«Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 5 мамырдағы № 319 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы « » Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі бұйрығының жобасына пресс-релиз
«Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы
№ 319 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі бұйрығының жобасы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39 / НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 17 қазандағы № 390/НҚ бұйрығына сәйкес «Көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы тағайындау» мемлекеттік қызметтер стандартын бекіту мақсатында әзірленді.
2020 жылғы 28 қазанда бұйрық жобасы Әлеуметтік-еңбек саласындағы мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңесіне жолданды.
2020 жылғы 28 қазанда бұйрық жобасы жария талқылау үшін ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылған.
Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерімен және Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен келісу талап етілмейді.