Біріншіден, жұмыс берушілердің қызметін декларациялау рәсімі ерікті болып табылады.
Екіншіден, Сенім сертификаты еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті орган Еңбек кодексінде белгіленген ішінара тексерулерді және бақылау субъектісіне бару арқылы жүргізілетін бақылаудың өзге де нысандарын қалыптастыру кезінде ескеріледі.
Сенім сертификатының иегері – жұмыс берушіге қатысты іріктеп тексеру жүргізілмейді.
Бұл рәсім Министірлікпен бекітілген жұмыс берушінің қызметін декларациялау қағидаларымен реттеледі.
Жұмыс берушінің қызметін декларациялауды еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті орган жұмыс берушілердің өңірлік бірлестіктерімен және кәсіподақтардың аумақтық бірлестіктерімен бірлесіп жүзеге асырады.