«Электрондық еңбек биржасы» жұмыспен қамтудың бірыңғай цифрлық платформасы мен «Еңбек нарығы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің арасындағы жұмыс, сүйемелдеу, қолжетімділікті ұсыну және ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 20 маусымдағы № 206 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі бұйрығының жобасына пресс-релизі
«Электрондық еңбек биржасы» жұмыспен қамтудың бірыңғай цифрлық платформасы мен «Еңбек нарығы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің арасындағы жұмыс, сүйемелдеу, қолжетімділікті ұсыну және ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 20 маусымдағы № 206 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығының жобасы (бұдан әрі – бұйрықтың жобасы) Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 13 қаңтардағы № 157-VIII ҚРЗ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпаратқа қол жеткізу, қоғамдық қатысу, мемлекеттік наградалар және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының 7-тармағына сәйкес келтіру мақсатында әзірленді.
Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.
2025 жылғы 5 ақпанда бұйрықтың жобасы «Электрондық үкімет» порталында ашық НҚА бөлімінде және Еңбекминінің ресми сайтында орналастырылды.