Құжаттарды орыс тілінен мемлекеттік тілге және мемлекеттік тілден орыс тіліне аудару жұмыстарына кететін уақыттың салааралық нормаларын бекіту туралы

Құжаттарды орыс тілінен мемлекеттік тілге және мемлекеттік тілден орыс тіліне аудару жұмыстарына кететін уақыттың салааралық нормаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 16-бабының 41-10) тармақшасына сәйкес

БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған құжаттарды орыс тіліннен мемлекеттік тілге және мемлекеттік тілден орыс тіліне аудару жұмыстарына кететін уақыттың салаарық нормалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) Осы бұйрыққа қол қойылғаннан кейін күнтізбелік бес күн ішінде оны орыс және қазақ тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуды;

2) Осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық 2025 жылғы 1 қантардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

Министрдің міндетін атқарушы                                                                          А.Сарбасов                         

бұйрық
Дата публикации
28 января 2025