Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің
2024 – 2026 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларын қайта бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Бюджет кодекcі 32-бабының 4-тармағына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы
30 желтоқсандағы № 195 бұйрығымен бекітілген Бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу және бекіту (қайта бекіту) қағидалары және олардың мазмұнына қойылатын талаптардың 18-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2024 – 2026 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламалары қайта бекітілсін.
- 2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Экономика және бюджеттік жоспарлау департаменті бюджеттік бағдарламалар қайта бекітілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде оларды Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастырсын.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі аппаратының басшысы Б.Т. Төкежановқа жүктелсін.
- Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Министрдің міндетін
атқарушы А. Сарбасов
|
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
_____________________ Р
|
|
|