PRESS RELEASE to the draft order of the Minister of Labor and Social Protection of the Population of the Republic of Kazakhstan "On approval of the Unified tariff and qualification reference book of workers' jobs and professions (edition 8)

«Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын (8-шығарылым) бекіту туралы»

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрық жобасына

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

 

«Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын (8-шығарылым) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрық жобасы 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 16-бабының 16-1) тармақшасына сәйкес әзірленген.

Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығының (8-шығарылым) (бұдан әрі – БТБА (8-шығарылым) жобасы қатты балқымалар, ауыр балқыма металдар мен ұнтақ тау-кен өнімдері өндірісі, түсті металдарды өңдеу, түсті металлургия өндірісі (жалпы кәсіптері), түсті, сирек металдар мен түсті металдардан ұнтақ өндірісі, электродты өнімдер өндірісі бойынша жұмыстарға арналған разрядтар бойынша 118 жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларын қамтиды.

Тарифтік-біліктілік  сипаттамалары сегіз разрядты тарифтік кестеге лайықталып  әзірленді.

БТБА-ның (8-шығарылым) мазмұны Қазақстан Республикасының тілдер туралы заңнамасына сәйкес толықтай қайта қаралды, мамандықтар мемлекеттік тілдегі алфавиттік тәртіппен берілді.

Қолдануға ыңғайлы болу үшін БТБА (8-шығарылым) жұмысшы кәсіптерінен, разрядтар аралығынан және беттердің нөмірленуінен тұратын алфавиттік көрсеткішпен беріледі (қосымша).

БТБА (8-шығарылым) ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында, уәкілетті еңбек органның ведомстволық веб-сайтында орналастырылған, барлық мүдделі тараптармен келісілген, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі Қоғамдық кеңестің оң қорытындысын алған.

Тарифтік-біліктілік сипаттамалар осы БТБА-да көрсетілген өндірістер мен жұмыс түрлері бар ұйымдардың меншіктік нысанына және ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, олардағы жұмысшылардың жұмыстарын тарификациялаған және біліктілік разрядтарын белгілеген кезде қолданылады.

Бұйрық жобасын қабылдауы әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарды  көздемейді.

Анықтама: Бұрын қолданыста болған «Жұмысшылар мен кәсіптердің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын (8-шығарылым) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012 жылғы 10 қантардағы №  10-ө бұйрығы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылғы 6 ақпанда  № 7414 тіркелді.

 

Қазақстан Республикасы

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің

Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті

 

Дата публикации
13 октября 2020