«Орындаушының әлеуметтік аударымдардың, міндетті зейнетақы жарналардың, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналардың мөлшерлемелерін айқындауы, интернет-платформа операторының жеке табыс салығын, міндетті зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналарды ұстап қалуы және аударуы, сондай-ақ интернет-платформа операторы төлеген сомаларды бөлу және аудару, қате (артық) төленген әлеуметтік аударымдардың, міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналардың сомаларын және (немесе) интернет-платформа операторына уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдарды қайтару қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 30 қыркүйектегі № 392 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Орындаушының әлеуметтік аударымдардың, міндетті зейнетақы жарналардың, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналардың мөлшерлемелерін айқындауы, интернет-платформа операторының жеке табыс салығын, міндетті зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналарды ұстап қалуы және аударуы, сондай-ақ интернет-платформа операторы төлеген сомаларды бөлу және аудару, қате (артық) төленген әлеуметтік аударымдардың, міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналардың сомаларын және (немесе) интернет-платформа операторына уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдарды қайтару қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 30 қыркүйектегі № 392 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35173 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Орындаушының әлеуметтік аударымдардың, міндетті зейнетақы жарналардың, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналардың мөлшерлемелерін айқындауы, интернет-платформа операторының жеке табыс салығын, міндетті зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналарды ұстап қалуы және аударуы, сондай-ақ интернет-платформа операторы төлеген сомаларды бөлу және аудару, қате (артық) төленген әлеуметтік аударымдардың, міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналардың сомаларын және (немесе) интернет-платформа операторына уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдарды қайтару қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген
іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Лауазымы ТӘЖ
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық банкі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрлігі
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрінің
2025 жылғы __ _________
№ __ бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрінің
2024 жылғы 30 қыркүйектегі
№ 392 бұйрығымен бекітілген
Орындаушының әлеуметтік аударымдардың, міндетті зейнетақы жарналардың, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналардың мөлшерлемелерін айқындауы, интернет-платформа операторының жеке табыс салығын, міндетті зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналарды ұстап қалуы және аударуы, сондай-ақ интернет-платформа операторы төлеген сомаларды бөлу және аудару, қате (артық) төленген әлеуметтік аударымдардың, міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналардың сомаларын және (немесе) интернет-платформа операторына уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдарды қайтару қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Орындаушының әлеуметтік аударымдардың, міндетті зейнетақы жарналардың, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналардың мөлшерлемелерін айқындауы, интернет-платформа операторының жеке табыс салығын, міндетті зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналарды ұстап қалуы және аударуы, сондай-ақ интернет-платформа операторы төлеген сомаларды бөлу және аудару, қате (артық) төленген әлеуметтік аударымдардың, міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналардың сомаларын және (немесе) интернет-платформа операторына уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдарды қайтару қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің (бұдан әрі – Әлеуметтік кодекс), 17-бабы 1-тармағының 22-1) және 22-2) тармақшаларына, 102-1-бабының 4-тармағына, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) (бұдан әрі – Салық кодексі) 14-бабына, «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 17-бабы 1-тармағының 1) және 2-1) тармақшалары мен 30-бабының 3-3-тармағына сәйкес әзірленді.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
2) арнаулы мобильді қосымша – Салық кодексінің 2-1-параграфында белгіленген арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық міндеттемелерін және әлеуметтік төлемдер бойынша міндеттемелерді орындаудың оңайлатылған тәртібін қолдану, дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне қою (осындай тіркеу есебінен алу) мақсаттары үшін салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган әзірлеген мобильді қосымша салық төлеушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылған құжат;
3) әлеуметтік аударымдар (бұдан әрі – ӘА) – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарды төлеушілер төлейтін ақша;
4) әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры (бұдан әрі – ӘМСҚ) – аударымдар мен жарналарды шоғырландыруды жүргізетін, сондай-ақ медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтерін медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартында көзделген көлемдерде және талаптармен сатып алу мен оларға ақы төлеуді және Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған өзге де функцияларды жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым;
5) бизнес-сәйкестендiру нөмiрi (бұдан әрі – БСН) – заңды тұлға (филиал мен өкiлдiк) және қызметiн бiрлескен кәсiпкерлiк түрiнде жүзеге асыратын дара кәсiпкер үшiн қалыптастырылатын бiрегей нөмiр;
6) Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (бұдан әрі – БЖЗҚ) – зейнетақы жарналарын және зейнетақы төлемдерін тарту жөніндегі қызметті, сондай-ақ Әлеуметтік кодексте айқындалған өзге де функцияларды жүзеге асыратын заңды тұлға;
7) интернет-платформа – интернет-платформа операторы, тапсырыс беруші мен орындаушы арасында қызметтер көрсету және жұмыстарды орындау бойынша өзара іс-қимылды жүзеге асыруға арналған интернет-ресурс;
8) интернет-платформа операторы (бұдан әрі – Оператор) – интернет-платформада тіркелген орындаушылар мен тапсырыс берушілер арасында қызметтер көрсету және жұмыстарды орындау бойынша байланыстар орнату және мәмілелер жасасу үшін ақпараттық технологиялар мен жүйелерді қолдана отырып, техникалық, ұйымдастырушылық (оның ішінде жұмыстарды немесе қызметтерді көрсету үшін үшінші тұлғаларды тарта отырып көрсетілетін қызметтерді), ақпараттық және өзге де мүмкіндіктерді ұсыну жөніндегі қызметтерді интернет-платформаны пайдалана отырып көрсететін дара кәсіпкер немесе заңды тұлға;
9) жеке сәйкестендiру нөмiрi (бұдан әрі – ЖСН) – жеке тұлға үшiн қалыптастырылатын бiрегей нөмiр;
10) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Төлемдерді өңдеуді ұйымдастыру» ведомстволық автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ҚР Еңбекмині ААЖ) – зейнетақы және әлеуметтік аударымдар мен төлемдерді өңдеуді ұйымдастыру үшін процестерді автоматтандыру жөніндегі ақпараттық жүйе;
11) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің ведомстволық ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – МКК АЖ) – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің ішкі құжаттарымен реттелетін ақпараттық жүйе;
12) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры (бұдан әрі – МӘСҚ) – әлеуметтік аударымдарды шоғырландыруды, асыраушысынан айырылған жағдайда, отбасы мүшелерін – асырауындағыларды қоса алғанда, өздеріне қатысты әлеуметтік тәуекел жағдайы туындаған міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға әлеуметтік төлемдерді тағайындауды және жүзеге асыруды жүргізетін, құрылтайшысы және жалғыз акционері мемлекет болып табылатын, акционерлік қоғам нысанындағы коммерциялық емес ұйым;
13) мемлекеттік кіріс органы – өз құзыреті шегінде бюджетке салықтар мен төлемдердің түсуін қамтамасыз етуді, Қазақстан Республикасында кедендік реттеуді, Қазақстан Республикасының заңнамасында осы органның қарауына жатқызылған әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу және ашу жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді орындайтын мемлекеттік орган;
14) міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – МЗЖ) – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына Әлеуметтік кодекске сәйкес енгізілетін ақша;
15) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар (бұдан әрі – МӘМСЖ) – Заңның 14-бабының 2-тармағында көрсетілген жарналарды төлеушілер ӘМСҚ-ға төлейтін және медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек алуға құқық беретін ақша;
16) орындаушы – арнаулы мобильді қосымшаны пайдалана отырып, арнаулы салық режимін қолданатын, дара кәсіпкерлер болып табылатын орындаушылар.
2-тарау. Әлеуметтік аударымдардың, міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналарының мөлшермелерін орындаушының айқындауы тәртібі
3. Арнаулы мобильдік қосымшаны пайдалана отырып, арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкер болып табылатын орындаушы (бұдан әрі – орындаушы) МЗЖ, ӘА және МӘМСЖ мөлшерлемелерін (бұдан әрі – әлеуметтік төлемдер) дербес айқындайды.
Орындаушының әлеуметтік төлемдер мөлшерлемелерінің мөлшерін айқындауы орындаушының бейініндегі арнаулы мобильді қосымшада «Міндеттемелерді есептеу тәртібі» кіші бөлімінде «Салықтар мен әлеуметтік төлемдерді есептеуге арналған мәліметтер» салымында «Міндеттемелерді стандартты есептеу» немесе «4% мөлшерлемесі бойынша міндеттемелерді есептеу» тиісті опцияларының бірін таңдау жолымен жүзеге асырылады.
«Міндеттемелердің стандартты есебі» опциясын таңдаған кезде әлеуметтік төлемдер мөлшері Әлеуметтік кодекстің 244-бабының 1-тармағына және
249-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, Заңның 28-бабы 3-тармағының бірінші абзацына сәйкес белгіленеді.
«4% мөлшері бойынша міндеттемелерді есептеу» опциясын таңдаған кезде әлеуметтік төлемдер мөлшерлемелерінің мөлшері Әлеуметтік кодекстің 102-1-бабының 2 және 3-тармақтарына, Заңның 28-бабы 3-тармағының екінші абзацына сәйкес белгіленеді.
Орындаушы арнаулы мобильді қосымшада алдағы айға әлеуметтік төлемдер мөлшерлемелерінің таңдалған мөлшерін айына бір рет әлеуметтік төлемдер есептелетін айдың алдындағы айдың 10-күніне дейін өзгертеді. Әлеуметтік төлемдерді есептеу белгіленген мөлшерлемеге сүйене отырып, әлеуметтік төлем мөлшерлемелерінің мөлшерін өзгерту жүргізілген айдан кейінгі айдың 1-күнінен бастап жүргізіледі.
Жеке табыс салығы мөлшерлемесінің мөлшері Салық кодексінің
686-3-бабының 1-тармағына сәйкес қолданылады.
4. Әлеуметтік кодекстің 102-1-бабына және Заңның 29-бабының
2-2-тармағына сәйкес орындаушының көрсетілген қызметтер, орындалған жұмыстар үшін алған табысы жеке табыс салығы мен әлеуметтік төлемдерді есептеу объектісі болып табылады.
Бұл ретте бір интернет-платформадан айына есептеу объектісі:
МЗЖ есептеу үшін – республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақының 50 еселенген мөлшерінен;
ӘА есептеу үшін – республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген 7 еселенген жалақының ең төмен мөлшерінен;
МӘМСЖ есептеу үшін – республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақының 10 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.
5. Жеке табыс салығы мен әлеуметтік төлемдер сомасын есептеу арнаулы мобильді қосымшада ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей жүргізіледі.
3-тарау. Жеке табыс салығын, әлеуметтік аударымдарды, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналарды және (немесе) оларды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдарды оператордың ұстап қалуы мен аударуы бойынша тәртіп
6. Оператор ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірмей орындаушылардың қызметтер көрсетуі және (немесе) жұмыстарды орындауы кезінде алған табыстары туралы мәліметтерді осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне (бұдан әрі – ҚР Қаржымині МКК) арнаулы мобильді қосымшамен интеграциялық өзара іс-қимыл арқылы береді.
Арнаулы мобильді қосымшамен интеграциялық өзара іс-қимыл болмаған жағдайда Оператор көрсетілген мәліметтерді осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша Microsoft Excel форматында электрондық құжат түрінде
ҚР Қаржымині МКК-ге береді.
7. Берілген мәліметтер негізінде, оның ішінде арнаулы мобильдік қосымшаның чектері бойынша ҚР Қаржымині МКК жеке табыс салығы мен әлеуметтік төлемдердің және (немесе) олардың уақтылы және (немесе) толық төленбегені үшін (теңгеге дейін дөңгелектелген) өсімпұлдың сомаларын есептеуді ең жоғары шек пен орындаушылардың МЗЖ және ӘА төлеуден босатылған адамдарға, осы Қағидалардың 10-тармағына сәйкес мемлекет МӘМСЖ төлейтін адамдарға тиесілігін ескере отырып, орындаушылар айқындаған мөлшерлемелердің мөлшеріне сәйкес жүзеге асырады.
Орындаушылардың МЗЖ және ӘА төлеуден босатылған адамдарға және мемлекет МӘМСЖ төлейтін адамдарға тиесілігі туралы мәліметтер жеке табыс салығы мен әлеуметтік төлемдерді төлеуге орындаушылардың табысынан ұстап қалуға арналған сомаларды дұрыс есептеуді қамтамасыз ету үшін ҚР Еңбекмині ААЖ-дан МКК АЖ-ға беріледі.
8. ҚР Қаржымині МКК өзектендіру режимінде интеграциялық өзара іс-қимыл сервистері арқылы ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей жеке табыс салығының және әлеуметтік төлемдердің және (немесе) олардың уақтылы және (немесе) толық төленбегені үшін өсімпұлдардың есептелген сомалары, сондай-ақ осы Қағидалардың 3-тармағына сәйкес орындаушылардың таңдаған опциялары туралы мәліметтерді:
ұстап қалу және аудару үшін – Операторға;
Мемлекеттік корпорацияның Оператор аударған әлеуметтік төлемдер сомасымен салыстыруды жүзеге асыруы үшін – ҚР Еңбекмині ААЖ-ға береді.
9. Жеке табыс салығының, оның ішінде оның уақтылы және (немесе) толық төленбегені үшін берешектің және (немесе) өсімпұлдың ұсталған (есептелген) сомаларын Оператор екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы орындаушының орналасқан жері бойынша мемлекеттік кіріс органына қолма-қол ақшасыз тәсілмен аударады.
Әлеуметтік төлемдердің, оның ішінде олардың уақтылы және (немесе) толық төленбегені үшін берешектің және (немесе) өсімпұлдың ұсталған (есептелген) сомаларын Оператор «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын сақтай отырып, екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы Мемлекеттік корпорацияның банк шотына қолма-қол ақшасыз тәсілмен аударады.
Жеке табыс салығы және (немесе) оларды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұл сомаларын аударуды Оператор ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей жекелеген төлем тапсырмаларымен жүргізеді.
Әлеуметтік төлемдер және (немесе) оларды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұл сомаларын аударуды Оператор есепті айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей оператор немесе төлем жүйелерінің операциялық орталығы бекіткен хабар форматтарымен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 208 қаулысымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №14419 болып тіркелген) Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол ақшасыз төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидаларында (бұдан әрі – Қолма-қол ақшасыз төлемдерді жүзеге асыру қағидалары) айқындалған нысан бойынша жиынтық төлем тапсырмасын қалыптастыра отырып жүргізеді.
Қолма-қол ақшасыз төлемдерді жүзеге асыру қағидаларында айқындалған тәртіппен жиынтық төлем тапсырмасында аударым жүргізілетін әрбір орындаушы бойынша: ЖСН; тегі, аты, әкесінің аты (бар болса); аударылатын сома; төлем жүргізілетін кезең (ай және жыл «ААЖЖЖЖ» форматында); төлем белгілеу коды көрсетіледі.
10. Оператор Әлеуметтік кодекстің 207-бабының 1-тармағында көрсетілген адамдар үшін әлеуметтік аударымдарды төлеуден босатылады.
Оператор Әлеуметтік кодекстің 248-бабының 3-тармағында айқындалған адамдар үшін міндетті зейнетақы жарналарын төлеуден босатылады.
Оператор Заңның 28-бабының 7-тармағында айқындалған адамдар үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналарды төлеуден босатылады.
11. Оператор жеке табыс салығын және әлеуметтік төлемдерді уақтылы аудармаған жағдайда, аударым Қолма-қол ақшасыз төлемдерді жүзеге асыру қағидаларында айқындалған тәртіппен жиынтық төлем тапсырмасын қалыптастыра отырып, әрбір ай үшін жеке жүргізіледі.
12. Оператор орындаушылар үшін жеке табыс салығы мен әлеуметтік төлемдердің сомаларын уақтылы төлемеген кезде Мемлекеттік кіріс органдары Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәртіппен және мерзімдерде өндіріп алу тәсілдері мен шараларын қабылдайды.
Мемлекеттік кіріс органына, МӘСҚ, БЖЗҚ, ӘМСҚ-ға жеке табыс салығы мен әлеуметтік төлемдердің сомаларын уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұл сомасын төлеген кезде Оператор екінші деңгейдегі банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға Қолма-қол ақшасыз төлемдерді жүзеге асыру қағидаларында айқындалған тәртіппен кезең үшін (ай, жыл «ААЖЖЖЖ» форматында) төлем белгілеудің тиісті кодын көрсете отырып жиынтық төлем тапсырмасын ұсынады.
13. Екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар жеке табыс салығының және әлеуметтік төлемдердің және (немесе) олардың уақтылы және (немесе) толық төленбегені үшін өсімпұлдың сомаларын Оператор бастама жасаған күні мемлекеттік кіріс органдарына және Мемлекеттік корпорацияға Қолма-қол ақшасыз төлемдерді жүзеге асыру қағидаларында айқындалған тәртіппен аударады.
Бұл ретте екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар қалыптастыратын Қолма-қол ақшасыз төлемдерді жүзеге асыру қағидаларында айқындалған тәртіппен жиынтық төлем тапсырмасында «ААЖЖЖЖ» форматында жеке табыс салығының және әлеуметтік төлемдердің және (немесе) оларды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың сомалары төленетін кезең көрсетіледі, сондай-ақ төлем белгілеуде орындаушы таңдаған мөлшерлеме мынадай форматтарда көрсетіледі:
«4% мөлшерлемесі бойынша міндеттемелерді есептеу» опциясын таңдаған жағдайда жеке табыс салығы және әлеуметтік төлемдер үшін – *1%*;
«Міндеттемелердің стандартты есебі» опциясын таңдаған кезде МЗЖ үшін – *10%*, ӘА үшін – *5%*, МӘМСЖ үшін – *5%*.
Көрсетілген мөлшерлеме сәйкес келмеген және (немесе) орындаушылар бойынша әлеуметтік төлем белгілеулерінде болмаған жағдайларда Мемлекеттік корпорация тиісті себебін көрсете отырып, сомаларды Операторға толық қайтаруды жүзеге асырады.
14. Оператор заңнамада белгіленген тәртіппен жеке табыс салығының және әлеуметтік төлемдердің және (немесе) олардың уақтылы және (немесе) толық төленбегені үшін өсімпұлдың есептелген және төленген сомалары туралы, оның ішінде әлеуметтік төлемдердің қате (артық) төленген сомаларын және (немесе) олардың уақтылы және (немесе) толық төленбегені үшін өсімпұлды қайтару туралы мәліметтердің сақталуын қамтамасыз етеді бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамаға сәйкес электрондық немесе қағаз жеткізгіштерде төлеу.
Оператордың қызметі тоқтатылған кезде жеке табыс салығының және әлеуметтік төлемдердің және (немесе) олардың уақтылы және (немесе) толық төленбегені үшін өсімпұлдың сомаларын есептеу және төлеу туралы құжаттар мемлекеттік мұрағатқа беріледі.
4-тарау. Әлеуметтік аударымдардың, міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналардың және (немесе) олардың уақтылы және (немесе) толық төленбегені үшін өсімпұлдардың артық (қате) төленген сомаларын бөлу және аудару, сондай-ақ қайтару
15. Әлеуметтік төлемдер және (немесе) өсімпұлдар сомаларын МӘСҚ, БЖЗҚ және ӘМСҚ-ға уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін бөлуді және аударуды Мемлекеттік корпорация Әлеуметтік кодекстің 17-бабы 1-тармағының 22-1) тармақшасына және Заңның 17-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
Орындаушылар үшін Оператор жүргізген жеке табыс салығы және әлеуметтік төлемдерді төлеу ҚР Қаржымині МКК-нің әлеуметтік төлемдердің есептелген сомалары бойынша мәліметтері негізінде орындаушылардың жеке шоттарына бөлінуге жатады.
16. Мемлекеттік корпорация деректемелерінде қателіктер жіберілген Орындаушы үшін, сондай-ақ осы Қағидалардың 11-тармағында көрсетілген әлеуметтік төлемдерді төлеуден босатылған орындаушылар үшін Оператордың банктік шотына қайтару себебін көрсете отырып, үш жұмыс күні ішінде әлеуметтік төлемдерді қайтаруды жүзеге асырады.
Орындаушылар бойынша әлеуметтік төлемдер сомалары төленген жағдайларда ҚР Қаржымині МКК деректері бойынша төленуге есептелген әлеуметтік төлемдер сомаларынан аз, Мемлекеттік корпорация тиісті себебін көрсете отырып, сомаларды Операторға толық қайтаруды жүзеге асырады.
Орындаушылар бойынша әлеуметтік төлемдер сомасы ҚР Қаржымині МКК деректері бойынша төленуге есептелген әлеуметтік төлемдер сомасынан көп төленген жағдайда, Мемлекеттік корпорация тиісті себебін көрсете отырып, асатын соманы Операторға қайтаруды жүзеге асырады.
ҚР Қаржымині МКК-дан төленетін әлеуметтік төлемдер сомалары бойынша деректер жоқ орындаушылар бойынша әлеуметтік төлемдер сомаларын төлеген жағдайларда Мемлекеттік корпорация тиісті себебін көрсете отырып, сомаларды Операторға толық қайтаруды жүзеге асырады.
Мемлекеттік корпорация Оператордың банктік шотына әлеуметтік төлемдерді қайтаруды жүзеге асырған жағдайда, Оператор жіберілген қателерді түзетеді және осы Қағидалардың 9-тармағында белгіленген мерзімде
ҚР Қаржымині МКК деректері бойынша төлеуге есептелген әлеуметтік төлем сомаларын аударады.
Жеке табыс салығын қайтару Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.