Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік
анықтамалығын (66-шығарылым)
бекіту туралы
2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 16-бабының 16-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігі
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрлігі
бұйрығына қосымша
Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (66-шығарылым)
1-тарау. Кіріспе
2-тарау. Арнайы өндіріс бұйымдарын жөндеу және сынау жұмыстарына арналған разрядтар бойынша жұмысшы кәсіптерінің
тарифтік-біліктілік сипаттамалары
1-параграф. Атыстарды бақылап-қабылдаушы, 2-разряд
жақын қашықтықта жерде және бөгеттерге (қалқан, пакля, құм, жоңқа, броня және бетон қабырға) шағын калибрлі снарядтармен сынақ атыстарды қабылдау;
гранатометтерден атыстарды қабылдау және гранаталарды атыс позициясына жақын жинау;
жұмсақ топырақты құрастыру алаңдарында снарядтар мен арнайы бұйымдарды қазып алу;
алаңда жиналған снарядтарды тасымалдау;
қалқандағы ойықтардың координаттарын анықтау;
жерден жинақтау алаңында снаряд іздеу;
ұстағыштардан снаряд корпусын таңдау.
оқ-дәрілер туралы негізгі мәліметтер, оларды таңбалау және пайдалану қағидаларын;
бақылау пункттері мен құрастыру алаңдарының құрылысы мен орналасуын;
бұйымдарды іздеу қағидалары мен тәсілдерін;
1,5 метр тереңдікте снарядтарды топырақтан алу және оларды межелі жерге тасымалдау жөніндегі жер жұмыстарын жүргізу қағидалары мен дәйектілігін;
қалқандағы ойықтардың координаттарын өлшеу қағидаларын;
күрделі емес құралдарды пайдалану қағидаларын;
өндірілген жұмыстарға құжаттама ресімдеу қағидаларын.
2-параграф. Атыстарды бақылап-қабылдаушы, 3-разряд
орташа қашықтықтан жерде және жасанды бөгеттерден артиллериялық және минометтен атуды қабылдау;
атылған снарядтарды іздеу және олардың жерге түсу координаттарын анықтау;
жерде снарядтың көзге көрінетін жарылуын аспаппен белгілеу;
ұшақтарды сынау кезінде оқ-дәрілердің (радиожарғыштар, парашют бұйымдары, шамшырақ) іс-әрекетін бақылау;
1,5 метрден астам тереңдіктегі снарядтарды жерден қазып алу;
атылған сәттен бастап трасерлердің жану уақытын, түтіктің немесе жарғыштың іске қосылу уақытын өлшеу;
снарядтардың түскен орнының координаттарын айқындау.
артиллерия мен атқыш қару-жарақ туралы негізгі мәліметтерін;
баллистика туралы негізгі мәліметтерін;
сынақ жүргізу және снарядтар мен бұйымдарды атқаннан кейін оларды жинақтау әдістемесін;
атыс алаңы туралы негізгі мәліметтерін;
жергілікті жерде бағдарлау және топографиялық карталарды оқу қағидаларын;
жергілікті пәндер бойынша қашықтықты анықтау қағидаларын;
снарядтардың түскен орнының координаттарын айқындау тәсілдерін;
снарядтардың жарылуын бақылау аспабының көмегімен анықтау қағидаларын;
ұшақтардан сыналатын оқ-дәрілердің іс-қимылдарын бақылау қағидаларын;
бақылау аспаптарының (бинокль, буссоль, стереотруб және өзге де бақылау аспаптарының) құрылымы мен істеу принципін және оларды жұмыста пайдалану қағидаларын.
3-параграф. Атыстарды бақылап-қабылдаушы, 4-разряд
орташа қашықтықта жылжымалы нысандарды атуды қабылдау;
диаметрі мен тереңдігі бойынша және топырақтың сипатын бере отырып, воронкаларын өлшей отырып, ажырамаларының толықтығына орай атыстарды қабылдау;
зерттеуге жататын снарядтар мен арнайы бұйымдарды қадағалау және іздестіру;
сынамалы жарылмаған снарядтар мен арнайы бұйымдарды жерден қандай тереңдікте болса да алу;
рикошеттен атылған снарядтарды іздеу;
бақылау деректерін алғашқы өңдеу және сыналатын снарядтарды жинау.
орташа қашықтықта жылжымалы нысандарды ату кезінде снарядтар мен бұйымдарды сынау әдістемесін;
координаттық деректерді дайындау тәсілдерін және атыстарды түзету қағидаларын;
жарылмаған сынамалы снарядтарды жерден қазып алу жөніндегі нұсқаулығын;
снарядтардың ұшу бағытын және түскен жерін анықтау тәсілдерін.
4-параграф. Атыстарды бақылап-қабылдаушы, 5-разряд
алыс қашықтықта артиллериялық атыстар мен зымыран құрылғыларынан атуды кез келген жағдайда қабылдау;
бақылау аспаптарының көмегімен ауа жарылыстарының биіктігі мен координаттарын айқындау;
әрбір 10 сантиметр сайын тереңдігі мен диаметрін өлшей отырып және воронканың бойлық және көлденең эскизін жасай отырып, толық профилін анықтай отырып воронкаларды өлшеу;
орналасқан жерінде кертпені планшетте өңдеу және снарядтардың түскен жерінің нақты координаттарын анықтау;
артиллериялық шеңберді қолдана отырып, картадан нысанаға ату мен атудың негізгі бағытының дирекциялық бұрышы туралы түсінік.
зымыран қару-жарағы бойынша негізгі мәліметтерін;
артиллериялық және зымыран қару-жарақтарының барлық түрінен дүркін атыс кезінде түзету қағидаларын;
картадан дирекциялық бұрышты алу кезінде артиллериялық шеңберді пайдалану қағидаларын.
5-параграф. Аэростат аспаптарын жөндеуші слесарь, 2-разряд
қарапайым аэростат аспаптары мен механизмдерін жөндеу, құрастыру, реттеу және сынау;
бөлшектерді 12-14 квалитет бойынша (5-7 дәлдік класы) бойынша слесарлық өңдеу;
бөлшектерді ілу және пісіру бойынша құрастыру;
қарапайым бөлшектерді белгілеу;
бөлшектерді коррозияға қарсы өңдеу;
тесу және бұранда кесу станоктарында жұмыстарды орындау.
қарапайым жөнделетін аэростат аспаптарының, механизмдерінің құрылғысын, мақсаты мен жұмыс істеу принципін;
аспаптар мен механизмдерді жөндеуге және сынауға қойылатын техникалық шарттарын;
шектеулер мен қондырмалар, квалитеттер (дәлдік сыныптары) және кедір-бұдырлық параметрлері (өңдеу тазалығы сыныптары) туралы негізгі мәліметтер;
коррозияға қарсы майлар мен сылақтардың сорттары мен түрлерін;
орындалатын жұмыс көлеміндегі электротехниканың негіздерін.
1) «ГПВ-47» аспаптарының ауыспалы дискілері – жөндеу;
2) «ГВ» аспаптарының сорғылары – жөндеу, реттеу;
3) газоанализатор панельдері – жөндеу;
4) қарапайым аэростат аспаптар – жөндеу, реттеу;
5) құбырлар – ұштарын дәнекерлеу және бітеу.
6-параграф. Аэростат аспаптарын жөндеуші слесарь, 3-разряд
күрделілігі орташа аэростат аспаптарын жөндеу, құрастыру, реттеу және сынау;
әртүрлі дәнекерлермен (мыс, күміс және тағы басқалар) дәнекерлеу, аспаптарды бояу;
11-12 квалитет (4-5 класс дәлдігі) бойынша бөлшектер мен тораптарды слесарлық өңдеу және келтіру;
аспаптар мен механизмдерді құрастыру және сынау кезінде табылған ақауларды жою.
күрделілігі орташа жөнделетін аспаптар мен механизмдердің құрылғысын, мақсатын және жұмыс істеу принципін;
аспаптар мен механизмді сынауға және тапсыруға қоятын техникалық шарттарын;
аспаптардағы қарапайым кінәраттар және оларды жою тәсілдерін;
жөндеу кезінде қолданылатын металлдар мен қорытпалардың негізгі қасиеттерін;
сутегін пайдалану нұсқаулығын;
рұқсатнамалар мен қондырмалар, квалитеттер (дәлдік кластары) және кедір-бұдырлық параметрлері (өңдеу тазалығы кластары).
1) аэростат вертлюгаларды қадағалау және бөгеу – жөндеу, құрастыру;
2) «ГПВ-47», «ГВ-47» типтік газоанализаторы - жөндеу, құрастыру, реттеу;
3) «ИЗ-4М», «ИЗ-В-2» инерциялық үзбелер – жөндеу;
4) сутектің кему индикаторлары – жөндеу.
7-параграф. Аэростат аспаптарын жөндеуші слесарь, 4-разряд
күрделі аэростат аспаптар мен механизмдерін жауапты бөлшектер мен тораптарды келтіріп және жетілдіріп жөндеу, құрастыру, реттеу және сынау;
бөлшектерді 7-10 квалитет (2-3 класс дәлдігі) бойынша слесарлық өңдеу;
жөнделетін тораптар мен агрегаттарды орталықтау;
жөнделген аспаптарға паспорттар толтыру.
күрделі аэростат аспаптарының, механизмдері мен аппараттарының құрылғысын, мақсатын және жұмыс істеу принципін;
аспаптарды құрастыруға және сынауға қойылатын техникалық шарттарын;
аспаптар мен аппараттарды сынау, тарирлеу және реттеу тәсілдерін;
рұқсатнамалар мен қондырмалар, квалитеттер (дәлдік кластары) және кедір-бұдырлық параметрлерінің (өңдеу тазалығы кластары) жүйесін;
орындалатын жұмыс көлемінде механика мен электр техника негіздерін.
1) авто шығырлардың динамометрлер – жөндеу, тарирлеу;
2) тензиометрлер – жөндеу, тарирлеу.
8-параграф. Аэростат аспаптарын жөндеуші слесарь, 5-разряд
ерекше күрделі және жауапты аэростатты және ауамен балқыту аспаптарын жөндеу, құрастыру, реттеу және сынау;
бөлшектер мен тораптарды 6-7 квалитет (1-2 класс дәлдігі) бойынша слесарлық өңдеу және жетілдіру.
жөнделетін ерекше күрделі және тура аэростатты аспаптардың конструктивтік ерекшеліктерін және оларды реттеу мен тарирлеу тәсілдерін;
аспаптарды жөндеуге және сынауға қойылатын техникалық шарттарын;
барлық типтегі өзі жазатын аспаптардың кинематикалық схемасын.
1) «КГПВ-47» типтік газоанализаторлар – жөндеу, құрастыру, реттеу;
2) ерекше күрделі шығырлардың динамометрлері – жөндеу, сынау;
3) электрлік тензиометрлер - жөндеу, реттеу.
9-параграф. Аэростатшы, 1-разряд
такелаждың қарапайым бөлшектерін тазалау, жөндеу және жасау;
біліктілігі анағұрлым жоғары аэростатшының басшылығымен аэростаттың қабығын және оның керек-жарақтарын жөндеу.
такелаждың, аэростаттардың, газгольдерлердің негізгі түрлері мен мақсатын;
такелажға қойылатын негізгі талаптарын;
қарапайым тораптар мен бітіктерін;
аэростат пен газгольдердің әртүрлі түйіндеріне баратын заттың сыртқы түрі мен айырмашылығы;
бөлшектерді желімдеу және жөндеу кезінде бетін дайындау тәсілдерін.
1) газгольдерлерді ауыстыруға арналған жіп - жасау;
2) газгольдерлер - тесілген жерге жамау салу және көлемі 20 милиметрге дейінгі тесікті бітеу;
3) таспа - ауыстыру;
4) демалыс табандарының ілмектері - жасау;
5) әртүрлі ілмектер - өру;
6) газгольдердің шайбалары - ауыстыру.
10-параграф. Аэростатшы, 2-разряд
аэростат такелажының жиынтығына кіретін күрделілігі орташа бөлшектер мен керек-жарақтарды жасау;
аэростаттың қабығын және оның керек-жарақтарын ұсақ жөндеу;
біліктілігі анағұрлым жоғары аэростатшының басшылығымен барлық жүйенің тораптары мен бөлшектерін сынауға дайындау және сынау;
аэростаттың беріктігін сынауға қатысу.
аэростаттардың типіне байланысты такелаждың құрылысын және оларға қойылатын техникалық шарттарын;
аэростаттар мен газгольдерлердің құрылысын;
аэростаттар мен алмалы-салмалы такелажды сынау тәртібін;
сынау кезінде қолданылатын машиналардың, механизмдер мен аспаптардың қызмет істеу принципін;
сынаудан кейін тексеру жүргізу тәртібін;
такелаж үшін қолданылатын материалды, оның қасиеттері мен ерекшеліктерін;
қарапайым тораптардың, өрмелер мен бітіктердің типтерін;
газгольдерлерді орташа жөндеуге, желімді сынауға арналған техникалық шарттар;
ақаулықтардың түрлерін және олардың алдын алу және жою тәсілдерін.
1) жапсырмалар - орнату;
2) газгольдерлер - жартылай сақинаны ауыстыру;
3) такелаж табанның ілмектері - жасау;
4) жарылатын айлабұйымдар - бітеу;
5) демалу такелажын - жасау;
6) қабығының трапециясы (алғашқы) - ауыстыру.
11-параграф. Аэростатшы, 3-разряд
аэростат қабығын орташа жөндеу және оның керек-жарақтары;
аэростат такелажының жиынтығына кіретін күрделі бөлшектер мен керек-жарақтарды жасау;
такелаж материалдарын сынау.
аэростаттар мен газгольдерлерді жасау кезінде қолданылатын материалдардың мақсатын, қасиеттері мен ерекшеліктерін;
аэростаттар мен газгольдерлердің беріктігін сынау жөніндегі нұсқаулығын;
резиналанған мата мен зығыр арқанның беріктігінің нормаларын;
сынау кезінде қолданылатын механизмдер, аспаптар мен құрылғылар;
сынаудан кейін тексеру жүргізу қағидаларын;
ақаулықтарды анықтау және жою тәсілдерін.
1) аэростаттар - такелаж табанды ауыстыру;
2) жіп – қара май жағу;
3) газоанализаторлар – сынау және бақылау;
4) қабық трапециясының топтары - ауыстыру;
5) «ГВ-47» аспаптарынан сорғылар - сынау;
6) байланатын такелаж - жасау;
7) тор тораптар - байлау;
8) тіректің тартпа белдіктері - ауыстыру;
9) тірек трапециясы - ауыстыру;
10) такелаж - сынау;
11) қатты арқан - бітіктер;
12) шлангылар, аппендикстер, белдіктер мен табандар - жасау.
12-параграф. Аэростатшы, 4-разряд
барлық жүйенің аэростаттарын сынау;
сынақ қорытындысы бойынша қорытындыны дайындау;
аэростаттар мен газгольдерлерді жөндеу;
аэростат жиынтығына кіретін барлық аспаптарды сынау;
көтеруге дайындау және аэростаттарды дала жағдайында көтеру.
аэростаттар мен газгольдерлер жиынтығына кіретін аэростаттары мен газгольдерлерін барлық жүйелердің, такелажды және керек-жарақтарын сынауды жүргізуге арналған техникалық шарттар;
бұйымдарды сынауға құжаттаманы ресімдеу қағидаларын;
аэростаттарды көтеруге дайындау тәртібін және оларды көтеру қағидаларын;
аэростаттардың бивакта толық күйінде болу тәртібін;
аэростаттарды көтеру кезінде аэрометеорологиялық жағдайдың ерекшеліктерін.
1) аэростаттар – тұтас жайманы ауыстыру;
2) газгольдерлер - аппендиксті ауыстыру;
3) корм конусы – жасау және орнату;
4) аэростат қабығы – беріктігін сынау;
5) стабилизаторы - құрастыру.
13-параграф. Әскери және арнайы машиналарды жөндеуші слесарь,
1- разряд
әскери және арнайы машиналардың жекелеген қарапайым бөлшектері мен тораптарын демонтаждау, бөлшектеу, жинақтау және орнату;
қолмен кескішпен қысқарту және шабу;
қабыршақтарды, майысуларды, дәнекерлеу жіктерін аралау және тазалау;
бөлшектерді жуу, тазалау және майлау;
қол қайшылармен және қол аралармен шыбықтан және жапырақтан жасалған дайындамаларды кесу;
фаскаларды түсіру, бұранданы айдау;
пневматикалық және электр машиналармен белгі әрі контур бойынша тесіктер тесу;
машиналарды, механизмдер мен тораптарды бөлшектеу кезінде дайындық жұмыстарды орындау.
әскери және арнайы машиналардың қарапайым тораптары мен бөлшектерінің құрылғысын және оларды демонтаждауға, бөлшектеуге, құрастыруға қойылатын техникалық шарттарын;
қарапайым слесарлық және өлшегіш құралдардың мақсаты мен қолдану қағидаларын;
электрлік және пневматикалық тескіш машиналарда жұмыс істеу қағидаларын;
жөнделетін бөлшектердің номенклатурасын.
1) агрегаттар, тораптар мен бөлшектер – бөлшектеу, жуу және жөндеу орнына тасымалдау;
2) болттар, винттер, гайкалар – бұранданы келтіру;
3) қосалқы бактарды бекіту бонкалары, қапсырмалары, планкалары мен кронштейндері, қосалқы бөлшектер, құрал-саймандар мен аспаптардың жиынтығы, боеукладкалар - демонтаждау, жөндеу және шаблондар бойынша орнату;
4) қосалқы бөлшектер, құрал-саймандар мен аспаптардың жиынтығы, қосалқы трактар, сыртқы бактар, тіркеме тростар – түсіру;
5) әртүрлі бөлшектер – ауамен тазалау, жуу, ысқылау, үрлеу, пісіру бойынша жарықтарды бітеу;
6) табақты материал – қол қайшылармен, қол аралармен тіке сызықты кесу және түзету;
7) машиналар мен агрегаттар – суды, отынды, майды төгу;
8) қарапайым конфигурациялы әртүрлі астарлар – шаблон немесе орны бойынша жасау;
9) газ құбырлары – қол аралармен кесу;
10) құбырлар – иілту үшін құммен толтыру;
11) әмбебап қамыттар, әртүрлі материалдардан жасалған және әртүрлі өлшемдегі қапсырмалар – жасау және құрастыру;
12) тістегершіктер, біліктер мен басқа да бөлшектер – механикалық өңдеуден кейін қабыршықтарды тазалау;
13) сазды қалқандар, артқы – түсіру және орнату.
14-параграф. Әскери және арнайы машиналарды жөндеуші слесарь,
2-разряд
әскери және арнайы машиналардың қарапайым тораптары мен механизмдеріне техникалық қызмет көрсету, демонтаждау, жөндеу, құрастыру, реттеу және сынау;
әмбебап құрылғыларды қолданып, 12-14 квалитет (5-7 класс дәлдігі) бойынша бөлшектерді слесарлық өңдеу және келтіру;
ілестіру және пісіру бойынша бөлшектер мен тораптарды құрастыру;
бұранданы белгілер мен плашкалармен кесу;
қарапайым бөлшектерді белгілеу;
кескіш және слесарлық құралдарды қайрау және түзету;
машиналар мен агрегаттарға май, отын, су құю;
күрделі емес тораптар мен агрегаттарды машинаның сыртына және ішіне орнату;
жөнделетін тораптардың, механизмдер мен агрегаттардың, жауынгерлік және арнайы машиналардың құрылысы мен мақсатын;
қарапайым тораптар мен агрегаттарды бөлшектеуге, құрастыруға, реттеуге және сынауға арналған техникалық шарттарын;
белгілеуші, кесуші, электр, пневматикалық және бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарын қолдану қағидаларын;
сымдар мен тростарды жетілдіру, дәнекерлеу тәсілдерін;
рұқсатнамалар мен қондырмалар, квалитеттер (дәлдік кластары) және кедір-бұдырлық параметрлерінің (өңдеу тазалығы кластары) туралы негізгі мәліметтерін;
орындалатын жұмыс көлемінде металл технологиясы туралы негізгі мәліметтерін;
жөнделетін қарапайым тораптар мен бөлшектердің сызбаларын.
1) әуе баллондары, сыртқы бактар, қосалқы бөлшектер, құрал-саймандар мен аспаптардың жиынтығы, қосалқы трактар, тіркеме тростар – машиналарға орнату;
2) қарулар жинағыш – түсіру, бөлшектеу, құрастыру және орнына салу;
3) алынбалы-салынбалы бронь, бронь тығындары, түптегі және қозғалтқыштағы люктердің қақпақтары – түсіру және келтіріп орнына салу;
4) кардан біліктері – түсіру, бөлшектеу;
5) сөндіргіштер және қозғалтқыштың шығарынды құбырлары – түсіру және орнату;
6) металл және резеңке-металл шынжыр табандар – бөлшектеу;
7) жалюзи, жалюзи торлары - түсіру, бөлшектеу;
8) қалқыма машиналардың кингстондары – түсіру, бөлшектеу;
9) жетекші және бағыттаушы доңғалақтар, тірек және ұстап тұратын каткалар – бөлшектеу;
10) бронь тасымалдағыш доңғалақтар – түсіру және орнату, шиналарды демонтаждау және монтаждау;
11) қарапайым кронштейндер – жасау;
12) корпус қақпақтарының табақтары – орнату, бекіту;
13) командир мен жүргізушінің люктері, атылған гильзаларды лақтыратын люктер – түсіру, бөлшектеу;
14) люк қақпақтарын жабатын механизмдер – түсіру және орнату;
15) су астында жүргізуге арналған жабдықтар – түсіру, бөлшектеу, құрастыру;
16) мотор далдалары, қанаттар, кронштейндер, шынжыр табан астына қойылатын сөрелер – түсіру, бөлшектеу, жөндеу, құрастыру және келтіріп орнату;
17) мұнара погоны – тығыздағышты орнату;
18) едендер мен платформалар – түсіру, бөлшектеу;
19) байқау аспаптары – түсіру;
20) картоннан, парониттен, резеңкеден жасалған арнайы астарлар-жасау;
21) резеңке астарлары – корпус пен мұнараға жабыстыру;
22) доңғалақтары бар машиналардың рессорлары-бөлшектеу, құрастыру, орнату;
23) рычагтар, тығыздама құрсаулары, сателлиттер, манжеттер-бөлшектеу, құрастыру;
24) экипажға арналған орындықтар – түсіру, бөлшектеу;
25) айналатын еденнің тумбасы – орнату;
26) тартымдардың тіркеме құрылғылары – түсіру, бөлшектеу;
27) қатты және жұмсақ тазалайтын фильтрлер – бөлшектеу, құрастыру;
28) дюритті шлангтар – герметикалығына сынау;
29) экрандар (бүйір қалқандары) – түсіру.
15-параграф. Әскери және арнайы машиналарды жөндеуші слесарь,
3-разряд
жеңіл танктерді, артиллериялық тартқыштарды, бронетранспортерлерді және олардың шассиіне орнатылған арнайы машиналарды агрегаттар мен тораптарға бөлшектеу;
стендте техникалық қызмет көрсету, бөлшектеу, құрастыру, реттеу, сынау;
күрделілігі орташа агрегаттар мен тораптарды орнату және орталықтау;
әмбебап аспаптарды қолданып, 11-12 квалитет (4-5 класс дәлдігі) бойынша бөлшектер мен тораптарды слесарлық өңдеу, жасау және келтіру;
құрастыру жұмыстарын орындау кезінде бөлшектер мен тораптарды жону, ысқылау және түзету;
бөлшектер мен тораптарды пісіретін және салатын жерлерін белгілеу;
корпус пен мұнара бөлшектерінде тесіктер тесу және жазу;
күрделігі орташа тораптарды құрастыру және сынау кезінде анықталған ақауларды жою.
жөнделетін машиналардың күрделілігі орташа тораптары мен агрегаттарының құрылғысын, мақсатын, жұмыс істеу принципін;
жауынгерлік және арнайы машиналарды бөлшектеуге, күрделілігі орташа агрегаттарды орнатуға және ортаға дәл келтіруге, жинауға, реттеуге және сынауға арналған техникалық шарттар мен нұсқаулықтар;
машиналардың тораптары мен агрегаттарын құрастыру, сынау және реттеу кезінде пайда болатын ақауларды жою тәсілдерін;
жөндеу кезінде қолданылатын әмбебап және арнайы құрылғылардың құрылғысын;
слесарлық-құрастыру құралы және бақылау-өлшеу аспаптарын;
рұқсатнамалар мен қондырмалар, квалитеттер (дәлдік кластары) және кедір-бұдырлық параметрлерін (өңдеу тазалығы кластары);
сызу және металл технологиясының негіздерін.
1) машиналардың тәжірибелік үлгідегі агрегаттары мен тораптары – оларды орнатқаннан және орталағаннан кейін бекіту;
2) гидравликалық амортизаторлар, желдеткіштер, гитарлар, негізгі және бортты фрикциондары, айналымның планетарлық механизмдер – бөлшектеу;
3) балансирлер, домалақтары бар құрастырылатын балансирлер – құрастыру, жөндеу, бөлшектеу;
4) әуе баллондары және «ППО» – жөндеу, құрастыру, сынау;
5) мұнаралар, погондар, кішкене мұнаралар, айналма механизмдер – түсіру, бөлшектеу;
6) цилиндр блоктары – түсіру;
7) иінді біліктер, блоктардың қалпақшалары, айдамалағыштар – бөлшектеу;
8) кардан біліктері – жөндеу, құрастыру, реттеу;
9) бұрамалар – бөлшектеу, құрастыру, сынау, орнату;
10) ауа тазалағыштар, қыздыру қазандықтары – жөндеу, орнату;
11) балансирлердің төлкелері – орнату;
12) металл және резеңке-металл шынжырлы табандар – құрастыру;
13) суатқыш қозғалтқыштар, «765» типтік бұйымдардың есіктері-бактары – түсіру, құрастыру;
14) қуаты 100 ат күшіне дейін бір қатарлы іштен жанатын қозғалтқыштар – бөлшектеу;
15) тісті дискілері – тістерді шаблондар бойынша келтіру;
16) картерлер – бергіш мойынтіректер бойынша тесіктерді жөндеу;
17) төменгі картер – үстіңгі картермен тігу;
18) қалқыма машиналардың кингстондары – құрастыру, тоқтату;
19) жетекші және бағыттағыш доңғалақтар, тірейтін және ұстап тұратын дөңгелектер – құрастыру;
20) бронь тасымалдағыштың корпусы – жөндеу;
21) арнайы машиналардың кузовтары – орнату және шассиге бекіту;
22) дөңгелегі бар машиналардың жетекші көпірлері – бөлшектеу;
23) айдамалағыштар, иінді біліктер, блоктардың қалпақшалары – бөлшектеу;
24) су, май, отын басқылағыш сорғылар – бөлшектеу, құрастыру;
25) жоғары қысымды отын сорғылары – бөлшектеу;
26) тіреу мойынтіректері – иінді білікке орнату;
27) байқау аспаптары – орнату;
28) басқару жетектері, түзеткіш және ауыспалы біліктер, тізгінді қораптар, жылдамдық вилкалары, кулистер, мұнара бекіткіштері, сервомеханизмдер – түсіру, бөлшектеу, құрастыру;
29) «915» типтік бұйымдардың пневматикалық рессорлары – түсіру, бөлшектеу, құрастыру;
30) жүргізушінің отындығы – орнату және салу;
31) гидравликалық және пневматикалық тежегіштер – түсіру;
32) артиллериялық тартқыштардың тіркеме құрылғылары – орнату, құрастыру;
33) шынжыр табан машиналардың жүретін бөлігі – түсіру.
16-параграф. Әскери және арнайы машиналарды жөндеуші слесарь,
4-разряд
орташа және ауыр танкілердің агрегаттары мен тораптарын және шасси жөнделген арнайы машиналарды бөлшектеу;
әскери және арнайы машиналардың күрделі әрі жауапты тораптары мен агрегаттарына техникалық қызмет көрсету, құрастыру, реттеу және сынау;
негізгі агрегаттар мен механизмдерді орталықтап, жеңіл танктерді, артиллериялық тартқыштар мен бронь тасымалдағыштарды құрастыру және стационарлық сынақтар жүргізу;
7-10 квалитет (2-3 класс дәлдігі) бойынша бөлшектер мен тораптарды слесарлық өңдеу және келтіру;
танктер мен бронь тасымалдағыштардың корпустары мен мұнараларын жөндеу;
күрделі тәжірибелі тораптарды, агрегаттар мен машиналарды бөлшектеу, күрделілігі орташа тәжірибелі тораптар мен агрегаттарды құрастыру және сынау.
жөнделетін агрегаттардың және әскери әрі арнайы машиналардың конструкциясын, құрылғысын, жұмыс істеу принципін, техникалық сипаттамасын;
негізгі агрегаттар мен механизмдерді орнату мен орталықтандыруға және жеңіл танктерді, өздігінен жүретін артиллериялық қондырғыларды, артиллериялық тартқыштар мен бронетранспортерлерді стационарлық сынауға арналған техникалық шарттар мен нұсқаулықтар;
механика және металдарды өңдеудің технологиясының негіздерін;
рұқсатнамалар мен қондырмалар, квалитеттер (дәлдік кластары) және кедір-бұдырлық параметрлерінің (өңдеу тазалығы кластары) жүйесін;
күрделі монтаждау схемаларын және технологиялық карталарын.
1) қозғалтқыштардың аспалы агрегаттары – қозғалтқышты машинадан алмай ауыстыру және реттеу;
2) май және отын бактары, сумен әрі маймен істейтін радиаторлар – сынау, машинаның ішінде монтаждау;
3) машиналарда торсиондармен теңгеру – монтаждау;
4) кіші мұнаралар – жөндеу, құрастыру және машинаға орнату;
5) бронь тасымалдағыштар, жеңіл танкілер, өздігінен жүретін артиллериялық қондырғылар – жалпы құрастыру және стационарлы сынау;
6) генератор жетегінің біліктері – генератор білігімен біліктестігін тексеру;
7) негізгі, жүк, аралық беріліс қораптарының, планетарлық механизмдердің біліктері – тістегершіктер мен мойынтіректердің іліністерін реттеп құрастыру;
8) кардан біліктері – орнату;
9) қалқыма машиналардың ескіш бұрамалары – бейінді қалпына келтіру және теңгеру;
10) «765» типтік бұйымның есіктері-бактары – құрастыру, сынау;
11) іштен жанатын қозғалтқыштар бір қатарлы (бензинді) – құрастыру, реттеу;
12) дизельді және у-секілді іштен жанатын қозғалтқыштар, автоматты және планетарлық беріліс қораптары, гидро басқарылатын – бөлшектеу;
13) қозғалтқыштар, беріліс қораптары, жеңіл танктердің, бронь тасымалдағыштардың, артиллериялық тартқыштардың – орнату, орталау;
14) фрикцион конустары, конустың тістегершіктер, бұрамдық жұптар, мойынтіректердің ұяшықтары – жұптарды іріктеу, ысқылау, келтіру және жону;
15) шынжырлы табан машиналарының корпустары – сынауға дайындау және герметикалығына сынау;
16) корпус пен мұнара - техникалық шарттар мен сызбаларға сәйкес бөлшектер мен тораптарды қиыстырып келтіру және түпкілікті тексеру;
17) командирдің, жүргізушінің, атылған гильзаларды лақтыратын люктер – құрастыру, сынау, келтіріп орнату;
18) жоғары қысымды отын сорғылары – бөлшектеу;
19) май, су, отын басқылайтын сорғылар – сынау;
20) су астында жүргізуге арналған жабдықтар – орнату, сынау;
21) бортты берілістер – тістегершіктердегі саңылаулар бойынша және мойынтірек сақиналарын картер ұяшықтарына іріктеу;
22) погондар - монтаждау;
23) желдеткіш пен компрессордың жетектері – құрастыру;
24) басқару жетектері – орнату және реттеу;
25) жылдамдықты реттегіш, әмбебап (гидравликалық) – құрастыру, орнату;
26) шынжырлы табан машиналардың жүріс бөлігі – монтаждау;
27) барлық типтегі эжекторлары – құрастыру, орны бойынша келтіріп орнату.
17-параграф. Әскери және арнайы машиналарды жөндеуші слесарь,
5-разряд
әскери және арнайы машиналардың ерекше күрделі әрі жауапты агрегаттары мен механизмдеріне техникалық қызмет көрсету, құрастыру, реттеу, сынау және тапсыру;
өздігінен жүретін артиллериялық қондырғыларды, орта және ауыр танктерді, артиллериялық тартқыштарды және олардың базасында құрастырылған арнайы машиналарды құрастыру;
негізгі агрегаттар мен механизмдерді орталау және орнату, стационарлық сынау;
стендтерде тәжірибелі тораптар мен агрегаттарды толық құрастыру, реттеу және сынау;
6-7 квалитет (1-2 класс дәлдігі) бойынша бөлшектер мен тораптарды слесарлық өңдеу, келтіру және жетілдіру;
ерекше күрделі конфигурациялы бөлшектер мен тораптарды статистикалық және динамикалық теңгеру;
негізгі агрегаттарды, механизмдер мен машиналарды құрастыру және сынау кезінде анықталған ақауларды жою;
тапсыру құжаттарын ресімдей отырып, машиналарды техникалық бақылау бөліміне тапсыру.
барлық модельдегі әскери және арнайы машиналардың конструктивтік ерекшеліктерін, олардың техникалық және пайдалану сипаттамаларын;
тәжірибелік агрегаттар мен машиналардың құрылысын, жұмыс істеу принципін, мақсатын;
өздігінен жүретін артиллериялық қондырғыларды, орташа және ауыр танктерді құрастыруға және сынауға арналған техникалық шарттар мен нұсқаулықтар;
металл технологиясының негіздерін;
сынақ стендтердің құрылғысын;
машиналарды техникалық бақылау бөліміне тапсыру тәртібін.
1) «АДУ-2с» типтік қысым автоматтары – құрастыру, сынау;
2) гидравликалық амортизаторлар, желдеткіштер, негізгі және бортты фрикциондар, айналымның планетарлық механизмдері, борт берілістері, борт редукторлары, суатқыш қозғалтқыштар, беріліс қораптары – құрастыру, реттеу және сынау;
3) мұнара - монтаждау;
4) ауа таратқыш – орнату және реттеу;
5) цилиндрлердің гильзалары – ысқылау және орнату;
6) дизельді және у-секілді қозғалтқыштар – құрастыру;
7) қуаты 100 ат күшінен артық бензинді қозғалтқыштар – реттеу және сынау;
8) қозғалтқыштар, беріліс қораптары, бортты планетарлық трасмиссиялар және орташа және ауыр танктердің негізгі редукторлары – орнату, реттеу және орталықтау;
9) бронь корпустар мен мұнаралары – тахникалық шарттарға және сызбаларға сәйкес толық салыстырып тексеру;
10) теңгерім кронштейндері, тежегіш асты фундаменттері, беріліс қораптарының тіректері мен гитары, артжүйе бекіткіштерінің цапфтары, зеңбіректің көтергіш механизмдерінің кронштейндері – жөндеу, орны бойынша келтіріп ауыстыру;
11) тәжірибелік үлгідегі түрлі жүйелердің клапанды механизмдері – құрастыру, реттеу;
12) танктердің көтергіш және айналма механизмдері – құрастыру, реттеу, сынау;
13) айдағыштар - құрастыру;
14) жоғары қысымды отын сорғылары, форсункалар – стендте реттеу, сынау;
15) үстіңгі және астыңғы картердегі қозғалтқыштардың берілстері – құрастыру, реттеу;
16) мұнара погондары - құрастыру;
17) басқару жетектері – құрастырылған машинада толық реттеу, саңылауларды, еркін жүрістерді және рычагтағы күшейткіштерді өлшеу;
18) жаппай талқандайтын қарудан, өртке қарсы жабдықтардан қорғайтын автоматтық жүйе, отынмен, ауамен, маймен қоректену жүйесі – салқындату, монтаждау, сынау;
19) танктердің жүретін бөлігі – шектер бойынша салу;
20) шатундар – салмағы бойынша жинақтау.
18-параграф. Әскери және арнайы машиналарды жөндеуші слесарь,
6-разряд
6 квалитет (1 дәлдік сыныбы) бойынша бөлшектерді қиыстыра отырып, тәжірибелік эксперименттік машиналарды, ерекше күрделі және жауапты тораптар мен механизмдерді құрастыру, реттеу, ортаға дәл келтіру);
әскери машиналардың ерекше күрделі арнайы тораптарын, механизмдері мен аспаптарын құрастыру, реттеу және сынау;
эксперименталды машиналар мен механизмдерді құрастыру және реттеу кезінде анықталған ақауларды жою;
пайдалану сипаттамасын түсіріп машиналардың дұрыс құрастырылғанын тексеру.
тәжірибелік машиналар мен механизмдерді құрастыруға, реттеуге және ортаға дәл келтіруге арналған конструктивтік ерекшеліктер, құрылғы, кинематикалық схемалар және техникалық шарттар;
ерекше күрделі арнайы механизмдерді, аспаптар мен жүйелерді құрастыруға, реттеуге және сынауға арналған техникалық шарттар;
машиналардың дұрыс құрастырылуын тексеруге және пайдалану сипаттамасын түсіруге арналған нұсқаулықтарын.
1) қозғалтқыштардың газ таратқыштары – орнату, реттеу;
2) «ГТД-100» типтік газтурбиналық, «5ТДФ» типтік дизелдік қозғалтқыштар – құрастыру, реттеу;
3) автоматтық, планетарлық, гидробасқарылатын беріліс қораптары – құрастыру, реттеу, сынау;
4) арнайы жабдықтар (тұрақтандырғыш жүйелер, инфрақызыл техника аспаптары) - құрастыру, реттеу және сипаттамасын түсіріп сынау.
19-параграф. Әскери және арнайы машиналардың жүргізушісі
әскери және арнайы машиналарды (танкілерді, өздігінен жүретін құрылғыларды, бронетранспортерлерді, арттягачтар мен өзге де оның базасында монтаждалған машиналарды) көлікке арту және одан түсіру кезінде, жөндеу үшін цехтарға жіберу үшін, сынауға байланысты емес өзге жағдайларда көшіру үшін басқару;
әскери және арнайы машиналарға техникалық қызмет көрсету және ағымдағы жөндеу;
машина жұмысындағы ақауларды анықтау және жою;
машиналарға жанар және жағармай материалдарын құю.
машинаның құрылысын, оны пайдалану, техникалық күту және алдын-ала жөндеу қағидалары мен нұсқаулығын;
жанар және жағармай материалдардың жұмсау нормаларын;
машинаны көлікке арту және тиеу қағидаларын;
әскери және арнайы машиналарды жөндеу жөніндегі слесарь үшін көзделген көлемде слесарлық іс, алайда жүргізушіге берілген разрядтан бір разрядқа төмен.
Жеңіл танкілер мен артжетектерді, бронетранспортерлер мен олардың базасында монтаждалған әскери және арнайы машиналарды басқару кезінде - 4-разряд.
Орташа және ауыр танкілер мен артжетектерді және олардың базасында монтаждалған әскери және арнайы машиналарды басқару кезінде - 5-разряд.
Ескерту:
әскери және арнайы машиналардың жүргізушісінің автомобиль жүргізушісі куәлігі болуы керек.
20-параграф. Әскери және арнайы машиналардың электр жабдықтарын жөндеу жөніндегі слесарь-электрик, 2-разряд
жеңіл танк, бронетранспортерлер, арттартқыштар типті әскери және арнайы машиналардан және солардың базасында монтаждалған машиналардан электр жабдықтарды түсіру;
әмбебап құрылғылар мен құралдарды пайдаланып, қарапайым тораптарды, агрегаттарды және электр жабдықтардың арматураларын бөлшектеу, жөндеу, құрастыру және орнату;
12-14 квалитет (5-7 класс дәлдігі) бойынша бөлшектер мен тораптарды слесарлық өңдеу және келтіру;
электр жабдықтардың бөлшектері мен аспаптарын қысылған ауамен тазалау, ысқылау және үрлеу;
оқшаулағыш және сортты материалдардан дайындалған қарапайым бөлшектерді жасау;
сымдарды дәнекерлеу (қалайылау), кабельдердің, біріктіргіш муфталар мен қораптарын шеттерін бітеу;
сызбалар мен шаблондар бойынша қажетті ұзындықта сымдар дайындау;
сымдар мен кабельдердің оқшаулау кедергілерін тексеру және өлшеу.
әскери және арнайы машиналардың жөнделетін электр жабдықтарының мақсатын, құрылғысын және жұмыс істеу принципін;
дәнекерлеу кезінде қолданылатын дәнекерлер мен флюстерді;
оқшаулағыш материалдарды, тораптар мен аспаптарды біріктірудің қарапайым электр монтаждау схемаларын;
рұқсатнамалар мен қондырмалар, квалитеттер (дәлдік кластары) және кедір-бұдырлық параметрлер (өңдеу тазалығы кластары) туралы негізгі мәліметтер;
орындалатын жұмыс көлемінде электр техника және металл технологиясының негіздерін;
1) аккумуляторлар – түсіру және орнату;
2) аккумулятордың қорғау блоктары – құрастыру;
3) кабель вилкалары мен муфталары – жөндеу;
4) байланыстырғыш құрылғылардың сөндіргіштері - бөлшектеу, құрастыру;
5) жарықтандыру желі штепсельді ұяшықтарының сөндіргіштері - схема бойынша орнату;
6) бөлшектер – күйіктен және коррозиядан тазарту;
7) пресшпаннан, текстолиттен жасалған бөлшектер – жасау;
8) сымдардың, кабельдердің жгуттары – бөлшектеу;
9) кронштейні бар жарық түсіргіш қораптар – құрастыру;
10) балқымалы сақтандырғыштар – ауыстыру, жөндеу;
11) тоқтатқыштар-бөліп-таратқыштар, шамдар – байланыстырғышта тазалау;
12) сымдар – қалайылау, дәнекерлеу, ұштарын бітеу;
13) ажыратқыштар, ауыстырып-қосқыштар, сақтандырғыш қораптар – бөлшектерді ауыстыру;
14) сымдар мен кабельдерді тартуға арналған құбырлар – жасау;
15) фарлар, габаритті фонарлар, жарық түсіргіш плафондар, дыбыс сигналдары – түсіру және орнату;
16) щетка ұстағыштар – бөлшектеу, құрастыру.
21-параграф. Әскери және арнайы машиналардың электр жабдықтарын жөндеу жөніндегі слесарь-электрик, 3-разряд
орташа және жеңіл танктер типті әскери машиналардан және олардың базасында жөнделген арнайы машиналардан электр жабдықтарды түсіру;
күрделі емес аспаптар мен электр агрегаттарды құрастыру, реттеу және сынау;
күрделілігі орташа электр жабдықтардың аспаптары мен агрегаттарын бөлшектеу;
бөлшектер мен тораптарды 11-12 квалитет (4-5 класс дәлдігі) бойынша слесарлық өңдеу және келтіру;
электр желілер мен сымдарды құбырлар бойынша тарту және оларды сызбалар мен күрделілігі орташа схемалар бойынша топтап біріктіру;
түрлі қимада 25 данаға дейін сымдары бар біріктіру жәшіктерінің электр схемаларын байлау;
аспаптар мен аппаратураларды қоректендіру көздеріне қосу, орамдарға сіңдіру және кептіру.
әскери және арнайы машиналардың жөнделетін тораптары мен агрегаттарының құрылғысын, жұмыс істеу принципін және мақсатын;
электр жабдықтардың күрделі емес агрегаттарын жөндеуге, құрастыруға және сынауға қойылатын техникалық шарттарын;
күрделілігі орташа электрмен монтаждау схемаларын;
рұқсатнамалар мен қондырмалар, квалитеттер және кедір-бұдырлық параметрлерін;
орындалатын жұмыс көлемінде электр техникасын.
1) «АЗС» және «АЗР» типті желілерді қорғау автоматтары, «АС» сигнал беру автоматтары, «Б-3», «БГ-3-26» типті қоректену блоктары – бөлшектеу;
2) генераторларды қосу механизмдері – жөндеу, құрастыру, реттеу;
3) «СУЗГА-2» типтік жарық бергіштер – жөндеу, құрастыру, реттеу;
4) тұтандыруды таратқыш – тұтандыруды орнату, бөлшектеу;
5) реле-реттегіштер, «PCT-15A» типтік реле, «КРР-2», «КР-6», «КР-40» типтік реле қораптары – бөлшектеу;
6) «ВКУ-27», «ВКУ-330-1» типтік байланыстырғыш айналма құрылғылар-бөлшектеу;
7) фарлар, габаритті фонарлар, дыбыс сигналдары, тұтандыру тұйықтандырғыштары, тарамдану қораптары – жөндеу, құрастыру, реттеу;
8) электр аспаптардың қалқандары, жүргізуші-механик қалқандары – бөлшектеу;
9) «ГСР-900», «ГСР-18000», «ПР-600», «ПО-750», «ПО-4500» типтік электр агрегаттар - бөлшектеу;
10) «ПМБ-55», «МВ-42», «МВ-67», «МВП-2», «МУ-431» типтік электр қозғалтқыштары бөлшектеу;
11) генераторлардың, стартерлердің зәкірлері - теңгеру.
22-параграф. Әскери және арнайы машиналардың электр жабдықтарын жөндеу жөніндегі слесарь-электрик, 4-разряд
жеңіл танк, бронетранспортерлер, артиллериялық тартқыштар типті әскери машиналарына және солардың базасында монтаждалған арнайы машиналарға электр жабдықтарды орнату;
күрделілігі орташа электр жабдықтардың агрегаттары мен аспаптарын жөндеу, құрастыру және реттеу, сынау және тапсыру;
электр жабдықтардың күрделі және негізгі агрегаттары мен аспаптарын бөлшектеу;
бөлшектер мен тораптарды 7-10 квалитет (2-3 класс дәлдігі) бойынша слесарлық өңдеу және келтіру;
электр жабдықтардың агрегаттары мен аспаптарын жинақтау, орнату және сынау кезінде анықталған ақауларды жою.
әскери және арнайы машиналардың жөнделетін күрделі және негізгі электр жабдық агрегаттары мен аспаптарының құрылғысын, мақсатын және жұмыс істеу принципін;
электр жабдықтарды жөндеуге, құрастыруға, реттеуге және орнатуға қойылатын техникалық шарттар;
машина электр жабдықтарының монтаждау схемаларын;
рұқсатнамалар мен қондырмалар, квалитеттер және кедір-бұдырлық параметрлерінің жүйелерін;
орындалатын жұмыс көлемінде электр техника мен металл технологиясын.
1) «АЗС», «АЗР» типтік желіні қорғау автоматтары, «АС» сигнал беру автоматтары – жөндеу, құрастыру, сынау;
2) «Г-731», «Г-5», «Г-111», «Г-261», «ВГ-7500», «Г-55» типтік генераторлар, «СГ-10» типтік стартер-генераторлар, «CT-16M», «С-5», «СТ-700», «СТ-8Б» типтік стартерлер, «СП-24», «СП-14», «СП-106» спидометрлер – бөлшектеу;
3) «ГПК-48», «ГПК-59» типтік гирожартылайкомпастар – бөлшектеу;
4) тұтандыруды таратқыш – тұтандыруды орнату, бөлшектеу;
5) реле-реттегіштер, «PCT-15A» типтік реле, «КРР-2», «КР-6», «КР-40» типтік реле қораптары – жөндеу, құрастыру, реттеу;
6) электр машиналы күшейткіштер, «ПАГ-1Ф» типтік түрлендіргіштер - бөлшектеу;
7) «ВКУ-27», «ВКУ-330-1» типтік байланыстырғыш айналма құрылғылар - құрастыру, сынау;
8) электр жетек қалқандары, жүргізуші-механик қалқандары - бөлшектеу, жөндеу;
9) «МПБ-55», «МВ-42», «МВ-67», «МУ-431» типтік электр қозғалтқыштар - жөндеу, құрастыру, реттеу, сынау;
10) «ЭК-48» типтік электрпневмоклапандар, электр магниттер - жөндеу, құрастыру, сынау.
23-параграф. Әскери және арнайы машиналардың электр жабдықтарын жөндеу жөніндегі слесарь-электрик, 5-разряд
орташа және ауыр танк типті әскери машиналарына және солардың базасында жөнделген арнайы машиналарға электр жабдықтарды орнату;
электр жабдықтардың күрделі және негізгі агрегаттары мен аспаптарын жөндеу, құрастыру, реттеу және сынау;
электр жабдықтардың ерекше күрделі және негізгі агрегаттары мен аспаптарын бөлшектеу;
бөлшектер мен тораптарды 6-7 квалитет (1-2 класс дәлдігі) бойынша слесарлық өңдеу және келтіру;
түрлі сымдардан жасалған едәуір күрделі электр схемалар мен монтаждарды жасау.
әскери және арнайы машина электр жабдықтарының ерекше күрделі және негізгі агрегаттарының, аспаптар мен аппаратураларының мақсатын, құрылғысын және өзара әрекетін;
электр жабдықтардың ерекше күрделі және негізгі агрегаттары мен аспаптарын құрастыруға және сынауға қойылатын техникалық шарттарын;
аспаптар мен аппаратураларды біріктірудің ерекше күрделі электр монтаждау схемаларын;
орындалатын жұмыс көлемінде электр техника және металл технологиясын.
1) «Б-3», «БТ-6-26» типтік қоректену блоктары - жөндеу, құрастыру, сынау;
2) «Г-731», «Г-5», «Г-111», «Г-261», «Г-74», «Г-7500», «Г-55» типтік генераторлар, «СГ-10» стартер-генераторлар, «CT-16M», «СТ-700», «СТ-8Б» типтік стартерлер, «СП-24», «СП-14», «СП-106» типтік спидометрлер, «ГПК-48» типтік гирожартылайкомпастар – жөндеу, құрастыру, сынау;
3) реле-реттегіштер, «PCT-15A» типтік реле, «КРР-2», «КР-6», «КР-40», «КУВ» типтік реле қораптары – сынау;
4) бағыттау жүйелері – құрастыру, реттеу;
5) «ПАГ-1Ф» и «ПТ-200И» типтік электр машиналары және түрлендіргіш күшейткіштер – жөндеу, құрастыру, сынау;
6) электржетектердің қалқандары, жүргізуші-механик қалқандары – құрастыру, сынау.
24-параграф. Әскери және арнайы машиналардың электр жабдықтарын жөндеу жөніндегі слесарь-электрик, 6-разряд
әскери машиналардың ерекше күрделі және негізгі радиоэлектрондық аппаратура мен аспаптарды құрастыру, реттеу және сынау;
аралық басқарылатын электр жабдықтар мен автоматтандырылған жүйені кешенді сынау.
әскери машиналарына салынатын ерекше күрделі және негізгі радио электронды аппаратуралардың конструкциясын, мақсатын және жұмыс істеу принципін;
ерекше күрделі электрондық және электрлік жабдықтарды құрастыруға, реттеуге және сынауға қойылатын техникалық шарттарын;
аралық басқарылатын электр жабдықтар мен жүйелерді кешенді сынау нұсқаулығын;
орындалатын жұмыс көлемінде электр техника мен радиотехниканы.
1) түнде көретін аспаптар - жөндеу, құрастыру, реттеу және сынау;
2) тұрақтандыру жүйелері, отты және жарақтандыру кешенін басқару жүйелері - кешенді сынау
25-параграф. Бомбалар мен снарядтарды ұшаққа ілуші, 3-разряд
шығырдың көмегімен бомбаларды ұшаққа ілу.
ұшақтардың барлық жүйесінің бомба ұстағыштарының және бомбаларды ілу үшін қолданылатын құрылғылардың құрылғысын, оларды реттеуді;
бомбаларды ілу тәсілдерін.
26-параграф. Бомбалар мен снарядтарды самолетке ілуші, 4-разряд
ұшақтың ұшыру жүйелерін реактивті снарядтармен зарядтау.
ұшақтың ұшыру жүйелерін реактивті снарядтармен зарядтау қағидаларын;
қару-жарақ түрлерін және оның элементтерін.
27-параграф. Бомбалар мен снарядтарды ұшаққа ілуші, 5-разряд
әртүрлі жүйедегі ұрыс жарғыштарын бомбаларға және реактивтік снарядтарға бұрау;
жарғыштарды сыртқы тексеру.
әртүрлі жүйедегі жарғыштардың құрылғысы мен жұмыс істеу принципін;
ұрыс жарғыштарын тексеру және қысылуын тексеріп, оларды бомбалар мен реактивті снарядтарға бұрау қағидаларын.
28-параграф. Бөлшектер мен бұйымдардың ақауын анықтаушы, 2-разряд
артсистемалардың, зымыран және артиллериялық қондырғылардың, атыс қаруы мен машиналардың күрделі емес бөлшектерінің, тораптары мен механизмдерінің техникалық жай-күйін және техникалық шарттарға сәйкестігін сырттай қарап және қарапайым Бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарын (шаблондарды, штангенциркульдерді, щуптарды, кронциркульдерді, калибрлерді, лупаларды, амперметрлерді, вольтметрлерді және өзгелерді) қолдана отырып айқындау, оларды жарамдылық санаттары және жөндеу түрлері бойынша сұрыптау;
ақаулығын анықтау техникалық құжаттамасын ресімдеу;
ақаулығын анықтау кезінде бөлшектерді ішінара бөлшектеу.
ақаулы бөлшектердің, тораптар мен механизмдердің атауларын, мақсаты мен құрылысын;
ақаулықтардың түрлері мен оларды жою тәсілдерін;
рұқсатнамалар мен қондырмалар, квалитеттер туралы (дәлдік кластары) және кедір-бұдырлық параметрлерінің (өңдеу тазалығы кластары) туралы негізгі мәліметтер;
бөлшектер мен бұйымдардың ақаулығын анықтаудың техникалық шарттарын;
тік сызықты және қисық сызықты беттерді бояуға, щуппен, штихмаспен тексеру әдістерін;
ақауын анықтауға құжаттаманы ресімдеу қағидаларын;
күрделі емес бөлшектер мен тораптардың сызбаларын.
1) аккумулятор батареялары, аккумулятор жәшіктері - ақауын анықтау;
2) бонкалар, қапсырма шеге, бронь және қоршау, болт, гайка, шайбалар - ақауын анықтау;
3) 5-7 сыныпты дәлдікпен жасалған біліктер мен осьтер - ақауын анықтау;
4) «ВКУ-27» айналмалы контактілі құрылғылар – бөлшектердің ақауын анықтау;
5) гильза ұстағыштар, жапсырмалар, цапфалар, жабушы механизмдер - ақауын анықтау;
6) шынжыр табан, жетекші дөңгелектер, машинаның тірек және сүйеу катоктары, тығын-айналмалы шынжырлар, экскаватордың жұлдызшалары - ақауын анықтау;
7) дегазациялық аспаптар, противогаз, теріні қорғау құралдары жиналған күйде және жеке күйінде ақаулығын анықтау;
8) артқұрылғылардың домкраттары, артиллериялық қосалқы бөлшектер, құрал-саймандар мен аспаптардың жиынтығы - ақауын анықтау;
9) картерлер, түптер, шкивтер, «КДМ-100», «Д-40» және «УД» типті қозғалтқыштардың газ таратқышының қақпағы - ақауын анықтау;
10) электр кабельдің, электр сымның ұштары, басұштар, оқшаулауыш, бандаждауыш, «КС-31» стартердің кнопкасы, жарықты қосқыш және сөндіргіш, розеткалар, ашалар, сигналдық шам, сақтандырғыштар, штепсель ажырамалары, клеммалар мен клеммалық қысқыштар, тартпа релесі, дыбыс сигналдарының электр арматуралары, фаралар - ақауын анықтау;
11) қақпақтар, қарапайым рычагтар мен шарнирлер, агрегаттар мен машина тораптарының люктері, бекіту бөлшектері, бұрандалы саңылау- ақауын анықтау;
12) винтовкалардың, карабиндер мен автоматтардың қалақтары, пистолет-пулеметтердің дүмі, пулеметтің магазині, металл таспасы мен қорабы - ақауын анықтау;
13) құрастырылған күйдегі 120 милиметрге дейінгі минометтер және 160 милиметр минометтердің бөлшектері, құрылғылардың бекітуші болттары - ақауын анықтау;
14) мотоциклдердің рамалары мен арбасы, отырғышы, стеллажы, оқ-дәрі салатын орны, мұнара погондарының сепараторы - ақауын анықтау;
15) құбырлар, ауа тазалағыштар, басқару жетектерінің тартпалары-ақауын анықтау.
29-параграф. Бөлшектер мен бұйымдардың ақауын анықтаушы, 3-разряд
барлық жүйелі күрделілігі орташа қару-жарақтың, зымыран және артиллериялық құрылғылардың, атқыш қарулар мен машиналардың бөлшектерінің, тораптары мен агрегаттарының, механизмдерінің, плиталардың, призмалардың, бұрыштар мен струбциналардың, домкраттар мен стенділердің техникалық жай-күйін құрастырмалы кондукторлар мен әмбебап айлабұйымдарды пайдалана отырып және қажетті бақылау-өлшеу аспаптарының көмегімен анықтау;
қарапайым оптикалық аспаптардың бөлшектерінің, тораптары мен механизмдерінің ақауын анықтау;
ақаулығы анықталатын бөлшектердің кемшілігі бар бөлшектерін жарамды бөлшектермен ауыстыру;
бөлшектер мен жинақтаушы элементтерді магнит дефектоскоппен және люминесцентті құрылғымен тексеру;
ақаулығы анықталатын бұйымдардың техникалық құжаттамасын ресімдеу.
ақаулығы анықталатын бөлшектердің, тораптардың, агрегаттар мен механизмдердің құрылысын, мақсаты мен жұмыс принципін;
ақауды анықтауға және сынақ жүргізуге арналған техникалық шарттар;
ақаулықтардың түрлерін және оларды жою тәсілдерін;
үнемдеуге арналған оптикалық аспаптарды есепке алу, сақтау қағидаларын;
орындалатын жұмыс көлемінде физика және электр техника жөніндегі қарапайым мәліметтерін;
бұйымдардың ақауын анықтауға және сынауға қажетті құжаттаманы ресімдеу тәртібін;
күрделігі орташа тораптар мен агрегаттардың схемасы мен сызбасын;
магнит және люминесцентті дефектоскоптардың жұмыс істеу принципін.
1) «АБ-61» мұнарасының агрегаты - бөлшектер мен тораптардың ақаулығын анықтау;
2) жанар май бактары, құю мойындарының, шолу люктердің, басқару кабиналарының, құлыптардың, есіктер мен қораптардың, арнайы кузовтардың ішкі қаптамасының бөлшектері, крандар, вентильдер, жік ысырмасы, жанармай деңгейін көрсететін қалтқы көрсеткіш, шаң-тозаң тұнбасы бар су бөлгіш, сақтандырғыш-өткізгіш клапандар, цистерналардың толтырылуының шектеулері - ақаулығын анықтау;
3) теңгергіштер, кривошиптер, штоктер, аспа серіппелері, торсион біліктер, борт фрикционы мен бұрылыстың планетарлық механизмінің барабаны, фрикциондар мен бекіту дискілері - ақаулығын анықтау;
4) бинокльдер, «ВК-3», «ВК-4», «К-8-Т» типті коллиматорлар, «ТР» перископтар, «МК-4» типті шолу құралдары, «ПО-1М», «ППУ-8-Т», «ОП2-50» және «МПМ-46» типті шанақтар, дальномердің шідері, тысқап, аспалы сөмке және оптикалық аспаптардың орау қораптары - ақаулығын анықтау;
5) «ОСМ», «СТУ», «БТУ» типті бульдозерлер - аспалы жабдықтың ақауын анықтау;
6) гермосауыт, гидравликалық амортизаторлар, арматураланған шлангылар - ақаулығын анықтау;
7) тахометрлердің датчиктері, іске қосу магнетоларының бөлшектері, реостаттар, индукциялық катушкалар - ақаулығын анықтау;
8) мотоциклдердің қозғалтқыштары және берілісті ауыстыру қораптары - бөлшектердің ақаулығын анықтау;
9) винтовкалардың, карабиндер мен пулеметтердің, пистолет-пулеметтердің, автоматтардың, қол және станокты пулеметтердің бітеулері мен көздеу айлабұйымдары, зениттік-пулеметтік қондырғының ракурстық көздеуіштері, түсіру қораптары мен механизмдері, револьверлер, «ТТ», «Макаров», «Стечкин», пистолеттер, «СГ», «ДШК» пулеметтердің станоктары - ақаулығын анықтау;
10) бітемелер, люлька, оқпанның тұғыры, қарудың тежегіш құрылғысы - ақаулығын анықтау;
11) «8T137», «8T113» және «2ТЗ» типті бұйымдар - құрылған күйінде ақаулығын анықтау;
12) кабель - ақаулығын анықтау;
13) кулисалар, тісті муфтілер - ақаулығын анықтау;
14) кранның бұру механизмдері, автогрейдерлердің рамалары, скреперлер - ақаулығын анықтау;
15) 160 милиметр минометтер, зымыранның такелаждық алмалы-салмалы тораптары, бұру рамасы және әскери машинаның бұру рамасының бекіткіші - ақаулығын анықтау;
16) «МБ-208» моторы - сынау;
17) «МВ-42» моторы, «МПБ-54» моторы, «АПА», «МТС», «ДТ-75» желдеткіштің моторы – бөлшектер мен тораптардың ақаулығын анықтау;
18) беріліс муфтілері, рамалар, рөлмен басқару, қозғалтқыштың реттеуіштері, іске қосу механизмдері және бронетранспортерлер мен арнайы машиналардың редукторлары - ақаулығын анықтау;
19) сүйірлер, науа, құю-ағызу магистралінің бітемесі, магистраль құбыр зымыранын бекіту тартпасы - ақаулығын анықтау;
20) радиаторлар, қыздырғыштар - ақаулығын анықтау;
21) ілмектердің рессорлары, жартылай ось, дөңгелек - ақаулығын анықтау;
22) көтергіш механизмдер мен машиналардың арқандары-ақаулығын анықтау;
23) жанар-жағар май сүзгісі, реттегіш корпусы - ақаулығын анықтау.
30-параграф. Бөлшектер мен бұйымдардың ақауын анықтаушы, 4-разряд
барлық жүйе қаруларының, зымыран және артиллериялық құрылғылардың, ату қару-жарақтарының, машиналар мен қозғалтқыштардың күрделі бөлшектерінің, тораптарының, агрегаттар мен механизмдерінің техникалық жай-күйін анықтау;
құрастырылған күйде жер бетіндегі артиллерия қаруларының ақаулығын анықтау;
күрделігі орташа оптикалық аспаптарды бөлшектей және құрастыра отырып ақаулығын анықтау;
аспаптың ақаулы бөлшектерінің орнына жарамды бөлшектерін жинақтау;
жөндеу және бөлшектерді, механизмдер мен агрегаттарды қалпына келтіру сипатын белгілеу;
ақауын анықтау кезінде қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарын, құралдарды, айлабұйымдар мен стенділерді баптау.
ақаулығы анықталатын агрегаттардың, механизмдер мен бұйымдардың құрылысын, мақсаты мен жұмыс принипін;
күрделі тораптардың, агрегаттар мен бұйымдардың ақаулығын анықтаудың техникалық шарттарын;
ақаулықтардың түрлерін және оларды жою тәсілдерін;
бақылау-өлшеу аспаптарын, құралдар мен стенділерді баптау және реттеу қағидаларын;
орындалатын жұмыс көлемінде физика және электротехника бойынша негізгі мәліметтерін.
1) мұнаралар (кесінділер), арнайы кабиналар, алмалы-салмалы қалқа - ақауын анықтау;
2) «ПАБ» буссольдері, «K-10T» және «К-8Т» типті коллиматорлық визирлер, 1 метрге дейінгі базасы бар дальномерлер, қару-жарақ панорамасы, «ПЕР-17а» типті перископтық призмалық аспаптар, «ТНП», «ТПК» типті шолу аспаптары, «ПБО» көздегіштері, «ПОС-1» аспаптары, стереотүтіктер, «ТТ-2», «ТТ-3», «РТ» типті топографиялық және геодезиялық аспаптар, «КБ» кипрегельдер, нивелирлер - ақауын анықтау;
3) бас біліктер, тістегершіктер мен тісті тәж, гильзалар мен блоктың бастары - ақауын анықтау;
4) «8ГЗЗ» типті бұйымның ауа өткізгіштері - ақауын анықтау және қысыммен нығыздау;
5) барлық типті генераторлар, стартерлер, іске қосуды реттеу аппаратурасы - ақауын анықтау және сынау;
6) гидравликалық көтергіш механизмдер - ақауын анықтау;
7) «ЗАК-32» және «3AК-41» типті толтырғыштар, «8T311» типті бұйымдар - құрастырылған күйінде ақауын анықтау;
8) 203 милиметр және одан үлкен калибрлі қарудың тығындары, құрылғының құлыпты-бекіту құралы-ақауын анықтау;
9) «8Т26», «2Т8», «8T211», «8Г135», «8Т22», «8Т116» типті бұйымдар - құрастырылған күйінде ақауын анықтау;
10) карбюраторлар, газ бөлгіш механизмдер, жанар-жағар май сорғылары, форсунка - ақауын анықтау;
11) ауыспалы беріліс қораптары, борттық берілістер, борттық фрикциондар, қуатты іріктеу қораптары, қуатты іріктеудің тарату қораптары, тарату қораптары мен арнайы машиналар мен бронетранспортерлердің шығырлары - ақауын анықтау;
12) «К-61» типті қалқыма транспортерлердің корпусы - ақауын анықтау;
13) төменгі ілмектің кронштейндері, теңгерімдер мен ленивецтің тығыны - ақауын анықтау;
14) автомобиль типтес машинаның алдыңғы және артқы, радиолокациялық станциялардың жүретін бөлігі - ақауын анықтау;
15) су және май сорғылар - бөлшектердің ақауын анықтау;
16) «БМ» «ГМЧ» бағыттаушы артқұрылғылар - пакетті калибрлеу;
17) мұнара мен люктердің погоны - ақауын анықтау;
18) «ПО-750», «4500», «6000» типтік түрлендіргіштер, радиолокациялық станциялардың дроссельдері - ақауын анықтау;
19) өздігінен жүретін артиллериялық қондырғының механикалық көздеуіштері, жердегі артиллерияның қару-жарақтары және 160 миллиметрден астам калибрлі минометтер, жер астындағы және бұрылыс механизмдері - ақауын анықтау;
20) «РРТ-30», «Р-5», «РА-ЧП», «РКС-10», «РЗ-ЗП», «РУ-2П», «ТРЗ» типті реле-реттегіштер - ақауын анықтау және сынау;
21) экскаваторлар мен кранның бұрмалары - ақауын анықтау;
22) жанармай және ауа жүйелерінің құбырлары, зымыран құрылғыларының компенсаторлары мен арнайы кабельдері - ақауын анықтау;
23) «21П6», «2П26», «8У23», «8У218», «2В30», «СМ-63-П» типті бұйымдардың тораптары - ақауын анықтау;
24) «ЗПУ-1», «ЗПУ-2» типті зенит құрылғылар, ірі калибрлі пулеметтер, ату қару-жарақтарының барлық үлгілерінің оқпандары, барлық жүйелі винтовкалардың, карабиндердің, автоматтар мен пулеметтердің оқпан қораптары - ақауын анықтау;
25) шарик және ролик мойынтіректері - ақауын анықтау;
26) қозғалтқыш құрылғылары автоматикасының элементтері-ақауын анықтау.
31-параграф. Бөлшектер мен бұйымдардың ақауын анықтаушы, 5-разряд
артиллериялық қару-жарақтардың, машиналар мен қозғалтқыштардың аса күрделі және негізгі тораптары мен агрегаттарының техникалық жай-күйін анықтау;
құрастырылған күйінде механикаландырылған көздеуіші бар автомат және жартылай автомат зенит қару-жарақтарының, зымыран құрылғыларының электр қуатты және іске қосу жабдықтарының ақауын анықтау;
күрделі және дәлме-дәл бөлшектердің микрометриялық өлшеуді күрделі және аса күрделі оптикалық және бақылау-өлшеу аспаптарын бөлшектеу және құрастыру технологиясына сәйкес жүргізу;
аса күрделі электр схемасы бар арнайы мақсаттағы аса күрделі және негізгі электр аппаратурасының және бірнеше механизмнен тұратын, электроникаға негізделген күрделі жеке электр монтаждау схемасы бар аспаптардың ақауын анықтау;
ақауын анықтау кезінде арнайы стенділерді барлық арнайы және әмбебап бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарын қолдана отырып, техникалық шартта көзделген сынақтарды жүргізу;
ақауын анықтаған кезінде қолданылатын аспаптарды, стенділер мен айлабұйымдарды баптау және реттеу.
ақаулығы анықталатын бұйымдардың құрылысын, мақсаты мен жұмыс істеу принципін;
аса күрделі және негізгі тораптар, механизмдер мен бұйымдардың ақаулығын анықтаудың техникалық шарттарын;
ақаулықтарды жою тәсілдерін;
оптикалық және бақылау-түзету аспаптарын бөлшектеу және құрастыру технологиялық процессін;
өте дәл жазықтықты тексерудің интерференциялық әдістерін;
тұрақты және айнымалы токты қашықтықтан басқару электр жетектерінің жүйесін, олардың құрылысы мен жұмыс істеу принципін;
бұйымдарды тексеруге арналған бақылау-өлшеу аппаратурасын, аспаптар мен арнайы қондырғыларды баптау және жөндеу тәсілдерін;
орындалатын жұмыс көлемінде электротехника, электроника және механикасын;
аса күрделі бұрыштар мен агрегаттардың құрастыру сызбаларын.
1) 1 метрден жоғары базасы бар дальномерлер, кең бұрышты және ұзын фокусты коллиматорлар, компараторлар, өлшеу микроскоптары, оптиметрлер, «СТ-10» және «ТШ» типті көздеуіш, электронды-оптикалық аспаптар - ақауын анықтау;
2) қозғалтқыштар, жоғары қысымды бұйымдар мен агрегаттардың пневмо- және гидрожүйелері - ақауын анықтау;
3) детандерлер, турбомуфтілер, «ДБ-70», «ДВ-40» типті дискілі литрометрлер, тахометрлер, термометрлер, манометрлер, спидометрлер - ақауын анықтау;
4) «37 АЗП» типті бұйымдар, 85 милиметр зенит зеңбірек, «КС-19», «КС-30», «С-60» – құрастырылған күйінде ақауын анықтау;
5) «2П16», «2П26», «8У218», «2В30», «8Г315», «8Г113», «8Г140», «ГВ32», «СМ-63-П» типті бұйымдар - құрастырылған күйінде ақауын анықтау;
6) «ЭСП-57» типті бұйымдар - ақауын анықтау;
7) жоғарғы және төменгі картерлер, цилиндр блоктары, иінді білік, цилиндр сүргілер - ақауын анықтау;
8) танкілер мен өздігінен жүретін артиллериялық қондырғының корпустары, мұнараны бұру механизмдері, гитаралар, бекіткіштер, компрессорлар - ақауын анықтау;
9) көздеу механизмі, «ПУО» - ақауын анықтау;
10) бронекорпустардың артқы мосты – ось сәйкестігін тексеру;
11) борттық және негізгі берілістер, берілісті ауыстыру қораптары, борттық редукторлар, танкілер мен өздігінен жүретін артиллериялық қондырғының, пневмотежегіштерінің және олардың негізінде құрылған машиналардың компрессорлары - ақауын анықтау;
12) көлденең берілістер мен агрегаттың берілістері - ақауын анықтау;
13) «КС-19» типті зенит құрылғысының шолып бақылаушы жетегі (қашықтықтан, гидравликалық) - ақауын анықтау;
14) қысым реттегіштері, рөлді машиналар, турбоагрегаттың жану камералары, редукторлар, жоғары қысымды баллондар мен ыдыстар - ақауын анықтау;
15) әскери және арнайы машиналардың гидравликалық жүйесі - ақауын анықтау;
16) деңгейді бақылаудың сигнализация жүйесі - күрделі тораптардың ақауын анықтау;
17) бақылаушы электрогидравликалық жүйелер - құрастырылған күйінде ақауын анықтау;
18) басқару механизмдері бар планетарлық трансмиссиялар, қару-жарақтың жылжытпайтын құрылғысы - ақауын анықтау;
19) қозғалтқыштың астындағы іргетас және берілісті ауыстыру қорабының тіреуіші - ақауын анықтау.
32-параграф. Бөлшектер мен бұйымдардың ақауын анықтаушы, 6-разряд
арнайы құралдарды, аспаптар мен стенділерді пайдалана отырып, арнайы мақсаттағы зымыран қару-жарақтарының аса күрделі және негізгі тораптарының, аспаптары мен агрегаттарының техникалық жай-күйін анықтау;
қолдану алдында бақылау құралдарын, аспаптар мен стенділерді баптау және реттеу.
зымыран қару-жарақтарының мақсаты мен конструкциясын, қару-жарақтың ақаулығына қойылатын техникалық шарттарын және стенділердегі тексерілетін бұйымдардың параметрлерін;
қару-жарақтар мен аспаптардың анағұрлым үлгі ақаулықтарын, олардың пайда болу себептері мен оларды анықтау әдістерін;
ақаулығын анықтау кезінде қолданылатын құралдардың, аспаптар мен стенділердің құрылысын.
тұрақтандырғышты күшейту және интеграторлардың блоктарын;
статистикалық түрлендіргіштер - арнайы стенділерде шығу параметрлерін өлшей отырып ақауын анықтау.
33-параграф. Бұйымдарды консервациялау және жинақтау жөніндегі бақылаушы, 2-разряд
топтық жиынтықтардың, күрделі тораптардың қосалқы бөлшектерінің, қарапайым агрегаттар мен машиналардың консервациялану және жинақталу сапасын техникалық шарттарға және ұзақ мерзім және қысқа мерзімде сақтау нұсқаулықтарына сәйкес бақылау және қабылдау;
агрегаттар мен тораптарды консервациялау және жеткізе жинақтау технологиялық процессінің орындалуын бақылау;
түпкілікті қабылданған бұйымдарды контрлеу және пломбылау дұрыстығы мен беріктігін бақылау;
қажетті бақылау-өлшеу құралдары мен айлабұйымдарын қолдану;
жарамды және жарамсыз өнімдердің есебін ақаулық себептерін жіктей отырып жүргізу;
бұйымның орамасының сапасын тексеру.
бөлшектерді, тораптар мен агрегаттарды консервациялаудың техникалық шарттары мен нұсқаулығын;
бөлшектердің, тораптар мен агрегаттардың атауы мен мақсатын;
консервация кезінде қолданылатын құрылғының, стенділер мен арнайы жабдықтардың құрылысы мен мақсатын;
коррозияға қарсы материалдардың негізгі қасиеттерін;
консервілеудің технологиялық процесін;
ілеспе құжаттаманы ресімдеу, консервация кезінде қолданылатын майлардың маркасы мен атауларын;
жинақтау ведомостерін, қабылданған өнімді контрлеу және пломбылау тәртібін;
тексеру кезінде қолданылатын құралдарды және бақылау-өлшеу аспаптары мен айлабұйымдарының мақсаты мен пайдалану қағидаларын.
34-параграф. Бұйымдарды консервациялау және жинақтау жөніндегі бақылаушы, 3-разряд
техникалық шарттар мен жинақтау ведомостеріне сәйкес күрделі агрегаттардың, қозғалтқыштар мен машиналардың консервациялануының сапасын бақылау және қабылдау;
консервациялау үшін майды дайындауды бақылау;
бақылау және қабылдау кезінде қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарын, құралдары мен айлабұйымдарын реттеу;
бақылау және қабылдау бойынша құжаттамасын ресімдеу.
консервациялау кезінде қозғалтқыштар мен машиналарды бөлшектеу және құрастыру қағидалары мен кезектілігін;
қозғалтқыштар мен машиналарды консервациялаудың техникалық шарттарын;
бұйымдарды жинақтау тәртібі мен жинақтау ведомостерін;
консервілеу майларын дайындаудың технологиялық процессін және олардың қасиеттерін;
консервілеу майларын талдау әдістерін;
консервациялауға арналған құрылғылардың конструкциясы мен мақсатын.
35-параграф. Гильзаларды жаңарту және атысты құрастыру жөніндегі автоматшы, 5-разряд
гильзаларды жаңарту және атысты құрастыру жұмыстарын орындау кезінде автомат желіні басқару;
әртүрлі калибрлі гильзаларды жаңарту және атысты құрастыруға арналған автомат желіні баптау және күйін келтіру.
автоматты желідегі ақаулықтарды жою;
автомат желіге салу және оның үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету және жұмыс істеу процессінде жабдықтар мен механизмдерді реттеу;
өнімді техникалық бақылау бөліміне тапсыру.
қызмет көрсетілетін автомат желінің құрылысын, оның жұмыс істеу принциптерін, пайдалану және техникалық ерекшеліктерін;
электрлік қоректендіру схемасын және электр тізбегінің үзілген жерлерін жалғау тәсілдерін;
гильзаларды жаңартуға қойылатын техникалық талаптарын;
автомат желіге қызмет көрсету кезінде қолданылатын құралдарын;
шығарылатын өнімнің сапасын анықтауға және автомат желінің қалыпты жұмысына арналған бақылау-өлшеу аспаптарын;
электротехника негіздерін.
36-параграф. Далалық баллистика станциясының операторы, 2-разряд
есептоп құрамында станцияны ұрыс қалпына жазу;
есептоп құрамында станцияны ұрыс қалпынан жорық қалпына қысқарту;
ұрыс кезінде станцияның қарапайым блоктарының біріне қызмет көрсету;
қарапайым есептеу аспаптарының көмегімен өлшеу нәтижелерін алғаш өңдеу;
станцияның жалғастырғыш желілерін жөндеу.
электр техниканың негізгі мәліметтерін, станцияның жинақтығын;
станцияның ұрыс және жорық жағдайында аппаратура мен көмекші жабдықтарды орналастыру тәртібін және орындарын;
станцияның қызмет көрсететін блоктарының құрылғысын және мақсатын;
қарапайым есептеу құрылғыларының (арифмометр, логарифмдік сызғыш, кестелер) құрылғысын және мақсатын;
өлшеулердің орта нәтижелерін және орташа қателерін есептеу тәсілдерін;
станцияның камералық құралының құрылғысын және мақсатын;
қарапайым есептеулерді жүргізген кезде есептеуші техниканың жұмысын;
сынақ жүргізу жөніндегі нұсқаулығын.
37-параграф. Далалық баллистика станциясының операторы, 3-разряд
станцияның тіркеуші аппаратурасын (хронометр, осциллограф, индикаторлы блок) дайындау, қосу және жұмыс істеу қабілетін бақылап тексеру;
атысты қабылдаған кезде станцияның хронометрі мен индикаторлы блогына қызмет көрсету;
аккумуляторлық батареяны зарядтауға дайындау және зарядтау;
станцияның аккумуляторы мен блоктарының жұмысындағы кінәраттарды анықтау және жою;
авометрдің көмегімен кабельді желілердің дұрыстығын тексеру;
кабельді фишкаларды бітеу және өңдеу;
түзетулер енгізе отырып, сынақ нәтижелерін өңдеу;
осциллограммаларды фотохимиялық өңдеу.
станцияның жекелеген блоктарының (хронометрдің, индикаторлық блоктың) мақсатын, құрылғысы және әрекет ету принципі туралы жалпы мәліметтерді;
шлейфті осциллографтың («МПО-2» типтік) құрылғысы мен жұмыс істеу принципін;
негізгі бақылау-өлшеу аспаптарының (омметр, авометр, мегометр) мақсаты мен құрылғысын және оларды пайдалану қағидаларын;
аккумуляторлық батареялардың құрылғысын, оларға күтім көрсету қағидаларын және пайдаланудың негізгі деректерін;
аккумуляторларды зарядтау қағидаларын;
станцияның кінәраттарын анықтау және жою тәсілдерін;
түзетулерді (баллистикалық және аспаптық) айқындау және өлшеу нәтижелеріне енгізу тәсілдерін;
радиотехниканың (станцияда қолданылатын радиолампалардың жұмыс істеу принципі мен мақсаты, радио бөлшектердің құрылғысы мен мақсаты) негізгі мәліметтерін;
реактивтерді жасау және осциллограммаларды фотохимиялық өңдеу қағидаларын.
38-параграф. Далалық баллистика станциясының операторы, 4-разряд
станцияның шығарылатын блоктарын (қабылдау таратқышты, антенна жүйесін, фотожазбаны) дайындау, қосу және бақылау тексеру);
өлшенген жылдамдыққа түзетулерді айқындау үшін қажетті арақашықтық пен бұрыштарды өлшеу;
толқын өлшегіштің көмегімен таратқышты теңшеу, толқын ұзындығын өлшеу және қабылдағыштың кристалды араластырғыштарын теңшеу;
антенналарды бағдарлау және тікелей байланыс сигналын іріктеу;
станцияның жұмыс істеуі кезінде қабылдау-таратқыш блогына қызмет көрсету, атыс қабылдау процесінде оны бақылау және реттеу;
барлық баллистикалық түзетулерді айқындап және енгізіп, кестелерді қолданбай, әмбебап тәсілмен атыс нәтижелерін өңдеу.
станция блоктарының мақсатын, құрылғысын және жұмыс істеу принципін;
толқын өлшегіштің мақсаты мен құрылғысын және олармен жұмыс істеу әдістемесін;
таратқыштарды және тұтас алғанда қабылдау-таратқыш блоктарын теңшеу және жұмысын тексеру қағидаларын;
таратқыш толқындарының ұзындығын салыстырып тексеру және оның номиналды мәнін алу тәсілін;
кестелі және әмбебап тәсілмен өлшеу нәтижелерін өңдеу әдістемесін;
компаратордың құрылғысы мен мақсатын және компараторда осциллографиялы жазбаны өңдеу әдістемесін;
радио және импульсті техниканың негізгі мәліметтерін;
станцияның негізгі блоктарының принциптік және монтаждық схемаларын.
39-параграф. Далалық баллистика станциясының операторы, 5-разряд
станцияны атысты қабылдауға дайындау және оның жұмысын бақылау;
катодты осциллограф пен дыбыс генераторының көмегімен станцияның кінәраттарын анықтау және жою;
станция блоктарының сипаттамаларын кейіннен тексере отырып, ақаулы бөлшектер мен блоктарды ауыстыру;
шусыз ату аспаптарының тәжірибелік үлгілеріне қызмет көрсету;
катодты осциллографты, стандартты сигнал генераторларын, дыбыс генераторларын пайдалана отырып, станцияға профилактикалық және ағымдағы жөндеу жүргізу.
станцияның тұтас алғандағы мақсатын, құрылғысын, жұмыс істеу принципін;
жалпы станцияны тексеру және теңшеу қағидаларын;
жалпы станцияны күту, сақтау қағидаларын;
тәжірибелі артиллериялық жүйелер мен зымыран қондырғыларының атыстарын қабылдау кезінде станцияны қолдану әдістемесін;
сыртқы және ішкі баллистиканың негізгі мәліметтерін.
40-параграф. Дыбыс өлшегіш станцияның операторы, 3-разряд
тәжірибе жүргізу уақытында станцияның жұмыс істеуі кезінде есептеу нөмірінің ішінен біреуінің міндетін орындау;
берілген схема бойынша дыбыс өлшегіш станцияның аппаратурасын жазу, қосу және жұмысқа дайындау;
станцияның жекелеген тораптарының жұмысын бақылау;
станцияның жекелеген тораптарына профилактикалық жөндеу жүргізу;
станцияның жинағына кіретін аппаратураны кінәраттарын анықтау және жою.
әлсіз ток электр техникасы бойынша негізгі мәліметтер;
станцияның негізгі тораптарының мақсаты мен жұмыс істеу принципін;
станцияны есептеуде өз нөмірінің міндеттерін;
типтік кінәраттарды іздеу және жою тәртібін, «TT-1», «АВО-5», «ЭО-6», «ИЛ-14» типті бақылау-өлшеу аппаратурамен сақиналау қағидаларын;
осы станцияға берілген сілтілі аккумуляторларды пайдалану қағидаларын.
41-параграф. Дыбыс өлшегіш станцияның операторы, 4-разряд
станцияның сымды байланыспен жұмыс істеуі кезінде есептеудің кез келген нөмірінің міндетін немесе станцияның радиобайланыспен жұмыс істеуі кезінде радистің және дыбыс өлшегіштің міндетін орындау;
дыбыс өлшегіш станцияның барлық жинағын жазу, қосу және жұмысқа дайындау;
радиобайланыс жинағы бар дыбыс өлшегіш станцияның жұмыс істеуі кезінде посты аппаратура радиостанциясын жазу және жұмысқа дайындау;
дыбыс өлшегіш станцияның барлық тораптарының жұмысын тексеру және посты радио станциялардың дұрыстығын блок бойынша тексеру;
посты радиостанцияларды қосу және берілген жиілікке теңшеу, радио желіде немесе радио бағытта жұмыс істеу кезінде байланысқа кіру;
посты аппаратурасының (дыбыс қабылдағыштар, дыбыс посты бақылау аспабы, қабылдағыш-тапсырғыш посттың радиостанциясы) кінәраттарын анықтау және жою;
дыбыс өлшегіш ленталарын алғашқы өңдеу.
электр техника мен радиотехника негіздерін;
штаттық дыбыс өлшегіш станциялар мен посты радиостанциялардың принципті және монтаждау схемаларын;
дыбыс өлшегіш станция мен радиостанцияның тактикалық-техникалық деректерін;
штаттық дыбыс өлшегіш станциялар мен радиостанциялардың жекелеген тораптарының режимдерін тексерген кезде қолданылатын бақылау-өлшегіш төмен жиілікті аппаратурасын;
типтік ақаулықтарды анықтау және жою;
теңшеу және байланысқа кіру мен кодпен жұмыс істеу тәртібін;
қуат көздерін пайдалану қағидаларын;
дыбыс өлшегіш станцияның жұмыс істеу принципін және ленталарды алғашқы өңдеуін.
42-параграф. Дыбыс өлшегіш станцияның операторы, 5-разряд
орталық пункті басқару пультінің операторы ретінде станцияның дыбыс посттарының жұмысын басқару;
дыбыс өлшегіш станция мен радио байланыс аппаратурасын жазуға арналған орынды таңдау;
дыбыс өлшегіш станциялардың аппаратурасы мен радиобайланыс аспаптардың (посттарда және орталық пункте) барлық жинағын қосу және теңшеу;
станция мен радиобайланыс жинағының жұмыс істеу режимін тексеру және автоматиканың дұрыс жұмыс істеуін тексеру;
штаттық дыбыс өлшегіш станция аппаратурасы мен радиобайланыс аспаптарының кінәраттарын айқындау және жою;
дыбыс өлшегіш станциялар мен радиобайланыс аспаптарының жекелеген тораптарына зертханалық сынақ жүргізу;
дыбыс өлшегіш аппаратураны зертханалық және далалық сынау кезінде алынған тәжірибелі деректерді толық өңдеу.
қызмет көрсететін аппаратураның барлық блоктары мен тораптарының принципті және монтажды схемасын;
аппаратура мен барлық көмекші бақылау-өлшеу аппаратурасын тексеру және теңшеу әдістемесін;
дыбыс өлшегіш станция мен радиобайланыс аспаптар әдістемесінің негізгі ережелерін;
атыстың дыбысын қабылдау кезінде алынған ленталарды және зертханалық сынақтардың деректерін алғаш өңдеуін.
43-параграф. Жаттығу құралдарын жабдықтаушы, 1-разряд
индикаторлы құбырларға арналған тыстары бар кассеталар дайындау;
түсті эталондар мен таңбалау жолақтарын кесу;
арнайы және газсыздандыру заттардың жаттығу құралдарына арналған нұсқаулықтағы кассеталарға жабыстыру;
қағаз жолақпен шашка корпустарына жабыстыру.
химиялық барлау аспаптарын, арнайы және газсыздандыратын заттардың оқу жиынтықтарын дайындау кезінде қолданылатын материалдардың, айлабұйымдар мен құралдардың атауы және мақсатын;
материалдарды қолмен кесу және өңдеу тәсілдері мен амалдарын.
44-параграф. Жаттығу құралдарын жабдықтаушы, 2-разряд
жаттығу шашкаларын ыстық қоспамен жабдықтау;
техникалық шарттарға сәйкес индикаторлар құбырлар мен ампулаларды жабдықтау;
гранаталарды қатты арнайы заттармен жабдықтау;
буландырғыштарға арнайы сұйықтық заттар құю;
бракты кедергі және жабдықтау сапасы бойынша айқындау және оны жою;
арнайы және газсыздандыру заттарының сұйық және қатты боямаларын өлшеп орау.
жанғыш қоспаның негізгі қасиеттерін;
жабдыққа баратын қоспаның көлемдік және салмақтық мөлшерін;
жанғыш қоспаны дайындаудың технологиялық режимін;
жанғыш қоспамен жұмыс істеу амалдарын және пайдалану қағидаларын;
индикаторлық түтіктер мен ампулаларды жарақтандырудың технологиялық процесін;
түтік компоненттерінің сыртқы түріне, сондай-ақ жарақталған индикаторлық түтіктер мен ампулаларға қойылатын талаптар;
ампулаларды толтыруға арналған аспаптардың құрылғысын және жұмыс істеу әдісін;
қатты және сұйық арнайы заттармен жабдықтау кезінде орындалатын жұмыстардың амалдарын;
химиялық өнімдердің адам организміне әсерін, қорғаныш құралдарын.
45-параграф. Жоғары жиілікті және телефондық-телеграф байланыс аппаратурасын сынау жөніндегі лаборант, 3-разряд
дала телефон және телеграф аппараттарының, шағын және орта ыдыстың комутаторларының техникалық шарттарға сәйкестігін айқындау;
аппаратураның тораптары мен блоктарындағы ақаулықтарды жою;
аспаптарды, стенділер мен телефондық-телеграф аппаратурасын сынауға және сынақ жүргізуге дайындау;
сыналатын аппаратураның жекелеген электр сипаттамасын өлшеу және алу;
консервацияланған мүлікке бақылау тексерулерін жүргізу;
аппаратураны сынау нәтижелері бойынша құжаттаманы ресімдеу және затты тексеру.
телефондық-телеграф аппаратурасын сынаудың техникалық шарттарын;
сыналатын аппаратураның схемаларын, сызбаларын оқу қағидаларын;
электротехник, телефондау және телеграфтау негіздерін;
шағын және орта сыйымдылықты телефон коммутаторлары, телеграф аппараттарының типтерін, (конструкциясын) құрылысын;
сыналатын аппаратураның тораптары мен блоктарының мақсатын және өзара әрекеттесуін;
аппаратураны сынау үшін қолданылатын аспаптар мен оларды пайдалану қағидаларын;
телефондық-телеграф аппаратурасының ток көзін;
телефондық-телеграф аппаратурасын және байланыс заттарын пайдалану, сақтау және консервациялау қағидаларын.
1) «СТ-2М», «РТА-50-2», «СТА-2М» типті телеграф аппараттары - электр контактілі орталықтан тепкіш реттегіштің жұмысын тексеру және реттеу, шегеру механизмінің жылжымалы осіне серіппенің тартылуын тексеру;
2) «СТА-2М», «ЛТА-57» типті телеграф аппараттары - трансмиттерлік репорфораторлық тұғырлар мен жолдағы белгілердің есептеуіштерінің жұмысын тексеру және реттеу;
3) «СТ-2М», «СТА-2М», «РТА-50-2», «ЛТА-57» типті телеграф аппараттары - «өзіне қарай», «ДП-49» тұғырымен бірлесе отырып, симплекстік және дуплекстік режимде жұмысын тексеру;
4) барлық түрлі телеграф аппараттары - электрлік және механикалық реттеу;
5) дала коммутаторлары - сынау блогының жарамдылығын тексеру, жерге қатысты, және бір-біріне қатысты әрбір сымның оқшаулану күйін тексеру, тізбектердің жұмысқа жарамдылығын, абоненттен және абонентке шақыру, сөйлесу және бас тарту.
46-параграф. Жоғары жиілікті және телефондық-телеграф байланыс аппаратурасын сынау жөніндегі лаборант, 4-разряд
желілік коммутаторлардың, жоғары жиілікті телефондандырудың бір арналы аппаратурасының бақылау-сынау коммутаторларының, үндес бір арналы телеграфтау аппаратурасының және төмен жиілікті телефондық-телеграфтың күшейткіштердің техникалық шарттарға сәйкестігін анықтау;
аппаратураның тораптары мен блоктарының электр өлшемдерін тексеру;
осы аппаратураның тораптары мен бөлшектеріндегі ақаулықтарды жою;
жоғары жиілікті арналарды тексеру, сыналатын аппаратураны жасанды желі арқылы арналарын реттей отырып кешенді тексеру.
аппаратураны сынаудың техникалық шарттарын;
телефондық-телеграф аппаратурасының және фототелеграфтық аппаратураның сызбаларын, қағидаттық және монтаждық схемаларын оқу қағидаларын;
қабылдау мен тапсырудың абсолют және қатыстылық деңгейлерін;
жоғары жиілікті телефондау және фототелеграфтау жұмыстарының негізгі принципін;
реле мен аспаптарды, қолданылатын аппаратураны реттеу қағидаларын;
тексерілетін аппаратурада болатын физикалық процестерді.
1) бір арналы тығыздау аппаратурасы - төмен жиілікті арнаны жұмыс режимдерінде тексеру, шеткі екі сымды, екі сымды қайта қабылдау және трансляциясыз және индукторлық шақыруды трансляциялай отырып төрт сымды шығу, жоғары және төменгі жиіліктер сүзгілерінің, «А» және «Б» режимдеріндегі қабылдау және беру трактінің жекелеген нүктелеріндегі деңгей диаграммаларының жұмысын саралау жүйесінің, түрлендіргіштер мен тарату күшейткіштерінің жұмысын тексеру;
2) телефондық-телеграф күшейткіш аппаратурасы-аппаратураның негізгі элементтерінің жұмысқа жарамдылығын тексеру, күшейткішті баптау;
3) бір арналы үндестік телеграфтау аппаратурасы-блоктардың, таратқыштардың, бөлу сүзгісі блоктары қабылдағыштарының жұмысқа жарамдылығын тексеру;
4) бір арналы жоғары жиілікті телефондау аппаратурасы, желілік коммутаторлар мен бақылау-сынау, фототелеграфтық аппараттар - «өзіңе қарай» жұмысын тексеру.
47-параграф. Жоғары жиілікті және телефондық-телеграф байланыс аппаратурасын сынау жөніндегі лаборант, 5-разряд
көп арналы (6 арнаға дейін) тығыздау аппаратурасының, дала телефон станцияларының, барлық сыйымдылықты телефон және телеграф концентраторларының және телеграфтық коммутаторларының техникалық шарттарға сәйкестігін тексеру;
арналардың жиілік сипаттамасын алу және жиілік диаграммаларын жасау;
сынау кезінде алынған деректерді талдау және статистикалық өңдеу.
беріктік теориясының негіздерін;
күрделі тығыздату аппаратурасының, дала телефон станцияларының, барлық сыйымдылықты телефон және телеграф концентраторларының сызбалары мен схемасын оқу қағидаларын;
радиотехника негіздерін, жоғары жиілікті телефондау принциптерін;
телефон және телеграф арналарын жоғары жиілікті тығыздату тәсілдері мен әдістерін;
көп арналы телеграфтау және телефондау тәсілдерін;
осы аппаратураны сынау кезінде қолданылатын өлшеу аспаптарын, олардың өлшемдерін, жұмыс режимін, әрекет ету принципін және пайдалану қағидаларын;
қоректендіру көзін есептеу және оның типтерін;
аппаратураны және байланыс заттарын химиялық құралдарды пайдалана отырып консервациялау тәсілдерін.
1) көп арналы тығыздату аппаратурасы - жекелеген тораптары мен блоктарының жұмысқа жарамдылығын сынау, негізгі және бақыланатын жиіліктерді тексеру және реттеу, арналарды реттей отырып, жасанды желі арқылы кешенді тексеру;
2) желілік-телеграфтық коммутаторлар – «БЦДС», «БТТ», «БИП» және «БПТГА-М» блоктарын сынау;
3) телеграфтық коммутаторлар - арналарды реттей отырып кешенді тексеру;
4) дала телефон станциялары - қабылдау және тарату кезінде жұмыс орындарында, «ЦБ», «МБ», «СА» және «ЦБ/МБ» абоненттік кешендерде сөнуін тексеру, «ЦБ» режимінде және «ДС/МБ» жиынтығында, «МБ» режимінде, «ДС/МБ» абоненттік жиынтықта, «ДС» режимінде және жергілікті коммутатордың жұмыс орны эффектісінің сөнуін тексеру.
48-параграф. Жоғары жиілікті және телефондық-телеграф байланыс аппаратурасын сынау жөніндегі лаборант, 6-разряд
желілік және радиорелелік байланысты жоғары жиілікті телефондау көп арналы (6-дан 24 арнаға дейін) аппаратурасының, көп арналы телеграфтау (телефондық жоғары жиілікті желілік және радиорелелік арналарды қайталап тығыздау) аппаратурасының техникалық нұсқаулықтарға сәйкестігі;
арнайы телефон және телеграф байланыс аппаратурасын тексеру және сынау;
өлшеу аспаптарын барлық өлшемдер бойынша тексеру;
аспаптарды эталон бойынша тексеру;
түзетулердің кестелері мен графиктерін дайындау;
жиілік сипаттамасын алу және оларды (қажет болған жағдайда) техникалық шарттар нормасына дейін жеткізу.
аппаратураны сынауға қойылатын техникалық шарттарын;
жоғары жиілікті көп арналы аппаратураның сызбаларын, принципті және монтаждау схемаларын оқу қағидаларын;
жоғары жиілікті телефондау және телеграфтау негіздерін және тізбектерді қайталап тығыздату принциптерін;
сыналатын аппаратураны сынауда қолданылатын жартылай өткізгіш аспаптардың типтерін, мақсатын және өлшемдерін;
сыналатын аппаратура мен аспаптардағы ақаулықтарды анықтау және жою тәсілдерін;
аппаратураның барлық трактілерін баптау және реттеу әдістерін.
1) көп арналы жоғары жиілікті аппаратура – тапсырушы генератордың, көтергіш, жеке, топтық және бақылау жиіліктерінің жұмысын, жеке және топтық жабдықтың, топтық түрлендіргіштің жұмысын тексеру, аппаратураны «өзіне» сынаудың 2 және 4 сымды режимдеріндегі жұмысқа тексеру және арналардың сөнуін тексеру;
2) көп арналы тоналды телеграфтау аппаратурасы - аппаратураның шығысындағы беру деңгейін, деңгейлердің диагональдарын және беру мен қабылдаудың топтық жабдығының жұмысын тексеру;
3) көп арналы аппаратура – «өзіне қарай» жұмысын және арнаны реттей отырып жасанды желі арқылы тексеру;
4) стандарт сигнал, күрделі кернеулер мен импульстердің генераторлары, электрондық, импульстық осциллографтар, спектр анализаторлары – тексеру, сынау, баптау және реттеу.
49-параграф. Жылжымалы нысан моторшысы, 3-разряд
нысанды кейін керу арқылы бір бағытта қарапайым жетекке алу кезінде қозғалтқыштың жұмысы мен арнайы жылжымалы нысанның қосымша механизмдерінің жұмысын басқару;
артиллериялық жүйеден ату кезінде әр түрлі құрылымды және әр түрлі мақсаттағы тұрақты және жылжымалы нысандарға қызмет көрсету;
қозғалыстың әр түрлі жылдамдығында механизмдерді реттеу;
құрылғы жұмысындағы қалыптан ауытқушылықтарды анықтау және оларды жою;
жылжымалы нысанға ағымдағы жөндеу жүргізу;
арқанды созу және оны күту;
арқандарға арнап қосымша блок орнату;
атыс курсының міндеттеріне және жылжымалы нысаналардың жұмыс жағдайларына сәйкес артиллериялық атыстарға арналған бағыттар мен директристерді бағдарлы төсеу;
ату үшін әртүрлі жазық макеттерді дайындау.
атыс курсының барлық міндеттерін орындау кезінде жылжымалы нысаналар бойынша атыстарды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық және олар кезіндегі қауіпсіздік шараларын;
іштен жану қозғалтқыштары теориясының негіздерін;
механикалық аэростаттық шығырлардың, танкінің жылдамдық қораптарының құрылысын, мақсаты мен жұмыс істеу принципін;
әртүрлі бұрыштарда бірнеше нысаналардың жүйелі қозғалу принципіне негізделген жылжымалы нысаналардың қозғалмалы агрегаттарының нұсқаулығын;
аспаптардың көрсеткіштері бойынша жылжудың қажетті жылдамдығын алу үшін нысанның жылжуын реттеу тәсілдерін;
әртүрлі жылжымалы макеттердің конструкциясын;
нысанды басқару механизмдеріндегі ақаулықтардың сыныптамасын, пайда болу себептерін, алдын алу шараларын және жою тәсілдерін;
жанармай мен майдың сорттарын.
50-параграф. Жылжымалы нысан моторшысы, 4-разряд
нысанды кейін керу арқылы екі бағытта қарапайым жетекке алу кезінде қозғалтқыштың және жылжымалы нысанның қосалқы механизмдерінің жұмысын басқару;
жылжымалы нысаналарды орташа жөндеу;
атыс жүргізу үшін әртүрлі көлемді макеттерді дайындау.
әртүрлі жылжымалы нысан мен қосымша механизмдердің, агрегаттар мен тораптардың конструкциясын, құрылысы мен жұмыс істеу принципін;
танк макеттерін жылжытуға арналған жылжымалы механизмдердің конструкциясын;
үздіксіз қозғалатын арқан қағидатына негізделген жылжымалы нысанның жылжымалы агрегаттарының конструкциясын;
ақаулық ведомосін жасау, сызбалар мен схемаларды оқу.
51-параграф. Зымыран және торпедалық қару құрастырушы, 2-разряд
қарапайым және күрделілігі орташа агрегаттар мен тораптарды бөлшектеу;
жабдықтарды, аспаптарды, құралдарды, аспаптар мен бұйымдардың элементтерін тексеруге дайындау бойынша күрделі емес жұмыстарды орындау;
бұйымдардың бөлшектері мен агрегаттарын тазарту, жуу, үрлеу және майлау;
күрделі емес агрегаттардың жапырылған қабықшаларын түзету;
қарапайым колердің бояулары мен лактарын дайындау;
агрегаттар мен бұйымдардың үстіңгі бояуын қалпына келтіру;
трафарет бойынша цифрлар мен әріптерді түсіру;
жоғары және төмен қысымды шлангтарды біріктіру;
жоғары білікті құрастырушының басшылығымен бұйымдарды көлденең тексерген кезде жекелеген монтаждау операцияларын орындау.
бұйымның қозғалтқыш қондырғылары құрылғысының принципін және жабдықтар мен аппаратураны тексеруге дайындау тәртібін;
зымыран мен торпедаларды пайдалану қағидаларын;
жөнделетін торпедалардың, зымыран мен агрегаттардың атауларын;
күрделі емес агрегаттардың құрылғысын және бөлшектердің атауларын;
майлау материалдары жөнінде негізгі мәліметтер және оларды қолдану тәсілдерін;
бақылау-өлшеу аспаптары мен жоғары және төмен қысымды шлангтарды қолдану қағидаларын.
1) торпедалардың тәжірибелік заряд бөлімшелері, машина крандары және 1995 жылы шығарылған жетекші бөлімшелері – бөлшектеу;
2) торпеданың тәжірибелік заряд бөлімшелері және жетекші бөлімшелері – сыртқы және ішкі бетін бояу;
3) торпеданың резервуарлары, аккумуляторлық және жетекші бөлімшелері – ажарлағыш қабықшаларды қолданып станоктарда тазарту.
52-параграф. Зымыран және торпедалық қару құрастырушы, 3-разряд
бұйымдарды агрегаттарға бөлшектеу, күрделі агрегаттарды бөлшектеу, күрделілігі орташа агрегаттарды жөндеу, құрастыру және реттеу;
тораптар мен агрегаттарды бір шаршы сантиметрге 20 килограмға дейінгі қысыммен пневматикалық және гидравликалық сынау;
торпеда желілерінің тұтастығын және ток өткізгіш тізбектердің оқшаулау кедергілерін тексеру;
электр агрегаттың қарапайым схемаларын тексеру;
станоктарда ажарлау машинкаларын немесе ажарлау шеңберлерін қолдана отырып, бұйымдардың сыртқы бетінен терең рискалар мен коррозияларды шығару;
күрделі емес агрегаттарды тексеру және сынау кезінде анықталған кінәраттарды жою;
ішкі қол жетпейтін бетіне және сыртқы бетіне бояуды 3-4 қабаттап жағып бояу;
бұйымдардың бөлшектерді, тораптар мен агрегаттарды арнайы ерітінділермен майсыздандыру және химиялық өңдеу;
бұйымның ауа резервуарларының, баллондарының және су отсектерінің ішкі бетінен майды кетіру және жағу;
бұйымдарды көлденең тексеру кезінде монтаждау жұмыстарын орындау.
күрделі агрегаттардың, бұйымдардың құрылысын және жұмыс істеу принципін;
электрмен өлшеу аспаптарын қолдану қағидаларын;
жөндеу кезінде қолданылатын материалдар және оларды алмастырғыштар туралы негізгі мәліметтер;
рұқсатнамалар мен қондырмалар туралы негізгі түсінік және олардың сызбадағы белгілерін;
бұйымдарды сақтау кезінде металдың коррозиясын тудыратын себептер, оларды коррозиядан қорғау әдістерін.
1) бұйымның отын бактары – пневматикалық және гидравликалық сынау;
2) аспаптардың гермоқораптары – дәнекерлеу және герметикалығын тексеру;
3) бұйымдардың қозғалтқышты қондырғылары – орташа жөндеу;
4) лаз люктері – жөндеу, орнату;
5) практикалық зарядтау бөлімшелері, 1955 жылға дейін шығарылған бұйымдардың артқы бөліктері мен артқы бөліктері - бөлшектеу;
6) практикалық зарядтау бөлімшелері, 1955 жылдан кейін шығарылған бұйымның артқы бөліктері - бөлшектеу;
7) басқару жүйесінің аспаптары – түсіру және орнату;
8) резервуарлар, аккумуляторлық бөлімшелер, қозғалтқыштар, бугаз генераторлары, жану камерасы, қыздырғыш және гидростатикалық аппараттар, рульді машиналар, қосқыш блоктар, майды таратқыштар, судың мөлшерін реттеуіштер, сып омпалары, клапандар, ауыстырып-қосқыш механизмдері, бәсеңдеткіштер, ығыстырушылар, пневматикалық шүріппелер, контакторлар – бөлшектеу;
9) бұйымның кабельді желілері – демонтаждау, монтаждау, ақау учаскелерін ауыстыру, оқшаулаудың жарамдылығын және кедергісін тексеру;
10) отын және ауа жүйелерінің фланецті бірігулері – жіктерді жасау және герметикалығын тексеру;
11) отын бактары, аспапты отсектер, саға бөліктері – орналастыру;
12) әуе жүйесінің құбырлары - бөлшектеу, жөндеу және орнату;
13) шу шығарғыштар, релелік блоктар, тарату қораптары - тексеру.
53-параграф. Зымыран және торпедалық қару құрастырушы, 4-разряд
бұйымдарды көлденең тексеру кезіндегі монтаждық жұмыстар;
бұйымдардың күрделі агрегаттарын жөндеу, құрастыру, реттеу, өңдеу және бөлшектеу;
тораптар мен агрегаттардың клапандары мен штоктарын ысқылау және дайындау;
отырғызатын орындарды ұңғылау және қашау, шеттерін ысқыштармен жапсыру;
қысым тораптары мен агрегаттарын шаршы сантиметрге 20 килограмнан астам пневматикалық және гидравликалық сынау;
агрегаттарды айдау әдісімен тексеру;
бұйымдардың озық зарядтау бөлімшелерін шығару;
бұйымдардың шеткі бөліктерін орталау;
күрделі агрегаттарды тексеру және сынау кезінде анықталған кінәраттарды айқындау және жою;
барометрлік аспаптарды тексеру;
торпеданың магнитті жағдайын тексеру және оларды магнитсыздандыру;
жиында бұйымдарды сыртқы гидравликалық қысыммен сынаққа дайындау;
жоғары білікті құрастырушының басшылығымен бұйымдарды атысқа (іске қосуға) дайындау;
күрделі жөндеу кезінде бұйым резервуарларының түптері мен корпустарын өңдеу, қалайылау және дәнекерлеу.
агрегаттарды реттеуге және сынауға қойылатын техникалық шарттар;
жөнделетін бұйымдардың негізгі агрегаттарының құрылғысын және жұмыс істеу принципін;
электр схемалар және бұйымдардың ажыратылатын бөліктерінің энергия құрамдауыштары жолдарының схемаларын;
ысқылау материалдарын және оларды қолдану тәсілдерін;
бұйымдардың бөлшектерін, тораптары мен агрегаттарын майсыздандыруға және өңдеуге арналған химиялық және арнайы еріткіштердің мақсаты мен құрамын;
арнайы майлардың мақсаты мен қасиеттерін;
бөлшектер мен күрделі агрегаттардың өзара алмасуы кезіндегі негізгі талаптар;
бұйымдарды атысқа дайындау қағидаларын;
формулярлардың мазмұны мен пайдалану қағидаларын;
бұйымдарды тексеру және жөндеу түрлерін, оларды орындауды айқындайтын мерзімдер мен себептерін.
1) қозғалтқыш қондырғылардың автоматикасы - бөлшектеу, элементтерді ауыстыру, құрастыру;
2) отын бактарының арматуралары - демонтаждау, жөндеу, орнату;
3) отын бактары, аспап отсектері, шеткі бөліктер - жөндеу, тораптарды құрастыру, түйістіру;
4) «239» типтік бұйымдар - өңдеу;
5) басқару жүйесінің бұйымдары мен аспаптары - тексеру аппаратурасына қосу және сөндіру;
6) «КАП-3», «ПАС-ГР», «АД-3» - тексеру;
7) озық зарядтау бөлімшелері, 1995 жылдан кейін шығарылған бұйымның жетекші бөлімшесі және шеткі бөлігі – құрастыру;
8) қысымды реттеуші, бітеу клапандарының блоктары, су сорғылар, дестелі сөндіргіштер, инерциялы соққылар, аралық сақтандырғыштар мен электрмен оталдырғыш құрылғылар – бөлшектеу;
9) резервуарлар, аккумуляторлық бөлімшелер, қозғалтқыштар, бугазгенераторлар, жану камералары, қыздырғыш және гидростатикалық аппараттар, рульді машиналар, қосқыш блоктар, май таратып бөлгіштер, су мөлшерін реттегіштер, су помпалары, машина крандары, клапандар, ауыстырып қосқыш механизмдер, бәсеңдеткіштер, ығыстырғыштар, пневматикалық шүріппелер, контакторлар – құрастыру, реттеу;
10) бақылау деңгейінің сигнализаторлар - монтаждау, сынау.
54-параграф. Зымыран және торпедалық қару құрастырушы, 5-разряд
жабдықтар мен аспаптарды бұйымдарды тексеруге дайындау;
бұйымның қозғалтқышты қондырғыларын тексеру;
жоғары білікті құрастырушының басшылығымен қозғалтқыш қондырғылары элементтерін монтаждау және демонтаждау;
ерекше күрделі агрегаттарды құрастыру, реттеу және өңдеу;
бұйымдардың тораптары мен агрегаттарының поршеньдерін, золотниктерін және цилиндрлерін ысқылау және келтіру;
ыдыстарды арнайы өнімдермен жаттықтыру;
материалдық бөліктің жұмысын тексеру, жиында бұйымдардың тоқтатқыш және электрлік схемаларын өңдеу;
жиында бұйымдарды шығару және орталықтау;
бұйымдардың біршама күрделі агрегаттарын тексеру және сынау кезінде анықталған кінәраттарды айқындау.
тексеретін жабдықтардың, бақылау-өлшеу аспаптар мен құралдардың құрылғысын, жұмыс істеу принципін, пайдалану қағидаларын;
бұйымдардың корпусы мен қозғалтқыш қондырғының жұмыс істеу принципін;
қозғалтқыш қондырғыны тексеру бағдарламасын;
электр схеманы мен бұйымдардың схемасын тексеру кезіндегі жұмыстардың технологиялық схемасын;
жөндеудегі бұйымдардың энергокомпоненттерін;
бұйымдарды сақтау және оларды орындарға беру кезінде сыртқы гидравликалық қысыммен сынау мерзімін;
бұйымдарды іске қосуға дайындау және оларды іске қосу позицияларына беруді ұйымдастыру қағидаларын;
жаттығу кезінде қолданылатын өнімдердің мақсаты мен құрамын;
тік рульдердің көлденең салмаларын тексерген кезде қолданылатын бағыт аспаптарының мақсаты мен құрылғысын;
ерекше күрделі агрегаттардың сызбалары мен схемаларын.
1) тереңдік автоматтары, сильфонды-маятникті аспаптар – жөндеу;
2) бұйымдардың қозғалтқыш қондырғылары – күрделі жөндеу;
3) ауа резервуарының түбі - магниттік және ультрадыбыстық дефектоскоптарда тексеру;
4) бұйым қысымын реттегіштер, бітеу клапандарының блоктары, су сорғылары, дестелі қосқыштар, инерциялы соққылар, аралық сақтандырғыштар мен электрмен оталдырғыш құрылғылар – құрастыру, реттеу;
5) резервуарлар – қабырға қалыңдығын «УДМ-1» аспабымен өлшеу.
55-параграф. Зымыран және торпедалық қаруды құрастырушы, 6-разряд
бұйымдарды кешенді сынау;
тексеру кезінде бұйымдардың элементтері мен аспаптарын түсіру және салу;
бұйымдарды атып сынау (тексеру) және түсірілген диаграммалар бойынша кінәраттарды айқындау;
арнайы қондырғыларда (тежегіште, мулинеткада, стендте) бұйымдардың қозғалтқыштары мен іске қосуды реттейтін аппаратураларын ату және оларды реттеу;
жұмыс барысында қондырғыларды реттеу;
бұйымдар қозғалтқыштарының роторларын теңгеру;
көлденең және тік рульдерді ауыстырып салуды тексеру және оларды реттеу.
бұйымдарды кешенді сынауға қойылатын техникалық шарттарын;
бұйымдардың және қозғалтқыш қондырғының мақсатын, құрылғысын және жұмыс істеу принципін;
электр пневможабдықтардың мақсаты мен құрылғысын;
бұйымға және қозғалтқыш қондырғыға берілетін техникалық құжаттамасын;
қозғалтқыш қондырғылар мен оның элементтерін тексеру бағдарламаларын;
бұйымдардың жекелеген элементтерін ауыстыру технологиясын;
ауаның ылғалдылығын анықтау әдістемесін және оны қоспалар мен майдың болмауын тексеру тәртібін;
газдардың негізгі заңдарын;
бұйымдардың пневможүйелерінің құрылғысын және жұмыс істеу принципін;
пневможүйені тексеруге қойылатын талаптар;
тіркейтін аспаптардың мақсатын және құрылғысын, диаграммаларды оқу қағидаларын;
бұйымдарды атып сынауға арналған аппараттардың мақсаты мен құрылғысын;
тереңдік автоматтарының мақсаты мен құрылғысын;
бұйымдардың қозғалтқыштарын атуға арналған арнайы қондырғыларды реттеу мерзімдерін.
1) тереңдік автоматтары, сифонды-маятникті аспаптар – құрастыру, реттеу;
2) зымырандың қозғалтқыштары – жүйелерді жалпы құрастыру, баптау және реттеу;
3) зымырандар – жалпы құрастыру жүйелерді жалпы құрастыру, баптау және реттеу, кешенді сынау.
56-параграф. Зымыран трегіне қызмет көрсету жөніндегі слесарь, 2-разряд
зымырандық тректе түсіру жүргізу кезінде оптикалық аспаптарға арналған рельс жіптеріне арнайы штативтер деңгейі бойынша инварлы рейкаларды орнату;
рельс жіптерін күту және бекіту түйіндерінің алдын алу;
зымыран трекке бағыттаушы арбашықтарды орнату және түсіру;
тасу алдында зымыран поездің сатысымен бағыттағыш арбашықты біріктіру.
инварлы рейкаларды деңгей бойынша және арнайы штативтерді орнату қағидаларын;
жұмыста қолданылатын құралдардың түрлерін және оларды жұмыс барысында қолдану қағидаларын;
жұмыс құралының түрлері және оларды жұмыс жүргізу кезінде пайдалану ережесін;
бағыттаушы арбаны зымыран трегіне орнату және одан алудың техникалық шарттары мен тәртібін;
шар және цилиндрлік деңгейдің құрылғысын.
57-параграф. Зымыран трегіне қызмет көрсету жөніндегі слесарь, 3-разряд
зымыран поездің сатыларын тиеу, тасымалдау және түсіру;
кіші рельс балкаларын ауыстыру арқылы рельсті жіптерді алдын ала түзету және салыстырып тексеру;
рельсті жіпті түзету және рихтовкалау үшін өлшегіш базаны орнату;
ракеталық тректің бірінші рельстік жібін ішекті және бірінші (базалық) рельстік жіп бойынша екінші рельстік жіпті түзету;
рельстік жіптің бұзылған учаскелерін демонтаждау;
рельсті жіптерді пісіруге және пісірілген жерлерді ажарлауға дайындау;
жоғары білікті слесарь-баптаушының басшылығымен көмекші жабдықтарды орнату.
зымыран трегін жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу кезінде бақылау-өлшеу құралдарының түрлерін және оларды пайдалану қағидаларын;
рельс жіптерін дәнекерлеуге дайындау кезіндегі рұқсат етілген әдіптер, әр түрлі биіктіктер мен бұрыштар;
пісіру жіктерін ажарлау үшін қолданылатын абразивтік материалдар мен құралдарын;
динамометрі бар тарту қондырғыларының, түрлі биіктіктегі аспаптар мен колея енін өлшегіштердің құрылғысын, жұмыс істеу принципін және орнату тәртібін;
жылжымалы ажарлағыш станоктың құрылғысын, оған қызмет көрсету және теңшеу қағидаларын.
58-параграф. Зымыран трегіне қызмет көрсету жөніндегі слесарь, 4-разряд
индикаторлық жезл бойынша зымыран тректің рельсті жібінің реперлі желіден ауытқуын айқындау;
0,01 миллиметрге дейін дәлдікпен жылжымалы дәлдеу нысаны бойынша рельсті жіптің жоспардан ауытқуын өлшеу;
рельс жолдарын колея ені бойынша іске қосар алдында тексеру және оларды бұйымдарды қосуға дайындау;
зымыран тректе зымыран поезд сатысы бойынша байланыстырғыш кронштейндерін орнату;
зымыран трегін рельс жолына орнату және зымыран поезының жабдықталмаған сатысын сүйреп апару арқылы сынау;
рельс жолына зымыран поездің жабдықталмаған сатысын орнату, зымыран поезді түйістіру;
берілген бұрыштар бойынша зымыран тректің финишіне шпангауттарды орнату.
бақылау-өлшеу аспаптарының құрылғысын және оларды пайдалану қағидаларын;
зымыран тректің рельс жолына қойылатын техникалық талаптар, оларды тексеру тәсілдерін;
жол өлшегіш арбашықтың құрылғысын және басқару қағидаларын;
зымыран тректе байланыстырғыш тректі орнату қағидаларын;
зымыран поезының жабдықталмаған сатысын сүйреп апару арқылы сынау тәртібін;
рельс жолына зымыран поездің жабдықталмаған сатысын орнату қағидаларын және оларды зымыран поезға түйістіру бойынша жұмыстарды жүргізу жүйелілігін;
буссоль, квадрантта мен нивелирдің көмегімен берілген бұрыштар бойынша шпангоуттарды орнату тәртібі мен қағидаларын;
рельсті жолды жоспарлы және биіктікті салыстырып тексеру әдістемесін;
оптикалық аспаптардың құрылғысын және пайдалану қағидаларын.
59-параграф. Зымыран трекке қызмет көрсету жөніндегі слесарь, 5-разряд
рельстік жіптің тірек нүктелерін ауыстыру және оларды жобалау жағдайына орнату;
зымыранның ұрыс қалпақшасын эстакадаға ілу;
аса күрделі зымыран поездарын зымыран трегінің рельс жолына орнату.
рельсті жіптерді тіреу нүктелеріне жоспар және биіктік бойынша орнатудың дәлдігін;
колея енін өлшеуге арналған аспаптардың құрылғысын және жұмыс істеу принципін және түрлі биіктігін, оларға қызмет көрсету және теңшеу қағидаларын;
зымыранның қалпақшаларын эстакадаға ілудің техникалық шарттарын және ілу қағидаларын;
оптикалық аспаптарды тексеру әдістемесін;
өлшегіш аспаптарда ақаулардың пайда болу себептерін, оларды алдын алу шараларын және жою тәсілдерін.
60-параграф. Зымырандарды, аспаптар мен іске қосу құрылғыларын сынау жөніндегі лаборант, 4-разряд
сынақ аппаратурасын, жабдықты, стенділерді, пульттер мен құралдарды тексеруге дайындау;
аспаптарды белгіленген бағдарлама бойынша тексеру;
іске қосу құрылғылары мен бастапқы жабдықтарды жөндеу және сынауға дайындау;
іске қосу құрылғыларындағы айлабұйымдарды монтаждау және бөлшектеу;
біліктілігі анағұрлым жоғары лаборантының басшылығымен арнайы қондырғылардан бұйымдар мен атыстарды іске қосылуын жүргізу;
бұйым тізбегіндегі тоқты анықтау;
бақылау-өлшеу аспаптары мен құралдарын пайдалану;
зымырандарды белгіленген бағдарлама бойынша тексеруге дайындау;
пневматикалық желінің шлангылары желісін зымыранға және пневматикалық жабдықтарға қосу және одан алу;
зымыранның герметикалығын немесе қозғалтқыш құрылғының жекелеген магистральдарын тексеру;
ауаның жүйеден шығатын орнын анықтау және ақаулықтарды жою;
тексеру кезінде қолданылатын қысымды ауа сапасын бақылау.
зымыран мен жинақтаушы элементтердің құрылысы мен әрекет ету принципін;
іске қосу құрылғыларының тораптары мен механизмдерінің құрылысы мен оларды пайдалану қағидаларын;
орнату қозғалтқыштарының кешенді және оның орнатылуы бойынша құрылысын;
зымырандармен және оқ-дәрілермен жұмыс істеу қағидаларын;
зымыранның қарапайым аспаптарының схемалары мен құрылысын;
аспаптарға тексеру жүргізуге арналған техникалық шарттар;
тексерулерге және тексеру бағдарламаларына қойылатын талаптар;
тексеру мен бақылаудың технологиялық процессін;
іске қосу құрылғысының тораптары мен механизмдерін бөлшектеу, жөндеу және құрастырудың технологиялық процессін;
аспаптарды тексеру кезінде қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарының, пульттердің, стенділердің құрылысын, мақсатын және пайдалану қағидаларын;
қоректендіру көзінің құрылысы мен пайдалану қағидаларын;
іске қосу бойынша нұсқаулықтар, күрделі емес сызбалар;
монтаждау және принциптік электр схемалар.
61-параграф. Зымырандарды, аспаптар мен іске қосу құрылғыларын сынау жөніндегі лаборант, 5-разряд
зымыранның күрделі электр схемасын тексеру және баптау;
бұйымдарды іске қосу, аспаптарды таңдау және сынау кезінде бұйымды бақылау схемасын құрастыру;
зымыран аппаратурасының жұмысында анықталған ақаулықтарды жою;
қажетті есептеулерді жүргізу;
электромеханикалық жару құрылғыларын тексеру үшін схемаларды монтаждау;
пневматикалық жабдықтарды пайдалану;
тексеру жүргізуге арналған құжаттаманы ресімдеу.
көлденең тексеру кезінде қолданылатын зымыранның, аппаратураның және бақылау-өлшеу аспаптарының техникалық құжаттамасын және басқару жүйесінің принциптік схемасын;
көлденең тексеру жүргізу бағдарламасын;
электрорадиотехника және газ динамикасының негіздерін;
зымыранның күрделі аспаптарының схемасы мен құрылысын;
штаттық және сынақ іске қосу және арнайы құрылғыларының құрылысын;
іске қосу жабдығының пульттері мен аспаптарының құрылысы мен жұмыс істеу принципін;
іске қосу қондырғыларын жөндеуге және құрастыруға аспаптарды тексеруді жүргізуге арналған техникалық шарттар;
күрделі бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарының құрылысы мен мақсатын;
жарылғыш заттардың мақсатын, құрылысы мен жұмыс істеу принципін;
электродетонаторларда, электрозапалда, капсюль-детонаторларда қолданылатын жарылғыш заттардың негізгі қасиеттерін;
жекелеген магистральдердің герметикалығын тексерудің техникалық шарттарын;
герметикалығын тексеру кезінде қолданылатын пневможабдықтардың, манометрлер мен өзге де аспаптардың құрылысын;
тексеру нәтижесін ресімдеу тәртібін;
күрделігі орташа сызбаларын, монтаждау және принциптік схемаларын.
1) автопилот, борттық радиоаппаратура – жұмысын тексеру;
2) «КИПС» типті бақылау және тіркеу аппаратурасының блоктары мен тораптары – баптау және жөндеу;
3) «ЗЭ27» типті бұйымдар – сынау үшін стендіге орнату, қорғаныш құрылғыларын монтаждау, «ПИМ» типті имитаторын іске қосу;
4) бақылау-сынау аппаратурасы және әлеуетті жабдықтар-регламенттік жұмыстар өндірісі;
5) «ПУ-К» бақылау пульті, «TT-1» немесе «ЛВО-5» тестері – баптау және тексеру;
6) «ПИМ» типті имитаторы - бақылай отырып жекелеп бөлшектеу;
7) зымыран - күрделі жүйелерді жеке тексеру;
8) зымыран-кешенді тексеру жүргізгеннен кейін қорытынды операцияларды орындау;
9) «ПИМ» типті имитатордың тізбегі – кедергілерді, кернеу мен тоқты «ПУ-К» пульті мен тестердің көмегімен өлшеу.
62-параграф. Зымырандарды, аспаптар мен іске қосу құрылғыларын сынау жөніндегі лаборант, 6-разряд
күрделі радио схемаларды құрастыру және баптау;
тексеруге дайындау және радиоаппаратураны тексеру;
радиоөлшемдерді өткізу;
іске қосу құрылғыларын сынау әдістемесінің жекелеген элементтерін өңдеу;
стенділер мен пульттердің сынақ аппаратурасын реттеу;
зымыран элементтерін аспапқа қосу;
қашықтан басқару элементтерін алу және орнату, қозғалтқыш құрылғының өлшемдерін қатты жағармайда бақылау;
«РВ» және «ПИМ» имитаторларды жеке және кешенді толық тексерулерді жүргізу;
сынаудан кейін «ПИМ» имитаторларды ішінара бөлшектеу, және инженердің басшылығымен толық бөлшектеу;
бұйымдарды іске қосу үшін бастапқы деректерді дайындау;
телеметриялық аппаратураның датчиктерін дайындау және оларды бұйымдарға орнату;
аппаратураның шифрін алу және оны бұйымдарға орнату;
телеметриялық деректердің шифрін алу;
есептеу жұмыстарына қажетті деректерді сынау қорытындылары бойынша дайындау.
бұйымдарды лабораторлық сынақтар мен толық тексеру қағидаларын және оларды пайдалану жөніндегі конструкциясын;
зымыранның аса күрделі аспаптарының схемасы мен құрылысын;
радио өлшеу жүргізу қағидасы мен әдістерін;
жеке және кешенді тексерулердің қорытындысы бойынша нәтижені бағалау тәсілдерін;
қабылдау-тарату құрылғыларының және импульсті радиотехниканың негіздерін;
іске қосу қондырғыларын, старттық жабдықты сынақтар жүргізуге дайындау тәртібін;
арнайы құрылғылардан бұйымдар мен атыстар жасау қағидаларын;
күрделі сызбалар, монтаждау және принциптік электр схемаларын.
1) борттық тораптар мен бұйым элементтері – кешенді тексеру;
2) «ЗЭ27» және «ПИМ» имитаторлардың типті бұйымдар – жеке және кешенді тексерулерге арналған толық дайындау;
3) бұйымдар - бақылау пультінің негізгі өлшемдерін эталон аспаптарының көмегімен тексеру;
4) бұйымдар - кешенді сынақтарды тексеру, аса күрделі жүйелерді жеке тексеру;
5) бақылау-өлшеу құрылғылары – тексеру және баптау;
6) «ПИМ» имитаторлар - артқы бөлігін толық бөлшектеу және арнайы жару құрылғыларын толық емес құрастыру;
7) реле - жұмысты тексеру және реттеу;
8) бастапқы жабдықтар – сынауға дайындау.
63-парагараф. Крешерші, 2-разряд
крешер бағаналарды қысуға арналған қол престерін дайындау;
крешерлік бағаналарды крешерлік аспаптарға салу;
сынаудан кейін крешерлік аспаптарды бұрап шығару;
крешерлік аспаптарды түзетуге дайындау;
крешерлік бағаналарды тығындау;
крешерлік аспаптарды сынауға дейін және сынаудан кейін тазалау, қылауларын алу;
крешерлік бағаналарды өлшеу нәтижесін жазу.
крешер бағаналарды қысуға арналған қол престерінің құрылысы мен жұмыс істеу принципін;
крешерлік бағаналарды тығындау тәсілдерін;
сынақ жүргізу тәртібін;
крешерлік бағаналарды өлшеу нәтижесін жазу тәртібін;
крешерлік аспаптардың бөлшектерінен қылауларды тазалау және алу тәсілдерін;
тазалау және майлау материалдарын.
64-параграф. Крешерші, 3-разряд
крешерлік аспаптарды дайындау, оларды құрастыру және бөлшектеу;
қысуға дейін және одан кейін крешерлік бағаналарды микрометрмен өлшеу және сырттай тексеру;
сынау кезінде күтілетін қысымға байланысты престе крешерлік бағаналарды қысу;
крешерлік бағаналардың немесе жеке түзетулердің коэффициенттерін анықтау;
сынауға қажетті крешерлік аспаптар мен крешерлік бағаналарды таңдау;
тараждық кестелерді немесе коэффициент кестелерін жинақтау (жасау);
крешерлік бағаналарды өлшеу және қысымды анықтау;
крешерлік пакет-паспорттарын жасау;
крешерлік өлшеу микроскопының көмегімен берік элементте таңба диаметрін өлшеу;
крешерлік аспаптарды қозғалтқыштың өткізгішіне орнату;
теханикалық престерді баптау;
қозғалтқышты сынау нәтижесін жазуды жүргізу.
крешерлік аспаптардың құрылысын, крешерлік бағаналардың өлшемі мен типтерін;
қысуға арналған техникалық шарттар және күтілетін қысымға байланысты крешерлік бағандарды таңдау қағидаларын;
механикалық престің құрылысын және оларды баптау тәсілдерін;
әртүрлі крешерлік бағаналарды баламалау әдістерін;
крешерлік аспаптарды тазалауға арналған станоктың құрылысын;
крешерлік аспаптар үшін қолданылатын мастиканың түрлерін;
аспаптарды сақтау және консервациялау тәртібін;
микрометр мен өлшеу микроскопының құрылысын және олармен жұмыс жүргізу қағидаларын;
тараждық кесте құру қағидаларын;
крешерлік аспаптардың жұмысын тексеру қағидаларын;
қысымды өлшеу тәсілдерін;
крешерлік бағаналардың материалдарының негізгі қасиеттерін.
65-параграф. Крешерші, 4-разряд
аспаптарды паспорттау кезінде бақыланатын және сыналатын крешерлік аспаптарды құрастыру;
әртүрлі температураларға арналған крешерлік мастиканы жасау және пенетрометрдің көмегімен оларды сынау;
серпінді крешерік элементтерде таңбаны фотоға түсіру және фотопленкадан шығару;
фототаңбаның диаметрін өлшеу;
қарапайым есептеу аспаптарында қысымды өлшеу нәтижелерін есептеу;
техникалық шарттарға сәйкес гараж престерін тексеру.
крешерлік аспаптар мен крешерлік бағаналардың типтері мен өлшемдерін және олардың зарядтау камерасының көлеміне және өлшенетін қысым шамасына байланысты қолданылуын;
крешерлік бағаналарды коэффициенттері мен жеке түзетулері бойынша таңдау қағидаларын;
үлгі крешерлік бағаналардың, эталон және бақыланатын крешерлік аспаптардың мақсатын;
микрометрді және крешерлік өлшеу микроскопын тексеру әдістерін;
өлшеу крешерлік микроскопқа фотоприставканың құрылғысы және онымен жұмыс істеу;
әртүрлі температураға арналған мастиканың рецептурасын;
пенетрометрдің құрылысын және оның мақсатын.
66-параграф. Қару-жарақ сынаушы, 3-разряд
85 миллиметрге дейінгі калибрлі артиллериялық қару мен минометтен атуды сынауға дайындау және сынақ атыстарының барлық түрлерін жүргізу;
атыс позициясын жабдықтау және оған артиллериялық жүйелер мен минометтерді бекітумен және салыстырып тексерумен орнату;
атқыш қарудан (мылтықтан, карабин, пистолет-зеңбірек, қол және танкілік зеңбіректерден) сынақ атыстарының барлық (көздеп атудан басқа) түрлерін орындау;
сынақтың түріне байланысты қару-жарақты атуға дайындау;
артиллериялық қару мен минометтерді оқтау және оғын алу;
артиллериялық қару мен минометтердің, атқыш қарулардың оқпанын атуға дейін және одан кейін тазалау және майлау;
сынау процессі кезінде анықталған ақаулықтарды жою;
сынақ қорытындысы бойынша құжаттама ресімдеу;
автомат қарудың оқпанын калибрлері бойынша қиыстырып келтіре отырып ауыстыру.
сыналатын артиллериялық қару мен минометтердің, атқыш қарулардың құрылысын және олардың механизмдері мен бөлшектерінің өзара іс-қимылын;
сыналатын қару-жарақтың негізгі сипаттамаларын;
сынақ ұйымдастыру және жүргізу және қауіпсіздік техникасын сақтау жөнінде нұсқаулықты;
қару-жарақты сынаудың барлық түрлерін және қару-жарақты сынауға арналған техникалық шарттардың талаптарын;
қару-жарақты сынауға дайындау тәртібін;
атыс позициясының құрылысын және оларға артиллериялық жабдықтар мен минометтерді орнату тәртібін;
сынау кезінде қолданылатын аспаптар мен құралдарын;
қару-жарақпен жұмыс жүргізу және оларды атысқа дайындау қағидаларын;
қару-жарақты оқтау және оғын алу тәртібін;
сынақ жүргізудің құжаттамасын ресімдеу қағидаларын.
67-парагарф. Қару-жарақ сынаушы, 4-разряд
85 миллиметрден астам калибрлі артиллериялық қаруды, автомат және жартылай автомат зенит қару-жарақтарын сынауға дайындау және сынақ атыстарының барлық түрлерін орындау;
тәжірибелік атыс қаруы мен жауынгерлік машиналарда орнатылған станоктық және ірі калибрлі пулеметтерді сынауға дайындау және атыс сынақтарының барлық түрлерін (көздеу және велосиметриялық қарудан басқа) жүргізу;
оқпандарды олардың калибрлері бойынша қиыстыра отырып ауыстыру;
сынау кезінде анықталған барлық ақаулықтарды жою кезінде атқыш қару-жарақты бөлшектеу және құрастыру;
көздеудің тығыны, жартылай автоматикасы мен механизмдерінің жұмысындағы ақаулықтарды жою;
жауынгерлік қол гранаталарына, запалдарға, жарғыштарға және пиротехникалық құралдарға сынақ жүргізу.
сыналатын артиллериялық жүйелер мен атқыш қару-жарақтың құрылысын және олардың бөлшектері мен механизмдерінің өзара іс-қимылын;
қару-жарақты сынауға, олардың түрлеріне қойылатын техникалық талаптарын;
сынақ ұйымдастыру және жүргізудің нұсқаулығын;
сынау кезінде қару-жарақтың ақаулықтарын жою тәртібі мен қағидаларын;
атмосфералық жағдайдың сынақ нәтижесіне тигізетін әсерін;
сыртқы баллистика (траектория қисықтығы, таралу элементтері) элементтерін.
68-парагарф. Қару-жарақ сынаушы, 5-разряд
артиллериялық қару мен реактивті құрылғыларды, өздігінен жүретін танкі қаруларының аса қуатты үлгілерін сынауға дайындау және сынақ жүргізу;
атқыш қарудан көздеп ату және велосимметриялық атыс сынағын жүргізуге дайындау және жүргізу;
атқыш қарудың сынақ үлгілерінің негізгі сипатын айқындау;
қарудың баллистикалық сипаттамасын айқындау жөніндегі ату сынақтарын жүргізу;
сынама гранаталарын, жарғыштар мен пиротехникалық құралдарды сынау;
қару-жарақты сынау кезінде анықталған ақаулықтарды жою.
сыналатын қару-жарақтың құрылысы мен мақсатын;
қару-жарақты сынау түрлерін;
өздігінен жүретін танк құралдары мен реактивті қондырғыларды сынау ерекшеліктерін;
қару-жарақты сынауға қойылатын техникалық шарттардың талаптарын.
69-парагарф. Қару-жарақ сынаушы, 6-разряд
кеме артиллериясының аса қуатты үлгілері мен тұрақтандырғыш танк қару-жарағын сынауға дайындау және атыс сынағын жүргізу;
аса күрделі зымыран құрылғыларынан іске қосқыш жасау;
қару-жарақты сынау кезінде анықталған ақаулықтарды жою.
аса қуатты кеме артиллериясының құрылысы мен мақсатын;
кеме артиллериясы мен тұрақтандырғыш танк қару-жарағын сынау ерекшеліктерін;
зымырандарды іске қосу өндірісінің тәртібін;
қару-жарақтың негізгі ақаулықтарын және олардың пайда болу себептерін.
70-параграф. Қару-жарақтарды жөндеу жөніндегі слесарь, 1-разряд
артиллериялық және атыс қару-жарақтарының, бомба тастағыш құрылғылар мен торпедалық аппараттардың жекелеген қарапайым тораптары мен агрегаттарын демонтаждау, бөлшектеу және құрастыру;
бөлшектер мен тораптарды жуу, тазалау, коррозиясын кетіру, майлау;
кесу арқылы кесу, пышақпен кесу, қабыршақтарды, бұдырларды, дәнекерлеу жіктерін тазалау;
жазықтықтарды, фаскалар мен радиустарды шаблон бойынша аралау;
шаблондар бойынша жазықтықтарды, фаскалар мен радиустарды аралау;
бұрандаларды, гайкаларды, болттар мен шпилькаларды айдау;
дәлдікті талап етпейтін бөлшектерде белгілер және плашкалар бойынша қолмен бұрандалар кесу;
әртүрлі материалдардан жасалған қарапайым астарларды жасау;
қысқа немесе ұзақ сақтау уақытына бөлшектер мен тораптарды сыртқы (консервациядан шығару) консервациялау;
негізгі емес бөлшектер мен конструкцияларда белгі және контур бойынша пневматикалық және электрлік машинкалармен тесіктерді бұрғылап тесу және бұрғылап қайта кеңейту.
артиллериялық және атыс қару-жарақтың, бомба тастағыш құрылғылар мен торпедалық аппараттардың қарапайым тораптары мен агрегаттарының мақсатын және құрылғысын;
қарапайым слесарлық және өлшегіш құралдың мақсатын және қолдану қағидаларын;
жөндеу кезінде қолданылатын металдардың, материалдардың, майлардың және жуғыш құрамдардың атауларын және таңбалануын;
рұқсатнамалар мен қондырмалар, квалитеттер (дәлдік кластары) және кедір-бұдырлық параметрлерінің (өңдеу тазалығы кластары) жүйелері туралы қарапайым мәліметтерін.
1) болттар, гайкалар – бұранданы айдау, механикалық өңдегеннен кейін қырларын өңдеу;
2) білікшелер, табақтар, қалқаншалар – майысқан жерлерін түзету;
3) бөлшектер – гальваникалық жабынға дайындау, жарықтарды пісіру бойынша бітеу;
4) бөрене ұстағыштар – жуу;
5) «ППШ» оқпанды қораптар – трубкалы осьті және кесілген чектерді жөндеу;
6) кронштейндер «C-13» - қайта консервациялау және уақытша консервациялау;
7) пулемет майлағыштарының қақпақтары - бұрғылау және жаққыштың сынған өзекшесін ауыстыру;
8) табақты материал – қол қайшыларымен, қол аралармен тік сызықты кесу;
9) орағыштар, қақпақтар, «АКС-3М» типтік кронштейндер – бұйымнан түсіру, бөлшектеу, құрастыру;
10) бітеу тесіктер – белгі бойынша бұранда кесу;
11) бөлшектер мен тораптардағы тесіктер – штифт бойынша ұңғылау;
12) пистолет – қапсырмаларды құрастыру;
13) миномет плиталар – жарықтарды пісіру бойынша бітеу;
14) «АК» дүмбілері – арматураны алу;
15) «ДП», «ДТ» және «РПД» типтік пулеметтер - қайтарушы-ұрыс серіппелерін рамамен біріктіру және серіппенің сынған ұшын толтыру, оқпан қорабының үстіңгі бағыттағыштарын тазалау, қосқыш қапсырманы орнату;
16) «ДП» жапқыш рамалар – жаңа поршеньді бағыттағыш өзекшеге салу;
17) рессорлар және рессорлау механизмі – бөлшектеу;
18) минометтердің тарельдері – түзету.
71-параграф. Қару-жарақтарды жөндеу жөніндегі слесарь, 2-разряд
атыс қаруларын бөлшектеу және құрастыру, минометтерді бөлшектеу;
артиллериялық және атыс қару-жарақтың, торпеда аппараттары мен бомба тастағыш қондырғылардың қарапайым тораптарын, агрегаттары мен механизмдерін бөлшектеу, құрастыру, реттеу және сынау;
әмбебап құрылғыларды қолданып 12-14 квалитет (5-7 класс дәлдігі) бойынша бөлшектерді слесарлық өңдеу және келтіру;
бөлшектерді іліктіріп және пісіріп құрастыру;
бөлшектердің фигуралық бөлшектерін калибр және шаблон бойынша аралау;
қарапайым бөлшектерді белгілеу;
бұрғылау және бұранда кескіш станоктар мен престерде жұмыстарды орындау;
жөнделетін бөлшектер мен тораптарды трафарет бойынша таңбалау;
күрделі емес тораптар мен бұйымдарды сызбалар және айрықшалықтары бойынша жинақтау;
электр тізбектерінің күрделі емес учаскелерін дәнекерлеу және дәнекерін алып тастау.
жөнделетін артиллериялық және атыс қаруларының, торпедалық аппараттар мен бомба тастағыш қондырғылардың құрылғысын және жұмыс істеу принципін;
жөнделетін және құрастырылатын тораптар мен механизмдерге қойылатын техникалық шарттар;
слесарлық, бақылау-өлшеу құралдары мен құрылғыларды қолдану қағидаларын;
бөлшектерді белгілеу қағидаларын;
бөлшектерді термиялық өңдегеннен және пісіргеннен кейін өзгерістерді орнына келтіру тәсілін;
рұқсатнамалар мен қондырмалар, квалитеттер (дәлдік кластары) және кедір-бұдырлық параметрлері (өңдеу тазалығы кластары) туралы негізгі түсінік;
қарапайым бөлшектерге арналған сызбалар мен схемаларын;
орындалатын жұмыс көлемінде электр техника және металл технологиясы жөнінде негізгі мәліметтерін.
1) автоматтар – бөлшектерді жөндеу;
2) «ЭК-48» типтік агрегаттар, «АОС», «КВСБ» механизмдер, коллиматорлы нысаналар – ұшақта демонтаждау, бөлшектеу;
3) бронь қалпақшалары және амбразурлық қақпақтар – жөндеу;
4) артжүйелерді броньдау – орнату;
5) «5В» типтік блоктар, атыс қаруларының бөлшектері – ванналарда жуу;
6) винтовкалар, карабиндер, пистолеттер - бөлшектеу және құрастыру;
7) қол гранатометтері – бөлшектеу және құрастыру;
8) винтовкалар, карабиндер – магазин ілгіштерін салу, мылтықтың аузын жону және ажарлау, ұрыс личинкасы мен бекітпені құрастыру;
9) «СГ-82» гранатометтері – бөлшектеу;
10) салмақтайтын жүктер – монтаждау;
11) жартылай автоматты жарақтары бар бекітпелер мен бекітпе тораптары – бөлшектеу;
12) бекітпе сынасы – соқпа механизмді құрастыру;
13) минометтердің доңғалақтары – екпінді болдырмау;
14) бекітпе қораптары, бергіштер, магазин қораптарының қораптары, магазин қораптары – түзету;
15) көтергіш механизмнің кронштейндері – түзету;
16) кронштейн – жөндеу, құрастыру;
17) «M-160», «M-140» минометтер – бөлшектеу;
18) «АК» автоматтарын, «СКС» карабиндерін, «ДП» «РПД» типтік пулеметтерді іске қосатын механизмдер – құрастыру, келтіру, реттеу;
19) автоматтардың дүмбілері – бөлшектеу;
20) қол пулеметтердің нысаналары – жөндеу;
21) пулеметтер, шор қондырғылары, «РП-1» электрлік қосқыштар, пулеметтердің турельді қондырғылары – бұйымнан түсіру;
22) «РПД», «СГ», «ПКП» типтік пулеметтер – қарауылдың сақтандырғышын келтіру және салу, соштардың құрастыру және реттеу, бекітпе рамалардың өзекшелерін ауыстыру;
23) «HP-30», «HP-23», «АМ-23» типтік зеңбіректер - консервациялау;
24) штепсельді ажыратқыштар – сымдарды дәнекерлеу;
25) катапульттелетін орындықтар – демонтаждау және бөлшектеу;
26) пулемет станоктары – бөлшектеу;
27) нысана станциялары, кассета ұстағыштар, «ПБД-48», «МВН-48» - тораптарға бөлшектеу;
28) штормды бекіткіштер, «37у» мен «38у» бұйымдарының біріктіргіш жәшіктері, «31у» бұйымның траверздері, аппараттардың айналуын шектегіштер, май құбырлары – бөлшектеу;
29) мылтық аузының тежегіштері – түсіру;
30) зеңбірек бекіткішінің тартқыштары – орнату;
31) бүйірлі және көлденең деңгейлер – құрастыру, реттеу;
32) «ЗУ-23», «ЗПУ-2», «ЗПУ-4» типтік зенитті қондырғылар, «ДШК», «ДТ», «РПД», «ДП» пулеметтер – бөлшектеу;
33) шомполдар – түзету;
34) қадақтар – түзету, жүзін қайрау және сапты келтіру;
35) «ДШК», «СГ» пулеметтерінің қалқандары – станоктарға келтіру.
72-парагараф. Қару-жарақтарды жөндеу жөніндегі слесарь, 3-разряд
артиллериялық жарақты және шағын калибрлі, ірі калибрлі пулеметтің, торпедалық аппараттар мен бомба тастағыш қондырғыларды бөлшектеу;
күрделілігі орташа қарулардың тораптарын, агрегаттар мен механизмдерін бөлшектеу, құрастыру және реттеу;
әмбебап құрылғыларды қолданып, 11-12 квалитет (4-5 класс дәлдігі) бойынша бөлшектер мен тораптарды слесарлық өңдеу және келтіру;
тораптарды, агрегаттар мен механизмдерді шаршы сантиметрге 20 килограмға дейінгі қысыммен пневматикалық және гидравликалық сынау;
күрделілігі орташа бөлшектер мен тораптарды белгілеу, жону, ысқылау, әртүрлі қоспалармен дәнекерлеу;
құрастыру және сынау кезінде анықталған ақауларды жою;
арнайы теңгеру станоктарында, призмалар мен роликтерде қарапайым конфигурациялы негізгі бөлшектерді статикалық теңгеру.
артиллериялық жарақтың және шағын калибрлі, ірі калибрлі пулеметтің, торпедалық аппараттар мен бомба тастағыш қондырғылардың конструкциясын және жұмыс істеу принципін;
күрделілігі орташа тораптарды, агрегаттар мен механизмдерді құрастыруға, реттеуге қойылатын техникалық шарттарын;
өңделетін металдардың механикалық қасиетін және термиялық өңдеудің олардың өзгеруіне әсерін;
қатты және жұмсақ дәнекердің, флюстердің,протравтардың құрамын және оны дайындау тәсілін;
рұқсатнамалар мен қондырмалар, квалитеттер (дәлдік кластарын) және кедір-бұдырлық параметрлерін (өңдеу тазалығы кластарын);
күрделілігі орташа бөлшектерді белгілеу тәртібін;
электр жабдықтардың принциптік монтаждау схемаларын және оларды пайдалану қағидаларын;
орындалатын жұмыс көлемінде электр техника мен механика негіздерін.
1) соққы екпіні – шығуды шаблон бойынша келтіру;
2) ауа өткізгіштер, «ЭРГБ» көтергіш галля тізбегі – жөндеу;
3) қылталар, тығындар, кронштейндер, жүріс бекіткіштері, аппараттарды айналдыру шектеулері, сапты және ауыспалы роликтер, май құбырлары, штормды бекіткіштер, «37у» и «38у» бұйымның біріктіргіш жәшіктері, «31у» бұйымның тверздері – құрастыру және орнату;
4) автоматтар мен пистолет-пулеметтердің бекітпелері – шашкалар бойынша іріктеу және келтіру;
5) шүріппелі іліністер, тереңдікті белгілейтін аспаптар, ұрыс клапандары, блок-қораптар, кескіштер, қайта жіберу және шығару клапандары – түсіру, бөлшектеу;
6) «ДП», «РП-46» және «РПД» пулеметтердің оқпанды қораптарының тысы – түзету;
7) оқпан қораптары – бөлшектеу, жөндеу және құрастыру;
8) «СГ» және «СГН» пулеметтерінің кронштейндері – құрастыру;
9) көтергіш механизмдердің кронштейндері – түзету;
10) артқы қақпақтар және торпедалық аппараттардың қылталары – резеңкесін ауыстыру;
11) артиллериялық жарақтың люлькалары – бөлшектеу және құрастыру;
12) «ДТ» және «ДТМ» магазиндері - құрастыру;
13) айналма және көтергіш механизмдер – бөлшектеу және құрастыру;
14) қосқыш механизмдер – жөндеу, құрастыру;
15) екпінді механизмдер - құрастыру;
16) «M-160», «М-240» минометтер – толық құрастыру;
17) қарауылдар – негіздерін тойтару;
18) 37-миллиметр, «АЗП», «С-80» серіппелі дөңгелеткіштер – жөндеу, құрастыру, реттеу;
19) «КС-19», «КСМ-65» дөңгелеткіштер – сұйықтықтың мөлшерін тексеру;
20) «ППШ» қораптары бекітпелері жұтқыншақтарының күшейткіш жапсырмалары – калибрлер бойынша келтіріп өңдеу;
21) жер үстіндегі, зенитті, дөңгелетілмеген жарақ – тораптарды бөлшектеу;
22) «ППШ» және «ППС» типтік пистолет-пулеметтер – оқпан қорабын бекітпе қорапқа келтіріп құрастыру және оқпанды салу;
23) құбырлардың пакеті, люлька, «БМ-21» бұйымның погоны – бөлшектеу;
24) минометрмен ататын құрылғылар – бөлшектерді келтіріп құрастыру;
25) «АСП-5Н», «ОПБ» типтің нысаналар – түсіру, бөлшектеу;
26) жерүсті және зенитті артиллерия нысандары – бөлшектеу;
27) дөңгелету серіппелері бар дөңгелетуге қарсы аспаптар – жөндеу және құрастыру;
28) «ДТ» және «ДТМ» типтік пулеметтер – оқпанның тұйықтағышын іріктеу және оқпанның қырлы және шеңберден ауытқуын жою және поршеньді реттегіштің келтек құбырына салу;
29) «ДШК» и «КПТВ» типтік пулеметтер – станоктың тораптарын жөндеу;
30) пулеметтер – машиналарда реттеу;
31) «HP-30», «АМ-23» типтік зеңбіректер, «АКС-5», «АКС-3М», «СШ-45» типтік фото бақылағыш аппаратура, «УК-6» типтік электронды күшейткіштер, «АСП-3П», «АСП-3НМ» нысаналы атқыштар, кассеталық ұстағыштар-бөлшектеу, демонтаждау;
32) бөліп-таратқыштар және майлағыштар, артқы қақпақты ашатын механизмдер, катаринта банктері, золотниктерді, буферлерді ауыстырып қосқыштар – түсіру, жөндеу және орнату;
33) «ДШК» пулеметтердің басқыштары – реттеу;
34) әуе құбырлары – келтіріп монтаждау;
35) артиллериялық (автоматты емес) қондырғылар – «B-11», «70-К» байқау механизмдерін көтеру, реттеу, жөндеу;
36) пулеметтердің шар қондырғылары және электр қосқыштары – бөлшектеу, жөндеу, құрастыру, орнату және реттеу;
37) фотокинопулеметтер «C-13»- монтаждау.
73-параграф. Қару-жарақтарды жөндеу жөніндегі слесарь, 4-разряд
артиллериялық қару-жарақты және шағын калибрлі қондырғыларды, ірі калибрлі пулеметтерді, торпедалық аппараттар мен бомба тастағыштарды құрастыру;
ірі калибрлі және үлкен қуатты артиллериялық жарақтардың тораптары мен агрегаттарына бөлшектеу;
қару-жарақтың күрделі және негізгі тораптарын, агрегаттар мен механизмдерін бөлшектеу, жөндеу, құрастыру және сынау;
әмбебап аспаптарды қолданып, 7-10 квалитет (2-3 класс дәлдігі) бойынша бөлшектер мен тораптарды слесарлық өңдеу және келтіру;
шаршы сантиметрге 20 килограмнан астам қысыммен тораптар мен агрегаттарды пневматикалық және гидравликалық сынау;
арнайы теңгерім станоктарында күрделі конфигурациялы қарыдың негізгі бөлшектері мен тораптарын статикалық және динамикалық теңгеру;
құрастыру және сынау кезінде анықталған ақауларды жою;
жөнделетін бөлшектерді, тораптар мен агрегаттарды орталықтау.
артиллерия жарақтары мен қондырғыларының, торпеда аппараттары мен бомба тастағыш қондырғылардың құрылғысы мен жұмыс істеу принципін, оларды жөндеуге қойылатын техникалық шарттар;
ірі калибрлі, станокты және қол пулеметтері бөліктері мен механизмдерінің, автоматтық қондырғылардың құрылғысын және өзара іс-қимылын, оларды жөндеуге, құрастыруға және реттеуге қойылатын техникалық шарттар;
баллистика, механика негіздерін;
металл технологиясын және радиотехниканың негізгі заңдарын;
жөнделетін тораптар мен механизмдер кінәраттарының пайда болу себептерін және оларды алдын алу шараларын;
жер үстіндегі, зенитті жарақ және қондырғылар нысаналарының құрылғысын.
1) автоматтар – оптикалық аспап бойынша автоматтың нысаналы желілерін салыстырып тексеру, төмен түсіргіш механизмдерді құрастыру;
2) «ЭК-48», «КВСБ» типтік агрегаттар – коллиматорлы нысаналар – реттеу;
3) станцияның есептеуіштері, басқару қораптары, нысаналы – монтаждау;
4) 1931 жылғы үлгідегі калибрі 203 миллиметр гаубица – бөлшектеу;
5) «2М-3», «2М-6», «2М-8» типтік қондырғыларға арналған гидрожетектер – стендте сынау;
6) қосымша жібергіштер – бөлшектеу, жөндеу және құрастыру;
7) шүріппелі іліністер, тереңдікті белгілейтін аспаптар – құрастыру, реттеу және орнату;
8) «АК» бұйымдары – шашкалар бойынша жапқыштарды орнату;
9) оқпан арналары, домалатуға қарсы құрылғылардың цилиндрлері – жұлдызшамен өлшеу;
10) әуе домалатқыштардың клапандары – жөндеу және реттеу;
11) артжүей жапқыштарының сынасы – құрастыру;
12) «ТА» комингстер – балқыту, плита бойынша тексеріп жону;
13) гидравликалық қораптар – құрастыру және гидросынау;
14) ствол кораптары – келтіру;
15) іске қосқыш қондырғы жебелерінің механизмдері – жөндеу, реттеу және сынау;
16) барлық калибрдегі артжүйелердің көлденең және тік бағыттағыш механизмдер – құрастыру және реттеу;
17) іске қосқыш қондырғылардың электрмен ажыратқыш, қауіпті аймақтарды шектеу механизмдері – реттеу және сынау;
18) теңестіретін механизмдер – бөлшектеу, жөндеу, құрастыру және реттеу;
19) «Д-44» типтік жүйесінің көтергіш механизмдері – реттеу;
20) «142T» жетектері, бекіткіштердің автоматтары, алдыңғы бекіткіштер, «УРС» қайтарма механизмдеріне бергіштер – түсіру, жөндеу, орнату;
21) механикалық нысаналар – орнату және салыстырып тексеру;
22) пулемет қондырғыларының нысаналары – жөндеу, келісу және реттеу;
23) пулеметтердің нысаналары – тік және көлденең қозғалтқыштарды реттеу;
24) станокты пулеметтер - бағыттағыш механизмдерді келтіріп станокқа орнату;
25) «ДШК», «СГ», «СГМ» типтік пулеметтер - барлық механизмдерді құрастыру және баптау, шашкалар бойынша жапқыштарды келтіру;
26) буланған пулемет – орнату және салыстырып тексеру;
27) «HP-30», «AM-23» типтік зеңбірек, фотобақылау аппаратурасы, таратқыш блоктары, турелді қондырғылар, «АСП-3п», «АСП-3» типтік атқыш нысаналары, кассета ұстағыштары – құрастыру және ұшақта монтаждау;
28) төмен түсіргіш рамалар – оқпанды қораптар бойынша келтіру, ірі калибрлі, станокты және қол пулеметтердің оқпандары – оқпанды қораптар бойынша түзету, келтіру;
29) жарақтардың оқпандары – казенникті ауыстырып құрастыру, ауыстыру, домалатқыш тежегіші-беріктікке және герметикалыққа гидравликалық сынау;
30) алдыңғы қақпақтарды ашатын тартымдар, редукторлар, бұрамдық бергіштер, клапандар, көздеу механизмдері, «31-у» типтік бұйым оқпандарының дестелері – жөндеу, құрастыру және орнату;
31) нысаналардың нөлдік гироскоптардың күшейткіштері, «АСП-5Н» нысаналардың релелік қораптары – монтаждау;
32) «ЗПУ-2», «ЗПУ-4», «2M-1», «2М-7» типтік пулеметті қондырғылар – салыстырып тексеру, қондырғылардың оқпан осьтері мен параллелограммаларын, оқпан арналарының осьтерін коллиматорлардың оптикалық нысана осьтерімен келістіру;
33) «B-11», «70-К», «90-К», «92-К», «Б-34», «С-60», «М-30», «Д-1» типтік артиллерия қондырғылары – бөлшектеу, құрастыру және реттеу, ірі калибрлі артиллериялық жарақтардың құрылғысы – бөлшектеу;
34) калибрі 76, 85 және 100 миллиметр артиллериялық жүйелердің домалатуға қарсы құрылғылар – құрастыру, реттеу және сынау;
35) винтовкалар мен карабиндердің нысана қамыттары – орны бойынша келтіру;
36) қадақтар – түтіктерді ауыстырып келтіру.
74-паранраф. Қару-жарақтарды жөндеу жөніндегі слесарь, 5-разряд
артиллериялық жарақтар мен қондырғылардың, торпедалық аппараттар мен бомба тастағыш қондырғылардың ерекше күрделі және жауапты тораптары мен агрегаттарын құрастыру, реттеу және сынау;
арнайы аппаратураның көмегімен бөліктер мен механизмдердің өзара іс-қимылдарына сынақ жүргізе отырып, ірі калибрлі және үлкен қуатты артиллериялық жарақтарды құрастыру;
6-7 квалитет (1-2 класс дәлдігі) бойынша бөлшектер мен тораптарды слесарлық құрастыру және жетілдіру;
аса күрделі тораптар мен агрегаттарды құрастыру және сынау кезінде анықталған ақаулықтарды жою;
ерекше күрделі конфигурациялы бөлшектер мен тораптарды статикалық және динамикалық теңгеру;
жиналған қару-жарақты техникалық бақылау бөліміне және тапсырыс берушінің өкіліне тапсыру.
артиллериялық қарулар мен қондырғылардың, торпедалық аппараттар мен бомбалық қондырғылардың ерекше күрделі және жауапты тораптары мен агрегаттарының конструкциясын, құрылғысын және жұмыс істеу принципін;
ірі калибрлі және үлкен қуатты артиллериялық құралдардың, сондай-ақ орташа калибрлі артиллериялық автоматты қондырғылардың конструкциясын, құрылысын және жұмыс істеу принципін, оларды жөндеуге арналған техникалық шарттар;
артиллериялық және қосқыш қондырғылармен тікелей байланысты басқару аспаптарын, оларды пайдалану қағидаларын.
1) арт жүйе жапқышының автоматикасы – орнату, келтіру және реттеу;
2) ерекше күрделі атқыш және бомба тастағыш нысаналардың және есептеуіш қондырғылардың блоктары, гироскоптық есептеуіш блоктар – монтаждау;
3) гидрожетектер, сервожетектер, «УРС» - құрастыру, сынау;
4) «АСП-5Н» нысананың нөлдік гироскоптары, электрондық релесі бар есептеуіштер, нөлдік гироскоптардың күшейткіштері – құрастыру және реттеу;
5) дифференциалдар, «32-у» типтік бұйымдардың тік бағыттағыш шарнирі бар секторлар, түбегейлі, көлденең және тік бағыттағыш редукторлар – құрастыру және орнату;
6) шүріппелі іліністер – шаблондар бойынша салу;
7) артжүйе казеннигі – төлкемен, оқпанмен және қаппен құрастыру;
8) қосымша жеткізгіштердің компенсаторлары – құрастыру;
9) орташа калибрлі артиллериялық қондырғылардың лейнері – тексеру және ауыстыру;
10) «КС-19», «B-13», «Б-2-ЛМ» типтік артиллериялық қондырғылардың лотоктары – құрастыру және реттеу;
11) нысана желілері – салыстырып тексеру;
12) зеңбірек жарақтарын бағыттаушы механизмдер – реттеу;
13) электр магнитті муфтасы бар көтергіш механизм – құрастыру;
14) «КС-19», «СМ-20-ЗИФ», «ЗИФ-31Б», «ЗИФ-21», «ЗИФ-71», «ЗИФ-75» типтік қосқыш артиллериялық қондырғылардың механизмдері – жөндеу және құрастыру;
15) торпедалық аппараттар мен бомба тастағыш қондырғылардың тісті және бұрамдық механизмдері мен агрегаттарының бергіштері – орталықтау;
16) барлық калибрлі механикалық және зенитті жарақтардың нысаналары – стендте салыстырып тексеріп жөндеу;
17) зенитті және танкты артиллериялық жүйелерге арналған нысаналар – құрастыру, салыстырып тексеру және реттеу;
18) «ОПБ-115» нысаналар – құрастыру, реттеу;
19) «HP-30», «АМ-23» типтік зеңбіректер, электрлік күшейткіштер, «ПУ-2», «ПУС-36-Д» қосқыш құрылғылар, «АСП-3П», «АСП-3НМ» нысаналар – тексеру, реттеу;
20) автоматты, әуе, зенитті, теңіз зеңбіректері – бу және сол жағына беру үшін қоректендіргішті баптау жалпы құрастыру;
21) ірі калибрлі жарақтардың секторы – жону және бояу бойынша домалату;
22) катапульттелетін орындықтар – тексеру;
23) калибрі 100 миллиметр және одан жоғары артиллериялық жүйелер – мұнарада монтаждау, цапфтарда теңгеру;
24) артиллериялық жүйелер – нысаналар мен аспаптарды электрмен төмен түсіретін және электрмен жарықтандыратын механизмдердің жұмысын құрастыру, реттеу және келісу;
25) «СН-4» тұрақтандырғыштар – реттеу;
26) «М-46» и «М-47» типтік жүйелердің төменгі стакандары және станиналары – құрастыру;
27) «Б-13» типтік артиллериялық жүйелердің қосымша жеткізушілерінің механизмдері бар оқпандар – құрастыру және реттеу;
28) калибрі 122 миллиметрден артық артиллериялық жарақтардың тежегіштері – құрастыру;
29) торпеда аппараттарының құбырлары – ысылатын сақиналарды тексеріп калибрлеу;
30) алдыңғы қақпақтарды ашатын тартымдар, редукторлар, бұрамдық бергіштер, клапандар, көздеу механизмдері, «31-у» типтік бұйым оқпандарының дестелері – салыстырып тексеру және реттеу;
31) «СМ-63», «СМ-90» типтік қосқыш қондырғылар – құрастыру, реттеу механизмдердің жұмысын келісу, техникалық бақылау бөліміне тапсыру;
32) орташа калибрлі артиллериялық жүйелердің құрылғылары – келтіру;
33) ірі калибрлі зенитті, өзі жүретін, жер үстіндегі және кемелі артиллерияның құрылғысы – құрастыру және реттеу;
34) тізбекті элеваторлар – электр бөлігімен келісу және реттеу.
75-параграф. Қару-жарақтарды жөндеу жөніндегі слесарь, 6-разряд
орташа және ірі калибрлі автоматты, жартылай автоматты зенитті жарақтардың, торпеда аппараттары мен бомба ұстағыш қондырғылардың ерекше күрделі агрегаттары мен механизмдерін құрастыру, реттеу және сынау;
техникалық шарттарға сәйкес тексеру карталарын жасап және пайдалану сипаттамаларын түсіріп стендтер мен бұйымдарда қаруларды кешенді реттеу және баптау және техникалық бақылау бөліміне тапсыру;
сызбалар бойынша толық құрастыру және жекелеген тораптарды ауыстырып, зеңбіректердің тәжірибелі және эксперименталды үлгілерін баптау;
жалпы ерекше күрделі әрі негізгі тораптар мен агрегаттарды динамикалық теңгеру;
қаруларды кешенді тексеру кезінде анықталған ақауларды жою;
әмбебап бақылау-өлшеу құралдарды, аспаптар мен құрылғыларды пайдаланып оқпан арналарын өлшеу.
орта және ірі калибрлі зениттік қарулардың және барлық калибрлі артиллериялық қарулардың автоматтық, жартылай автоматтық және механикаландырылған дәлдеуі бар конструкциясын, мақсаты мен жұмыс істеу принципін, кешенді реттеу және ретке келтіру тәсілдерін;
барлық калибрлер мен үлгілердің артиллериялық қаруларын техникалық пайдалану қағидаларын, жөндеуге және тексеруге арналған техникалық шарттар;
ірі калибрлі артиллериялық жарақтардағы кінәраттарды айқындау және жою тәсілдерін;
оқпан арналарын өлшеу қағидаларын және лейнерлерді ауыстыру тәсілдерін;
кешенді тексеру кезінде артиллериялық жарақтардың «ПУС», «ДУ» жүйелерімен және оптикалық аспаптармен өзара іс-қимылын;
құжаттарды рәсімдеу және бұйымдарды техникалық бақылау бөліміне тапсыру тәртібін.
1) «К-12-61», «К-4-51» типтік «КЗА» агрегаттары – тексеру және реттеу;
2) торпеда аппараттары – индикатормен ату;
3) гироскопиялық және есептеуіш блоктар – монтаждаудан кейін стандтер мен ұшақтарда реттеу;
4) «КС-19», «КС-30» типтік жарақтардың гидрожетектері – реттеу және стендте сынау;
5) ұрыс клапандардың золотниктері, «БТС» режимді терең реттегіштер (төмен түсу жағдайында), атқыш қораптары – реттеу және пайдалануға тапсыру;
6) индикаторлар – атысқа дайындау, іріктеу және атыстан кейін «ТА» дұрыстығын тексеру;
7) ірі калибрлі артиллериялық қондырғылардың лейнерлері – тексеру жән ауыстыру;
8) әскери машиналарының бағыттағыштары – баптап және реттеп ауыстыру;
9) автоматтық зенитті жарақтар – кешенді реттеу;
10) «МК-5», «МБ-2-180» типтік артиллериялық қондырғылардың атыс саңылаулары – реттеу;
11) «ГРР» «БТС» аспаптары - реттеу (арқандап байлау);
12) тұрақтандырғыш жүйелер, инфрақызыл техника аспаптары – монтаждау, реттеу және параметрлерін түсіріп сынау;
13) аралық басқарылатын «ЗИФ-67» жүйесі – оқтізерден артжүйеге бағыттайтын элеватор жетектерін орнату және реттеу, бергіш және қайта зарядтау гидрожетектері;
14) мұнара жарақтарының оқпандары – параллелдігін тексеру;
15) «CM-5-16» «СМ-2», «К-19», «Б-2-ЛМ», «СМ-59», «Б-160», «Б-161» типтік артиллериялық және қосқыш қондырғылар – реттеу, кешенді тексеру «ПУС» және «ДУ» жүйесімен сынау;
16) автоматтық жарғыштарды және «КС-19» және «КС-30» жарақтарының қабылдағыш жарғыш жетектерін орнатушылар – құрастыру, реттеу.
76-параграф. Қару-жарақты қабылдап-бақылаушы, 2-разряд
бақылау-өлшеу құралдарын, аспаптар мен айлабұйымдарды, шаблондарды, сызғыштарды, штангенрейсмустарды, индикаторларды, щупаларды, кронциркульдерді, оправкаларды, кондукторларды қолдана отырып, механикалық, слесарлық және гальваникалық өңдеудің құрастыру операцияларынан кейін қару-жарақтың қарапайым бөлшектерін, тораптары мен агрегаттарын сызбалар мен техникалық шарттар бойынша бақылау және қабылдау;
құрастыруға түсетін бөлшектер мен материалдардың сапасы мен техникалық шарттарға сәйкестігін бақылау;
тораптар мен құрылымдарды орнына орнатқаннан кейін тексеру;
қабылданған өнімге құжат ресімдеу.
қару-жарақтың қарапайым бөлшектері мен тораптарының құрылысын, мақсаты мен өзара әрекеттесуін;
механикалық, слесарлық және гальваникалық өңдеу және құрастыру операцияларынан кейін бөлшектер мен бұйымдарды қабылдаудың техникалық шарттарын;
механикалық өңдеудің негізгі түрлері үшін және құрастыруға түсетін бөлшектер үшін рұқсат өлшемдерін;
бақылау-өлшеу құралдары мен айлабұйымдарының құрылысын, мақсаты мен пайдалану қағидаларын;
рұқсатнамалар мен қондырмалар, квалитеттер (дәлдік кластары) және кедір-бұдырлық параметрлерінің (өңдеу тазалығы кластары) туралы қарапайым мәліметтерін;
тотыққа қарсы қабаттың түрлерін.
1) қару-жарақ - консервация мен орауды бақылау және қабылдау;
2) қару-жарақ бөлшектері - гальваникалық қаптау және жылтыратудан кейін бақылау және қабылдау;
3) карабин, мылтық - үймені ату арқылы қабылдау, дәлдік және механизмдердің өзара әрекеттестігі;
4) патрон лентасы және олардың қорабы, пистолет пен автоматтың магазині - бақылау;
5) қол зеңбіректердің сошкасы, мылтық пен карабиннің пышағы - бақылау.
77-параграф. Қару-жарақты қабылдап-бақылаушы, 3-разряд
қару-жарақтың бөлшектері мен механизмдерін механикалық және слесарлық өңдеуден кейін, сызбалар мен техникалық шарттарға сәйкес құрастыру операцияларынан кейін күрделігі орташа бөлшектерді бақылау және қабылдау;
құрастыру кондукторлары мен әмбебап айлабұйымдарды пайдалана отырып, негізгі тораптар, агрегаттар мен механизмдерге, плиталарға, призмалар мен үшбұрыштарға, струбциндер мен домкраттарға түпкілікті сынақ жүргізу;
бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалана отырып, стенділердегі жекелеген агрегаттар мен механизмдерді тексеру және сынау;
ақаулықтарды түрлері бойынша жіктеу, олардың пайда болу себептерін анықтау және оны жою шараларын қабылдау;
қабылданған және ақаулы деп танылған өнімге құжаттама ресімдеу.
күрделігі орташа бөлшектерді, тораптар мен механизмдерді механикалық және слесарлық өңдеуден кейін және құрастыру операцияларынан кейін бақылау, сынау және қабылдаудың техникалық шарттарын;
тегіс бетті оптикалық аспаптармен, лекаламен, микроскоппен және индикаторлармен тексеру әдістерін;
бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысын, мақсатын және пайдалану қағидаларын;
құрастырмалы кондукторлардың, аспаптар мен сынақ аппаратуралары мен стенділерінің құрылысын;
құрастыруға түсетін материалдар мен жартылай фабрикаттар;
жартылай фабрикаттар, квалитеттер (дәлдік сыныптарын) және сәйкессіздік өлшемдерін (өңдеу дәлдігінің сыныптарын).
1) «8T131», «8T133», «8T134», «8T139», «8Т148», «8Г27», «8M41», «ТРМБ-60» типті агрегаттар мен «ЗИП» машиналары - бақылау және қабылдау;
2) оқпан қорабы мен мылтықтың сұқпасы - бақылау, қабылдау;
3) 85 миллиметр зенит зеңбіректің шанағы – қайта бекіткеннен кейін бақылау;
4) 37 миллиметр, «АЗП» пышақ қосқышының механизмдері - құрастырылуын бақылау;
5) бұру механизмдері - бақылау және қабылдау;
6) 82 және 120 миллиметр минометтері – құрастырылуын бақылау;
7) «МК-4» шолу аспабы - бақылау және қабылдау;
8) «ППУ-8Т» және «ОП2-50» типті көздеу - бақылау және қабылдау;
9) «ДТ» және «ДТП» пулеметі - бақылау, қабылдау;
10) пулемет станоктар - құрастырылуын бақылау;
11) «СРГС-100», «СРГС-12», «СРГС-20», «ЗИП» типті агрегаттарының шлангылары, электроқуат жабдықтары - бақылау және қабылдау;
12) Зеңбіректің қалқандары - жөндеуден кейін қабылдау.
78-парагарф. Қару-жарақты қабылдап бақылаушы, 4-разряд
артиллериялық қару-жарақ пен зымыран құрылғыларының тораптарын, механизмдері мен жекелеген бөлшектерін механикалық және слесарлық өңдеуден кейін,әр түрлі бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарын пайдаланып жасалу мен құрастырылудың дәлдігін тексере отырып түпкілікті құрастырудан кейін күрделі бөлшектерді бақылау және қабылдау;
қару-жарақ пен аспаптарды жөндеу және құрастыру технологиялық процессінің сақталуын бақылау;
сақтау қоймаларындағы қару-жарақ пен аспаптардың техникалық жай-күйін бақылау;
қабылданған өнім бойынша есеп пен есептілік жүргізу.
бөлшектерді механикалық өңдеу түрлерін;
қару-жарақтың күрделі бөлшектерін қабылдауға, күрделі тораптары мен механизмдерін құрастыруға және сынауға арналған техникалық шарттар;
қару-жарақтың тораптары мен механизмдерін сынау әдістерін;
бөлшектерді қабылдау кезінде өлшеу үшін қажетті координаталық нүктелерді есептеу қағидаларын;
қару-жарақты жөндеу мен құрастыру технологиялық процессін;
құрастыруға түсетін бөлшектер үшін рұқсат өлшемдерін, құрастыру ақауларын;
рұқсатнамалар мен қондырмалардің, квалитеттердің (дәлдік кластардың) және кедір-бұдырлық параметрлерінің (өңдеу тазалығы кластардың) жүйесін.
1) мылтық, карабин, автоматтар мен пистолеттер - атыстан кейін калибрмен бөлшектей және тексере отырып қабылдау;
2) қарудың сұқпасы - қабылдау;
3) «8T311», «8Г17», «8Г114» типті бұйымдар - бақылау және қабылдау;
4) көздеу механизмдері, көтеру механизмдері – сынау және қабылдау;
5) «ТНП» және «ТПК» шолу аспаптары - бақылау және қабылдау;
6) көздеу айлабұйымдары - бақылау және қабылдау;
7) «ПС-10» телескопиялық көздеуі - бақылау және қабылдау;
8) «СГ», «СГМ», «ДШК» және «КПВТ» пулеметтер - құрастыруды бақылау, сынай отырып қабылдау;
9) барлық калибрлі қару-жарақ оқпандары, барлық жүйенің қару-жарақтарының оқпандары мен ысырма қораптары - бақылау, қабылдау.
79-параграф. Қару-жарақты қабылдап бақылаушы, 5-разряд
аса күрделі және негізгі бөлшектерді, бұйымдарды механикалық және слесарлық өңдеуден кейін, сондай-ақ түпкілікті құрастырудан кейін жалпы тораптарды, механизмдер мен агрегаттарды және қару-жарақ бұйымдарын техникалық шарттарды көзделген барлық талаптарды орындай отырып, арнайы және әмбебап бақылау-өлшеу аспаптары мен құралдарын пайдалана отырып, бақылау және қабылдау;
құрастырылған қару-жарақтың техникалық сипаттамаларының төлқұжаттық деректерге сәйкестігін арнайы стенділерде тексеру;
аса қуатты артиллериялық қару-жарақтардың сынақ атыстарына даярлығын бақылау және қабылдау;
сынақ жүргізуге және өнімді қабылдауға құжаттарды ресімдеу.
аса күрделі және негізгі бөлшектерді, бұйымдарды механикалық және слесарлық өңдеуден кейін, сондай-ақ түпкілікті құрастырудан кейін жалпы тораптарды, механизмдер мен агрегаттарды және қабылдаудың техникалық шарттарын;
күрделі бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарын баптау және реттеу қағидаларын;
қабылданатын тораптар, механизмдер мен қару-жарақ бұйымдарын сынау тәсілдері мен тәртібін;
формулярлар мен төлқұжаттарды толтыру тәртібін.
1) барлық калибрлі артжүйелер - машинада монтаждауды бақылау және цапфада теңгерімдеу;
2) артжүйелер – стендіде және машинада жасанды шегінуін бақылау, құрастырылған күйінде бақылау;
3) барлық базалардың қашықтықты өлшеуіштері - құрастырылуын бақылау және қабылдау;
4) «2П16», «2П26», «8У23», «8У218», «8Г113», «8H113», «8H213», «8Г315А» типті бұйымдар - бақылау және қабылдау;
5) үлкен бұрышты және ұзын фокусты коллиматорлар - бақылау және қабылдау;
6) қашықтықтан бақылау перископтары - бақылау және қабылдау;
7) оптикалық көздеу аспаптары - түзетуді бақылау;
8) «ПУАЗО» аспаптар - бақылау және қабылдау;
9) «СТ-10» және «ТШ» типті телескопиялық аспаптар - бақылау және қабылдау;
10) барлық шифрлі теодолиттер-бақылау және қабылдау.
80-параграф. Қару-жарақты қабылдап бақылаушы, 6-разряд
техникалық шарттарда көзделген барлық сынақтарды орындай отырып түпкілікті құрастырғаннан кейін және автоматты, тұрақтандырылған зымыран-артиллериялық қару-жарақ және жалпы қару-жарақтың аса күрделі және негізгі тораптарын, механизмдерін, агрегаттары мен аспаптарын бақылау және қабылдау;
оптикалық-механикалық, пневматикалық, гидравликалық және электронды жүйелерді пайдалана отырып жұмыс істейтін күрделі, аса күрделі және негізгі бақылау-өлшеу аспаптары мен аппаратураның бапталуын тексеру;
бақылау және сынау кезінде анықталған ақаулықтарды зерттеуге және оларды жою шараларын әзірлеуге қатысу;
қабылданған өнімге паспорт пен формуляр жасау, қабылдау актілерін және сынақ хаттамасын ресімдеу.
қабылданатын зымыран-артиллериялық қару-жарақты жөндеу, құрастыру және сынаудың техникалық шарттарын, оларды бақылау және сынау әдістерін;
құрастыру және сынау кезінде анықталған ақаулықтардың негізгі түрлерін;
бақылау-өлшеу аспаптары және қару-жарақты бақылау және қабылдау кезінде қолданылатын аппаратурасын.
1) барлық калибрлі артжүйелер-«КС-19» және «КС-30» типті «АУВ» қаруларын құрастырылған күйінде бақылау және қабылдау - бақылау және қабылдау;
2) «КС-19» және «КС-30» типті қарулардың гидрожетегі - тораптары бойынша құрастырылуын және стенділерде құрастырылған күйінде бақылау;
3) «ГСП-100», «ГСП-130» құрастырылмаған жүйелер - бақылау және қабылдау;
4) барлық үлгідегі бастапқы құрылғылар - тоқпен жұмыс істеуін тексере отырып құрастырылған күйінде бақылау, қабылдау.
81-параграф. Қарулар мен атысты басқаратын аспаптарды жөндеу жөніндегі электр слесарь, 2-разряд
қарапайым электр механикалық және оптикалық-мехникалық аспаптар мен механизмдерді бөлшектеу, жөндеу, құрастыру, реттеу, сынау және тапсыру;
аспаптарды сынау уақытында қоректендіру станциялары мен заряд станцияларын дайындау және қызмет көрсету;
бөлшектерді 12-14 квалитет (5-7 класс дәлдігі) бойынша слесарлық өңдеу;
біріктірудің қарапайым схемаларда монтаждау;
сымдарды орағыштарды, оқшаулағыштар мен лактауды жөндеу;
тізбектегі кернеуді, ток қуатын және кедергілерді өлшеу;
жөнделетін аспаптардың қарапайым схемаларын дәнекерлеу;
ауыстырылатын бөлшектер мен бұйымдарды орнату және дәнекерлеу;
бөлшектер мен бұйымдарды тоттануға қарсы майлау;
шаблондар мен үлгілер бойынша түрлі маркалы және қимадағы сымдар мен кабельдер дайындау;
монтаждау жгуттарын қапсырмалармен бекіту және шықпа клеммдерді дәнекерлеу.
жөнделетін аспаптардың, механизмдер мен тораптардың құрылғысын, мақсатын және жұмыс істеу принципін;
техникалық пайдаланудың негізгі қағидаларын және қарапайым аспаптарды жөндеуге қойылатын техникалық шарттарын;
ток өткізгіш және оқшаулағыш материалдардың негізгі қасиеттерін және әртүрлі үзбелердің тізбектеріндегі кедергілерді өлшеу тәсілдерін;
сынақ кезінде қолданылатын электрмен өлшейтін аспаптар;
рұқсатнамалар мен қондырмалар, квалитеттер (дәлдік кластары) және кедір-бұдырлық параметрлерінің (өңдеу тазалығы кластары) туралы негізгі мәліметтерін;
монтаждау схемасындағы электр элементтердің, аспаптар мен тораптардың шартты белгілерін;
аспаптардың қарапайым электр монтаждау және баспа схемасын;
коррозияға қарсы майлар мен сылақтардың сорттары мен түрлерін;
орындалатын жұмыс көлемінде электр техника негіздерін.
1) қоректендіру станциясының аппарельдері мен бекіткіш рамалар – жөндеу;
2) «ПК» блоктары - шәкіл механизмін демонтаж, жөндеу және монтаждау;
3) «BK-211» типтік шеткі сөндіргіштер – демонтаж, монтаждау;
4) азимут бұрыштарының, жоғарылату бұрышының, жоғарылату бұрышы қабылдағыштарының бергіштері – демонтаж, жөндеу, монтаждау;
5) «ЛУЧ-1», «ЛУЧ-2» типтік бұйымдар – жарықтандырғыш сымдарын жөндеу және жасау;
6) «ЗСС» типтік жарық белгілерінің тұйықтағыштары - демонтаж;
7) кабельдер, сымдар - шеттерін қалайылау, дәнекерлеу, орау, монтаждау;
8) «СПО» және «СПЛ» қалқандарының қаңқалары – жөндеу;
9) кабель орағыштар – түзету;
10) электр магнит орағыштары – орау;
11) коллекторлар – сіңдіргеннен кейін лак қаспақтарынан тазарту;
12) клемм қораптары - демонтаж, жөндеу, монтаждау;
13) кронштейндер – негізін келтіріп жону, бұрғылау және бұранда кесу;
14) фрикциялық механизмдер – қайта іріктеу, тазалау;
15) кабель муфталары – жөндеу кабельдер талшықтарын тексеру;
16) жарық бергіш патрондар – құрастыру;
17) барлық типтегі ауыстырып қосқыштар – демонтаж, монтаж;
18) платалар – клеммді платаға орнату және бекіту;
19) «КУ-122-2М», «КУ-122-1М» кнопкалы пост - демонтаж, жөндеу, монтаждау;
20) аспаптар, механизмдер – жуу, тазалау, сүрту, майлау;
21) «Молния» бұйымының № 34, 63, 64, 69, 70 аспаптары – аралық жөндеу және реттеу;
22) перифериялы аспаптар - демонтаж, монтаждау;
23) «ЭСП-57» жетектер – ауыстырып қосқыштарды жөндеу және құрастыру, жөндеу, құрастыру және жарықты монтаждау;
24) сымдар – кесу, берілген өлшем бойынша дайындау;
25) «ТР», «ТРЗ», «ТРВ» типтік қарапайым реле - жөндеу және сынау;
26) қосқыш және реттегіш реостаттар, қосқыш - тежегіш кедергілер, сөндіру шаппалары – демонтаж, жөндеу;
27) байланыстырғыш рычагтар – жөндеу, реттеу, тапсыру;
28) дыбыс сигнализациясы (сыңғыр, гуіл) - демонтаж, монтаждау;
29) «ДУ» жүйесі - блокты ұштамаларды дәнекерлеп, жгуттарды байлап және тігіп электр монтажды ауыстыру;
30) магнитті станция, қосқыштар, бақылағыштар - демонтаж;
31) сигнал фонарлары - демонтаж, жөндеу, монтаждау;
32) резеңкеден және пресшпаннан жасалған шайбалар, астарлар, қапсырмалар, бұрыштамалар - жасау;
33) «ШУБ» шасси – жөндеу;
34) шиналар мен өткізгіштер - оқшаулағыш лакпен және киперлі лентамен жабу;
35) барлық типтегі электр магниттер – жөндеу;
36) аспаптардың электр тізбектері – оқшаулағыш кедергілерін өлшеу;
37) электр қозғалтқыштар, «СЛ», «СС», «БД», «БС» типті сельсиндер - демонтаж;
38) барлық типтегі біріктіргіш жәшіктер – түсіру, бөлшектеу, жөндеу.
82-параграф. Қарулар мен атысты басқаратын аспаптарды жөндеу жөніндегі электр слесарь, 3-разряд
күрделілігі орташа электр механикалық, оптикалық-механикалық және басқа да аспаптарды жөндеу, құрастыру, реттеу, сынау, монтаждау және тапсыру;
күрделі аспаптарды демонтаждау;
бөлшектер мен тораптарды 11-12 квалитет (4-5 класс дәлдігі) бойынша слесарлық өңдеу және келтіру;
түрлі дәнекерлермен (мыс, күміс және басқа да) дәнекерлеу;
аспаптарды жол сынақтарына дайындау және сынақтар жүргізу;
түрлі сымдар мен кабельдерден күрделілігі орташа біріктіру схемаларын жасау және монтаждау;
перифериялы аспаптарда механикалық және электрлік нөлдік жағдайды қою;
аспаптарды сынау және құрастыру кезінде анықталған ақауларды жою.
күрделілігі орташа жөнделетін аспаптар мен аппараттардың құрылғысын, мақсатын және жұмыс істеу принципін;
аспаптарды, механизмдерді, аппараттарды құрастыруға, сынауға және тапсыруға және әртүрлі дәнекерлермен дәнекерлеуге арналған техникалық шарттар мен нұсқаулықтар;
ток өткізгіш және оқшаулағыш материалдардың электрлік қасиетін;
металдарды термиялық өңдеу туралы негізгі мәліметтерін;
рұқсатнамалар мен қондырмалар, квалитеттер (дәлдік кластарын) және кедір-бұдырлық параметрлерін (өңдеу тазалығы кластарын);
орындалатын жұмыс көлемінде электр техника, радио техника және механика негіздерін.
1) қоректендіру агрегаттарының генераторлар және «ПУАЗО», «РТС» агрегаттары мен зымыран жабдықтарының зарядтары-бөлшектеу, мойынтіректерді ауыстыру;
2) «ПУАЗО» қыздырғыштары мен корпустары – жөндеу;
3) ауыстырып қосқыштар, реле байланыстырғыштары – тазалау;
4) электр қозғалтқыш мойынтіректері – ауыстыру;
5) «1К», «1P», «99» типтік аспаптар – таблица бойынша тексеру;
6) 2,5 класс электрмен өлшеу аспаптары – жөндеу;
7) «Молния» жүйесінің № «12В», «12К», «18» аспаптары – аралық жөндеу, реттеу;
8) «ЭСП-57» жетек – стендтерде нөл-индикаторды, күшейткіш жәшігін, бұрыштарды шектеушілерді, гуілдегішті, селен түзеткішті өрташа жөндеу, құрастыру және сынау;
9) аспап кабельдерінің штепсельді ажыратқыштары - жұмсақ дәнекерлермен дәнекерлеу;
10) «КД-2» – қысым релесі – бөлшектеу, жөндеу, құрастыру;
11) «Д-122» типті «ДУ» жүйелері - қабылдғыш және жұдырықша аспаптарды, шектегіштерді жөндеу;
12) «Створ», «Сектор», «Сход» типті жүйелер – командир аспаптарын және «ГН» мен «ВН» артиллериялық және қосқыш аспаптарды реттеп жөндеу;
13) дыбыс өлшеу станциялары – лента тартқыш механизмдер мен дыбыс қабылдағыштарды жөндеу;
14) қысымы төмен пневможүйе құбырлары – біліктеу, келтіру және орнату, герметикалығын тексеру;
15) фрикциондар - реттеу;
16) щеткалар – коллектор бойынша сүрту;
17) «А» типтік электр қозғалтқыштар және қосқыш станциялар – жөндеу;
18) электр жабдықтар және «КТ-84» қондырғыларының «ДУ» – сигнал бергішті және қысым релесін, «К-9Т», «К-11» байланыстырғыштарын жөндеу;
19) біріктіргіш жәшіктер, «16Л», «17-1», «70Г», «34Т» типтік аспаптар – құрастыру, орнату.
83-параграф. Қарулар мен атысты басқаратын аспаптарды жөндеу жөніндегі электр слесарь, 4-разряд
жекелеген күрделі тораптарды, блоктарды, механизмдер мен басқару аспаптарын жөндеу, құрастыру, механикалық реттеу, сынау;
орталық аспаптарды және бұйымның аспаптық бөлігін демонтаждау және монтаждау;
аспаптарды ылғал өткізгіштікке және жұмыс істеу тұрақтылығына сынау;
техникалық шарттарға сәйкес сипаттамаларды түсіріп, радиотехникалық, электр механикалық, электронды-есептеуіш және гидроскопиялық аспаптарды реттеу және сынау;
принциптік схемалар бойынша күрделі монтаждау схемаларын жасау;
бөлшектер мен тораптарды 7-10 квалитет (2-3 класс дәлдігі) бойынша слесарлық өңдеу, келтіру және жетілдіру;
күрделі тораптар мен бөлшектерді статикалық және динамикалық теңгеру.
жөнделетін күрделі аспаптардың, механизмдер мен аппараттардың құрылғысын, жұмыс істеу принципін;
аспаптар мен аппараттарды реттеу және сынау тәсілдерін, оларды сынау кезінде сипаттамаларды түсіру қағидаларын;
аспаптар мен аппараттарды жөндеуге, сынауға және тапсыруға қойылатын техникалық шарттарын;
аспаптарды тексеру және сынау кезінде абсолютті және салыстырмалы қателіктерді есептеу қағидаларын;
рұқсатнамалар мен қондырмалар, квалитеттер (дәлдік кластарын) және кедір-бұдырлық параметрлерін (өңдеу тазалығы кластарын);
орындалатын жұмыс көлемінде электр техника, радио техника және механика негіздерін.
1) лезде тұтанатын лампалар мен механизмдердің автоматтары - реттеу;
2) басқару блоктары, индикаторлы – жөндеу, реттеу;
3) білікшелер – индикатор бойынша ортада түзету;
4) «142» аспаптар, «1P», «Ладога-4» типті антенна бұйымдары - монтаждау;
5) «13T», «13ЛT», «23Л» типтік аспаптар, «ЦУ» блоктары – аралық жөндеу, құрастыру;
6) «142», «38», «23М», «44» типтік аспаптар – аралық жөндеу;
7) «62Л», «3Л» типтік аспаптар – жөндеу;
8) «Молния» типтік жүйенің № 23, 44, 62, 99 аспаптары – жөндеу, реттеу;
9) жылдамдықты реттегіш импульсті, сигналдарды түрлендіргіш релелі жетектер, жылдамдықты тұрақтандырғыштар мен түрлендіргіштер, рульді машиналар, күшейткіштер-түрлендіргіштер – бөлшектеу;
10) «ЭСП-57» жетектер - қабылдайтын аспаптарды, күшейткіш блоктарын «ВКУ» жөндеу, құрастыру және сынау, оларды құрастырылған схемаға қосу;
11) «ПУАЗО» - күшейткіш блоктардың шкафтарын, координат түрлендіргіштерді құрастыру, түзеткіш блоктарын реттеу, «МУ» блоктарын жөндеу;
12) «ПУАЗО» - тіреулер мен ток түсіргіштерді жөндеу, қабылданатын аспаптарды жөндеу және реттеу, бұйым жұмысының тұрақтылығын сынау;
13) «КТ-84» қондырғылардың «ПДУ-84» пульті – аралық жөндеу;
14) «РП-15-1» типтік радиопрожекторлар - жалпы құрастыру, реттеу және стендте сынау, сәуле түсіргішті қайта қалау және оны жарық дағы бойынша салыстырып тексеру;
15) «Д-122» типті «ДУ» жүйесі – басқару станциясын, реле блогын және жылдамдықты шектегішті жөндеу;
16) «Створ», «Сектор» жүйелері – «6БЛ», «2БЛ», «3БЛ-В» типті аспаптарды тексеріп жөндеу;
17) «4Р-60М» типтік жүйелер – «ПУ», «ПСК», «БЗ», «ППУ» аспаптарын, күш беретін қоректендіргіш аспаптарын және бөліп-таратқыш қалқандарды реттеп, жөндеу;
18) табу станциясының іздеуші жүйелері – құрастыру, блоктарды реттеу;
19) «Звук», «Диск», «Зуммер» типтік «ПУТС» жүйелері мен схемалары – тексеру, теңшеу және реттеу;
20) радиолокация станциясы – антенна жүйелерін, бағандарды, көтергіш платформаларды, антенна бағандарын және ток түсіргіштерді орнату;
21) магнит станциялары – реттеу;
22) электр механикалық стопорлар – аралық жөндеу, салу, реттеу;
23) магнитті күшейткіштер, жорымал жылдамдық жүйелерін күшейткіштер – түрлендіргіштер – жөндеу;
24) «СС», «СЛ», «ДТ-75», «МИ» типтік электр қозғалтқыштар, сельсиндер – аралық жөндеу, құрастыру, реттеу және сынау;
25) көтергіштердің және арт жүйелердің электр жабдықтары – аралық жөндеу, реттеу;
26) іске қосу қондырғыларының электр жетектері - қабылдаушы аспаптарды, «ВКУ» күшейткіш блоктарын жөндеу, құрастыру және сынау және жиналған қондырғыға аспаптарды қосу.
84-параграф. Қарулар мен атысты басқаратын аспаптарды жөндеу жөніндегі электрслесарь, 5-разряд
техникалық шарттарға сәйкес күрделі электр механикалық, электрондық-есептеуіш, оптикалық-механикалық, гироскопиялық тораптарды, аспаптар мен жүйелерді жөндеу, реттеу, сынау, монтаждау және тапсыру;
қару - жарақты басқарудың күрделі аспаптары мен іске қосуды реттеу аппаратурасын Кешенді реттеу, сынау және келісу;
статика мен динамикада есептерді шешумен орталық аспаптарды монтаждау және тексеру;
күрделі механизмдердің дұрыс монтаждалуын тексеру және анықталған ақауларды жою;
бөлшектер мен тораптарды 6-7 квалитет бойынша (1-2 класс дәлдігі) бойынша слесарлық өңдеу, келтіру және жетілдіру;
бұйымдарды сынауға және тапсыруға техникалық құжаттаманы ресімдеу.
жөнделетін күрделі және дәл механизмдердің, аспаптар мен жүйелердің құрылысын, мақсатын және жұмыс істеу принципін, оларды реттеу және сынақтар жүргізу тәсілдерін;
аспаптардың жарақталғанын тексеру әдісін;
аспаптар санатын айқындау ережесін;
аспаптар мен аппараттардың жұмысында ақаулардың пайда болу себебін, олардың алдын алу және жою шараларын;
жөнделетін аспаптарды құрастыруға қойылатын техникалық шарттарын;
барлық типтегі аспаптардың климаттық схемасын;
орындалатын жұмыс көлемінде электр техника, радиотехника және механиканы.
1) потенциометр блоктары - жөндеу;
2) гирокөлденеңдер, гиротіктер, жылдамдықты реттегіш бергіштер, тұрақтандырғышты күшейткіш және интегратор блоктары, импульсті бағдарлама бергіштері - бөлшектеу, жөндеу, құрастыру;
3) гироскоптар – аралық жөндеу;
4) жанармай деңгейіндегі бергіштер, рульді машиналар, күрделі күшейткіштер-түрлендіргіштер – сынау, тапсыру;
5) фрикциялық механизмдердің айнасы – жетілдіру;
6) «Ладога-4», «Глобус» типті бұйымдар – аралық жөндеу, қашықтық механизмдері мен блоктарын реттеу;
7) коноидті механизмдер мен құрастырғыштар – жөндеу;
8) тісті және бұрамдық аспаптар мен электр механизмдердің бергіштері – тексеру, орталықтау;
9) статистикалық сынау аспаптары – жөндеу;
10) «ПМP-21», «1H», «1Л» типтік аспаптар, «У-10» күшейткіштері – реттеу;
11) «Буря» жүйесінің «98» аспаптары және «Ленинград» типтік жүйенің «2Л-1» аспаптары – жөндеу, реттеу;
12) «Гроза-1174» жүйесінің «1», «2», «202» аспаптары – реттеу;
13) «Стопор», «Сатурн» жүйелерінің «1БЛ», «6БЛ» аспаптары – реттеу, тексеру және тапсыру;
14) «ЭСП-57» жетектері – келісу;
15) «ПУАЗО» – жалпы құрастыру;