«Медициналық-әлеуметтік сараптаманың тәуелсіз сарапшылары жұмысының нәтижелерін бағалау қағидалары мен өлшемшарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 28 қыркүйектегі № 408 бұйрығына және «Медициналық-әлеуметтік сараптаманың тәуелсіз сарапшыларының қызметтеріне ақы төлеу қағидаларын және медициналық-әлеуметтік сараптаманың тәуелсіз сарапшылары көрсететін қызметтерге тарифтерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушысының 2023 жылғы 29 қыркүйектегі № 411 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
бұйрықтың 2-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әдістеме және медициналық-әлеуметтік сараптаманы жетілдіру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Медициналық-әлеуметтік сараптаманың тәуелсіз сарапшылары жұмысының нәтижелерін бағалау қағидалары мен өлшемшарттары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
бұйрықтың 2-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әдістеме және медициналық-әлеуметтік сараптаманы жетілдіру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Медициналық-әлеуметтік сараптаманың тәуелсіз сарапшыларының қызметтеріне ақы төлеу қағидалары және медициналық-әлеуметтік сараптаманың тәуелсіз сарапшылары көрсететін қызметтердің тарифтері осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
|
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі |
|
С. Жақыпова |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
|
бұйрығына 1-қосымша
|
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің
2023 жылғы 28 қыркүйектегі
№ 408 бұйрығына
қосымша
Медициналық-әлеуметтік сараптаманың тәуелсіз сарапшылары жұмысының нәтижелерін бағалау қағидалары мен өлшемшарттары
1-тарау. Жалпы ережелер
1) жалпы еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесі (бұдан әрі – ЖЕА) – адамның жұмысты орындау, қызмет көрсету қабілеттілігінің төмендеу деңгейін сипаттайтын, жоғалған еңбекке қабілеттілігіне пайыздық қатынаста көрсетілген шама;
2) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті (бұдан әрі – Комитет) – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру, мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы іске асыру және бақылау функцияларын өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын ведомствосы;
3) медициналық-әлеуметтік сараптама (бұдан әрі – МӘС) – мүгедектікті және (немесе) еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесін белгілеп (белгілемей), куәландырылатын адамның организмі функцияларының тұрақты бұзылуынан туындаған тыныс-тіршілігінің шектелуін бағалау, сондай-ақ оның әлеуметтік қорғау шараларын қажетсінуін айқындау;
4) медициналық-әлеуметтік сараптаманың тәуелсіз сарапшысы (бұдан әрі – МӘС тәуелсіз сарапшысы) – уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын талаптарға сәйкес келетін және медициналық-әлеуметтік сараптаманың тәуелсіз сарапшыларының тізілімінде тұратын жеке тұлға;
5) «Мүгедектігі бар адамдардың орталықтандырылған деректер банкі» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – «МОДБ» ААЖ) – мүгедектікті белгілеу, еңбекке қабілеттілігінен айырылу, абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасын әзірлеу бойынша бизнес-процестерді автоматтандыруға, сондай-ақ МӘС бөлімдерінде куәландырудан өткен адамдар бойынша деректерді сақтау мен өңдеуге арналған аппараттық-бағдарламалық кешен;
6) мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасы (бұдан әрі – ОЖБ) – мүгедектігі бар адамды абилитациядан және оңалтудан өткізудің нақты көлемін, түрлері мен мерзімдерін оның жеке қажеттіліктері негізінде белгілейтін құжат;
7) уәкілетті мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты әлеуметтік қорғау саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қызметін реттеуді, бақылау функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
2-тарау. Медициналық-әлеуметтік сараптаманың тәуелсіз сарапшылары жұмысының нәтижелерін бағалау тәртібі мен өлшемшарттары
ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-і күніне;
жылына бір рет, есепті жылдың 20 желтоқсанында жүргізіледі.
Ай сайынғы және жылдық бағалауды қарау сараптамалық қызметтер көрсетуге арналған келісімшарт негізінде жасалған талаптармен реттелінеді.
Бағалау = ( + + + + ) / С,
мұндағы:
Бағалау – ай сайынғы бағалау (%);
А – осы Қағидалардың 8-тармағымен белгіленген өлшемшарттарға сәйкес келетін қорытындылардың саны;
К1 – айына көрсетілген қызметтер саны;
К2 – куәландырылған міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың саны (алғашқы куәландыру кезінде);
К3 – ЖЕА дәрежесі белгіленген қайта куәландырылған адамдардың саны;
К4 – ОЖБ әзірленген мүгедектігі бар адамдардың саны;
С – К көрсеткіштерінің саны 1-ге тең немесе одан көп.
Қол қойылғаннан кейін МӘС тәуелсіз сарапшысы жұмысының нәтижелерін бағалау (ай сайынғы және жылдық) Комитетке жіберіледі.
1) сараптамалық шешім шығарудың уақтылығы;
2) шығарылған шешім (мүгедектікті белгілеу/белгілемеу) организм функцияларының бұзылу дәрежесіне және тіршілік-тынысының шектелуіне сәйкес;
3) алғашқы куәландыру кезінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға ЖЕА дәрежесін белгілеу;
4) ЖЕА дәрежесі белгіленген адамдарға қайта куәландыру кезінде ЖЕА дәрежесін белгілеу/белгілемеу;
5) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 260 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32922 болып тіркелген) бекітілген Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларының 41-тармағына сәйкес ОЖБ-ның әлеуметтік бөлігін әзірлеу.
|
Медициналық-әлеуметтік қосымша
|
|
|
|
Нысан
|
Медициналық-әлеуметтік сараптаманың тәуелсіз сарапшысы жұмысының нәтижелерін бағалау кестесі
________________________________________________________________
(МӘС тәуелсіз сарапшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
20___ жылғы __________
(жыл, ай)
|
№ |
Көрсеткіштер |
Жалпы саны |
Өлшемшарттарға сәйкес келетін қорытындылардың саны |
Бағалау (%) |
|
1. |
сараптамалық шешім шығарудың уақтылығы |
К1 |
|
|
|
2. |
шығарылған шешім (мүгедектікті белгілеу/белгілемеу) организм функцияларының бұзылу дәрежесіне және тіршілік-тынысының шектелуіне сәйкес |
К1 |
|
|
|
3. |
алғашқы куәландыру кезінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға ЖЕА дәрежесін белгілеу |
К2 |
|
|
|
4. |
ЖЕА дәрежесі белгіленген адамдарға қайта куәландыру кезінде ЖЕА дәрежесін белгілеу/белгілемеу |
К3 |
|
|
|
5. |
ОЖБ-ның әлеуметтік бөлігін әзірлеу |
К4 |
|
|
|
|
БАРЛЫҒЫ |
|
|
|
Ескертпе:
К1 – айда көрсетілген қызметтер саны;
К2 – куәландырылған міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың саны (алғашқы куәландыру кезінде);
К3 – ЖЕА дәрежесі тағайындалған қайта куәландырылған адамдардың саны;
К4 – ОЖБ әзірленген мүгедектігі бар адамдардың саны.
20___ жылғы «___» __________
Қолы / ЭЦҚ_____________
|
бұйрығына 2-қосымша
|
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а.
2023 жылғы 29 қыркүйектегі
№ 411 бұйрығына
қосымша
Медициналық-әлеуметтік сараптаманың тәуелсіз сарапшыларының қызметтеріне ақы төлеу қағидалары және медициналық-әлеуметтік сараптаманың тәуелсіз сарапшылары көрсететін қызметтердің тарифтері
1-тарау. Жалпы ережелер
1) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті (бұдан әрі – Комитет) – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру, мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы іске асыру және бақылау функцияларын өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын ведомствосы;
2) медициналық-әлеуметтік сараптаманың тәуелсіз сарапшысы (бұдан әрі – МӘС тәуелсіз сарапшысы) – уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын талаптарға сәйкес келетін және медициналық-әлеуметтік сараптаманың тәуелсіз сарапшыларының тізілімінде тұратын жеке тұлға;
3) «Мүгедектігі бар адамдардың орталықтандырылған деректер банкі» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – «МОДБ» ААЖ) – мүгедектікті белгілеу, еңбекке қабілеттіліктен айырылу, абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасын әзірлеу бойынша бизнес-процестерді автоматтандыруға, сондай-ақ медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдерінде куәландырудан өткен адамдар бойынша деректерді сақтау мен өңдеуге арналған аппараттық-бағдарламалық кешен;
4) уәкілетті мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты әлеуметтік қорғау саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қызметін реттеуді, бақылау функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
2 тарау. Медициналық-әлеуметтік сараптаманың тәуелсіз сарапшыларының қызметтеріне ақы төлеу тәртібі және тарифтері
1) оның дұрыс толтырылуын және анықтылығын тексереді;
2) бұрыс және анық емес толтырылған жағдайда «МОДБ» ААЖ-да ескертулерді көрсете отырып, МӘС тәуелсіз сарапшысына қайта қарау үшін қайтарады.
МӘС тәуелсіз сарапшысы орындалған жұмыстардың актісіне ескертулерді алған күннен кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде оны пысықтайды, ЭЦҚ арқылы қояды және орындалған жұмыстардың актісі осы Қағидалардың 4-тармағына сәйкес Комитетке қарау үшін қайта жолдайды.
3) дұрыс және анық толтырылған жағдайда орындалған жұмыстардың актісіне қол қояды және МӘС тәуелсіз сарапшысы қызметтеріне ақысын төлеу үшін уәкілетті мемлекеттік органға жолдайды.
Қызметтерге ақы төлеуді уәкілетті мемлекеттік орган МӘС тәуелсіз сарапшысының есептік шотына аудару арқылы жүзеге асырады және мына формула бойынша есептеледі:
МӘС тәуелсіз сарапшысы қызметтерінің құны = (В* К1), мұндағы
К1 – айына көрсетілген қызметтер саны;
В – осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес МӘС тәуелсіз сарапшысы қызметінің бағасын қалыптастыру кестесі бойынша жүзеге асырылатын МӘС тәуелсіз сарапшысы жұмысының нәтижелерін бағалауды ескере отырып, қызмет бірлігінің бағасы.
Тариф = (ЛЖ / 20 жұмыс күні / 8 сағат жұмыс), мұнда:
ЛЖ – «Мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын барлық органдардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 16 қазандағы қпү № 646 қаулысына сәйкес С-О-5 санаты бойынша жоғары лауазымдық жалақы.
( + + + )/С
А – осы Қағидалардың 8-тармағының 2-5) тармақшаларында белгіленген өлшемшарттарға сәйкес келетін қорытындылардың саны;
К5 – есепті кезеңде көрсетілген қызметтер саны;
К6 – куәландырылған міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың саны (алғашқы куәландыру кезінде);
К7 – ЖЕА дәрежесі белгіленген қайта куәландырылған адамдардың саны;
К8 – ОЖБ әзірленген мүгедектігі бар адамдардың саны;
С – К көрсеткіштерінің саны 1-ге тең немесе одан көп.
|
Медициналық-әлеуметтік сараптаманың тәуелсіз сарапшыларының қызметтеріне ақы төлеу қағидаларына және медициналық-әлеуметтік сараптаманың тәуелсіз сарапшылары көрсететін қызметтер тарифіне қосымша |
|
Нысан
|
МӘС тәуелсіз сарапшысы қызметінің бағасын қалыптастыру кестесі
___________________________________________________________
(МӘС тәуелсіз сарапшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
20___ жылғы ______
(ай, жыл)
|
№ |
Ағымдағы жылға МӘС тәуелсіз сарапшысының бір қызметінің тарифі (теңге) |
Ай сайынғы/жылдық бағалаудың мәні (%) |
МӘС тәуелсіз сарапшысы жұмысының нәтижелерін бағалауды ескере отырып, қызмет бірлігінің бағасы (теңге) (2 баған*3 баған)/100 |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
|
1 |
|
|
|
Орындаушы/Өнім беруші
ТАӘ (бар болған жағдайда) ________________
______ж.____.____.
Банк деректемелері: ____________________________
Банктің атауы ____________________________
Банктік шот нөмірі ____________________________
БСК ____________________________
ЖСК /IBAN ____________________________
Шот түрі: ағымдағы