«Кәсіптік біліктілікті тануға арналған біржолғы ваучерлерді беру, қаржыландыру және Қазақстан Республикасының өңірлері арасында бөлу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 8 қыркүйектегі № 380 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Кәсіптік біліктілікті тануға арналған біржолғы ваучерлерді беру, қаржыландыру және Қазақстан Республикасының өңірлері арасында бөлу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 8 қыркүйектегі № 380 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33404 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген кәсіптік біліктілікті тануға арналған біржолғы ваучерлерді беру, қаржыландыру және Қазақстан Республикасының өңірлері арасында бөлу қағидаларында:
2-тармақтың 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«12) үміткер – жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамды қоспағанда, еңбек мобильділігі орталығында (мансап орталығы) жұмыссыз ретінде тіркелген және біржолғы ваучер алуға үміткер адам.»;
3-тармақтың екінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
«Біржолғы ваучерді алу үшін үміткер ағымдағы жылғы 15 қарашаға дейін ҰБЖ цифрлық платформасындағы жеке кабинетінде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша біржолғы ваучер алуға электрондық цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған біржолғы ваучер алуға өтініш береді және Қазақстан Республикасы Еңбек кодексі 35-бабының 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес білімі туралы және еңбек қызметін растайтын құжаттардың электрондық көшірмелерін өтінішке қоса береді. Құжаттардың электрондық көшірмелері білім деңгейіне және еңбек өтілінің болуына қойылатын талаптар тиісті кәсіптік стандарттарда, ал олар болмаған кезде – біліктілік талаптарында белгіленген жағдайда ұсынылады.»;
10-тармақтың екінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
«Біржолғы ваучердің қолданылу мерзімі оны берген күннен кейін күнтізбелік отыз күнді құрайды.»;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Біржолғы ваучердің қолданылу мерзімі еңбекке уақытша жарамсыздық парағында көрсетілген біржолғы ваучерді алушының еңбекке уақытша жарамсыздық кезеңіне ұзартылады. Еңбекке уақытша жарамсыздық кезеңіне біржолғы ваучердің қолданылу мерзімін бір реттен артық ұзартуға жол берілмейді.»;
16 және 17-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Емтихан комиссиясы Заңның 15-бабының 3-тармағына сәйкес бекітілген кәсіптік біліктілікті тану қағидаларында айқындалған тәртіппен кәсіптік біліктілікті тану рәсімінен өту нәтижелері туралы шешім хаттамаға қол қойған күннен кейін үш жұмыс күні ішінде тану орталығы ҰБЖ цифрлық платформасында жеке кабинетте қалыптастырылған Еңбек мобильділігі орталығына және ЭЦҚ қойылған көрсетілген қызметтердің актісін нысан бойынша жібереді осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес, және көрсетілген қызметтер актісіне емтихан комиссиясы шешімінің хаттамасын бекітеді.
Еңбек мобильділігі орталығы көрсетілген қызметтер актісін алған күннен кейін үш жұмыс күні ішінде қарайды.
Негіздер туындаған жағдайда, Еңбек мобильділігі орталығы актіні қайтару себебін көрсете отырып, кәсіптік біліктілікті тану орталығына қайта өңдеуге жолдайды.
Кәсіптік біліктілікті тану орталығы актіні қайтарған күннен кейін үш жұмыс күні ішінде қажетті түзетулер енгізіп, актіні Еңбек мобильділігі орталығына қайта қарауға жолдайды.
17. Еңбек мобильділігі орталығы көрсетілген қызметтер актісін қабылдаған күннен кейін бес жұмыс күні ішінде ақшалай қаражатты:
осы Қағидалардың 14-тармағының 1) тармақшасына сәйкес тану орталығына;
осы Қағидалардың 14-тармағының 2) тармақшасына сәйкес біржолғы ваучер алушыға аударады.»;
көрсетілген қағидаларға 2-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында ресми жариялауды және орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр С. Жақыпова
Бұйрыққа қосымша
Кәсіптік біліктілікті тануға
арналған біржолғы ваучерлерді
беру, қаржыландыру және
Қазақстан Республикасының
өңірлері арасында бөлу
қағидаларына
2-қосымша
Электрондық құжат нысаны
ЖСН/БСН
Тапсырыс беруші (Еңбек мобильділігі
орталығы)
_________________________________ ___________
(байланыс құралдары туралы толық атауы, ___________
мекенжайы, деректері)
Орындаушы (Кәсіптік біліктілікті
тану орталығы) ___________
_________________________________ ___________
(байланыс құралдары туралы толық атауы,
мекенжайы, деректері)
|
Құжат нөмірі |
Жасалған күні |
|
|
|
КӨРСЕТІЛГЕН ҚЫЗМЕТ АКТІСІ*
|
Реті бойынша нөмір |
Көрсетілетін қызметтердің атауы (олар болған кезде техникалық ерекшелікке, тапсырмаға көрсетілетін қызметтерді орындау кестесіне сәйкес олардың кіші түрлері бөлінісінде) |
Қызметтер көрсету күні** |
Өлшем бірлігі |
Ққызметтер көрсетілді |
||
|
саны |
бірлік бағасы |
құны |
||||
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Барлығы |
|
х |
|
Қосымша: Кәсіптік біліктілікті тану орталығы тағайындаған кәсіптік біліктілікті тану рәсімін өткізу күніне сәйкес кәсіптік біліктілікті тану рәсімінен өткен адамдардың тізбесі.
Тапсырды (Орындаушы)
_________________/_____________/__________________________
лауазымы қолы толық жазылуы қолтаңбалар
Басып шығару орны
Қабылдады (Тапсырыс беруші)
_________________/______________/__________________________
лауазымы қолы толық жазылуы қолтаңбалар
Көрсетілетін қызметтерге қол қойылған
(қабылданған) күні
_______________________
Басып шығару орны
Ескерту:
* Құрылыс-монтаж жұмыстарын қоспағанда, көрсетілген қызметтерді қабылдау-беру үшін қолданылады.
** Егер көрсетілген қызметтердің күндері әртүрлі кезеңдерге келетін болса, сондай-ақ қызметтер көрсету күндері мен қызметтерге қол қою (қабылдау) күндері әртүрлі болған жағдайда толтырылады.