«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына баспасөз релизі

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына  баспасөз релизі

 Қаулы жобасы нормативтік құқықтық актілердің сілтеме нормаларын Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 319 және 341-баптарына (міндетті зейнетақы жарналары мен жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын есептеу бөлігінде) сәйкес келтіру мақсатында әзірленді.
ҚР Салық кодексінің кейбір нормалары 2017 жылғы редакцияда 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізілгенін ескере отырып, салық заңнамасының сілтеме нормаларын сәйкестендіру қажеттілігі туындады.

Бұдан басқа, жобада Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы төлемдерін, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған біржолғы зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру, оларды бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына қайтару қағидаларына, зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесіне, алушының орташа айлық кірісін зейнетақы төлемдерімен алмастыру коэффициентін айқындау әдістемесіне, зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткілікті шегін айқындау әдістемесіне редакциялық өзгерістер, сондай-ақ Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру тәртібі бөлігінде өзгерістер енгізу көзделеді.

Жобаны қабылдау болжамды әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдарға әкеп соқпайды.

Бұйрық жобасымен Толығырақ «Ашық НҚА» порталында сілтеме https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15485995 бойынша танысуға болады.

 

 

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына баспасөз релизі
Дата публикации
12 марта 2025