Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мемлекеттік аудит және тәуекелдер жөніндегі кеңесінің ХАТТАМАСЫ

Отырыс өтетін орын: Астана қ., Мәңгілік ел к-сі, 6 кіреберіс, 848 каб.

Отырысты өткізу күні мен уақыты: 2025 жылғы «13» қаңтар, 15 сағат: 00 мин.

 

Қатысты:

Комиссия төрағасы:

- Жақыпова Светлана Қабыкенқызы - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі;

Комиссия мүшелері:

- Сарбасов Ақмәди Әділұлы - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі;

- Татыбаев Марат Келдімұратұлы - Ішкі аудит департаментінің директоры;

- Ибраева Эльвира Балтабекқызы - Заң қызметі департаментінің директоры;

- Баймағамбетова Эльмира Шатыбайқызы - Персоналды басқару департаментінің директоры.

Объективті себептер бойынша Комиссияның келесі мүшелері болмады:

- Ерсаев Асқарбек Маратұлы - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Вице-министрі (Премьер - Министрдің орынбасары жанындағы кеңесте);

- Тоқежанов Болат Тұрғанұлы - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі аппаратының басшысы (еңбек демалысында);

- Райымбекова Маржан Мұхамедрахимқызы - Экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің директоры (еңбекке уақытша жарамсыздық парағында);

- Сүлейменова Толғанай Капсалямқызы - Қаржы департаментінің директоры (еңбек демалысында).

МАТ Кеңесінің шешімдерін қабылдауға арналған Кворум заңды болып табылады

 

Шақырылғандар:

- Әлімбаев Алмаз Аманбайұлы – «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті» РММ басшысы;

- Сапобеков Дәулетқасым Асылханұлы - Ішкі аудит департаментінің бас маманы;

- Керімбаев Самат Абылқасымұлы - Ішкі аудит департаментінің бас маманы.

 

КҮН ТӘРТІБІ:

«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті» РММ-нің (бұдан әрі – Ақтөбе облысы бойынша департаменті) 2024 жылғы 4 желтоқсандағы №10 тиімділік аудиті бойынша аудиторлық есепке (бұдан әрі – №10 аудиторлық есеп) 2024 жылғы 17 желтоқсандағы № 7985/13-4 қарсылығын қарау.

ҚР Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 наурыздағы №392 бұйрығымен бекітілген Ішкі мемлекеттік аудит жүргізу қағидаларының 103-тармағына сәйкес мемлекеттік аудит және тәуекелдер жөніндегі Кеңестің (бұдан әрі - МАТ Кеңесі) негізгі міндеттерінің бірі ішкі мемлекеттік аудит мәселелері бойынша туындаған келіспеушіліктерді шешу, атап айтқанда Ішкі мемлекеттік аудит нәтижелерімен келіспеу туралы Мемлекеттік аудит объектісінің қарсылығын қарау.

МАТ кеңесі Ақтөбе облысы бойынша Департаментте жүргізілген ішкі мемлекеттік аудиттің алдын ала қорытындыларын және № 10 аудиторлық есепке Қарсылық бойынша материалдарды зерделеп, МАТ мүшелерінің, сондай-ақ шақырылғандардың ақпаратын тыңдау және талқылау нәтижелері бойынша
А.А. Әлімбаевтың келтірілген дәлелдерін ескере отырып, ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1) заңды негіздердің болмауына байланысты №10 аудиторлық есепке қарсылықта көрсетілген дәлелдерді қабылдамауға;

2) Ішкі аудит департаменті (М. К. Татыбаев) Ақтөбе облысы бойынша Департаменттің атына қарсылыққа жауап жолдасын және Министрліктің интернет-ресурсында қарсылықты қарау қорытындыларын жарияласын.

 

Кеңес Төрағасы                                                                   С. Жақыпова

Кеңес Хатшысы                                                                   С. Керімбаев

Дата публикации
17 января 2025