Мемлекет басшысы 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан – 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауында халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету саясатын жаңғырту жөніндегі міндеттерді қойды.
Жұмыспен қамтудың белсенді саясатын жүргізу Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметінің негізгі әлеуметтік басымдықтарының біріне жатады. Лайықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету – халықты әлеуметтік қорғаудың негізі, адам ресурстарының әлеуетін дамытудың және іске асырудың маңызды шарты, қоғам игілігін өсірудің және өмір сүру сапасын арттырудың негізгі құралы.
Еліміздегі әлеуметтік-экономикалық өзгерістер барысында қарқынды дамып келе жатқан еңбек нарығы құрылды, халықтың экономикалық белсенділігі және жұмыспен қамтылу деңгейі артуда. Соңғы 12 жыл ішінде жұмыс істейтін тұрғындардың саны 6 698,8 мың адамнан 8 507,2 мың адамға көбейіп, ал жұмыссыздық деңгейі 2001 жылғы 12,8 %-дан 2012 жылдың соңына 5,3 %-ға төмендеді.
Жол картасы (2009 – 2010 жылдар) шеңберінде жұмыс орындарын сақтау және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің арнайы шараларын әзірлеу мен іске асыру әлемдік қаржылық-экономикалық дағдарыстың әсерімен байланысты уақытша экономикалық қиын жылдарында да жұмыспен қамтудың жоғары деңгейін сақтауға мүмкіндік берді.
Жұмыспен қамту 2020 жол картасы бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) 2009 және 2010 жылдардағы жол карталарын және Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын іске асырудың логикалық жалғасы болып табылады.
Бағдарлама дағдарысқа қарсы ден қою тетіктерін, еңбек нарығын реттеудің тиімділігін арттыру, оның ішінде еңбек нарығын болжау және мониторингілеу, табысы аз, жұмыссыз мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықты жұмыспен қамтудың белсендi шараларына тарту тетіктерін қамтиды.