Персоналды басқару қызметі жұмыскерлерінің салааралық уақыт нормативтерін бекіту туралы

Персоналды басқару қызметі жұмыскерлерінің салааралық уақыт нормативтерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 16-бабының 41-10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған персоналды басқару қызметі жұмыскерлерінің салааралық уақыт нормативтері бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) Осы бұйрыққа қол қойылғаннан кейін күнтізбелік бес күн ішінде оны қазак және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Републикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуды:

2) Осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық 2025 жылғы 1 қантардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

Министрдің міндетін атқарушы                                                                         А. Сарбасов

бұйрық
Дата публикации
28 января 2025