Заңды тұлға қайта ұйымдастырылған жағдайда тиісті төлемдерді жүргізу бойынша міндеттерін құқық мирасқоры жүзеге асырады.
Заңды тұлғаның қызметі тоқтатылған кезде зардап шегушіге төлеу үшін тиісті төлемдер капиталға айналдырылуы тиіс.
Қызметі тоқтатылған заңды тұлғаның мүлкінің жоқтығы мен жетіспеушілігінен төлемдерді капиталға айналдыру мүмкін болмаған жағдайда белгіленген сома зардап шегушіге заңнамалық актілерде көзделген тәртіпте мемлекет тарапынан төленеді.