«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлiгінiң кейбiр мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы № 81 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгінiң кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы № 81 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі туралы ережеде:

15-тармақ мынадай мазмұндағы 50-4), және 50-5) тармақшалармен толықтырылсын:

«50-4) өндірістік кеңес туралы үлгілік ережені әзірлеу және бекіту;

50-5) еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлар туралы үлгілік ережені әзірлеу және бекіту;».

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

      Премьер-Министрі                                        О. Бектенов

Қаулы жобасы
Дата публикации
03 февраля 2025