«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгінiң кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы № 81 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Үкімет қаулысының жобасына пресс - релиз

«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгінiң кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы № 81 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Үкімет қаулысының жобасына пресс - релиз

 

Денсаулық сақтау және білім беру саласындағы уәкілетті органдардың келісімі бойынша әлеуметтік жұмыскерлердің кәсіптік мінез-құлық әдебі нормаларын бекіту ретіндегі функция «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын көрсеткен.

Алайда, әлеуметтік кодекстің қабылдануымен «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы өзектілігін жоғалтты және күші жойылды деп танылды.

Сонымен қатар, Әлеуметтік кодексте әлеуметтік жұмыскерлердің мінез-құлқының кәсіптік этикасының нормалары (65, 66, 67-баптар)  қамтылған.

Әлеуметтік кодексте әлеуметтік жұмыскерлердің кәсіптік этикасы мәселелерін реттейтін толық нормалар бар, бұл нормалардың қайталануын болдырмау және құқықтық айқындылықты арттыру үшін артық реттеуді жою және заңнаманы жаңа заңға сәйкестендіру қажеттілігін болдырмайды.

Осыған байланысты, жұмыскерлердің кәсіптік мінез-құлық әдебі нормаларын бекіту Министрліктің функцияларынан шығарылуы керек.

Қаулы жобасын қабылдаудың мақсаты «Қазақстан Республикасының құқықтық актілері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы
2-тармағын іске асыру болып табылады.

Қаулы жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

Сонымен қатар, қаулы жобасын қабылдау және іске асыру мемлекеттік бюджет қаражатынан қосымша қаржылық шығындарды талап етпейді.

Қаулы жобасы «Электрондық үкімет» порталында ашық НҚА бөлімінде орналастырылған.

Дата публикации
18 февраля 2025