойынша нұсқаулықпен қарастырылған барлық жұмыстарды орындау.

Білуге тиіс: электротехниканың негіздері; біртиптік аккумулятор батареяларының құрылысы және жұмыс істеу қағидасы; зарядты агрегаттың негізгі сызбасы; пластиналарды қосу ережесі және олардың полярлығы; аккумулятор батареяларын жөндеу мен қызмет көрсету кезінде қолданылатын  аппараттар мен аспаптардың құрылысы; аккумулятор батареяларының элементтерінің зақымдалу түрлері және оларды жою тәсілдері; аккумулятор батареяларының элементтерін  бөлшектеу, құрау және жөндеу кезінде жұмыстардың тәсілдері және операциялардың технологиялық реттілігі; аккумуляторды жөндеу кезінде қолданылатын  материалдардың негізгі физикалық және химиялық қасиеттері; аккумуляторлар мен батареялардың алуан түрлеріне арналған  электролит дайындау ережесі;  бақылау- өлшеу аспаптарының құрылысы.

 

  • 4. Аккумуляторшы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Әр түрлі және сыйымдылықты аккумуляторлар мен аккумулятор батареяларын жөндеу бойынша күрделі жұмыстарды орындау. Заряд агрегаттарын орта жөндеу. Заряд кезінде кернеу мен тоқ күшін реттеу. Аккумулятор батареяларының зақым жерлерін анықтау және жою.

Машина жетегіне, сынап түзеткішке, тоқ тарататын қалқанға қызмет көрсету. Аккумулятор батареяларын сынау. Аккумуляторлар мен батареялардың одан әрі пайдалануға жарамдылығын анықтау. Элементаралық қосылыстарды қалыптастыру. Электролиттің сапасын анықтау. Аккумуляторлар мен батареяларға жөндеу жүргізгенге дейін және одан кейін техникалық құжаттаманы дайындау және ресімдеу.

Білуге тиіс: әр түрлі және сыйымдылықты аккумулятор батареяларының конструкциялық құрылысы және жұмыс істеу қағидасы; зарядты агрегаттардың жабдығының құрылысы; пластиналарды қосу ережесі және олардың полярлығы; аккумулятор батареяларын жөндеу мен қызмет көрсету кезінде қолданылатын  аппараттар мен аспаптардың құрылысы; аккумулятор батареяларын жинақтау және орнату сызбасы; электрлік өлшеу құралдары мен қышқылдардың, сілтілер мен газдардың тығыздығын ауыстыруға арналған  аспаптар; аккумуляторды, дистилляторларды және заряд агрегаттарын жөндеу ережесі; аккумулятор өндірісінде қолданылатын қышқылдардың, сілтілердің, қорғасынның бояулардың физикалық және химиялық қасиеттері; батареялардың элементтерінде қысқаша тұйықталуларды табу және жою әдістері; қалып дайындау үшін мөлшерлері мен сызулары бойынша қорғасынды түзету және пішу тәсілдері; жекелеген элементтерді жұмыс істейтін тізбектен шығау тәртібі; акумуляторларды зарядтау және разрядтау кезіндегі кернеу нормалары.

 

  • 5. Аккумуляторшы

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Әр түрлі және сыйымдылықты аккумуляторлар мен аккумулятор батареяларын жөндеу, қалыптау бойынша ерекше күрделі жұмыстарды орындау. Аккумулятор батареяларын қалыптау және зарядтау режимін таңдау. Жөндеу алдында барлық түрлі кемелік акумуляторлардың ақауын табу. Аккумулятордың сыйымдылығы мен кернеуі және заряд агрегатының қуатына байланысты  заряд тізбегінде реттеу кедергісінің және аккумулятордың қосу сызбаларының есептемелерін құрастыру. Кемелік стационарлық және тасымалды акумуляторларды тексеру және сынау. Дистилляторларды жөндеу көлемін анықтау. Кемелердің барлық түрлерін зауыттық, қозғалғыш және мемлекеттік сынаулар кезеңінде аккумуляторларға қызмет көрсету және оларды тапсырысшыға тапсыру. Электролиттің химиялық құрамын түзету. Қалушы элементтерді қалыптау. Заряд агрегаттарын күрделі жөндеу. Сутегі аппараттарында дәнекерлеу  жұмыстарын өндіру.  Кернеудегі батареяларды жөндеуге  арналған  жекелеген элементтерді ағыту сызбасын құру. Жабдық пен заряд станцияларының аппаратурасына қызмет көрсету және жөндеу бойынша есепті және техникалық  құжаттама жүргізу.

Білуге тиіс: физика және химия негіздері; барлық түрлі және сыйымдылықты  аккумуляторлар батареяларынының құрылысы; аккумулятордың сыйымдылығы мен кернеуіне және заряд агрегатының қуатына байланысты  заряд тізбегінде реттеу кедергісін және аккумулятордың қосу сызбаларын есептеу ережесі, қышқылдардың, сілтілер мен газдардың  тығыздығын өлшеуге арналған  электрлік өлшеу аспаптары мен құралдардың құрылысы; кемелік акумуляторларды, дистилляторларды және заряд агрегаттарын жөндеу ережесі; аккумулятор батареяларының жұмысында, заряд станцияларының аппаратурасы мен жабдығында күрделі ақаулықтарды анықтау және жою әдістері; заряд агрегаттарының және аккумулятор батареяларының есебін жүргізу және қажетті техникалық құжаттама құру тәртібі мен ережесі.

 

  • 6. Ауа бөлу аппаратшысы

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Біліктілігі анағұрлым жоғары аппаратшының басшылығымен оттегі және оттегі- аргондық қондырғыларға қызмет көрсету. Кептіру батареяларын, ауа компрессорлары мен декарбонизаторлардың ылғал бөлгіштерін үрлеу, стационарлық және көліктік танкаларға сұйық оттегіні құю. Қызмет көрсетілетін жабдықты майлау. Қондырғы жабдығы мен аппаратураны ағымдағы жөндеуге қатысу. Рампта қысымны күйін қадағалау және баллондарды толтыруға қатысу. Қоймада баллондарды тасып шығару және орналастырып қою.  Толтыру газдарына байланысты  баллондарды әр түрлі түстерге бояу. Аппаратура мен ыдыстарды сумен және ерітінділермен шаю. Баллондарды толтыру бойынша құжаттама жүргізу. Баллондарға паспорттарды тексеру және жүргізу.

Білуге тиіс: оттегі және оттегі- аргондық өндірістің технологиялық сызбасы туралы қарапайым мәліметтер; алынатын газдардың негізгі қасиеттері және олардың ағуын анықтау және жою тәсілдері; толтыру рампасының әрекет ету қағидасы және онда газ шұраларын орналастыру; стационарлық және тасымалдау танктерінің, сұйық оттегіні құюға арналған  құрылғылардың жұмыс істеу қағидасы және оларды ұстай білу ережесі; баллондардың құрылысы және оларды толтыру, сынау және сақтау ережесі; толтыру газына байланысты  баллондарды бяоу түсі және баллондардың көлемі; қарапайым және орта күрделі бақылау-  өлшеу аспаптарының белгіленуі және пайдалану шарттары.

 

  • 7. Ауа бөлу аппаратшысы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. 100 куб. м/сағ. дейін оттегі өнімділігімен оттегі қондырғысында (агрегатта) оттегіні өндіру технологиялық процесін жүргізу. Бөлу аппаратын реттеу. Газды талдауды жүргізу.   Газ есептеуіштері мен дифференциалдық манометрлердің жұмысын, сұйық және газ тәріздес оттегінің, азоттың, аргонның және буландрғышта сұйық ауаның көрсеткіштерінің өзгерістерін қадағалау. Баллондарды толтыру және сұйық оттегіні стационарлық және тасымалдау танктеріне құю мен толтыруды бақылау. Баллондардың сұйытылған және қысылған газбен толтыру бойынша автоматты құралдардың жұмысын реттеу. Қондырғы жабдығы мен және аспапты ағымдағы жөндеу. Қондырғының жұмысы туралы бақылау-есептік жазулар жүргізу. Толтыру рампасының және оның барлық құбырларының, шұралар мен  бақылау - өлшеу аппаратураның күйін қадағалау. Толтырылған баллондарды тасымалдау мен сақтауды бақылау.

Білуге тиіс: оттегі өндірісінің технологиялық сызбасы; толтыру рампасының құрылысы; оттегі қондырғыларының құрылысы және жекелеген тораптардың белгіленуі; бақылау- өлшеу аспаптарының көрсеткіштері  бойынша аппараттарды реттеу ережесі; физика, химия және электртехника бойынша негізгі мәліметтер; инертті газдардың қасиеттері; қондырғының жұмысы туралы бақылау- есептік жазулар жүргізу ережесі; газдарға талдау жүргізу әдістері; сұйық оттегінің танктерге құю, толтырылған банктерді ұстай білу ережесі және оларды сақтау тәртібі; қарапайым және орта күрделі бақылау- өлшеу аспаптарының құрылысы.

 

  • 8. Ауа бөлу аппаратшысы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Газ тәрізді оттегі мен азотты өндіру және 15 куб м/сағ дейін шикізат аргонды және 500 л/сағ дейін сұйық оттегі мен азотты, 100-ден 800 куб. м/сағ дейін оттегі мен азот өндірумен оттегі, азот- оттегі және оттегі- аргон қондырғыларында (агрегаттарда) шикізат аргонды іріктеумен технологиялық процесті жүргізу. Ауаны, ацетилен адсорберлерін бөлу блогын технологиялық қыздыру. Адсорбциялық кептіру құрылғыларын регенерациялау. Газдарға бірнеге талдау жүргізу. Газгольдердің, рампаның, сұйық оттегі сорғысының, детандердің, коммуникациялар  мен аппаратураның герметикалығы мен ақаусыздығының күйін қадағалау.  Қондырғы жабдығы  мен аппаратураны орта және күрделі жөндеуге қатысу. Сақтандыру құрылғыларын, желдету қондырғыларын, телефон және жарықдыбыс сигнал беруді бақылау.

Білуге тиіс: физика, химия және электротехника негіздері; аргон өндірісінің технологиялық сызбасы; оттегі және аргон қондырғыларының жабдығының жекелеген агрегаттары мен тораптарының құрылысы және оттегі, аргон мен азот өндірісінің жалпы технологиялық сызбасында олардың белгіленуі; аппаратураны, жабдықты және ыдыстарды шаю мен сынау тәсілдері; қондырғылардың жұмысында ақауларды анықтау және жою; күрделі бақылау- өлшеу аспаптарының, сақтандыру құрылғылары мен сигнал беру құралдарының құрылысы және белгіленуі; шығарылатын өнімнің   сапасына қойылатын талаптар; жабдықты, арматура мен аппаратураны жөндеу бойынша жұмыстар жүргізу ережесі.

 

  • 9. Ауа бөлу аппаратшысы

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Газ тәрізді оттегі мен азотты өндіру және 15 –тен жоғары 40 куб м/сағ дейін шикізат аргонды және 500-ден 1000 л/сағ дейін сұйық оттегі мен азотты, 800 –ден 1200 куб. м/сағ дейін оттегі мен азот өндірумен оттегі, азот- оттегі және оттегі- аргон қондырғыларында (агрегаттарда) шикізат аргонды іріктеумен технологиялық процесті жүргізу. Біліктілігі анағұрлым жоғары аппаратшының басшылығымен криптон-ксенондық қоспаны өндіру технологиялық процесін жүргізу. Оттегі қондырғыларының жабдығын герметикалыққа сынау. Кептіру, үрлеу, ылғалбөлу, ауа компрессоры мен скруббер блогы баллондарын ауыстырып қосу. Газгольдерлерді оттегімен, азотпен және аргонмен толтыру және оларды бұл газдармен толтыру деңгейін, сондай-ақ  электрлік, газдық есептеуіштердің, манометрлердің, дифманометлер мен сақтандыру клапандарының жұмысын қадағалау. Сүзгілерді жинау және бөлшектеу.

Білуге тиіс: азот өндірісінің технологиялық сызбасы; оттегі және криптон қондырғыларының жекелеген агрегаттары мен тораптарының құрылысы; қондыпғы агрегаттарының жұмысындағы ақаулықтарды жою тәсілдері; оттегі қондырғыларының аппаратурасы мен жабдығын герметикалыққа сынау тәсілдері; қысыммен жұмыс істейтін ыдыстардың жұмыс ережесі; сұйық оттегі мен азотқа арналған  стационарлық және тасымалдау танктерінің құрылысы; аргондық бағананың, аргонды шебер химиялық тазалау блогының құрылысы.

 

  • 10. Ауа бөлу аппаратшысы

6-разряд

Жұмыс сипаттамасы.  12000 куб. м/сағ жоғары оттегі мен азот, 140 куб. м/сағ жоғары шикізат аргон және 1000 л/сағ жоғаы сұйық оттегі азот өндірісімен оттегі және азот – оттегі және оттегі  аргон қондырғыларында (агрегаттарда),  сондай-ақ  ауа бөлудің бес- жеті жоғары таза өнімдерін бір уақытта алумен екі режимде жұмыс істейтін қондырғыларда шикі аргонды іріктеумен және тазартумен газ тәрізді оттегі мен азот өндірісінің  технологиялық процесін жүргізу. Криптон- ксенондық қоспаны өндіру технологиялық процесін жүргізу. Ацетилен адсорберлерін және сүзгілерді үрлеу және ауыстырып қосу, электрлік немесе су газдық есептеуіштердің, манометрлер мен дифманометрлердің жұмысын қадағалау. Детандерді, сүзгілерді шаюды, бөлшектеу мен жинауды қадағалау. Ыдыстар мен баллондарды сұйық оттегімен толтыруды бақылау.

Білуге тиіс: газ тәрізді және сұйық оттегі, аргон, азот пен криптон өндірісінің технологиялық сызбасы;  оттегі қондырғыларының алуан түрлерінің құрылысы мен реконструкциясы; оттегі қондырғыларының жабдығы мен аппаратурасын жуу тәсілдері;  пайдалану барысында оттегі жабдығының жарылмаушылығын қамтамасыз ету тәсілдері.

 

  • 11. Ағынды суларды тазарту аппаратшысы

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Өнеркәсіптік ағынды суларды немесе  радиоактивті  суларды қоспалардан тазалау және тұндыру, сүзу, бейтараптандыру әдістерімен технологиялық процесте пайдалану үшін бағалы заттарды ұстау процестерін жүргізу. Біліктілігі анағұрлым жоғары аппаратшының басшылығымен реагенттерді дайындау, түсетін ағынды сулардың мөлшері мен құрамына байланысты  оларды аппараттарға немесе бассейндерге мөлшерлеу және жүктеу. Тазартылған суларды,  радиоактивті  қалдықтар мен тұнбаларды қотару және қайта іске қосу. Аппараттар мен коммуникацияларды қалдықтан тазалау. Өндірістік журналда жазулар жүргізу.

Білуге тиіс: сүзгілердің,  жылытқыштардың, мөлшерлегіш пен сорғылардың жұмыс істеу қағидасы; өнеркәсіпті ағындық және  радиоактивті  суларды тазалау процестерінің технологиялық режимдері туралы қарапайым мәліметтер;  қарапайым және орта күрделі бақылау-  өлшеу аспаптарының белгіленуі және пайдалану шарттары;   радиоактивті  заттармен жұмыс істеудің санитарлық ережесі.

 

  • 12. Ағынды суларды тазарту аппаратшысы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Тұндыру, сүзу, бейтараптандыру әдістерімен технологиялық процесте пайдалану үшін бағалы заттарды ұстау және өнеркәсіптік ағынды суларды немесе  радиоактивті  суларды қоспалардан тазалау процестерін жүргізу. Реагенттерді дайындау: соданы, ізбесті сүтті, улы натрды, түсетін ағынды сулардың мөлшері мен құрамына байланысты  оларды аппараттарға немесе бассейндерге мөлшерлеу және жүктеу. Иондық – айырбас сүзгілерді регенерациялау. Ағынды суларды тазалау толықтығына бақылау талдауларын өткізу. Бақылау- өлшеу аспаптарының көрсеткіштері және талдау нәтижелері бойынша тазалау процесін бақылау және реттеу. Жабдықтар мен коммуникациялардың жұмысындағы ақаулықты анықтау және жою. Жабдықты жөндеуге дайындау, жөндеуден қабылдау. Біліктілігі анағұрлым жоғары аппаратшының басшылығымен ион- алмасу тазалау немесе биохимиялық тотықтыру процесін жүргізу.

Білуге тиіс: сүзгілердің, жылытқыштардың, мөлшерлегіш пен сорғылардың құрылысы; өнеркәсіптік ағынды және  радиоактивті  суларды тазалау- тұндыру, сүзу және бейтараптандыру процестерінің технологиялық режимдері; тазалау қондырғыларында қолданылатын  химиялық реактивтер; қарапайым және орта күрделі бақылау- өлшеу аспаптарының құрылысы; талдаулар жүргізу әдістемесі; рН ортаның өзгеруі бойынша сорбциялық  циклді анықтау;  физика және химия негіздері.

 

  • 13. Ағынды суларды тазарту аппаратшысы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Иондық – айырбас тащалау немесе биохимиялық тотықтыру әдісімен өнеркәсіптік  ағынды суларды қоспалардан тазалау процесін жүргізу. Буландыру қондырғыларында  радиоактивті  суларды буландыру. Реагенттерді дайындау: шайырды, магнезитті, аммиакты, қышқылды және басқ., түсетін ағынды сулардың мөлшері мен құрамына байланысты  оларды аппараттарға мөлшерлеу және жүктеу. Аммиактық бағанада шайырүстілік судан аммиакты бөлу, ұшатын аммиакты үрлеу және байланысты  аммиакты реакторда ыдырату процестерін жүргізу. Ионайырбас сүзгілерге немесе аэротенкілеге ағынды суды қабылдау. Аэрация қарқындылығы мен сүзу процесін қадағалау.  радиоактивті  суларды сорбциялау (тазалау) технологиялық процесін реттеу. Шайыр мен майларды регенерациялау. Шайырларды регенерациялау процесінде химикаттарды беру мөлшері мен жылдамдығын реттеу. Шайырларды регенерациялаушы ерітіндіден шаю және оларды кейінгі циклға дайындау. Бақылау- өлшеу аспаптарының көмегімен және  талдау нәтижелері бойынша аэротенктер бойынша оттегінің түсуін, ағынды сулардың мөлшерін, улы заттардың мөлшерін, ағынды суларды тазалау деңгейін, аэротенкетрге су бетінің көбігінің мөлшерін, сілті мен қышқыл ерітінділерінің концентрациясын бақылау және реттеу. Аэротенктердің ион- алмасу сүзгілеріне, орналасқан коммуникацияларымен және арматурамен басқару галереяларына, сондай-ақ бақылау- өлшеу аспаптарына қызмет көрсету.  Жабдықтың жұмысындағы ақаулықтарды жою.

Білуге тиіс: ағынды суларды  ион- алмасу тазалау,  биохимиялық тотықтыру және аэрация, шайырларды регенерациялау процестерінің технологиялық режимдері; қызмет көрсетілетін учаскенің сызбасы; ионалмасу, биохимиялық, механикалық сүзгілердің, буландыру қондырғыларының, арматура мен коммуникациялардың құрылысы; күрделі бақылау- өлшеу аспаптарының белгіленуі және пайдалану шарттары; тазалау технологиялық режимінің параметрлері және процесті реттеу ережесі; жылу техника негіздері.

 

  • 14. Химсу тазарту аппаратшысы

1-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Біліктілігі анағұрлым жоғары аппаратшының басшылығымен жимсутазалау жекелеген агрегаттарына қызмет көрсету бойынша көмекші жұмыстарды орындау және мөлшерлеу құрылғыларының жұмысын реттеу, берілген рецептілер бойынша реагенттердің ерітінділерін құрастыруға, мөлшерлегіштерді зарядтауға, әкті езуге, каустик, фосфат пе хлор ерітіндісін дайындауға қатысу. Жұмыс орны шегінде химикаттар мен материалдарды әкелу және жақындату. Бактарды тазалау және механикалық  сүзгілерді жуу. Мойынтіректерді, механизмдерді майлау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін аппараттар мен сүзгілердің құрылысы туралы негізгі мәліметтер; су құбырларының, крандар мен шұралардың орналасуы; негізгі сүзетін материалдардың құрамы мен қасиеттері; суды механикалық  және химиялық тазалаудың негізгі тәсілдері; буағыс инжекторының белгіленуі; сүзгілерді, ыдыстар мен аппаратураны тазалау және шаю ережесі.

 

  • 15. Химсу тазарту аппаратшысы

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Суды химиялық тазалау процесін жүргізу: 70 куб м/сағ дейін өнімділікпен басқа қондырғыда (агрегатта) хлорлау, тұзсыздандыру, кремнийсіздендіру,  натрий - катиондау, әктеу және  басқ.  Судайындау агрегаттарына және конденсаттазалау аппараттарына қызмет көрсету және реттеу: жылытқыштарға, тұндырғыштарға, тұндырғыштарға, деаэраторларға, катионды және механикалық сүзгілерге. Реагенттерді  регенерациялау, аппаратураны тазалау және жуу. Бақылау- өлшеу аспаптарының көрсеткіштерін қадағалау. Химиялық тазартылған судың қаттылығын, сілтілігін және басқа көрсеткіштерін анықтау.  Реактивтер дайындау және сілтіні мөлшерлеу. Қызмет көрсетілетін жабдық пен аппаратураны қарау және ағымдағы жөндеу. Қондырғылардың жұмысы туралы журналда жазба жүргізу.

Білуге тиіс: қызмет көрсететін жабдықты жұмыс қағидасы: су дайындау қондырғылардың, әр түрлі сүзгілердің, сорғылардың, мөлшерлегіштердің, деаэраторлардың, сатураторлардың, тұндырғыштардың және суды химиялық тазарту процесінде қолданылатын  басқа аппараттардың; қуаттандыратын суды жұмсарту, пассивтеу және қышқылдау негізгі химиялық процестері, химсутазарту кезінде қолданылатын химиялық реагенттер, реактивтер; бақылау- өлшеу аспаптарының белгіленуі және пайдалану шарттары; бу- және су құбырларының, крандар мен шұралардың орналасу сызбасы; агрегаттарды қалыпты және авариялы жағдайларда қосу және тоқтату тәртібі мен ережесі; қондырғылардың жұмысындағы олқылықтарды анықтау және жою тәсілдері; қызмет көрсететін қозғалтқыштар мен механизмдерді майлау және суыту жүйесі.

 

  • 16. Химсу тазарту аппаратшысы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Суды химиялық тазалау процесін жүргізу: 70-тен 300 куб м/сағ дейін өнімділікпен басқа қондырғыда (агрегатта) хлорлау, тұзсыздандыру, кремнийсіздендіру,  натрий - катиондау, әктеу және  басқ. Біліктілігі анағұрлым жоғары аппаратшының басшылығымен катиониттік және аниониттік сүзгілерде және иониттік адсорбциялық бағаналарда  ионалмасу әдісімен суды терең тұзсыздандыру процесін жүргізу. Натрий- катиониттік сүзгілерді регенерациялау. Суды бір сатылы ионалмасу сүзгілерді тұздардан тазалау процесін жүргізу. Шикізатты дайындау: ионалмасу шайырларын ұсақтау, елеу, суды ақшыл және жылыту, берілген концентрациялық ерітінділерді дайындау. Басқару пультынан немесе қолмен өндірістің кейінгі технологиялық сатыларына суды беруді реттеу. Катиноиттік, аниониттік қондырғыларды қышқыл, тұз, сілті ерітінділерімен регенерациялау. Бақылау- өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша және химиялық талдау нәтижелері бойынша регламентпен қарастырылған технологиялық режим переметрлерін реттеу: температураны, қысымды, қалпына келтіретін ерітінділердің концентрацияларын. Конденсатты, буды, қуаттандыратын және отын суын химиялық талдау жүргізу.  Қызмет көрсетілетін жабдықты іске қосу және тоқтату.  Жабдықтар мен коммуникациялардың жұмысындағы ақаулықты анықтау және жою.

Білуге тиіс: қызмет көрсететін жабдықты құрылысы; суды тазалау процесін жүргізудің  технологиялық сызбасы; бақылау- өлшеу аспаптарының құрылысы;  тұз, қышқылдар,  сілтілердің  ерітінділерінің физикалық- химиялық қасиеттері; тұзсыздандырылған суға техникалық шарттармен қойылатын талаптар; талдаулар жүргізу әдістемесі; талдаулар жүргізу әдістемесі; суды қазандыққа дейін және қазандықтың ішінде тазалау ережесі мен нормалары; агрегаттарды қалыпты және авариялы жағдайларда қосу және тоқтату тәртібі.

 

  • 17. Химсу тазарту аппаратшысы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Суды химиялық тазалау процесін жүргізу: 300 куб м/сағ артық өнімділікпен басқа қондырғыда (агрегатта) хлорлау, тұзсыздандыру.  Катиониттік және аниониттік сүзгілерде және иониттік адсорбциялық бағаналарда  ионалмасу әдісімен суды терең тұзсыздандыру процесін жүргізу. Бақылау- өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша және химиялық талдау нәтижелері бойынша регламентпен қарастырылған технологиялық режим переметрлерін реттеу: температураны, қысымды, қалпына келтіретін ерітінділердің концентрацияларын. Тұзсыздандырылған судың электрөткізушілігін өлшеу. Шикізаттың қажетті мөлшері мен өнімнің шығымын есептеу. Судан коагуляциялық өлшенген бөлшектерін алып тастау, су әктік су жұмсарту. Түсетін судың сапасын өгерту кезінде химсутазалау бүкіл режимін өзгерту. Бүкіл судайындау жүйесінің мүлтіксіз жұмысын, аппараттарды дер кезінде тазалау мен шаюды қамтамасыз ету және механизмдердің барлық бөлшектерін майлау. Жабдықты жөндеуге дайындау, жөндеуден қабылдау. Химсутазарту процесінің көрсеткіштерін өндірістік журналда жазу.

Білуге тиіс: суды химиялық тазалау процесін реттеу ережесі; қызмет көрсететін жабдықты кинематикалық сызбалары; талдаулар мен есептеулер жүргізу әдістемесі.

 

  • 18. Бункерлеуші

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Біліктілігі анағұрлым жоғары бункерлеушінің басшылығымен элеваторлардың, конвейерлердің, скиптік көтергіштердің, төңкеретін кузовымен вагонеткалардың және көтеру- тасу механизмдерінің басқа жүйелерінің көмегімен бункерлерді кесектік немесе төгетін материалдармен толтыру. Материалдарды теміржол вагондарына, автотүсіргілерге, ұсақтау қондырғылары мен транспортерлерге түсіруді қадағалау. Ысырмаларды және қуаттандырғыштарды басқару. Конвейерлерді қосу және тоқтату. Материалдардың қабылдау ыдыстарға және транспортерге түсуі мен орналасу біркелкілігін реттеу. Торлардың масақтары арасындаңы қажетті саңылауды сақтау және бункерлердің толтырылуын қадағалау. Материалды көсеп тастау тау массаны, ыстық агломератты және басқа материалдарды). Салбырап тұруларды, үйінділерді және кептелулерді жою. Габаритті емес кесектерді бөлу, қайта қосу бункерлерінің торларында ірі кесектерді ұсақтау. Бөтен заттарды алып тастау.  Вагонеткаларды домалату, орнату және тиеу. Тиелген вагонеткаларды тіркеу, тіркеуін ағыту және тасып шығару. Қызмет көрсетілетін бункерді (люкты) және жолды жұмыс орнында тазалау. Бункерлік ысырмаларды ағымдағы жөндеу.  Вагондарды түсіруге қоюға кондукторға сигнал беру.

Білуге тиіс: бункерлердің, қосу аппаратурасының, дыбыстық және көрінетін сигнал берудің құрылысы, ысырмалар мен тасып шығарылатын жолдардың, конвейерлі желінің қозғалтқыш және  созылатын станциясының тасу механизмдерінің құрылысы; бункердің көлемі, қабылдау ыдыстарының жүк көтерушілігі, транспортерлің лентасына мүмкін күш түсу; түсірілетін материалға техникалық шарттар; габаритті емес кесектерді және басылып қалатын материалдардың алдын алу тәсілдері; бункерлерлі тазалау ережесі; тізбектердің құрылымы; тиелген вагонеткалар мен думпкарларды тіркеу, тіркеуін ағыту,  тасып шығару ережесі; дыбыстық және көрінетін сигналдарды беру және қабылдау, көлік құралдарын түсіру ережесі.

 

  • 19. Бункерлеуші

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Элеваторлардың, конвейерлердің, скиптік көтергіштердің, төңкеретін кузовымен вагонеткалардың және көтеру- тасу механизмдерінің басқа жүйелерінің, автоматты басқарумен жабдықталған пневмокөліктің көмегімен бункерлерді кесектік немесе төгетін материалдармен толтыру. Механизмдердің, пневмокөліктік және автоматты басқарудың, аспирациялық қондырғылардың үздіксіз жұмысын қадағалау.  Қызмет көрсететін механизмдерді қосу және тоқтату. Электрондық көрсеткіштердің көмегімен бункерлерде материалдардың деңгейін бақылау.  Магнитті құрылғылардың көмегімен металл қоспалардан бөлу. Қажет болған жағдайда механизмдерді қолмен басқару. Қабылдау құрылғыларына қызмет көрсету.

Білуге тиіс: көтеру- тасу механизмдердің, пневмокөлік, автоматты басқару жүйесінің, аспирациялық және магнитті қондырғылардың құрылысы және жұмыс істеу қағидасы; механизмдерді, ысырмаларды және қуаттандырғыштарды қолмен басқару тәсілдері; материалдардың қасиеттері (гранулометриялық құрам, ылғалдылық, қажетсіз қоспалар) және оларға қойылатын талаптар; бункерлерді әр түрлі материалдармен толтыру және оларды бункерлерден түсіру тәртібі.

 

  • 20. Бункерлеуші

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Бункерлерді герметикалық конвейердің көмегімен тесік-тесік темірмен толтыру процесін жүргізу. Тесік-тесік темірді инертті газ атмосферасында сақтау және дезактивтеу процесін жүргізу. Шлюздық тиеу құрылғыларының және түсіру ысырмаларының жұмысын бақылау. Бункерде инертті газдың қысымын реттеу. Желдету жүйесінде сутегінің және бункерде оттегінің мөлшерін қадағалау. Дезактивтеу процесін бақылау үшін әр түрлі деңгейлерде тесік-тесік темірдің температурасын өлшеу.

Білуге тиіс: шлюздық тиеу құрылғыларының және түсіру ысырмаларының құрылысы; тесік-тесік темірді сақтау және тасымалдау технологиялық процесі; инертті газдың шығын нормасы мен қысымын реттеу тәсілдері; газкелтіретін және газтарататын арматураның коммуникациялары; температураны өлшеу және газдық режимді  реттеу әдістемесі; тесік-тесік темірдің физикалық және химиялық қасиеттері;  жарылыс қаупі бар және улы заттардың шекті мүмкін концентрациялары.

 

  • 21. Шайыр пісіруші

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы.Әр түрлі шайырларды белгіленген рецептура бойынша  пісіру немесе қазандықтар мен аппараттарда сургучты балқыту процесін жүргізу. Пісіру барысын қадағалау. Пісіру температурасын реттеу. Буды беру. Піскен шайырды сүзу. Сынамаларды сұрыптау және тұтқырлыққа, қаттылыққа, тығыздыққа, серпімділікке, жұмсарту температурасына және басқ. сынау өткізу. Шайырдың дайындығын анықтау,  оны барабандарға немесе басқа ыдыстарға құю, өлшеу. Шайырды таңбалау және оны қоймаға беру. Қазандықтарды,  оттықтарды тазалау. Алғашқы есепді жүргізу.   Оттық пісіру кезінде - отынды дайындау және беру және пешті жағу.

Білуге тиіс: шайырды дайындау рецептурасы; жұмсарту температурасы бойынша шайырларды жіктеу;  әр түрлі маркалы шайырларды пісірудің  температуралық режимі және пісіру барысында шайырды кристалдаудың алдын алу әдістері; сынамалар алу тәртібі және шайырларды тұтқырлыққа, қаттылыққа, тығыздыққа, серпімділікке сынаулар жүргізу ережесі және шайыр мен сургучқа техникалық шарттар;  шайырды сынауға арналған аспаптардың құрылысы және пайдалану ережесі.

 

  • 22. Таразшысы

1-разряд

Жұмыс сиппатамасы. Әртүрлі үлгідегі және конструкциядағы таразыларды жүктерді өлшеу. Жүкті сыртынан қарау және орауының дұрыстығын тексеру. Жүктің атауының, салмағының және басқа да сипаттамаларының ілеспе құжаттарға сәйкестігін тексеру. Ілеспе құжаттарды ресімдеу және жүктің жетіспеуі мен бүліну актлерін жасайды. Өлшенетін жүктердің есебі. Таразыларды баптау және олардың көрсеткіштерінің дұрыстығын тексеру. Жүктің салынуына басшылық жасау және өлшенетін жүктің таразыға салынуына тікелей қатысу. Жүк сыйымдылықтарының толық толтырылуын қадағалау.

Білуі тиіс: өлшенетін жүктердің номенклатурасын, өнім түрлерін және сорттарын; қызмет көрсететін таразылардың құрылымын, оларға тартыла алатын жүктемені; таразыларды тексеру мен өлшеу дәлдігін реттеудің  тәсілдердін; салмақ өлшемдерін; жүктерді өлшеудің, жинаудың, жинақтау мен сақтаудың ережелерін; көлік сыймдықтарының үлгілері мен олардың жүк көтеру мүмкіндігін;  өлшенетін жүктердің есебі мен жүктерге ілеспе құжаттрады ресімдеу.

 

  • 23. Жол талғамайтын машинаның жүргізушісі

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Қозғауыш қуаттылығы 147 кВт (до 200 л.с.) дейін қатты жолдар, батпақты жолдар, қарбасқан тыңмен жүру кезінде түрлі маркалы доңғалақты, шынжыр табан, қалқыма жол талғамайтын машиналарды басқару. Жылдың әр-түрлі мезгілдерінде кіру және шығу орнын таңдай отырып, су тосқауылынан өту. Жол талғамайтын көмекші жабдықты басқару. Адамдар мен жүкті тасымалдау. Жолдың өтуге қиын жерлерінің учаскелерінен және өрінен өту кезінде автомобильдерді қосақталып жүру. Қысқы жолдарды тазалау, батпақты жер бойынша жолдарға төсем салу, қарлы жабынды қатайту. Тіркемелерді сүйреу, жанар-жағар май құю, жол талғамайтын машиналарды майлау. Тиеу және түсіруге тіркемемен жол талғамайтын машинаны беру. Жүкті тиеу, түсіру, тіркеу және жолаушыларды қауіпсіз жайғастыруды бақылау. Жол талғамайтын машинаны тапсыру және оны тұрақтағы арнайы орынға қою. Жолдама құжаттамасын ресімдеу. Сапар алдында жол талғамайтын машинаның техникалық күйін тексеру. Жолдағы пайда болған ақаулықтарды анықтау және жою, барлық жөндеу түрлерін орындау және тех.жабдықтау. Орнатылған радиостанция көмегімен базамен байланысты ұстау. Қиын-қыстау жағдайларда батпақ, өзеннен жол талғамайтын машинаны өздігінен алып шығу.

Білуге тиіс: жол талғамайтын машинаны жүргізу және пайдалану ережелері; жол талғамайтын машиналардың аспаптары, механизмдері және қозғауыштарының құрылымы, жол жүру ережелері; ақаулықтар белгілері мен себептері, жорық жағдайларында оларды анықтау және жою әдістері; түрлі жүктерді тіркеу мен түсіру, қалау, тиеу және строптау ережелері; тіркеме құрылғылары және құралдарымен жұмысты жүзеге асыру ережелері; адамдарды, қауіпті және тез бүлінгіш жүкті тасымалдаудың ережелері; жол талғамайтын машинаны және түрлі су, мұз, қар, топырақ үстінен жүруге арналған тіркемені; сирек қоныстанған жер мен көзге көрерлігі шектелу жағдайларында компас пен карта бойынша жүру ережелері мен тәртібі; тасымалданатын жүктерді немесе орындалған жұмыстарды қабылдап-тапсыру құжаттарын ресімдеу тәртібі; жол талғамайтын машиналарында орнатылған радиостанцияны пайдалану ережелері; үсікке шалдығу, күю, улану кезінде алғашқы медициналық көмек көрсету тәсілдері, түрлі тәсілдермен жасанды тыныс беруді орындау; майлау және жанар-жағар май материалдарының түрлері, олардың қасиеттері, шығындау нормасы және сақтау әдістері; қару-жарақты пайдалану ережелері.

Қозғауыштың 147 кВт (свыше 200 л.с.) астам қуаттылығы бар жол талғамайтын машиналарды басқару кезінде - 6-разряд

 

  • 24. Жүк тиегіштің жүргізушісі

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жүктерді қатар мен үймеге тиеу, түсіру, орын ауыстыру және қою кезіндегі барлық арнайы жүк ұстайтын механизмдерді және құрылғыларды аккумулятор тиегіштерді басқару. Жүк  тиегішке техникалық қызмет көрсету және оның барлық механизмдерін ағымдағы жөндеу. Жүк  тиегіштің, оның механизмдерінің жұмысындағы барлық ақаулықтарды анықтау және оларды жою. Алмалы- салмалы құрылғылар мен механизмдерді орнату және ауыстыру.  Жүк  тиегішке, жүк ұстайтын механизмдер мен құрылғыларға жоспарлық- алдын алу жөндеу жүргізуге қатысу. Аккумуляторларды зарядтау.

Білуге тиіс: аккумуляторлық  жүк тиегіштің құрылысы; барлық көлік түрлерінде жүктерді тиеу, түсіру тәсілдері; жүктерді көтеру, ауыстыру және салу ережесі; көше қозғалысының, кәсіпорын территориясы бойынша, станция маңындағы жолдар бойынша қозғалыс ережесі және белгіленген сигнал беру; электртехника бойынша қарапайым мәліметтер.

 

  • 25. Жүк тиегіштің жүргізушісі

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Тракторлық жүк тиегіштерді, вагонтиегіштерді, вагонтүсіргіштерді және жүктерді қатар мен үймеге тиеу, түсіру, орын ауыстыру және қою кезіндегі барлық арнайы жүк ұстайтын механизмдерді және құрылғыларды басқару. Жүк  тиегішке техникалық қызмет көрсету және оның барлық механизмдерін ағымдағы жөндеу. Жүк  тиегіштің жұмысындағы барлық ақаулықтарды анықтау. Алмалы- салмалы жүк ұстайтын жабдықтар мен механизмдерді орнату және ауыстыру. Жүк  тиегішке, жүк ұстайтын механизмдер мен құрылғыларға жоспарлық- алдын алу жөндеу жүргізуге қатысу.

Білуге тиіс:  жүк тиегіштер мен аккумулятор батареяларының құрылысы; көліктік барлық түрлерінле жүктерді тиеу және түсіру тәсілдері; жүктерді көтеру, ауыстыру және салу ережесі; жол қозғалысының, кәсіпорын аумағындағы және станция маңындағы жолдар бойынша қозғалыстар ережесі; қолданылатын  жанатын және майлайтын материалдардың сорттары; аккумулятор өндірісінің негізгі материалдарының атаулары; қышқылдарды және сілтілерді ұстай білу ережесі.

 73,5 кВт дейін ( 100 л.с. дейін)  қуатымен тракторлық жүк тиегіште жұмыс істеген кезде - 4-разряд;

73,5 кВт артық (100 л.с. артық) қуатымен тракторлық жүк тиегіште жұмыс істеген кезде және оны бульдозер, скрепер, экскаватор және басқа машиналар ретінде пайдаланумен   147 кВт дейін (до 200 л.с. дейін)  жүк тиегіште жұмыс істеген кезде- 5-разряд;

бульдозер, скрепер, экскаватор және басқа машиналар ретінде пайдаланумен 147 кВт артық (200 л.с. артық) 200 кВт дейін (250 л.с. дейін)  жүк тиегіште жұмыс істеген кезде - 6-разряд;

күрделі электрондық басқару жүйесімен, телескоптық немесе фронталды тілімен жабдықталған және ірітонналық контейнерлерді тиеу- түсіруге арналған 200 кВт артық  (250 л.с. артық) жүк тиегіште жұмыс істеген кезде-  7-разряд.

 

  • 26. Электр-автоарбаларды жүргізуші

 

Жұмыс сипаттамасы. Түрлі жүйедегі электр-автоарбаларды, олардың көтергіш платформалары мен крандарын жүргізу. Өздігінен жүретін траптарды ұшып келу және ұшып шығу кестесіне сәйкес ұшақтарға уақытында әкелу және ұшақтаң әкету. Қозғалыс құрамын жөндеу үшін детальдар мен қосалқы бөлшектерді, жолаушы вагондарын жабдықтау үшін төсек – орын заттары мен көмірді, багаж бен басқа да жүктерді: учаскелердің, цехтардың, теміржол стансаларының, әуежайлардың, теңіз және өзен порттарының аумақтары бойынша тасымалдау. Жүк тиеудің, бекітудің, жүкті түсірудың немесе жүктерді өз күшімен тиеудің және түсірудің дұрыстығын қадағалау. Тасымалдау және жүктердің сақталуын қамтамасыз ету. Аккуммоляторлардың зарядтарын, тежегіштің жұмысын тексеру және анықталған кемшіліктер туралы аға лауазымды тұлғаға айту. Тетіктерді техникалық күту және ағымдық жөндеу жүргізу. Жүкті қабылдау және тапсыру құжаттарын ресімдеу.

Білуі тиіс: электр – автоарбалардың, түрлі жүйдегі  өздігінен жүретін механизмдердің құрылымын, жүк көтеру мүмкіндігін, негізгі пайдалану деректерін; аккумоляторлар зарядтарының мерзімдері мен тәсілдерін; іштен жану двигателдерінің жұмыс принциптерін; отын мен майлардың түрлерін; электр – автоарбаларды жүргізудің және қаупсіздік қозғалысының нұсқаулықтарын; жүктерді тиеу мен түсірудың, оларды орналыстырудың және бекітудің ережелерін; жүктерді қабылдау  мен тапсыру құжаттамаларын ресімдеу тәртібін.

Жүк көтергішті 2 тоннаға дейінгі электр - автоарбаларды жүргізу кезінде – 2 - разряд;

Көтергіш тетіктермен немесе жұк тасымалына арналған тіркеме жабдықтармен жабдықтылған жүк көтергішті 2 тоннаға дейінгі  электр -автоарбаларды жүргізу кезінде – 3 - разряд;

жүктерді учаскелердің, цехтардың, теміржол стансалардың, әуежайлардың, теңіз және өзен порттарының аумақтарында, жұмыс істеп тұрған қозғалыс көлігіне жақын тасымалдауға арналған көтергіш тетіктермен немесе жүк тасымалына арналған тіркеме  жабдықтармен жабдықталған жүк көтергішті 2 тоннаға дейінгі электр – автоарбаларды жүргізу  кезінде - 4 - разряд;

 

  • 27. Сүңгуір

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Судағы құтқару жұмастарын атқару. Суда апатқа ұшыраған адамдарға алғашқы (дәрігерге дейінгі) көмек көрсету. Құтқару құралдарын тексеру және әзірлеу.

Білуі тиіс: су асты жабдықтарын сақтаудың, тексерудің және әзірлеудің ережелерін; су асты жабдықтарының ұсақ ақауларын жөндеу жолдарын; жүзудің, сүңгудің, суға кетіп бара жатқан адамның ұстаған қолынан босанудың жолдары мен тәсілдерін, оны сүйретудің жолдарын, судан алып шықканнан кейінгі алғашқы (дәрігерге көмекке дейінгі) көмек көрсету тәсілдерін; медицина, су астына түсудің физиқалық және физиолгиялық негіздерін; құтқару станциясындағы қызметті үйымдастыруды.

 

  • 28. Сүңгуір

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Гидротехниқалық құрылыстардың су астындағы бөлігін, су асты траншеяларына салынған  құбырлар мен кабельдерді зерттеу, трасса іздегіштердің көмегімен оларды іздеу және жатқан тереңдігін анықтау. Кемелер, жүзгіш белгілер жақындап тоқтау үшін арналардың, шлюздердің, бөгеттердің, дамбалар мен басқа да құрылыстардың тас тас беткейін, жол жағдайы мен навигациялық жабдық құралдарын қарау. Тереңдету және судың түбін тазалау   мақсатымен гидрожуу құралдарының комегімен су асты топырағын өндеу. Гидротехниқалық құрылыстар немесе су асты нысандарының тағаны астындағы тас – қиыршық және құмдақ төсенішті тұрпайы өңдеу. Су астына шпур бұрғылау, ағаш құрылғыларды, свайлардағы тікен құрылғыларын арамен кесу, ағаш тығындарды тесікке және прокладкаларды ағаш құрылғылардың қуысына орналастыру, басқа да жұмыстар. Массасы 20 тоннаға дейінгі кесінділер мен массивтерді орнату. Су астында заттарды ілмекке ілу және ағыту. Кемелерді профилактикалық байқкаудан өткізу, корпустың су асты бөлігін, есу винтерін, слиптер мен эллингтердің су асты жолдарын өскендер мен шөгінділерден тазалау; су астында қарапайым құрастыру, слесарлық, ұста және жүк жинау жұмыстарын атқару. Теңіз өнімдерін өңдіру, өнеркәсіптік балық аулау жабдықтарына су асты бақылау жүргізу. Суға батқан кемелердің корпусына сыртқы зерттеу жүргізу. Батып кеткен кемелердің корпусын шөгінділерден тазалау. Жалпы демалуға арналған акваторийді тексеру және тазалау. Зардап шегушелерді түрлі құтқару құралдарын пайдалана отырып табумен және көтерумен байланысты іздестіру жұмыстарын атқару. Сүңгіур аппараттарына сығымдалған ауа толтыру. 

Білуі тиіс: суда сүңгуірлік терендеудің ережелерін; су астындағы жұмыс кезінде қолданылатын бақылау - өлшеу құралдары мен жабдықтарының  құрылысын; акваторийді, төселген құбырлар мен кабельдерді зерттеудің тәсілдері мен технологияларын; су астында жатқан заттарды іздестіру және көтеру технологиясын; зерттеу нәтижелері бойынша схемалар, эскиздер мен актілер жасаудың ережелерін; су асты топырағын әзірлеудің тәсілдерін, су асты төсеніштерін төсеудін және тегістеудің, кеме көтеру құрылғыларының рельс жолдарын түзеудің және реттеудің жолдарын; су алу және су ағызу кесінділерін, блоктар мен массивтерін орнатудың және қосудың ережелерін; теңіз өнімдерін сүңгуір тәсілімен өндірудің тәсілдерін, өнеркәсіптік балық аулау жабдықтарына бақылау жүргізу технологиясын, теңіз өнімдері мен қауіпті теңіз жануарларының түрлері мен олардан қорғану заттарын; батып кеткен кеме корпусын қараудың ережесі мен тәртібін; корпустармен гидротехниқалық құрылғылардағы ақауларды өлшеудің тәсілдерін; слесарлық, ұста және жүк жинау жұмыстарын жүргізудің жолдарын; сүңгіур жабдықтары мен сүңгуірлік тереңдеуді қамтамасыз ету заттарының ақауларын анықтаудың тәсілдері мен ескерту жөндеу жүргізудің жолдарын.

 

  • 29. Сүңгуір

6-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Қайрандар мен кеме көтергіш құрылғыларды зерттеу. Гидротехникалық құрылғылардың су асты құбырлары мен кабельдерді төсеу және төсеудің дұрыстығын, траншеяға төселген құбырлардың көмкерілген жиектерін өлшеу. Жүктерді, ряждар мен басқа да гидротехникалық жабдық құрылғыларының массасы 20 – дан 50 тоннаға дейінгә су асты бастауына орнату. Су астында қалыптың барлық түрлерін орнату және бұзу, жарықтарға, тұтастырғыш төсемдер мен созбаларға арматура орнату. Шлюздердегі затворлар мен қақпалардың тірек – жүру бөліктерін қарау және жөндеу. Терең траншеялар мен батып калған кеме корпусының астындағы туннельдерді жуу. Адам тұратын су асты аппараты мен су асты зертханаларынан атқарылатын ғылыми – зерттеу жұмыстарына қатысу. Батып кеткен кеме корпусынан теңдестіруді қажет ететін жүктерді түсіру, кеменің суға батқан бөліктерінде жұмыс істеу. Кеме корпусындағы жарықтар мен гидротехникалық  құрылғылардың ақауларын өлшеу. Руль құрылымын, есу винтінің қалқаншаларын түзету. Құбырлардын  ақауларын оңдау. Кемелерді кеме көтергіш құрылғыларға орнықтыру. Күрделі жағдайларда құтқару жумастыран жүргізу. Адамдарды суға батқан катерлерден, (шағын көлемді флот кемелерінен), автокөліктерден тракторлар мен басқа да техниқалардан құтқару. Катерді өздігінен басқару.

Білуі тиіс: 45 метр тереңдіктегі сүңгіур стансаларының, кеме корпустары конструкциялары мен түрлі гидротехникалық құрылғылардың су астындағы бөліктерін зерттеудің және жөндеудің жолдары мен тәсілдерін; су асты аппаратарын қараудың және суға тереңдеуге  әзірлеудің, оларды алып жүретін кеменің бортына көтерудің ережелерін; жүктерді теңдестіруді, суға батқан техниканы жолдары мен тәсілдерін; су асты құбырларын, кабельдер мен кеме көтеру құрылғыларының рельс жолдарын салудың және орындалған жұмысты бақылаудың тәсілдерін; кеме көтеру кезінде өткізгіштер заводкаларының траншеялары мен туннельдердін жуу тәсілдерін; сүңгуір жабдықтарын жұқпасыздандырудың ережелері мен мерзімдерін; сүңгуір аппараттарын сығымдалған ауамен толтырудың ережесі мен тәсілдерін; сүңгуір істері жөніндегі құжаттамалардың барлық түрлері мен есептеме жүргузідің нұсқаулықтарын; құтқару қызметі жөніндегі басшылық құжаттарды; Сүңгуірлер құрамының бағынысты адамын құтқару жұмыстарын атқарудың жаңа жолдарын үйретудің әдістемесі мен тәсілдері; катерді басқару мен ішкі су жолдарымен жүзу ережесін.

 

  • 30. Сүңгуір

7-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Топырақ сипаттамасын анықтай отырып тереңдік планшеттерін жасау. Батып кеткен кемелерді зерттеу кезінде күрделі өлшеулер жүргізу. Массасы 50 тоннадан артық су асты бастаулары мен массивтерді орнату. Кемелер мен гидротехникалық құрылғыларды зерттеу кезінде телевизиялық қондырғыларды басқару. Кеме корпусындағы жарыктар мен гидротехникалық құрылғылардың су асты бөліктері ақауларының контурлық және көлемдік шаблондарын түсіру және жасау. Су астында металды кесу және пісіру, жарылыс жұмыстарын атқару. Есу винттерін немесе олардың қалқаншаларын ауыстыру. Туннельдердің, қазаншұңқырлар мен төсемдердің ораналасу орындарын белгілеу. Жарықтарға жапсырма қоюды басқару. Авариялық кеменің су асты корпусының суға кетуін жою жөніндегі жұмыстар. Кеме көтергіш строптарды, орамалдар мен басқа да жабдықтамаларды бекіту, кеме көтергіш понтондарды тегістеу және найт арқандау, шлангілерді кеме көтергіш понтондарға жалғастыру. Сүңгуірлерді өзінің жұмысқа мамандану тобы бойынша практикалық даярлау. Авариялық – құтқару,  құтқару,  кеме, кеме жөндеу, кеме көтеру және басқа да күрделі сүңгуір жұмыстарының бәрін атқару. Сүңгуір техникасының барлық түрлерін пайдалану және бұл техникаларға жөндеу жүргізу. Зардап шегулерді табу және оларды судан шығарумен байлынысты іздестіру жұмыстарының барлық түрлеріне басшылық жасау.

Білуі тиіс: сүңгуір стансасының немесе 60 метрге дейінгі тереңдіктегі сүңгуір стансалары тобының жұмысын ұйымдастыру және басшылық ету; сүңгуірлік техниканың барлық түрлерін пайдалану мен жөндеу ережесі;  сүңгуірлер су астында пайдаланатын телевизиялық және басқа да радиотехникалық жабдықтардың құрылысы және пайдалану принциптерін; гидротехникалық құрылғылардың су асты бөліктерінің  теникалық жағдайын тексерудің, оларды жөндеу және авариялық – қалпына келтіру жұмыстарын атқаруды; электрмен пісіру аппараттарына қызмет көрсету ережесін, пісірілетін металдардың негізгі қасиеттерін; метелдарды су астында кесу және пісіру кезінде қолданылатын газдар мен сұйықтардың негізгі қасиеттерін; бақылау үшін қолданылатын электр өлшегіш приборлар мен жабдықтардың нысанын; пайдаланылатын жарылғыш материалдардың негізгі қасиеттері мен ерекшеліктерін және олармен жұмыс істеу кезіндегі сақтану шараларын; суға батқан кеменің бойымен орналастыру жөніндегі есептерді; суға батқан кемелер мен жүктерді көтеру жөніндегі сүңгуір жұмыстарын жүргузудің технологиясын.

 

  • 31. Сүңгуір

8-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Акваторийлерді, гидротехникалық құрылыстардың су астындағы бөлігін, су асты трашеяларына салынған құбырлар мен кабельдерді зерттеу. Кемелер, жүзгіш белгілер жақындап тоқтау үшін арналардың, шлюздердің, бөгеттердің, дамбалар мен басқа да құрылыстардың тас беткейін, жол жағдайы мен навигацилық жабдық құралдарын қарау. Трасса іздегіштердің көмегімен құбырлар мен кабельдерді іздеу. Трасса іздегіштердің көмегімен немесе көлденең кесіндіні алу әдісімен құбырлардың жатқан тереңдігін анықтау. Тереңдету және судың түбін тазалау, сондай – ақ батқан кеменің корпусын шөгінділерден тазарту мақсатымен гидрожуу құралдарының, су ағынды немесе пневматикалық топырақ сорғыш пен ұрғылау балғасының көмегімен су асты топырағын өңдеу. Топырақ алып тастаумен байланысты жұмыстар. Гидротехникалық құрылыстар немесе су нысандарының тағаны астындағы тас – қиыршық және құмдақ төсенішті тұрпайы өңлеу. Топырақ алып тастаумен  байланысты жұмыстар. Гидротехникалық құрылыстар немесе су асты нысандарының тағаны астындағы шпур бұрғылау. Ағаш құрылғыларды, свайлардағы  тікен құрылғыларын арамен кесу, шпунт қатарлардағы жарықтарды бітеу, ағаш тағындарды тесікке және прокладкаларды ағаш құрылғылардың қуысына орналастыру, басқа да жұмыстар. Шпунт қабырғаларға және қатараларға терезе шығару. Ерштарды, қапсырмаларды, балдақтарды, шегелерді қағу және алып шығу; болтарды қою және гайкаларды бұрау. Ағаш төсемдерді қолмен бөлшектеу. Массасы 20 тоннаға дейінгі кесінділер мен жәшіктердегі (кюбельдегі) бетон қоспасын төсеу. Су астында заттарды ілмекке ілу және ағыту. Батып кеткен кемелердің корпусынан теңдестіруді қажет етпейтін жүктерді түсіру. Ғылыми – зерттеу жұмыстарына қатысу. Кемелерді профилактикалық байқаудан өткізу. Кеме корпусының су асты бөлігін өскіндер мен қалдықтардан тазарту. Кеменің есу винттерін тазалау. Су асты жолдарын өскіндер шөгінділдерден тазарту; Су астында қарапайым құрастыру, слесарлық, ұста және жүк жинау жұмыстарын атқару. Суға батқан кемелердің корпусына сыртқы зерттеу жүргізу. Шлангтердің кеме көтергіш понтондарға жалғануын ағыту, сондай-ақ осыған ұқсас басқа да жұмыстарды атқару. Біліктілігі бұдан да жоғары  сүңгуірлер атқаратын авариялық – құтқару, кеме көтеру кеме және су асты техникалық жұмыстарын жүргізу; күрделі жағдайларда авариялық-құтқару және құтқару жұмыстарына басшылық жасау; тәжірибелік сүңгуір жұмыстарын орыдау және су астындағы жұмысқа арналған сүңгуір жабдықтамалары мен техникалық құралдары сынау.

Білуі тиіс: сүңгуір жабдықтамалары мен сүңгуірдің суға түсуін қамтамасыз ететін құралдары сақтаудың, дайындаудың және шағын ақауларын жөндеудің ережесін; сүңгуірдің суға тереңдеп түсу ережесін, медицина негіздерін, суға тереңдеудің физикалық және  физиологиялық ерекшеліктерін; біліктілік сипаттамасына сәйкес тиісті сүңгуірлік жұмыстар өндірісінің технологиясын; жұмыс орынын ұйымдастыруды; су астындағы жұмыс кезінде қолданылатын бақылау - өлшеу құралдары мен жабдықтардың құрылысын; су астындағы акваторийді, төселген құбырлар мен кабельдерді  зерттеудің тәсілдері мен технологияларын;

Қарапайым чертеждерді сызудың және оқудың негіздерін; зерттеу нәтижелері бойынша схемалар, эскиздер мен актілер жасаудың ережелерін; су асты төсеніштерін төсеудің және тегістеудің, кеме көтеру құрылғыларының рельс жолдарын түзтудің және реттеудің тәсілдерін; слесарлық, ағаш шебері және жүк жинау, су астында бетон төсеу жұмыстары өндірісінің жолдарын; су алу және су шығару кесінділерін, блоктар мен массивтерін орнату мен түйістіру ережесін; такелаж ісі мен такелажы пайдалану ережесін, кеме көтеру жабдықтарының құрылымын; конструктивтік элементтер мен гидротехникалық жабдықтардың қолданылу нысанасы мен олардың жұмыс принциптерін; кеме корпусының жарықтары мен гидротехникалық жабдықтар ақауын өлшеу тәсілдерін.

 

  • 32. Арбакеш

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Атпен, өгізбен, мүлмен және басқа да жүк тасымалдайтын жануарлармен түрлі жүктерді, қоқыстар мен басқа да жүктерді тасымалдау; жануарларды жегу, доғару және жұмыс кезінде күтім жасау. Жинап шығару шұңқырларын, қоқыс жәшіктерін және канализациялық құдықтарды ластан ожаумен, қолмен және арнаулы насостар мен механизмердің көмегімен тазалау. Канализация люктерін ашу және жабу, сору жабдықтарын цистерна насосына жалғау және ағыту. Жинап шығару шұңқырларын, қоқыс жәшіктерін жұқпасыздандыру, тасымал құралдары мен ат әбзелдерін жеңіл жөндеу мен майлау. Жүктерді тиеу, бекіту және тасымалдау кезіндегі сақталуын бақылау. Ластар мен қоқыстарды арнайы орындарға шығару. Жол құжаттарын ресімдеу.

Білуі тиіс: аттарға және басқа жүк тасымалдайтын жануарларды күту ережесін; тасымалданатын жүктің шекті салмағын, ластықтарды жинау, тасымалдау ережесін және жинап шығару шұңқырлары мен қоқыс жәшіктерін жұқпасыздандыру ережесін; насостардың құрылымы мен оларды пайдалану ережесін; тасымалдау жабдықтары мен ат әбзелдерін күтудың ережесін; жол қозғаласы ережесін; жүктерді қабылдау және тапсыру жөніндегі жол құжаттарын ресімдеу тәртібін; жинап шығару шұңқырлары мен канализация құдықтарының, қоқыс үйінділерінін орналасқан жерлерін.

 

  • 33. Газшы

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Анағұрлым біліктілігі жоғары газшының басшылығымен ауажылытқыштарға қызмет көрсету, олардың күйін және жекелеген балқыту, жылыту, термиялық, ұсталық, шынықтыру және домналықтардан басқа өзге пештердің газдық шаруашылығы жабдығының жұмысын бақылау, ауажылытатын аппараттарды ауадан газға және газдан ауаға ауыстыру. Газтазарту қондырғыларына, газараластыру станцияларына, газгольдеолер мен газқұбырларына қызмет көрсетуге, сондай-ақ олардың жабдығын жөндеуге қатысу. Газдық жанарғылардың алаңдарын тазалау және жабдық тораптарының қажалатын бөліктерін майлау.

Білуге тиіс: пештерде металды балқыту процесі туралы негізгі мәліметтер; суқыздырғыштар мен газдық аппаратураның құрылысы; жанатын газдардың қасиеттері және газқорғаныш аппарат пен газқауіпті ортада жұмыс істеу ережесі.

 

  • 34. Газшы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Ауажылытқыштарға қызмет көрсету, олардың күйін және жекелеген балқыту, жылыту, термиялық, ұсталық, шынықтыру және 100 т дейін сыйымдылығымен домналықтардан басқа өзге пештердің газдық шаруашылығы жабдығының жұмысын бақылау, ауажылытатын аппараттарды ауадан газға және газдан ауаға ауыстыру. Қызмет көрсететін балқыту, жылыту, термиялық, ұсталық, шынықтыру пештерінде  тиісті жылулық режим мен үрлеуді қамтамасыз ету. Газды тазалау процесінде қозғалтқыштардың, сорғылардың, скрубберлердің жұмысын басқару. Газараластыру станцияларының жабдығына және газтазарту қондырғыларына қызмет көрсету. Қажетті калориялы және қысымды газ алуды қамтамасыз ету. Боялған бұйымдарды кептірудің берілген температуралық режимін қолдау, үздіксіз жұмысты бақылау, газгольдерлерді толтыру мен босатуды реттеу. Газ құбырларының ақаусыз күйін және олардың қосылыстарының регметикалығын қамтамасыз ету. Газ клапандарының су ысырмаларында судың қажетті деңгейін, ожауларды, науаларды, бекіткіштерді кептіруге арналған  жанарғылардың ақаусыздығын қолдау. Генераторлардың, қожсалғыштардың және цех клапандары жинағының газ өткізбеушілігін қадағалау. Қызмет көрсетілетін объектіде немесе учаскеде газ құбырлары мен арматураны жөндеуге және тазартуға қатысу.

Білуге тиіс: балқыту, жылыту, термиялық, ұсталық, шынықтыру пештерінде  жұмыстың техникалық процесінің негіздері; скрубберлердің, автоматты реттеуіштердің, газгольдерлер жабдығының құрылысы; газ құбырлары мен көмекші арматураның сызбалары.

 

  • 35. Газшы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Балқыту цехтерінің немесе домналықтан басқа әр түрлі конструкциялы  үш пешке дейін санымен учаскелердің немесе 100 т артық сыйымдылығымен жекелеген балқыту, жылыту, бояу- кептіру, термиялық, ұсталық және шынықтыру пештерінің ауажылытқыштары мен жабдығына қызмет көрсету және бақылау. Газ құбырлары мен көмекші құрылғыларға, газ реттеуші пунктер мен газ бөлетін станцияларға қызмет көрсету. Аспаптардың көмегімен улы газдардың мөлшерін анықтау. Қызмет көрсететін пештердің тиісті жылулық режимін мен үрлеуді қамтамасыз ету. Ауа жылытқыштарды газдан ауаға және ауадан газға ауыстыру. Газ құбырлардың желісін және газдарды тазалау, араластыру бойынша қондырғыларға қызмет көрсету. Газдың шығынын, үрлеу қысымы мен температурасын, ылғалды үрлеу кезінде будың шығынын бақылау. Бақылау- өлшеу аспаптарының көрсеткіштерін есепке алу және пештердің жылулық режимі бойынша белгіленген құжаттаманы ресімдеу. Газ желісі мен арматураның қызмет көрсететін жабдықты жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: балқыту, қыздыру, бояу- кептіру, термиялық, ұсталық және шынықтыру пештерінің жұмысының технологиялық процесі; балқыту, жылыту, бояу- кептіру, термиялық, ұсталық және шынықтыру пештерінің ауа жылытқыштарының  және газдық аппаратураның конструкциялық құрылысы; газдардың физикалық және химиялық қасиеттері; қызмет көрсетілетін учаскеде газ құбырларының және ауа үрлеу желісінің коммуникациялар  сызбасы.

 

  • 36. Газшы

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Балқыту цехтерінің немесе әр түрлі конструкциялы  және көлемді (домналық пештерден басқа) үш пештен артық  санымен учаскелердің газдық шаруашылығының ауа жылытқыштары мен жабдығына қызмет көрсету және бақылау. Қызмет көрсететін пештердің тиісті жылулық режимін мен үрлеуді қамтамасыз ету. Ауа үрлеушілердің жұмысын, газды тазалау сапасын және технологиялық пештер үшін газдың түсу біркелкілігін бақылау. Ысырмалардың сальниктері мен фланецтік қосылыстар арқылы газдың ағып кетуінің алдын алу және жою. Газ қондырғыларының жұмыс режимдері мен сызбаларын реттеу. Газдың шығыны мен қысымын есепке алу және қызмет көрсетілетін учаскедене белгіленген құжаттаманы ресімдеу.

Білуге тиіс: балқыту және қыздыру пештерінің жұмысының технологиялық процесі; балқыту, қыздыру және шынықтыру пештерінің ауа жылытқыштарының  және газдық аппаратурасының конструкциялық құрылысы; пештердің жұмы процесін реттеу ережесі; бір режимнен екінші жұмыс режиміне ауысу әдістері; газды пайдалануда тұтынушылардың ерекшеліктері және қолданылатын  агрегаттардың жұмыс сипаты.

 

  • 37. Газгенераторшы

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Гидравликалық ысырмалар мен шикі газ коллекторларын, газ генераторлардың шаң ұстағыштарын және фенолдық тартпаларды фустар мен шайырлардан тазалау. Газгенераторлардың тостағандарын қосу және сөндіру. Суды гидроысырмаларға беруді реттеу. Қож алып тастайтын механизмдердің жұмысын қадағалау.  Қож бен күлді жинау, тиеу және оларды белгіленген орынға тасу. Скрубберлердің гидроысырмалары мен тіреулерлен қалдықты алып тастау.  Гидроысырмалардың айналатын тостағандарына қызмет көрсету. Қозғалғыш механизмдерді майлау. Газгенераторларды отынмен тиеу бойынша жұмыстарға, оны пиктермен және пневмоқұралмен көсеп тастауға қатысу. Тиеу жабдығына қызмет көрсету. Анағұрлым жоғары білікті газгенераторшының басшылығымен газгенераторларға қызмет көрсету бойынша басқа жұмыстарды орындау.

Білуге тиіс: газогенераторлардың жұмыс істеу қағидасы; қож жинайтын механизмдердің құрылысы және жұмыс істеу қағидасы; гидроысырмалар мен газ коллекторларының түрлері мен қасиеттері; газогенераторлық отынның түрлері мен қасиеттері, оны тиеу және көсеу ережесі; гидроысырмаларға суды беру сызбасы; қызмет көрсететін жабдықтың  және механизмдердің жұмысындағы ақаулықтарды анықтау және жою тәсілдері; қож бен күлді алу және тасу тәртібі мен ережесі; қолданылатын  құрал мен құрылғылар; газбен улану немесе иіс тию кезінде алғашқы жәрдем көрсету ережесі.

 

  • 38. Газгенераторшы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Ағашта, шымтезекте, тақта таста және көмірде жұмыс істейтін шағын өнімділікті газгенераторларда энергиялық газды алу технологиялық процесін жүргізу. Газгенераторды тиеуді және буауа үрлеуді реттеу. Шағын  өнімділікті 10 газгенераторға дейін қызмет көрсету және олардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету. Суауа қалыптарына, бужинағыштарға қызмет көрсету. Газ тазалау қондырғыларында, жүйелерде, 20000 куб м/сағ дейін өнімділікпен агрегаттарда газды  шебер тазалау. Отынды көсеумен және пневомоқұралмен көсеу. Жану аймақтарын өлшеу және газгенераторлардың жұмысындағы ақаулықтарды жою. Генератор бөлімінің жануын, үрленуін, температуралық режимі мен жылу алмасу аппаратурасының жұмысын қадағалау. Газгенераторларды ағыту, кептіру, жағу және желіге қосу. Бақылау- өлшеу аспаптарының көрсеткіштерін қадағалау.  Скрубберлер мен градирняға су беруді реттеу. Газды суландыру форсункаларын тазалау. Күл- қож жоюды бақылау. Газгенераторлардың жабдығын жөндеу бойынша жұмыстарға қатысу.

Білуге тиіс: газгенераторлардың  құрылысы; энергиялық газды алу технологиялық процесі; отынды газдандырумен байланысты  физика мен химия бойынша негізгі мәліметтер;  энергиялық газдың құрамы және оның қасиеттері; шикі газдың коллекторларының орналасуы; бу-, су- және газ құбырларының сызбасы; газ тазалау жүйесінің құрылысы және газды тазалау технологиясы; генераторларды отынмен тиеу ережесі; оны көсеумен және пневомоқұралмен көсеу тәсілдері.

 

  • 39. Газгенераторшы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы.  Көмірде,  кокста, антрацитте және қатты отынның басқа түрлерінде жұмыс істейтін жоғары өнімділікті газгенераторларда энергиялық газды алу технологиялық процесін жүргізу.  Сулы газ генераторларына, темірбу тәсіл бойынша сутегі генераторларына, сондай-ақ  тақта тастарды қайта өңдеу кезінде буоттегі үрлеуде генераторларға қызмет көрсету. Шағын  өнімділікті 10-нан артық  газгенераторға қызмет көрсету және олардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету. Отынды салуды,  жануын, үрленуін, температуралық режимді және жылу алмасу аппаратураны қадағалау. Су циклдарын реттеу. Газгенераторларды ағыту,  кептіру, қыздыру және оларды газдық жүйеге қосу. Жану аймақтарын өлшеу, күюлерді, аймақтардың қисаюларын, қос аймақтарды, қож күмбездерді, газгенераторлардың  жұмысындағы басқа  ақаулықтарды жою. Газ тазалау қондырғыларында, жүйелерде, 20000 артық  40000 куб м/сағ дейін өнімділікпен агрегаттарда газды  шебер тазалау. Отынның, газдың және шайырдың сапасын анықтау. Газгенераторлық цехтің немесе станцияның жабдығын қосу мен тоқтатуға қатысу.

Білуге тиіс: энергиялық газды, сулы газды және сутегіні алумен байланысты физика және химия негіздері; қатты отыннан энергиялық газду алу технологиялық процесі және оны тазалау мен сапасын жақсарту бойынша шаралар; газгенератор станциясының немесе бөлімшенің коммуникациялар  сызбасы;  шикі газдың коллекторларының, шаң ұстағыштар мен газ құйғыштардың құрылысы; жөндеу жұмыстарын жасау ережесі.

 

  • 40. Газгенераторшы

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Қатты отынның барлық түрлерінде жұмыс істейтін, қайнап жатқан қабат режимімен қуатты газгенераторларда энергиялық газды алу технологиялық процесін жүргізу.  Газ тазалау қондырғыларында, жүйелерде, 40000 куб м/сағ артық өнімділікпен агрегаттарда газды  шебер тазалау. Отынның, газдың және шайырдың сапасын анықтау.  Газгенератор және тазтақалау станциясының барлық жабдығы мен коммуникациялар  желісінің жұмысын қадағалау. Газгенераторлардың және тазалау аппаратурасының жұмысында ақаулықтарды дер кезінде табу және жою. Газгенераторлардың жану, үрлеу аймағының күйін және температуралық режимін, сондай-ақ коллекторларды, газқұйғыштар мен шаң ұстағыштарды фустар мен шайырлардан тазалау аймағын бақылау. Газдың сапасын тексеру және оны жақсарту бойынша шараларды жүргізу. Газдың қысымы мен коллекторлар жүйесін реттеу. Қайта  орнатылған газгенераторларды, сондай-ақ  арматура мен газдық аппаратураның күйін тексерумен жөндеуден кейін газгенераторларды қабылдау және қосу.  Газгенераторлық және газтазалау қондырғыларының жабдығын жинақтауға, бөлшектеу мен жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: әр түрлі жүйелердің және жоғары өнімділікті газ тазалау қондырғыларының қуатты газгенераторлардың  құрылымдары; ауа- және газ құбырларын, арматура мен газдық аппаратураны тексеру және гидравликалық  сынау тәртібі мен ережесі;  газгенератор қондырғыларының жұмысындағы ақаулықтарды табу және жою тәсілдері; қажетті техникалық құжаттама құру тәртібі.

 

  • 41. Газқұтқарушы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Газ өткізетін желіде газдың өтуін алдын алу және жою. Респираторларды және басқа газдан сақтау аппаратураны зарядтау, бәсеңдету, жөндеу, кептіру және тазалау. Жұмыс орындарында қорғаныш құралдардың болуын, оларлың сақтау, ұстау және пайдалану дұрыстығын тексеру. Газтұтқырларды ауыстыру кестесінің, оларды пайдалану ережесінің орындалуын және жұмыс газдалған атмосферасында болу ұзақтығын бақылау. Жұмысшылардың  газдалған атмосферада болу ұзақтығын есепке алу. Улы булардың бөлінуімен ілесе жүретін авариялар кезінде, сондай-ақ  бақытсыздық жағдайлар кезінде адамдарды құтқару. Газ қауіпті жұмыстардың өндірісін, газ қауіпті жерлерде желдетудің үздіксіз жұмысын қадағалау. Газ қаупі бар  жерлерде ауаның сынамасын іріктеу. Үй- жайларда және ыдыстардың ішінде газ қауіпті, газ электр дәнекерлеу  жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздікті анықтау. Газбен улану кезінде алғашқы жәрдем көрсету.

Білуге тиіс: газгенераторлардың, газдан сақтау аппаратурасының  құрылысы; қызмет көрсетілетін цехтерде газ қауіптіліктің сипаты; газ құбыр желісінің коммуникацияларын қосу және ағыту тәсілдері; газдан сақтау аппаратурасын пайдалану ережесі; ауаның сынамаларын алу ережесі; газбен улану кезінде алғашқы жәрдем көрсету бойынша шаралар.

 

  • 42. Газқұтқарушы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Қиын емес жағдайларда газқұтқарушы жұмыстарын жасау. Газдардың ағып жиналуының алдын алу және жою бойынша шаралар өткізу. Газ құбыр желісінің және газдан сақтау аппаратурасының  жұмысын қадағалау және олардың ақаусыздығын қамтамасыз ету. Цехтерде газ қауіптілік күйін, газ шаң ұстайтын және желдету қондырғыларының жұмысын, аварияла шкафтардағы құтқару және қорғау құралдарының, сондай-ақ  құралдың жиынтықтарының дұрыстығын бақылау.  Қауіпсіз жұмыс турал жұмысшыларға нұсқама беру. Оттегі жан беретін аппаратурасы пайдаланумен зардап шеккендерге алғашқы жәрдем көрсету.

Білуге тиіс: отынды газдандыру технологиялық процесі; өндірісте кездесетін газдар мен булардың құрамы мен қасиеттері, оларды тану және анықтау тәсілдері; кәсіпорында жұмыстың газ қауіпсіз жерлері және оларға қызмет көрсету тәртібі; қауіпсіз жұмыс ережесі; газ шаруашылығына және кәсіпорынның баса газ қауіпті цехтеріне қызмет көрсету бойынша нұсқаулық.

 

  • 43. Газқұтқарушы

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Қиын жағдайларда газқұтқарушы жұмыстарын жасау. Мемқалтехқадағалау нұсқаулығына сәйкес газ жарылыс қаупі бар цехтерді, қондырғыларды, агрегаттар мен  коммуникацияларды қарау және теуксеру арқылы алдын алу жұмысын жүргізу. Газ қаупі бар өндірістерде  авариялардың және қайғылы жағдайлардың алдын алу бойынша шаралар әзірлеу, газ жарылыс қаупі бар цехтерде жұмыс жүргізу және газ қорғаныш аппаратурасын пайдалану ережесі туралы жұмысшылар мен ИТЖ нұсқама жүргізу. Қауіпсіздік техникасы бойынша цехтерді кешенді тексеру комиссияларына, газ қаупі бар жерлердің тізімін әзірлеуге және оларды қауіптілік топтарына бөлуге қатысу. Газқұтқарушы қызметтің ауысымдарын ұйымдастыру. Газқұтқарушы жұмыстар бойынша теориялық және тәжірибелік сабақтар өткізу. Улы булар мен газдардың бөлінуімен болатын авариялар, сондай-ақ  қайғылы жағдайлар кезінде адамдарды құтқары бойынша жұмыстарға басшылық ету.

Білуге тиіс: газқұтқарушы қызметтің алдын алу жұмыстарын жүргізуінің негізгі ережесі мен түрлері; барлық газ құбырларының, сондай-ақ  газ қаупі бар өндірістердің бүкіл жабдығының сызбасы; қызмет көрсететін кәсіпорында газ қорғаныш құралдары мен аварияларды жоюға арналған  құралдардың орналасуы; газ жарылыс қаупі бар цехтерде жұмыстар өндірісі туралы Мемқалтехқадағалаудың нұсқаулығы.

 

  • 44. Гардеробшы

1-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Ұйым қызметкерлері мен келушілердің сырт киімін, бас киімін және басқа да жеке заттарын сақтауға қабылдау; тапсырылған заттардың сақталуын қамтамасыз ету. Қызметкерге немесе келушіге заттардың сақталу орыны көрсетілген жетонды беру және жетонды ұсынған кезде киімі мен жеке заттарын беру. Гардероб орынын таза және тәртіппен ұстау. Мүгедектер мен қарт келушілерге шешіну және киіну кезінде көмек көрсету.

Білуі тиіс: жеке заттарды қабылдау мен сақтау ережесін; жетон жоғалған жағдайда құжаттарды ресімдеу тәртібін; ұйымның жұмыс кестесін.

 

  • 45. Ацетилен қондырғысының генераторшысы

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Ацетилен газогенераторларына, қондырғыларға немесе 15 куб м/сағ дейін өнімділікпен станцияларға қызмет көрсету және жөндеу.   Газгенераторларды кальций карбидімен және тазартқыштарды тазарту массасымен зарядтау. Кальций карбидімен барабандардың орауын ашу. Ысырмаларда судың деңгейін тексеру. Шекқұбырлар мен  бекіту шұраларын қосу. Құбырлар мен су тазартқыштарында конденсацияланатын суды құйып алу. Газгенераторлардың жұмысын және газдың сапасы қадағалау. Баллондарды таразыда өлшеу. Баллондарды газбен мөлшерлеу. Жөндеу кезінде газгенераторларды бөлшектеу және жинау.

Білуге тиіс: физика мен химия бойынша газдар туралы қарапайым мәліметтер; кальций карбидінен ацетилен алу қағидасы; ацетилен газгенераторлардың, тазартқыштар мен гидроысырмалардың құрылысы; ацетилен қондырғыларын пайдалану ережесі; кальций карбидінің қасиеттері және оны сақтау ережесі; газгольдердің құрылысы, оның сыйымдылығы мен ең үлкен биіктігі; тазартқыштарды қайта зарядтау мерзімдері; қызмет көрсетілетін учаскеде бақылау- өлшеу аспаптарының белгіленуі және пайдалану шарттары; кальций карбидімен барабандардың орауын ашу ережесі.

 

  • 46. Ацетилен қондырғысының генераторшысы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Ацетилен газогенераторларына,  15 –тен 50 куб м/сағ дейін өнімділікпен қондырғыларға немесе станцияларға, өнімділігіне байланыссыз навигациялық жабдық құралдарына арналған  жарық беретін ацетилен газын шығаратын газгенераторлар мен қондырғыларға қызмет көрсету және жөндеу. Кептіргіштерді,   жуып- шайғыштарды, тазалағыштарды және еріткіштерді қайтадан зарядтау. Ацетиленде қоспалардың барын анықтау: фторлы сутегіні, күкіртсутегіні, ауаны және ацителен қондырғысының немесе станцияның жұмыс істеуі шарттарында басқ. Ацетилен компрессорына қызмет көрсету және оның жұмысындағы олқылықтарды жою. Баллондардың шұраларына түтіктерді қосу және оларды толтыруды қадағалау. Клапандарды, аратөсемдерді және басқа арматуа немесе бөлшектерді  ауыстыру.

Білуге тиіс: ацетиленде қоспаларды анықтау тәсілдері; әр түрлі ацетилен газгенераторлардың, тазартқыштардың, кептірші пен гидроысырмалардың құрылысы; ацетиленді алу технологиялық процесі және оны тазалау мен кептіру ережесі; ацетилен қондырғысы мен станциясының коммуникациялар  сызбасы, шұралардың, клапандар мен басқа арматураның орналасуы; баллондарды ацетиленмен толтыру ережесі; бақылау- өлшеу аспаптарының құрылысы.

 

  • 47. Ацетилен қондырғысының генераторшысы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Ацетилен газогенераторларына, 50 куб м/сағ артық өнімділікпен қондырғыларға немесе станцияларға қызмет көрсету және жөндеу. Газ тәрізді ацетилен алу мен тазалау технологиялық процесінің параметрлерін реттеу. Кальций карбидін тиеу механикаландырылған тармағын, карбидті бункерлерді тасу тармағын, газгенераторлардың  жетегін, айналымды сумен жабдықтау күйі мен реттеуін, бақылау- өлшеу аспаптарын және сигнал беруді бақылау және басқару. Жабдықты жөндеуден шығатын қосу жөндеу жұмыстарын қабылдау және жүргізу.

Білуге тиіс: газ тәрізді ацетилен өндірісінің технологиялық сызбасы, ацетилен қондырғыларының әр түрлі жүйелеріні құрылымы; бақылау- өлшеу аспаптарын реттеу тәсілдері; қажетті технологиялық құжаттама құру  және жүргізу тәртібі.

 

  • 48. Қызметші әйел

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Қонақ үйлердің, жатақханалардың бөлмелерін, санитарлық бөлмелерін және өзіне бекітілген басқа да орындарды тазалау және тазалықта ұстау. Тұрған әрбір адам  кеткеннен кейін төсек жаймалары мен орамалдарды ауыстыру. Ұзақ уақыт тұрған жағдайда – қонақ үйлердегі пайдалану және ішкі тәртіп ережелерінде көзделген мерзімдерде төсек орынды қабылдап алу. Тұрғандардан тұрмыстық қызметтерге тапсырыс қабылдау және олардың уақытында орындалуын бақылау. Техника қаупсіздігі ережесін сақтау.

Білуі тиіс: коммуналдық қонақ үйлеріндегі пайдалану және ішкі тәртіп ережелерін; техникалық қаупсіздік ережесін; электр шаңсорғыш пен электр еден сүрткіш құрылымын; жергілікті тиекті арматураның орналасқан жерін.

 

  • 49. Жүк тасушы

2- разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жүктерді қарапайым тиеу-түсіру жабдықтарын қолдана отырып қолмен тиеу, түсіру және қойма ішілік өңдеу жұмыстары – сұрыптау, жинау, орнын ауыстыру, қайта өлшеу, таратып салу және т.б. Жұмыс процесінде вагондарды жақындату (алыстату). Жылжымалы составты жүк түсірілгеннен кейін тазалау. Қызмет көрсететін  тиеу – түсіру жабдықтарын  тазалау және майлау. Щиттер мен траптарды қайта орналастыру.

Білуі тиіс: жүктерді тиеудің және түсірудің ережесін; қарапайым тиеу - түсіру жабдықтарын қолдану ережесін; жүктерді ашық теміржол жылжымалы составына тиеу кезіндегі және теміржол  вагондарынан жүктерді түсіру және оларды текшелеп жинау кезіндегі жол берілетін габариттерді.

 

  • 50. Жүк тасушы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жүктерді тасымалдау құралдарын: сүйрепелерді, арбаларды, транспотерлерді және басқа да көтеру – тасымалдау жабдықтарын қолдана отырып тиеу, түсіру және қойма ішілік өңдеу. Шығырларды, көтергіш  блоктарды, уақытша скаттар мен жүктерді тиеу мен түсуруге арналған басқа да жабдықтарды орнату. Жүктерді қоймалар мен тасымал құралдарына бекіту және жабу. Қызмет көрсететін тасымалдау құралдарын тазалау және майлау.

Білуі тиіс: жүктерді тасымалдау  құралдарында жинаудың, бекітудің, жабудың ережесін; тасымалдау құралдарын пайдалану ережесін; жүктерді көтеру – тасымалдау механизмдерімен тиеу және жүктерді кезіндегі шартты белгіні; қоймалардың және жүктерді тиеу және түсіру орындарының орналасқан жерін.

 

  • 51. Табыншы

2- разряд

Жұмыс сипаттамасы. Базарда мал табынын, көлік құралдарын, қажетті мүлік пен жабдықтарды қабылдап алу. Малдарды өлшеу, ветерениарлық өңдеу, жынысына және қоңына қарай сұрыптау кезінде қатысу. Табынды нысаналы жерге айдап бару. Малды жолда бағу, жемдеу, суару. Малды вагондарға, баржаларға және автокөлікке тиеу және түсіру. Табынға жолда ілесіп жүру және оның күзетін қамтамасыз ету, өткізу пунктінде бағу және ұстау. Табынды тұтынушыларға тапсыру, малды қабылдау және тапсыру құжаттамаларын ресімдеу. Малды түсіргеннен кейін вагондарды тазалауға дайындау.

Білуі тиіс: зоотехника мен ветеринария негіздерін; малды қабылдау мен өткізудің тәртібің; малды айдап бару, тасымалдау, жаюдың тәсілдерін; малға тамақ берудің рационы мен уақытын; аурулардың, жарақаттанудың, мал шығынының алдын тәсілдерін; алғашқы ветеринарлық көмек көрсету ережесін; қабылдау - өткізу құжаттарын ресімдеуді.

 

  • 52. Аула сыпырушы

1-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Қызмет көрсететін үйге іргелес көшелерді, тротуарларды, учаскелер мен алаңдарды жинап сыпыру. Тротуарларды, көпір жолдары мен соқпақтарды қардан және мұздан уақытында тазалау, оларға құм себу. Кез келген уақытта кедергісіз бару үшін өрт құдықтарын тазалап қою. Арналар мен су жиналатын науаларды қазу және тазалау. Көше урналарын жуу және оларды қоқыстардан ұдайы тазалап тұру. Қоқыс жәшіктерінің, қоғамдық дәретханалардың, уақытында тазалануын және олардың санитарлық жағдайын; үйдің сыртқы жабдықтары мен мүлкінің (қоршаулардың, баспалдақтардың, дөдегенің, суағар құбырларының, урналар мен жарнамаларының, т.б.) ақаусыз болуын, жасыл желектер мен олардың қоршауларының сақталуын қадағалау; Үй маңдайшаларына жалаулар ілу, оларды түсіру және сақтау. Милиция өткізетін үй аумақтарын араулауға қатысу. Жазатайым оқиғалардан зардап шеккен адамдарға, қарттарға, аурулар мен балаларға, т.б. көмек көрсету.

Білуі тиіс:  жергілікті  атқарушы органдардың, КСК санитария, көркейту, ғимараттардың сыртқы ұсталуы және қоғамдық тәртіпті сақтау міселелері жөніндегі қаулылары мен шешімдерін, полиция бөлімшесінің, жергілікті учаскелік полиция инспекторының, жедел жәрдемің, өрт бөлмшесінің, жедел жәрдем көрсету жөніндегі жақын маңдағы ұйымның, дәріхананың, балалар бөлмесінің және т.б. мекенжайлары мен телефон нөмірлерін.

 

  • 53. Аула сыпырушы

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Қызмет көрсететін үйге іргелес көшелелрді, тротаурларды, учаскелер мен алаңдарды жинап сыпыру. Гүлзаларды түскен жапырақтардан, бұталар мен кездейсоқ қоқыстардан (кездейсоқ заттардан, қағаздардан және т.б.) тазарту. Қалындығы 2 см. дейінгі жаңа түскен қарды сыпыру. Қарды үйіндегі үю. Тротуарларды, көпірлер мен жолдарды қар мен  мұздан  тазарту және оларға құм себу. Кез келген уақытта кедергісіз бару үшін өрт құдықтарын тазалап қою. Арналар мен су жиналатын науаларды қазу және тазалау. Көше урналарын жуу және оларды қоқыстардан ұдайы тазалап тұру. Нөмірлі урналарды жуу. Көрсеткіш тақталарды сүрту. Контейнер алаңшасын жинап сыпыру. Ауладағы қоқыс жәшіктерінің, қоғамдық дәретханалардың, уақытында тазалануын және олардың санитарлық жағдаыйн; үйдің сыртқы жабдықтары мен мүлкінің (қоршаулардың, баспалдақтардың, дөдегенің, суағар құбырларының, урналар мен жарнамаларының, т.б.) ақаусыз болуын, жасыл желектер мен олардың қоршауларының сақталуын қадағалау; Үй маңдайшаларына жалаулар ілу, оларды түсіру және сақтау. Қызмет көрсететін үй аумағындағы көше шамдарын уақытында жағу және сөндіру. Милиция өткізетін үй аумақтарын араулауға қатысу. Жазатайым оқиғалардан зардап шеккен адамдарға, қарттарға, аурулар мен балаларға, т.б. көмек көрсету.

Білуі тиіс:  жергілікті  атқарушы органдардың, КСК санитария, көркейту, ғимараттардың сыртқы ұсталуы және қоғамдық тәртіпті сақтау міселелері жөніндегі қаулылары мен шешімдерін, полиция бөлімшесінің, жергілікті учаскелік полиция инспекторының, жедел жәрдемің, өрт бөлмшесінің, жедел жәрдем көсету жөніндегі жақын маңдағы ұйымның, дәріхананың, балалар бөлмесінің және т.б. мекенжайлары мен телефон нөмірлерін.

 

  • 54. Экскалатор кезекшісі

1-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Дүкендердегі, әуе–теміржол вокзалдарындағы және басқа ұйымдардағы эскалаторларды қосу жұмысын қадағалау. Жолаушыларды қатты дауыс күшейтетін байланыс бойынша  эскалаторды пайдалану ережесі туралы хабарландыру. Сауда бөлімдерінің, секцияларының, қызметтік орындардың және т.б. орналасуы туралы хабарландыру. Қарттарға, мүгедектерге мен балалы жолаушыларға эскалаторға кіру және шығу кезінде эскалаторды тоқтау, зардап шегушілерге алғашқы дәрігерлік жәрдемге дейінгі  көмек көрсету. Эскалатор ақауы кезінде слесар – электрикті, эскалатор машинисін немесе авариялық қызмет қызметкерлерін шақыру.

Білуі тиіс:  эскалаторлардың жұмыс істеу және пайдалану принципін, олардың электр-радиомен жарақтандырылуын, медициналық пункттің, эскалатор машинисінің, жөндеу және авариялық қызмет қызметкерлерінің жұмыс орындарын; зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету ержесін; ауысымды қабылдау және тапсыруды; метрополитен схемасын, дүкендердің бөлімдері мен секцияларының және әуе -теміржол вокзалдарындағы басқа да ұйымдардың орналасуын.

 

  • 55. Дезактиваторшы

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Әр түрлі құрылғылар мен регламенттеретін дезактивациялайтын ерітінділерді қолданумен берілген әдістеме бойынша дезактивациялық жабдықтың көмегімен арнайы автокөлікті, жабдықты, заттарды және үй- жайларды  дезактивациялау. Дезактивацияға түсетін жабдықты сұрыптауы. Жұқтырушы заттарды еріткіштермен жуып тазалау (керосинмен, бензинмен),  жұқтырылған топырақтың қабатын немесе қарды алу арқылы жұқтырылған объектілерді, жабдықтарды, заттарды және үй- жайларды газдан тазарту. Газдан тазарту заттарға арналған қажетті материалдарды жұмыс орнына қоймадан жеткізу. Дезактивациялайтын жабдықты тасу бойынша тасымалдау және такелаждық жұмыстарды  орындау.  Дезактивациялау пукнтінде траптар мен тұндырғыштарды тазалау.

Білуге тиіс: беттерін дезактивациялау және газдан тазарту ережесі; негізгі дезактивациялайтын және газдан тазартатын ерітінділердің құрамы мен қасиеттері; жұмыс затын ұстау, такелаждық жұмыстар жүргізу мен радиациялық гигиена ережесі; дезактивациялау жабдығының, дозиметриялық және радиометриялық аппаратураның жұмыс істеу қағидасы;  газдан тазартатын заттардың номенклатурасы.

 

  • 56. Дезактиваторшы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Дезактивациялау жабдығының көмегімен арнайы киім мен жеке қорғаныш құралдарын дезактивациялау. Дезактивациялау ерітінділері мен шаятын суларды беру үшін сорғыларды, такелаждық құрылғыларды, кір жуатын жабдықты жұмысқа дайындау.  Бетінің  радиоактивті  заттармен ластанушылық түріне байланысты дезактивациялау құрамының түрін анықтау. Газсыздандыратын заттармен газдан тазарту аспаптардың көмегімен жұқтырылған объектілерді, жабдықты, заттар мен үй- жайларды газдан тазарту. Берілген рецептура бойынша  дезактивациялайтын құрамды, газсыздандыратын заттарды дайындау. Заттарға, жабдық пен құрылғыларға ағымдағы жөндеу жүргізу. Жабдықты жөндеу.

Білуге тиіс: дезактивациялау құрамдарының негізгі физикалық- химиялық қасиеттері; дезактивациялау құрамдарын және газсыздандыратын заттарды дайындау ережесі, жабдыққа, қорғаныш техникасына  әсері;  материалдар және жеке өорғаныш құралдары; дезактивациялау жабдығының, дозиметриялық және радиометриялық аппаратураның және газсыздандыратын аспаптың құрылысы;  радиоктивті ластанулардың шекті мүмкін деңгейлері мен концентрациясы; радиоктивті заттармен және иондайтын сәуле көздерімен санитарлық жұмыс істеу ережесі; бақылау- өлшеу аспаптарының белгіленуі және пайдалану шарттары.

 

  • 57. Дезактиваторшы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Ультрадыбыстық ванналарда, балқыту пештерінде, жуатын бокстарда және басқ. бағалы материалдарды, арнайы киімді және жеке қорғаныш құралдарын дезактивациялау. Жабдық пен бақылау- өлшеу аспаптарының ақаусыздығын және жұмысқа жарамдылығын тексеру. Жабдықты дезактивациялау кезінде бөлшектеу және жинау жұмыстарын орындау. Радиактивті сәулеленудің белгілі бір түрі үшін шекті мүмкін деңгеймен салыстыру ақылы дозиметриялық бақылаудың көмегімен дезактивациялау процесінің аяқталуын анықтау. Берілген жұмыс режиміне жабдықты жөндеу.

Білуге тиіс: ультрадыбыстық ванналардың, балқыту пештерінің, жуатын бокстардың және бекітпе арматураның құрылысы және басқару; дезактивациялау технологиялық процесі; қолданылатын  дезактивациялау материалының физикалық- химиялық қасиеттері; бақылау- өлшеу аспаптарының құрылысы.

 

  • 58. Дезактиваторшы

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Араластырылған және жуылатын суларды дезактивациялау. Дезактивациялау технологиялық режимін таңдау.  радиоактивті  ластану  мен дезактивацияланатын материалдың түріне байланысты  рецептуралар есептеу және құрастыру.  Дезактивациялау кезінде қызмет көрсететін машиналарды, аппаратура мен бақылау- өлшеу аспаптарын басқару және қадағалау және олардың олқылықтарын жою. Сынамаларды талдау нәтижелері бойынша технологиялық режим көрсеткіштерін реттеу. Есептік құжаттаманы жүргізу. Дезактивациялаудың жаңа әдістерін меңгеру және ендіруге қатысу.

Білуге тиіс: ультрадыбыстық ванналардың, балқыту пештерінің және жуатын бокстардың кинематикалық және элктрлік сызбалары; реагенттер мен материалдардың физикалық- химиялық қасиеттері,  радиоактивті лік заңдары; барлық түрлі иондаушы сәулелердің қасиеттері; бақылау- өлшеу аспаптарын жөндеу және реттеу ережесі; қызмет көрсетілетін жабдықты жөндеу ережесі.

 

  • 59. Дезинфектор

3 -разряд

Жұмыс сипаттамасы. Киімді, үйде қажетті заттарды, жабдықтарды, машиналарды, шикізатты, жартылай шикізатты, көлік құралдарын, аумақты, өндіріс орындарын, ғимараттарды, құрылғыларды және т.б. физикалық, химиялық, биологиялық және аралас әдістермен жұқпасыздандыру (ауру туғызатын микроорганизмдерді немесе жұқпалы ауруларды, инфекцияны таратушыларды жою немесе әлсірету) және дезодорациялау (зиянды жәндіктердің көбеюінің алдын алу және оларды жою), дератизациялау және дезодорациялау (егеуқұйрықтарды, тышқандар мен дала кеміргіштерін жою). Өңделетің заттарды дезинфекция камераларына  жақындату, оларды тиеу және түсіру.

Білуі тиіс:  жұқпасыздандыру, дезинсециялау, дезодорациялау және дератизациялау үшін қолданылатын заттардың қолданылу нысанын, турлерін және қасиеттерін; дезинфекция камераларына тиеуді және түсірудің тәсілдерін, жұқпасыздандыру, дезинсециялау, дезодорациялау және дератизациялау жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезінде жеке басының және дератизациялау жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезінде жеке басының және қоғамдық қаупсіздік шараларын; улы химикаттармен жұмыс жұмыс қаупсіздігі ережесін; жеке қорғаныс заттарын пайдалану ережесін.

 

  • 60. Дезинфектор

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Химиялық улы заттармен және интексицидтармен арнаулы машиналардың және жабдықтардың көмегімен дезинсециялау ( зиянды жәндіктердің көбеюінің алдын алу және оларды жою), дератизациялау және дезодорациялау (егеуқұйрықтарды, тышқандар мен дала кеміргіштерін жою). Арнаулы машиналар мен жабдықтарды дайындау және қызмет көрсету, жұқпасыздандыру, дезинсециялау, дезодорациялау және дератизациялау үшін қолданылатын улы химикаттар мен басқа жем дайындауға қажетті тағамдарды нұсқаулық талаптарына сәйкес қабылдау, есебін жүргізу, сақтау, босату. Қорғаныс құралдарының: противогаздардың, арнаулы киімнің, құралдардың және т.б. сапасы мен уландыратын заттардың әсірінен ақаусыздығын тексеру.

Білуі тиіс:  жұқпасыздандыру, дезинсециялау, дезодорациялау және дератизациялау үшін қолданылатын заттардың қолданылу нысанын, турлерін және қасиеттерін; дезинфекциялау машианалары мен улы химикаттарды себуге арналған аппаратардың құрылымын және жұмыс істеу принципін; жұқпасыздандырылатын заттардың сипатына қарай дезинфекциялық камералардың құрылымын және жұмыс кестесін; қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды гидравликалық сынау әдістерін; улану белгілерін және бұл реттегі алғашқы көмек көрсету ережесін; улы химикаттармен жұмыс жұмыс қаупсіздігі ережесін; жұқпасыздандыру және дезодорация кезінде экспозиция жүргізу мерзімдерін.

 

  • 61. Дезинфектор

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жұқпасыздандыру іс-шараларын жүргізу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру және атқару, олардың көлемін, әдістемесін және жекелген нысандарды жұқпасыздандыру заттарын анықтау.  Дезинфекциялық ерітінділердің дайындалуын және қолданылуын, радиоаппарураның, құрал-жабдықтардың қолданылуын, орындалған жұқпасыздандырудың сапасын, жұқпасыздандырушылардың дезинфекциялық  жұмыстарды орындау кезінде жеке басының және қоғамдық қаупсіздік ережесі мен еңбекті қорғау ережесінің сақталуын бақылайды. Барлық дезинфекциялау жұмыстарының орындалуына арналған құжаттамаларды жүргізеді.

Білуі тиіс:  дезинфекциялық  жұмыстардың тәртібі мен ережесін анықтайтын нормативтік және құқықтық құжаттарды; қолдануға рұқсат берілген дезинфекциялық, стерилді заттарды; оларды қолдану жөніндегі нұсқаулықтарды; дезинфекциялау жабдықтарын қолдану жағдайларын; жеке қорғаныс заттарын пайдалану және улану кезінде алғашқы көмек көрсету ережесін.

 

  • 62. Киім көрсетуші

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Техникалық,  көркемдік кеңестерде, көрсету залдарындағы сеанстарда, көрмелерде, ұйымдардағы көпшілік лекцияларында және басқа да көрсітілімдерде киім үлгілерін көрсету. Үлгілірді дайындау кезінде өндірістік өлшеп көру. Сүретші - салушыларға, сондай-ақ фото - кинотүсірулер үшін бір қалыпта тұру.

Білуі тиіс: киім үлгілерін сипатына қарай көрсету ережесін; костюмдер тарихы мен Қазақстан Республикасындағы және одан тыс жерлердегі сән  бағытын. 

 

  • 63. Киім көрсетуші

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Техникалық,  көркемдік кеңестерде, әдістемелік мәжілістерде, сән конгрестерінде, демонтрация залдарының сеанстарында, көрмелерде, мекемелердегі көпшілікке оқылатын лекцияларда және өзге де көрсетудің сценарийлік жоспарын өңдеу. Үлгі жасаушы сүретшілерге, сондай-ақ фото-кинотүсірулер үшін бір қалыпта тұру.

Білуі тиіс: сипатына қарай киім үлгілерін көрсету ережелерін білу; костюм тарихын және Қазақстан Республикасындағы одан тыс  жерлердегі сән бағытын білу.

 

  • 64. Газдық және сұйықтық бақылау бойынша дефектопист

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Бақыланатын бұйымдарды сынауға дайындау. Бұйымның және вакуумдық жүйелердің бетін ауамен үрлеу және үрлеп кептіру, вакуумдық шекқұбырлар мен вакуумдық жүйелердің шығатын келтек құбырларын спиртпен сүрту. Енетін сұйықтық пен абсорбциялайтын жабындарды жағу және жою. Бұйымды ультракүлгін сәулелерде қарау. Гелий және галогендік ағыс іздегіштері жұмыс режимдеріне қосу және шығару. Кварцты диффузиялық ағыс бойынша ағыс іздегіштерді гелийге реакцияға тексеру. Гелий баллондары мен редукторларды гелий жүйесіне қосу. Электр өлшеу және механикалық аспаптардың көмегімен газдың артық қысымы мен вакуумды өлшеу. Механикалық және буағыс вакуумдық сорғыларды пайдалану.

Білуге тиіс: вакуумды алу туралы негізгі мәліметтер; сынап- кварцты лампалардың, люминесцентті аспаптардың, сорғылардың, пластина – роторлық, пластина – статорлық, плунжерлік, бу ағысты және салқындатылытын қақпандардың жұмыс істеу қағидасы; вакумды өлшеу үшін бақылау- өлшеу аспаптарының белгіленуі және пайдалану шарттары;  бояу бүріккіштердің, гелий және галоген ағыс іздегіштердің құрылысы және жұмыс істеу қағидасы; ағыс іздегіштермен конструкциялардың герметикалығы, бақылау кезінде қолданылатын әдістер.

Жұмыс үлгілері

  1. Қарапайым конфигурациялы штампталған дайындамалар және құю, орау ультракүлгін сәулелермен бақылау.
  2. Артық қысым мен вакуумды өлшеуге құралы- манометрлердің, механикалы және электрондық вакуум өлшеуіштердің көрсеткіштерін  алу.
  3. Дәнекерленген түйіске қосылыстар - ультракүлгін сәулелермен бақылау.
  4. Ағыс іздегіш - құралды джмысқа дайындау және оны қосу.

 

  • 65. Газдық және сұйықтық бақылау бойынша дефектопист

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Сынауларға дайындау – артық қысымды пайдаланумен, гелий қуыс бұрғысының көмегімен үрлеу әдісімен бақылау сызбасын жинау және  жекелеген бөлшектерді  операцияаралық бақылау. Пайдалану ережесінің талаптарына және герметикалық бақылау нұсқаулығына сәйкес гелий және галогенді ағыс іздегіштерді пайдалану. Газ қысымдары мен вакуумды өлшеуге арналған бақылау - өлшеу аспаптарын таңдау. Бақыланатын бөлшектердің герметикалығын байқаулар бойынша қорытындылау. Стационарлық жағдайларда және объектілерде бұйымдарды люминесценттік және түрлі- түсті бақылау өткізу. Люминесцентті дефектоскопия құралдарымен жұмыс жасау. Нұсқаулыққа сәйкес енетін сұйықтықтарды және соратын жабындарды дайындау. Индикаторлық іздер бойынша ақауларды белгілеу. Ақаулардың шифрын ашу.

Білуге тиіс: вакуум алудың негізгі әдістері; шайқау процесінің негіздері; соғының әрекет ету жылдамдығы; құбылардың кедергісі мен өткізу қабілеті; газдардың ағу режимі; объектіні шайқауға арналған  жабдық пен аппаратураның құрылысы; айналу және буағыс сорғыларының құрылысы; вакуумды өлшеуге арналған бақылау- өлшеу аспаптарының құрылысы; электрлік, радиотехникалық және ағыс іздегіштердің вакуумдық жүйелерінің аса қарапайым ақаусыздықтары; ағыс іздегіштердің сезімталдылығын тексеру және реттеу тәсілдері; бақылау объектілерін сынау әдістері; бақылау әдістерінің мәнісі, артықшылығы мен кемшіліктері; люминесцентті аспаптардың құрылысы; сынапкварц лампалардың электрлік параметрлері; ультракүлгін сәулелердің және флюоресценцияның табиғаты; сұйықтықтың физикалық қасиеттері (дымқылданғыштық, тұтқырлық,  үстіртін созылу, капиллярлық құбылыстар), дефектоскопияның түсті әдісі үшін және люминесцентті дефектоскопия үшін бояйтын заттардың түрлері; бұйымдардың  бетіне пенетрант жағу және кетіру әдістері; ерітінділер дайындау кезінде аспаларды құрау үшін аналитикалық таразының пайдалану ережесі.

Жұмыс үлгілері

  1. Металлургия және энергетикалық жабдықтардың бөлшектері темір соғудан, домалату және механикалық өңдеуден кейін люминесцентті және түрлі- түсті әдістермен бақылау.
  2. Орта және күрделі конфигурациялы штампталған дайындамалар және құю, ораулар- люминесцентті және түрлі- түсті әдістермен бақылау.
  3. Газдың артық қысымын және вакуумды өлшеу құралы – термобу шамының жұмыс тоғын орнату, разрядтау деңгейін анықтауға арналған қисық термобу градусталған қисық шамдарды қолдану.
  4. Гелий жүйелері – манометрдің көрсеткіштері бойынша тығыздығы тексеру.
  5. Вакуумды жүйелер және сынау камералары – гелий тығыздығын тексеру.
  6. Бөлшектер мен объектілерде дәнекерленген бұрыштық қосылыстар- люминесцентті және түсті әдістермен бақылау.
  7. Құбырлы дәнекерленген жапсарлар - люминесцентті және түрлі- түсті әдістермен бақылау.

 

  • 66. Газдық және сұйықтық бақылау бойынша дефектопист

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Гелий және галогенді ағыс іздегіштерді пайдалану нұсқаулығына және  герметикалық бақылау нұсқаулығының талаптарына сәйкес құрастыру бірліктерінің, дәнекерлеу  қосылыстарының және иіртүтік жүйелердің герметикалығын бақылау.  Кварцты диффузиялық ағыс бойынша немесе таза ауа камерасының  көмегімен  ағыс іздегіштердің сезімталдылығын баптау. Радиоблоктардың жұмыс режимдерін реттеу. Төмен вакум мен газдың қысымын өлшеуге арналған  бақылау - өлшеу аспаптарын калибрлеу. Стационарлық жағдайларда және объектілерде бұйымдарға кешенді бақылау өткізу. Индикаторлық іздің ерекшелігі бойынша ақаудың сипатын анықтау. Бақылау жүйелі карталарын құрастыру. Бетінің күйіне және дәнекерлеу  қосылыстың конфигурациясына байланысты  бақылау әдісін - люминесцентті, түрлі - түсті, кешенді әдісті таңдау.  Дроссельді, вакуумдық ысырмаларды, сильфонды шұраларды жөндеуді қосқанда, люминесцентті аппаратурадағы ақаулықтарды жою. Вакуумдық сорғыларды қарау және техникалық қызмет көрсету.

Білуге тиіс: айналатын май буағыс сорғыларды орнату ережесі; масс -спектрометрлік ағыс іздегіштердің негізгі бөліктерінің құрылысы; электрлік бөліктің вакуумдық жүйелері, қуаттандыру және басқару блоктары; герметикалықты бақылау әдістері; сынаулар ережесі; вакуумды өлшеуге арналған ионизациялық және механикалық  аспаптардың жұмыс істеу қағидасы; бейорганикалық және органикалық химияның қарапайым негіздері; машина жасау сызудың негіздері; бақылау үшін қолданылатын  ерітінділер мен бояулардың белгіленуі мен қасиеттері; зертханалық жабдыққа қызмет көрсету ережесі. 

Жұмыс үлгілері

  1. Вакуумметрлер – термобу лампасын тексеру және градустау.
  2. Бу турбиналардың күрекшелері - люминесцентті және түрлі- түсті әдістермен бақылау.
  3. Ағыс іздегіштер – ең үлкен сезімталдылықты қамтамасыз ету мақсатымен радиоблоктардың жұмыс режимдерін тексеру және реттеу.

 

  • 67. Газдық және сұйықтық бақылау бойынша дефектопист

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Вибростенділерде, бусынау стенділерде, термошайқау стенділерде және т.б. сынауға дейін және кейін бұйымдардың  герметикалығын бақылау. Соңғы «бітейтін жапсарды» бақылау. Стенділік немесе «бітейтін жапсарда» сынауларға дейін және кейін бақылатаны бұйымдарда жалпы газдық тығыздықсыздықты тапқаннан кейін жергілікті ағыстарды іздеу. Диффузиялық, капиллярлық, ұсақ саңылаулы ағуларды және инелі аққыштарды калибрлеу.  Сынау стендісінде әр түрлі газдар бойынша вакуумдық сорғыларды сынау. Ағыс іздегіштердің барлық түрлерінде,  масс-спектрометрлік анализаторда олқылықтарды жою.

Білуге тиіс:  күйіне (қысымы, разрядталуы, температурасы) байланысты  газдардың аса маңызды қасиеттері; объектіні  шайқау жылдамдығы және сорғының жұмыс істеу жылдамдығы; газ ағыны; құбырлардың кедергісі мен өткізу қабілеті; вакуумдық техниканың негізгі теңдеулері; термобу  қақпандарының, компенсациялық, вакуумды өлшеуге арналған магнитті және электрразрядты аспаптардың құрылысы; гелий және  галогенді ағыс іздегіштердің тораптарының белгіленуі және құрылысы; төмен және жоғары жиілікті геренаторлардың, түзеткіштер мен тұрақтандырғыштардың ауыспалы және тұрақты тоғының күшейткіштерінің негізгі сызбалары; электрвакумдық және газразрядты аспаптардың түрлері мен қағидалары.

Арнайы орта білім қажет.

Жұмыс үлгілері

  1. Термобу, магнитті, электрзарядты вакуумметрлер, - баптау.
  2. Иіртүтікті конструкциялар – газдығыздықты емес жерлерін іздеу.
  3. Ағыс іздегіштер – диффузиялық ағуларын калибрлеу.

 

  • 68. Газдық және сұйықтық бақылау бойынша дефектопист

6-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Электрондық аппаратураны пайдаланумен жинақтау және жөндеу жағдайларында құрылымдардың герметикалығын бақылау. Техникалық құжатнама талаптарына сәйкес тораптарда және тұтас контсрукцияда аралоық ақау дерлерін анықтау мен жалпы герметикалығын тексеруге арналған аспапты және жабдықты бақылау тәсілін таңдау. Жинақтау конструкцияны бақылау нәтижелері бойынша соңғы қорытындылар беру. Сынаулар кезінде құрылымдарда табылған ақаулардың мөлшерін сандық талдау. Бақылау әдістемелерін әзірлеу бойынша тәжірибе жұмыстарын орындау. Алынған жұмыс нәтижелерін ресімдеу. Масс-спектрометрлік  анализаторлардың электрондық оптикасына юстировка жасау. Герметикалықты бақылау әдістерін метрологиялық қамтамасыз ету.

Білуге тиіс: газдардың молекулалық- кинетикалық теориясының элементері, «газ» және «бу» түсініктері, қаныққан газдардың қысымдары, негізгі газдық заңдар,  газдардың ағу режимдері; вакуумды алуға арналған  сорғылардың құрылысы және жұмыс істеу қағидасы; бақыланатын бұйымдардың  конструкциялық және технологиялық ерекшеліктері; сұйықтықтардың физикалық қасиеттері.

Арнайы орта білім қажет.

Жұмыс үлгілері

  1. Түтікті тақталар – аралық ақау жерлерін анықтау және ралық ақау мөлшерін бағалау.
  2. Бақылау объектісі – бақылау тәсілін және оның режимдерін таңдау.

 

  • 69. Магниттік және ультрадыбыстық бақылау бойынша дефектопист

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Қарапайым және орта конфигурациялы  бөлшектерді  магнитті әдіспен,  цилиндрлік және жалпақ  пішінді бұйымдарды ультрадыбыстық әдіспен бақылау, дайындамалар мен бөлшектерді  ультрадыбыстық бақылау.  Магнитті, электромагнитті және қарапайым ультрадыбыстық  дефектоскоптарды қосу және баптау. Металдың қалыңдығын өлшеу. Дефектоскоппен қарастырылған қалыңдықтар диапазонында бапталған аспаппен қабаттардың аймағының болуы мен аймақ мөлшерлерін анықтау. Анағұрлым жоғары білікті дефектоскопистің басшылығымен күрделі конфигурациялы  бөлшектерде ақауларды анықтау. Магниттік суспензияларды дайындау. Есеп журналын жүргізу.

Білуге тиіс: магнитті, электромагнитті және ультрадыбыстық  дефектоскоптардың, еңіс және тура түрлендіргіштердің жұмыс істеу қағидасы; дефектоскопты басқарудың негізгі органдарының белгіленуі; электротехника бойынша негізгі мәліметтер; магниттің суспензияның құрамына кіретін  компоненттердің  белгіленуі мен қасиеттері; магниттеу және магнитсіздендіру құбылыстары.

Жұмыс үлгілері

  1. Тегіс біліктер, осьтер, шпонкалар, крандардың бөлшектері – магнитұнтақтық бақылау.
  2. Фланецтердің дайындамалары және цилиндрлік болат - ультрадыбыстық бақылау.
  3. Еспелі бұрандалардың қалақтары – тамырлық қиманы бақылау.
  4. Табақтық болат – қалыңдығын өлшеу және қабатын анықтау.
  5. Түтіктер – ақау жерлерін белгілеумен және жазумен тоққұйын тәрізді аспамен бақылау.
  6. Тікұшақтың көтеретін бұрандасының тіреулері мен тығын шығыршықтары, соңғы біліктің түтіктері- магнитұнтақтық бақылау.

 

  • 70. Магниттік және ультрадыбыстық бақылау бойынша дефектопист

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Тікелей агрегаттарда оларды алусыз стационарлық және тасымалды дефектоскоптарда магниттік әдіспен күрделі конфигурациялы  бөлшектерді  бақылау. Дефектограммалар бойынша ақаулардың орналасқан жерін ашумен тоққұйын тәрізді аспаптармен цилиндрлық бұйымдарды бақылау. Үстіңгі ақаулардың шифрын ашу. Магнитографты әдіспен дәнекерлеу  қосылыстарының сапасын бақылау-  магнитті таспаға жазу. Дәнекерлеу жігінің сапасын анықтау. Люминесцентті, ультрадыбыстық және рентгендік талдау нәтижелері бойынша үлгілерді таңдау. Ферриттің саны бойынша аустениттік болаттардың магниттік өткізгіштігін анықтау. Көміртегі аз көміртегілі болаттардан домалатуды, құюды, орау мен дәнекерлеу  қосылыстарын ультрадыбыстық бақылау.  Орта күрделі ультрадыбыстық  дефектоскоптарды үлгілері бойынша қосу және баптау. Тереңдік өлшеуіштің көрсеткіштерінің дұрыстығын тексеру, дефектоскоптарды, түрлендіргіштерді тексеру. Бір қуыс бұрғылық сызба бойынша тура және көлбеу іздегіштермен жұмыс жасау. Ақаулардың координаталары мен созылушылығын анықтау. Бастиектердің және қосатын кабельдердің түрлендіргіштерін жөндеу.

Білуге тиіс: магниттік, электр-магниттіктер, магнитографиялық, ультракүлгін дефектоскоптардың және түрлендіргіштердің құрылысы;  ультрадыбыстық  дефектоскоптар мен түрлендіргіштерді тексеру мен баптауға арналған  станлартты және сынау үлгілері; бақылаудың ультрадыбыстық  әдісінің физикалық мәнісі; жаңғырық импульсті,  көлеңкелік, айна- көлеңкелік және резонансты; металдардың қалыңдығы мен қабатын анықтау әдістері; толқындардың негізгі үлгілері; ультрадыбыстық толқындарды қоздыру және акустикалық контактіні қамтамасыз ету тәсілдері; ақаулардың түрлері; дәнекерленген қосулардың үлгілері; бақыланатын бетке (кедір-бұдырлық параметрлері) қойылатын талаптар; электроника, метал танудың және дәнекерлеу  өндірістің негіздері; әр түрлі қалыңдықты көміртегі және аз көміртегілі болаттардан домалату, құю орау мен дәнекерлеу  қосылыстарын бақылау әдістері; магнитті және электромагнитті дефектоскопияның белгіленуі; магнитті, магнитографиялқ және тоқ құйын тәрңздң бақылау бойынша техникалық шарттар мен нұсқаулықтар; ірі бөлшектерді магниттеу тәсілдері.

Жұмыс үлгілері

  1. Жүк көтеретін механизмдердің бөлшектері- ультрадыбыстық бақылау
  2. Аустенитті класты болаттан бөлшектер – шынықтырудан кейін ферриттік фазаның мөлшерін аспаппен анықтау.
  3. Болат құятын шөміштер - ультрадыбыстық бақылау.
  4. Ұялы құрылымдар- тігудің жабыспау аймақтарын табу.
  5. Болат табақтар – дефектоскоптың көмегімен ақаулардың созылушылығы мен координаталарын анықтау.
  6. Турбина роторының және газтурбиналық қозғалтқыштардың компрессорының күрекшелері- жиектерін ультрадыбыстық бақылау.
  7. Бақылау үлгілер – дефектограмма дайындау.
  8. Салпыншақтар, сақтандыратын оқтамалар, жұқа тақтайшалар, траверстер, рычагтар, тарту күштер, крестовиналар, теңгершілдер, тіректер, шатундар, штоктар, автотіркеу құрылғысының бөлшектері – магнитұнтақтық бақылау.
  9. Тоқ құйын тәрізді бақылау кезінде жазу және таңбалау жүйесі – баптау және реттеу.
  10. Корпустық кемелік таврлық конструкциялардың дәнекерленген қосылыстары-   ультрадыбыстық бақылау.
  11. Пісірілген шығыршықтардың, фланецтердің, аралық штуцерлердің, түтіктермен ниппельдердің қосылыстары- магнитұнтақтық бақылау.
  12. Алынбайтын жеңіл қол жетімді ұшақтың тораптар мен бөлшектері- магнитұнтақтық бақылау.
  13. Аустенитті класты дәнекерленген болаттардың жіктері- ферриттік фазаны бөлу аспабымен тіркеу.

 

  • 71. Магниттік және ультрадыбыстық бақылау бойынша дефектопист

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Термоөңделген  бөлшектердің сапасын анықтау және оларды материал маркалары бойынша іріктеу. Ферриттік фазаның саны бойынша бұйымдарды ақауға шығару. Гальваникалық жабындардың қалыңдығын өлшеу. Магнитсіздендіру қисықтарын құру. Магнитті өтушілікті анықтау. Аз магнитті және магнитті бұйымдарды тоқ құйын тәріздң бақылау кезінде магниттеу режимін таңдау. Тұқ құйын тәрізді әдіспен бұйымдарды бақылаудың оңтайлы режимін таңдау. Қоспаланған болаттардан, қорытпалардан және дәнекерлеудің әр түрлі түрлерімен орындалған түрлі- түсті металдардан дәнекерлеу  қосылыстарының алуан түрлерін ультрадыбыстық бақылау. Стандартты және сынау үлгілері бойынша күрделі ультрадыбыстық тасымалды, зертханалық және стационарлық дефектоскоптардың жұмыс режимін баптау. Түзу және көлбеу түрлендіргіштерді тексеру. Дефектограммалардың шифрын  ашу. Ультрадыбыстық бақылау нәтижелері және  техникалық шарттар бойынша  дәнекерлеу  қосылыстарын құюдың, домалатудың,  ораулың сапасын анықтау. Ультрадыбыстық бақылау жүргізуге арналған  құрылғыларды, және көлбеу түрлендіргіштерді дайындау. Ультрадыбыстық дефектоскопиялық аппаратураны негізгі параметрлерге сәйкестікке тексеру Көлбеу түрлендіргіштерді енгізу бұрыштарын есептеу және тәжірибеде анықтау.  Дефектоскоптарды ағымдағы жөндеу.

Білуге тиіс: магнитті, электромагнитті және магнитографиялық дефектоскоптардың кинематикалық және электрлік сызбалары; гальваножабынды термоөңдеу негіздері; электромагнитті индукциялық дефектоскоптарды жөндеу ережесі; ферриттік фазаның магнит өткізушілігін анықтауға арналған  аспаптардың құрылысы; дефектоскоптардың кинематикалық және электрлік сызбалары; электроника негіздері; дәнекерлеу  түрлері мен тәсілдері; құюда, домалатуда, орау мен дәнекерлеу  қосылыстарында кездесетін ақаулардың түрлері;   екі ортаның шектерінде әр түрлі материалдарда  ультрадыбыстық  ауытқулардың сыну тораптарын есептеу; материалдарда ультрадыбыстық  ауытқулардың таралуының негізгі заңдылықтары; екі ортаның шектері арқылы ультрадыбыс өткен кезде болатын физикалық құбылыстар; негізгі бақылау параметрлері; негізгі сигналдарды құрылымнан ультрадыбыстың көрінісімен, бөлшектердің кескіндерінің өзгеруімен және басқа факторлармен туындаған жалғандардан ажырату тәсілдері.

Жұмыс үлгілері

  1. Домалатып жазу станоктардың білікшелері - ультрадыбыстық бақылау.
  2. Феррозондты сезгілер – сезімталдылықты анықтау.
  3. Тікұшақтардың ауа көтеретін және рольдік бұрандаларының бөлшектері - ультрадыбыстық бақылау.
  4. Құйылған болат бөлшектер - ультрадыбыстық бақылау.
  5. Болат бөлшектер - хромдық жабынның қалыңдығын анықтау.
  6. Домалатып жазу дайындамалар – сызаттарды анықтаудың магнитұнтақтық әдісі.
  7. Гистерезис қисығы – магниттеуді анықтау.
  8. Табақтық домалатып жазу - ультрадыбыстық бақылау.
  9. Жеңіл қорытпалардан кесектер- ультрадыбыстық бақылау.
  10. Өскіндердің, штуцерлердің және түтіктермен дәнекерлердің қосылыстары - магнитұнтақтық бақылау.
  11. 15 мм дейін қабырға қалыңдығымен дәнекерлеу қосылыстары- ультрадыбыстық бақылау.
  12. Шпангоуттардың пішіндерінің түйісулері - ультрадыбыстық бақылау.
  13. Иілу жерлерінде 4 мм дейін қабырға қалыңдығымен коррозияға берік болаттан түтіктер- қалыңдығын өлшеу.
  14. Гатурбиналық қозғалтқыштардың жұмыс форсункалары - магнитұнтақтық бақылау.

 

  • 72. Магниттік және ультрадыбыстық бақылау бойынша дефектопист

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Магнитті және электрмагнитті дефектоскоптардың барлық түрлерінде магнитті дефектоскопия жүргізу. Бұйымдардың материалдарының магнитті және электрлік параметрлерін өлшеу бойынша дәл өлшеу аспаптарымен және қондырғылармен жұмыс жасау. Дефектоскоптарды сынау және жөндеу. Феррозондты сезгілерді дайындау және олардың сезімталдылығын анықтау. Феррозондты сезгілермен аппаратурадан ақпараттың шифрын ашу. Ақаулардың мөлшерлері мен жату тереңдігін анықтау. Бөлшек немесе дәнекерлеу  жік бойынша магнит өткізушілікті бөлу картограммасын құру. Ірі кристалдық құрылыммен болаттардан, түрлі- түсті металдарды және бөлшектерді ультрадыбыстық бақылау. Стандартты және сынау үлгілері бойынша көрсеткіштерді қашықтан берумен автоматты ультрадыбыстық бақылау қондырғыларын және ерекше күрделі және дәл дефектоскоптардың режимін баптау. Сынау үлгілерін дайындау, нобайларды құрастыру. Тізімдемелер және ультрадыбыстық бақылау карталарын құру. Диаграммалар бойынша аспаптардың сезімталдылығын баптау: амплитуда, қашықтық, аттенюатордың көмегімен диаметр. Бөлек-  біріктірілген түрлендіргіштермен ультрадыбыстық бақылау жүргізу.

Білуге тиіс: магнитті  және электромагнитті  бақылау бойынша жұмыстардың барлық түрлері; материалдардың магнитті сипаттамаларын алу бойынша аспаптардың құрылысы, қалыңдық өлшеуіштердің түрлері; аспаптарды градустау тәсілдері; әр түрлі құрылыммен денелерде бойлау, көлденең және үстіртін ультрадыбыстық  ауытқулардың таралу заңдары; екі ортаның шектерінде әр түрлі материалдарда  ультрадыбыстық  ауытқулардың сыну тораптарын есептеу; материалдарда ультрадыбыстық  ауытқулардың таралуының негізгі заңдылықтары; күрделі және дәл ультрадыбыстық  дефектоскоптардың негізгі сызбалары мен конструкциялық ерекшеліктері, оларды реттеу және юстировка жасау тәсілдері; аспаптардың жұмысы кезінде ақаулықтардың туындау себептері және оларды жою тәсілдері; металл жүргізу және дәнекерлеу  негіздері.

Орта кәсіби білім қажет.

Жұмыс үлгілері

  1. Цилиндрлік бос денелі еспелі біліктер - ультрадыбыстық бақылау.
  2. Еспелі бұрандалар – дәнекерлеу жіктерін ультрадыбыстық бақылау.
  3. Мойынтіректердің сыналары және көпшіктері- ультрадыбыстық бақылау.
  4. Қазандық коллекторларының түптері - ультрадыбыстық бақылау.
  5. Домалатып жазылған квадратты дайындамалар - ультрадыбыстық бақылау.
  6. Еспелі бұрандалардың крекшелері- тамырлық қимада жату тереңдігін және ақау мөлшерлерін анықтау.
  7. Пластмассалар, резеңке - ультрадыбыстық бақылау.
  8. Әр түрлі пішінді және мөлшерді орамдар - ультрадыбыстық бақылау.
  9. 15 мм артық қабырға қалыңдығымен дәнекерлік қосылыстар - ультрадыбыстық бақылау.
  10. Иілу жерлерінде 4 мм артық қабырға қалыңдығымен коррозияға берік болаттан түтіктер- қалыңдығын өлшеу.
  11. Баллистикалық қондырғылар - калибрлеу.
  12. Цапфалар, осьтік шарнир корпусы, тікұшақтың көтеретін бұрандасының тығынының күрекшелерінің иінтірегі – магнитті бақылау.
  13. Доңғалақ жұптарының элементтері – магнитті және ультрадыбыстық бақылау.

 

  • 73. Магниттік және ультрадыбыстық бақылау бойынша дефектопист

6-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Әр түрлі әдістермен қатты ауытқулардың сөну коэффициентін, екі ортаның бөліну шекарасында ультрадыбыстың шағылысу және өту коэффициенттерін анықтау. Аспаптың сезімталдылығын баптау және үлгілерсіз ақаудың эквивалентті мөлшерлерін немесе стандартты және және сынау үлгілерін қысқартылған саны кезінде тексеру. Бақылау әдістемелерін әзірлеу кезінде сынақ жұмыстарын орындау және эксперименталды номограммаларды құру. Өндірістік жағдайларда кездесетін ультрадыбыстық бақылау бойынша барлық жұмыс түрлерін жүргізу. Ультрадыбыстық бақылау жүргізуге арналған құрылғыларды есептеу және дайындау. Өнеркәсіптік мамандандырылған аспаптармен ультрадыбыстық   ауытқулардың  таралу жылдамдығын өлшеу. Автоматты қондырғыларда алынған дефектограммалардың шифрын ашу. Автоматты қондырғылардағы ақаулықтарды жою. Аспаптарды жөндеу және баптау.

Білуге тиіс: автоматты қондырғылардың кинематикалық және электрлік  сызбалары; механика, телемеханика және метрология негіздері; номограммалар құру негізі ретінде акустикалық трактінің теңдеуі;  өшуді анықтау қағидалары және  ультрадыбыстың таралу жылдамдығы; бар ультрадыбыстық  дефектоскоптардың, қалыңдық өлшеуіштердің және ультрадыбыстық  ауытқулардың таралу және өшу жылдамдығын өлшеуге арналған  қондырғылардың түрлері; Лэмб толқындарының таралуының негізгі заңдылықтары және олардың көмегімен ультрадыбыстық бақылау тәсілдері.

Орта кәсіби білім қажет.

Жұмыс үлгілері

  1. Бұрандаманың дайындамалары - бұйымдарға ультрадыбыстық ауытқулардың  өшу жылдамдығын және табылған ақаулардың балама аудандарын анықтау.
  2. Дизельдердің буынды және тарататын біліктері; ауыр қозғалтқыштардың, редукторлардың, сорғылардың, компрессорлардың, роторлардың  зәкірлерінің біліктері; кардандық біліктер, дизель блоктары, корпустардың арттары және автотіркеу жұту аппараттарының   болттары, ауыр қамыттар, тісті доңғалақтардың тістер.
  3. Жеткізу күйінде жоғары қоспаланған болаттардың табақтары-алынған дефектограмманың шифрін ашумен ультрадыбыстық бақылау
  4. Күшеюімен бойлай тесік жіктерімен обечайкалар- қоратанда берумен ультрадыбыстық бақылаудың мүмкіндіктерін анықтау
  5. Қоспаланған болат үлгілері- ультрадыбыстық ауытқулардың өшу жылдамдығын өлшеу.

6.Арба рамасы, орталық брус, кардандық муфта, автотіркеу бөлшектері, рельсмайлаушы - магнитұнтақтық бақылау.

  1. Корпустық конструкциялардың дәнекерленген жіктері- ультрадыбыстық бақылау.
  2. Доңғалақ жұптарының элементтері, шығыршықты мойынтіректердің ішкі және сыртқы доңғалақтары- магнитті және ультрадыбыстық бақылау.

 

  • 74. Рентген-, гамма- графирлеу дефектописті

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Анағұрлым жоғары білікті дефектоскопистің басшылығымен бұйымдарға рентген сәулесін түсіру. Бұйымдарға рентген сәулесін түсіруге дайындау. Бақылаудың берілген параметрлері бойынша рентген сәулесін түсіру кезінде  учаскелерді белгілеу және маркалау. Рентген пленкасын шығару және бекіту.

Білуге тиіс: рентген қондырғыларының және гамма-дефектоскопияға арналған  аппаратураның жұмыс істеу қағидасы; сәуле түсіру түрлері мен көздері және олардың табиғаты; сәуленің заттар арқылы өтуі; рентген пленканың әр түрлі сорттарының қасиеттері және олардың сапасын тексеру тәсілдері; кассетелерды зарядтау тәсілдері.

Жұмыс үлгілері

  1. Пластиналардың үлгілері- дәнекерлеушілердің разрядына аттестациялау кезінде рентген сәулесін түсіру.
  2. Түйістіру қосылыстары- рентген сәулесін түсіру.
  3. Цилиндрлардың және конустық қабыршықтардың бойлай жіктері- рентген сәулесін түсіру.

 

  • 75. Рентген-, гамма- графирлеу дефектописті

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Қарапайым бұйымдарға рентген сәулесін түсіру. Анағұрлым жоғары білікті дефектоскописің басшылығымен жауапты құбырларға рентген сәулесін түсіру, қарапайым және орта күрделі бұйымдарды ионизационалық және сцинтилциялық бақылау. Сәулеге түсірудің қажетті көздерін таңдау және экспозицияны анықтау. Радиоктивті изотоптың активтілігін анықтау. Сапасые анықтау мақсатымен түсірілімдерді қарау. Рентгендік және гамаграфикалық апаратураны реттеу.

       Білуге тиіс: күшейтуші рентген қондырғылардың, гамма-графирлеуге, ионизациялық және сцинтилляциялық бақылауға арналған  аппаратураның

жұмыс істеу қағидасы;  электротехниканың және металл жүргізудің негіздері; металдарды дәнекерлеудің алуан түрлері және құю технологиясы; дәнекерлеу  қосылыстарының түрлері және оларды дәнекерлеу технологиясы; дәнекерлеу жіктерінің сапасына ақаулардың тигізетін әсері; дәнекерлеу  жіктеріне қойылатын талаптар; олардан сәуле өткен кезде материалдардың әлсіретететін қасиеттері; рентген гамма-графирлеу үшін қолданылатын металдардың қасиеттерімен сипаттамалары; сәуле көздерін

Жұмыс үлгілері

  1. құйалғын бұйымдар - рентген сәулесін түсіру.
  2. Тавырлы және жолақбулбалық қосылыстар - рентген сәулесін түсіру.
  3. Дәнекерленген құбырлар - рентген сәулесін түсіру.
  4. Тік ұшықтың көтеретін бұрандасының құбырлары, тығындары- рентген сәулесін түсіру.
  5. Баллондардың және цилиндрлардың доңғалақ жіктері - рентген сәулесін түсіру.

 

  • 76. Рентген-, гамма- графирлеу дефектописті

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Орта күрделі бұйымдарға рентген сәулесін түсіру. Күрделі бұйымдарды ионизациялық және сцинтилляциялық бақылау. Күшейтетін техниканың және гамма-қондырғылардың көмегімен   бұйымдарға рентген сәулесін түсіру. Жауапты құбырларға рентген сәулесін түсіру. Ксерографиялық құрылғыларда жұмыс істеу. Рентген және радиографиялық аппаратураны ағымдағы жөндеу және реттеу. Сәуле көздерін зарядтау және қайта зарядтау. Рентгенограммалардың шифрін ашу.

Білуге тиіс: ионизациялық және сцинтилляциялық бақылауға араналған  рентген және радиографиялық аппаратураның электрлік сызбалары;  рентген сәулесін түсіру затымен үлкен энергиялы сәулеге түсірудің өзара әрекеттестігі; ксерография негіздері; сәулеге түсірудің дозаларын көздерден қашықтықтарды және көздерден ьерілген қашықтықтырда болу уақытын есептеу; іртүрлі күшейткіштердің құрылысы туралы негізгі мәліметтер.

Жұмыс үлгілері

  1. Цилиндрлік және домалақ беттердегі дәнекерлер- рентген сәулесін түсіру Вварыши
  2. Авиақозғалтқыштардың отын коллекторы - рентгенограммаларға рентген сәулесін түсіру және шифрін ашу.
  3. Жұмыс контейнерлер – изотоптармен зарядтау.
  4. Металлургиялық цехтерге арналған металл және шихта - рентген сәулесін түсіру.

 

  • 77. Рентген-, гамма- графирлеу дефектописті

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Сәулеге түсірудің стационарлық және жылжымалы көздерінің көмегімен күрделі конфигурациялы бұйымдарға рентген сәулесін түсіру. Рентген гамма-дефектоскопия, ионизациялық және сцинтилляциялық бақылау үшін қолданылатын  аппаратураны жөндеу. Техникалық шарттарға сәйкес тексерілетін үлгілердің, бөлшектердің және түйіндердің жарамдылығын бағалау және қорытындылау беру.   Құрылғылардың эскиздерін және бақылау жабдықтарын әзірлеу. Рентген теледидарлық қондырғыларда жұмыс істеу.

Білуге тиіс: рентген сәулесін түсіруді бақылау үшін қолданылатын  бүкіл аппаратураның сызбалары  және жұмысы; сәулеге түсірудің алуан түрлерін алу және олардың рентген сәулесін түсіретін затпен өзара әрекеттесу қағсдалары; сәулеге тусуден қорғауды есептеу; кәсіпорында қолданылатын  радиактивті көздерді алу және сақтау тәртібі.

Жұмыс үлгілері

  1. Автоматика агрегаттары және газотурбинналық қозғалтқыштардың форсункалары- рентгенограммаларға рентген сәулесін түсіру және шифрін ашу.
  2. Винты гребные - рентгенограммаларға рентген сәулесін түсіру және шифрін ашу.
  3. Шахталардың және домна пештерінің ауа жылытқыштары - дәнекерлеу жіктеріне рентген сәулесін түсіру.
  4. Шасси тіреулері амортизациялық - рентгенограммаларға рентген сәулесін түсіру және шифрін ашу.
  5. Автомат тарелкесі тік ұшақ қисығы - рентген сәулесін түсіру және шифрін ашу.
  6. Құбырлар және газ құбырлары– дәнекерлеу жіктеріне рентген сәулесін түсіру.

 

  • 78. Рентген-, гамма- графирлеу дефектописті

6-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Сәулеге түсірудің стационарлық және жылжымалы көздерінің көмегімен аса күрделі конфигурациялы бұйымдарға рентген сәулесін түсіру. Рентген пленкаларынің шифрын ашу. Түсетін бөлшектерге рентген сәулесін түсіру режимдерін анықтау бойынша тәжірибе жұмыстарын жүргізу. Алынған нәтижелерді өңдеу және ресімдеу. Қорытындылар беру және есептер құру. Технологиялық құжаттама азірлеу. Рентген гамма-дефектоскопия, ионизациялық және сцинтилляциялық бақылау үшін қолданылатын  аппаратураның ақаулық сипатын анықтау және жөндеу. Күшейткіштерде қосу жөндеу жұмыстары.

Білуге тиіс: электротехника негіздері; сәулеге түсудің әртүрлі түрлерін алу және заттармен өзара рекеттесу теориясымен қағидасы; рентген  гамма-графирлеу үшін қолданылатын жабдықтың құрылысы;  металлургиялық, технологиялық, эксплуатациялық тегінен шыққан және дәнекерлеу  жіктерінің ақау түрлері; металл ақауларының мүмкін нормалары; ионизациялық және сцинтилляциялық бақылауға арналған  аппаратураны және әртүрлі есептеуіштерді таңдау қағидасы.

Арнайы орта білім қажет.

Жұмыс үлгілері

  1. Турбина картері және авиақозғалтқыштың редукторы – рентгенограммаларға рентген сәулесін түсіру және шифрін ашу.
  2. Лонжерондар, фюзеляждың орталық планмен түйістіру буындары, ұшақтардың қозғалтқыштарын ілу бұрыштары - рентген, гамма-графир.

 

  • 79. Дозиметрист

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Арнай киімнің арнайы аяқкиімнің жеке қорғану құралдарының, көлік құралдарының және т.б. әртүрлі беттерін альфа- бета- және гамма-активті заттарымен ластануларын дозиметриялық радиометриялық өлшеулер. Сәйкес  дозиметриялық радиометриялық аспаптардың көмегімен иондаушы сәулелердің дозалар мен қуатын анықтау. Сартқа ортаның сынамаларын алу, жеке дозиметриалық бақылау жүзеге асыру. Сәйкес бастапқы құжаттаманы жүргізу.

Білуге тиіс:  иондаушы сәулелердің негізгі қасиеттері және оларды тіркеу әдістері; иондаушы сәулелердің  биологиялық әсері; қолданылатын  дозиметриялық  және радиометриялық аспаптардың жұмыс істеу қағидасы;   радиоактивті  заттармен жіәне иондаушы сәулелердің көздерімен санитарлық жұмыс ережелері; радиометриялық және дозиметриялық өлшеулердің   және сыртқы ортаның сынамаларын алу тәсілдері.

 

  • 80. Дозиметрист

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Бақылау көздерінің көмегімен  дозиметриялық  және радиометриялық аспаптардың сезімталдылығын анықтау. Жұмыс орындарында радиациялық қауіпсіздік күйін бақылау. Дозиметриялық  және радиометриялық өлшеулердің және  дозиметриялық  бақылаудың нәтижелерін алғашқы өңдеу.

Білуге тиіс: атомның құрылысы туралы,  радиоактивті лігі туралы қарапайым мәліметтер, иондаушы сәулелердің негізгі қасиеттері және  оларды тіркеу әдістері; иондаушы сәулелердің жұқтыратын әсерінен қорғану тәсілдері мен құралдары; орта күрделі дозиметриялық  және радиометриялық аспаптардың  құрылысы және олардың сезімталдылығын бақылау әдістері; орта күрделі дозиметриялық  және радиометриялық өлшеулердің  әдістері; сыртқы орта сынамаларын алу, дайындау және өлшеу тәсілдері; территорияны   радиометриялық түсіру әдістемесі.

 

  • 81. Дозиметрист

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Әр түрлі аппаратураның  көмегімен  жекелеген түрлері бойынша  дозиметриялық  және радиометриялық аспаптарды өлшеулер. Едәуір жауапты жұмыстарды жасау кезінде дозиметриялық   бақылау. Иондаушы сәулелендіруден жұмыс орындарын қорғаудың сақталун бақылау.Территорияны   радиометриялық түсіру дәне жолдарды автогамма- түсіру. Дозиметриялық  және радиометриялық өлшеулердің  және жеке дозиметриялық  бақылаудың нәтижелерін өңдеу. Графиктер диаграммалар, карталар, кестелер ресімдеу..

Білуге тиіс: ядролық физика туралы негізгі мәліметтер;  радиоактивті ліктің негізгі заңдары; иондаушы сәулелердің  қасиеттері және оларды тіркеу әдістері; күрделі дозиметриялық  және радиометриялық аспаптардың құрылысы және олардың сезімталдылығын бақылау әдістері; дозиметриялық  және радиометриялық өлшеулердің әдістері; сынамалар алу әдістері, оларды дайындау және өлшеу.

 

  • 82. Дозиметрист

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Әр түрлі аппаратураның  көмегімен  иондаушы  сәулелердің барлық түрлері бойынша әр түрлі күрделілікті дозиметриялық  және радиометриялық өлшеулер. Биологиялық қорғаныш тиімділігін зерттеу мен өлшеу бойынша жұмыстар жүргізу. Барлық неғұрлым радиациялық- қауіпті жұмыстарды тікелей бақылау. Дозиметриялық  және радиометриялық аппаратураның   жұмысын бақылау және пайдалану барысында оны ақауға шығару.  Дозиметриялық  және радиометриялық өлшеулердің нәтижелерін статистикалық өңдеу. Жиынтық құжаттама құру. Дозиметриялық  бақылау бойынша есептер құруға қатысу. Дозиметриялық  және радиометрического бақылаудың жаңа техникасын меңгеруге қатысу.

Білуге тиіс: ядролық физика негіздері;  радиоактивті лік заңдары; иондаушы сәулелердің  қасиеттері және оларды тіркеу әдістері; барлық түрлі иондаушы сәулелерден қорғауды есептеу;  кез келген күрделіліктегі ерекше күрделі дозиметриялық  және радиометриялық аспаптардың   құрылысы; оларды градустау,  эталондау, олардың  сезімталдылығын бақылау әдістемесі; өлшеулерді түсіндіру әдістері.

Арнайы орта білім қажет.

 

  • 83. Азық пен шикізат дайындаушы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Халықтан ауылшаруашылық және өзге де азық пен шикізат сатып алу. Пайдаланылған шикізатты жинауды және оны азық дайындау орындарына тапсыруды ұйымдастыру. Табиғатта өсетін емдік шөп шиказатын жинау және тапсыру. Мал бордақылайтын шаруашылақтарға азық – түлік қалдықтарын жинау және тапсыру. Дайындалатын азық пен шикізаттың маңыздылығы туралы түсіндіру жұмысын жүргізу. Белгіленген тәртіппен қабылдау түбіртектерін немесе ведомостілерді рәсімдеу.

 Білуі тиіс: азық- түлік пен шикізат сатып алу  ережелерін; азық- түлік пен шикізаттың сапалылығы белгілерін; пайдаланылған шикізатты жинау мен оны мекемелерге тапсыру тәртібін; табиғатта өсетін емдік шөп шикізатты және  азық-түлік қалдықтарын жинау мен тапсырудың ережелерін, тәртібін.

 

  • 84. Суарғыш-жуғыш машиналарды толтырушы

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Суарғыш-жуғыш машиналардың цистерналарына су толтыру. Тығынды краны бар суарма құбырды  суарғыш – жуғыш машинаның цистернасына, өрт колонкасына (стендерге) және су құбыры құдығының қақпағын ашу және жабу. Суарма құбырды, стенділерді және гидрантты дұрыс күйде ұстау. Суарма құбырдың, стенділердің және өртке қарсы гидранттың ұсақ ақауларын жөндей білу.

Білуі тиіс: гидранттардың, стенділердің құрылымы және олардағы ұсақ кемшіліктерді жою ережелерін.

 

  • 85. Өрт сөндіргіштерді зарядтаушы

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Көбікті, ұнтақталған, көмір қышқыл және фреондық ұшатық  өрт сөндіргіштерді тексеру, жөндеу, зарядтау және қайтадан зарядтау бойынша дайындау жұмыстарын орындау. Өрт сөндіргіштерді қабылдау, алғашқы байқау, бәсеңдету, баллондарды тазалау және шаю, оларды бояу және байқауға дайындау. Зарядтармен  колбаларды және қораптардың орауын ашу, оларды ораған  материалдардан тазалау. Өрт сөндіргіштерді зарядтауға арналған ерітінділерді даярлау. Анағұрлым жоғары білікті өрт сөндіргіштерді зарядтаушының басшылығымен корпустарды гидравликалық  сынау, өрт сөндіргіштерді зарядтау және ақауға шығару, баллондарды, арматураны және сақтандыру құрылғыларын жөндеу.

Білуге тиіс: әр түрлі көбікті, ұнтақталған, көмір қышқыл және фреондық ұшатық  өрт сөндіргіштердің жұмыс істеу қағидасы; өрт сөндіргіштерді сынау және зарядтау кезінде құралдың және бақылау- өлшеу аспаптарының белгіленуі және пайдалану шарттары; химиялық зарядтардың қасиеттері,  оларды сақтау және тасымалдау ережесі; өрт сөндіргіштерді зарядтау және разрядтау, корпустары мен арматураны бояу және жөндеу тәсілдері.

 

  • 86. Өрт сөндіргіштерді зарядтаушы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Көбікті, ұнтақталған, көмір қышқыл және фреондық ұшатық  өрт сөндіргіштерді тексеру, жөндеу, зарядтау және қайтадан зарядтау.  Зарядтың сапасын, арматура мен арматура мен  сақтандыру құрылғыларының ақаусыздығын тексеру. Корпустарды, баллондарды, арматураны және сақтандыру құрылғыларын гидравликалық  сынау, ақау өрт сөндіргіштерді ақауға шығару. Зраядталған өрт сөндіргіштердің есебін жүргізу және белгіленген техникалық құжаттаманы ресімдеу. Өрт сөндіргіштерді  зрятау және баллондарды сынау кезінде зарядты станцияның, компрессорлардың жабдығына,  сорғыларға және аспаптарғ қызмет көрсету. Қызмет көрсететін жабдықты ағымдағы жөндеу және жөндеудің едәуір күрделі түрлеріне қатысу.

Білуге тиіс: әр түрлі көбікті, ұнтақталған, көмір қышқыл және фреондық ұшатық  өрт сөндіргіштердің құрылысы;   өрт сөндіргіштердің зарядтарына кіретін компоненттердің  химиялық құрамы мен қасиеттері; баллондардың, шұралардың копустарын және сақтандыру құрылғыларын тексеру және сынау тәртібі; өрт сөндіргіштерді тасымалдау жағдайлары; зарядтық станциялардың түрлері; өрт сөндіргіштерді зарядтау кезінде қолданылатын  аппараттар мен аспаптардың жұмыс істеу қағидасы; зарядталған өрт сөндіргіштерге техникалық құжаттама ресімдеу тәртібі.

 

  • 87. Газтұтқыш қораптарын зарядтаушы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Газтұтқырлардың газға қарсы қораптарын зарядтау және қайта зарядтау. Сору қабілетіне, герметикалық пен кедергіге қорапты бақылау- өлшеу аспаптарының көмегімен  сынау. Ауаны үрлеумен газтұтқырлардың газға қарсы қораптарын регенерациялау.

Білуге тиіс: газға қарсы қораптардың маркалары, олардың белгіленуі; әрбір марка үшін сорғыштардың құрамы және сорғыштардың қасиеттері;  газға қарсы қораптардың соғу құрамдарын, сондай-ақ  адсорбенттер мен олардың орнын басушыларды  зарядтау, қайта зарядтау және регенерациялау ережесі.

 

  • 88. Суыту аппараттарын зарядтаушы

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Қанықтыру резервуарларының натрий хроматының сулы ерітіндісімен құю. Вакуум-сорғылардың, қанықтыру резервуарлардның, су аммиак ерітіндісін суыту қондырғыларының,зарядтенген құбырларменжұмысын қадғалау. Сутегі және аммиактық баллондарды ауыстыру. Заряд станциасының аппараттарының жұмысы туралы жазулар жүргізу. Суыту аппараттарын зарядтау үшін жақындату. Заряд станциясының аппаратурасын ағымдағы жөндеуге қатысу.        

   Білуге тиіс: зарядтау станциясының жабдығының жұмыс істеу қағидасы; суыту қондырғыларының, вакуум-сорғылардың, зарядтау стенділерінің; қанықтыру резервуарларын натри хроматының су ерітіндісімен құю және сутегі мен аммиак баллондарын ауыстыру тәсілдері.

 

  • 89. Суыту аппараттарын зарядтаушы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Суыту аппаратының су аммиактық ерітіндімен, сутегімен зарядтау және олардытолтыру сапасые тексеру. Қанықтыру резервуарларында су аммиактық ерітіндіні дайындау. Қанықтыру резервуарларында қысымды реттеу және ерітіндіні қанықтыру үшін суытатын суды беруді реттеу. Зарядтауға суыту апараттарын дайындау (вакумм, сутегімен үрлеу,екінші рет вакумдау). Зарядты штуцердігерметикалыққатексеру. Зарядты станцияны  ағымдағы жөндеу және  жөндеуден кейін сынау.

Білуге тиіс: Зарядтау станциясының негізгі бөліктерінің құрылысы және белгіленуі зарядтау стенділерінің, суыту қондырғыларының, вакуум-сорғылардың, коллекторлардың, реттеу аспаптардың  құбырлардың және арматураның; тұрмыстық тоңазытқыштардың суыту аппараттарының құрылысы; ерітіндіні қанықтыру үшін суыту суын беруді реттеу ережесі; зарядтау кезінде суыту аппараттарын ұстай біілу ережесі; су аммиактық ерітіндіні дайындау тәсілдері; аммиакты, сутегіні және ерітінділерді орындалатын жұмыс шегінде физмкалық химиялық қасиеттері.

 

  • 90. Суыту аппараттарын зарядтаушы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Су аммиактық ерітіндіні араластыруүшін қанықтыру резервуарларына сутегіні беруді реттеу. Талдауға сынабалар алу. Аммиактың жоғары консентрциясы кезінде ерітіндіні қосу немесеталдау деректері бойынша ерітіндінің коннцентрациясы жетпеген кезде аммиак қосу

Білуге тиіс: Зарядтау станциясы жабдығының құрылысы: зарядтау стендерлердің, суыту қондырғыларының, вакуум-сорғылардың, коллекторлардың, реттеу аспаптарына, құбырлардың және арматураның; қызмет көрсетілетін бақылау- өлшеу аспаптарының құрылысы; талдауға су аммиактық ерітіндінің сынамаларыналу алу ережесі және реттілігі;қалақтыру резервуарларында сі аммиактық ерітіндіні қосу кезінде сутегі мен аммиакты беруді реттеу ережесі.

 

  • 91. Трафареттер, шкалалар мен платалар даярлаушы

1-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Престерде және реттелген станоктарда әр-түрлі аспаптарға және бұйымдарға арналған шкалалар дайындау. Фотобасу әдісімен шкалалармен қалқамдар дайындау. Анағұрлым жоғары білікті дайындаушының басшылығымен трафаретті пайдаланумен платаға немесе станокта сызбалар түсіру. Платалар мен шкалаларды немесе басқа суреттерді басуға дайындау. Торды рамаға пішу, керу және оны бекіту. Торларды майсыздандыру және кептіру. Кейіннен кептірумен және өңдеуменқағаз шкалаларынплаталарға жабыстыру. Трофарет бойынша немесе басылған контурмен шкаланың секторларын лакпен немесе тушпенбояу. Анағұрлым жоғары білікті дайындаушының басшылығымен берілген рецептура бойынша фото басуға арналған арнайы ерітінділерді құру. Сурет шаблондарды дайындау. Сырттай қараумен дайындалған шкалалардың сапасын тексеру.

Білуге тиіс: Клишеге және пуансонға басу бояуын жағу ережесі; қолданылатын  желімдердің, бояулар мен лактардың белгіленуі және қасиеттері; сурет басу үшін ерітінділерді құрастыру ережесі және оларды пайдалану; шкалалармен платаларды сызбаларды басуға дайындау тәсілдері.

 

  • 92. Трафареттер, шкалалар мен платалар даярлаушы

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Өз бетімен реттеумен сызу, сызу-бөлу немесе жазу станоктарында әр түрлі аспаптармен бұйымдарға арналған шкалалар дайындау, сондай-ақ қолмен бояумен немесе тушпен   шкалаларға белгілер, әріптер, сандар және басқа белгілеулер жағу. Сызуға сәйкес фотобасу және өңдеу әдісімен аспаптар мен бұйымдарға арналған шкалалар кестелермен қалқандар дайындау. Қажетті компоненттерді таңдау және берілген рецептура бойынша фотобасуға арналған ерітінділер құрастыру. Трафаретті іс пайдаланумен қолмен немесе станокта платаларға сызбалар түсіру. Басу платаларының шкалаларына айналған дайындамаларға путурезистер және жарық сезімтал эмулсия жағу. Жарық сезімтал қабатты экспонирлеу дайындау, бекіту және қайталау. Пленка негативтерін дайындау. Металды гольбаникалық өсіруге платаларды жинақтау. Сеткаларды дайындау және суреттің көшірмелерін торға көшіру. Айна шкалаларымен әртүрлі платалаларына қағаз платаларды жабыстыру. Айна қоюмен шкаланың фасондық терезесін ашу. Басылған шкалалармен платаларды ретуштау.  

Білуге тиіс:  қызмет көрсететін жабдықтың жұмыс істеу қағидасы; жарық сезімтал эмульсиялардың және басуға арналған бұйымдардың биссектурасы және дайындау тәсілдері; қолданылатын  бояулар мен лактардың қасиеттері; бояулар мен лактарды жағу тәсілдері; негативтердің белгіленуі және оларды дайындау ережесі; шкалаларға, платаларға, кестелер мен қалқаншаларға қойылатын талаптар; қолданылатын материалдарды сақтау шарттары.

 

  • 93. Трафареттер, шкалалар мен платалар даярлаушы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Сызу және арнайы шкалалық машиналарда әр түрлі аспаптар мен бұйымдарға арналған  шкалалар  дайындау. Рилевтік суретімен фото хим граверлеуәдісімен кестелерді, талқандарды, сызбаларды, пластиналарды және пенельдерді дайындау. Жалпақ көшіру станоктарында, жартылай  автоматтарда және автоматтарда шкалаларды, платаларды сызбаларды және он панельдерді басу. Электрониктерді түзету. Торлы трафореттерді дайындау. Платалардың дайындамаларын химиялық және голваниялық мыстау. Гальваникалық өңдеуден кейін платаларды өңдеу. Фотобасуларды белтуштау. Екі жақтық басу сызбаларын көшіру. Әр түрлі аспаптардың шкалаларына белгілеуді, әртүрлі сандармен суреттерді жабыстыру. Фото өңдеу әдісімен санблаттарды басу үшін матрицаларды дайындау. Қызмет көрсететін жабдықты жөндеу.

Білуге тиіс:  қызмет көрсететін жабдықтың құрылысы және жөндеу тәсілдері; орындалатын жұмыс шегінде химиямен электротехникада  негізгі мәліметтер; металды голбаникалық тұндыру және өңдеу процесі; суретхим гравирлеу тәсілдері; өңдеу ерітінділерінің құрамы және дайындау тәсілдері.

 

  • 94. Трафареттер, шкалалар мен платалар даярлаушы

4-разряд

Дата публикации
13 января 2020