Демалыс және жұмыс күндеріне төленетін стандарттардың өзгертілгеніне байланысты (олар бір жарым есе көлемінде төленетін болады) қызметкерлердің еңбек жағдайларын өзгерту рәсімін қолдану шарт па?

Еңбек заңнамасына  сәйкес  нақты бір жағдайларда (қайта ұйымдастыру жүргізілгенде немесе экономикалық өндірісті ұйымдастырудағы өзгерістер орын алғанда жұмыс беруші қызметкердің еңбек жағдайларын өзгертуге міндетті. Бұл ретте, еңбек жағдайларына басқалармен қатар т еңбекақы төлеу жағдайлары да жатады. Қызметкерлердің еңбек жағдайларын өзгерту  Кодекспен көзделген процедуралардың сақталуымен  жүргізілуі тиіс. Атап айтқанда,  егер еңбек, ұжымдық шарттарда хабардар етудің неғұрлым ұзақ мерзімі көзделмесе, жұмыс беруші жұмыскерді еңбек жағдайларының өзгеруі туралы күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей жазбаша түрде хабардар етуге міндетті. Бұл ретте, егер мереке және демалыс күндерінде жұмыс істеу үшін еңбекақы ұжымдық шартта  екі еселенген мөлшерде белгіленген болса, жұмыс берушінің еңбек жағдайларын  біржақты өзгертуге құқығы жоқ.

Дата публикации