|
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел данғылы 8 2020 жылғы 10 қазаны № ҚР ДСМ-124/2020
|
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
2020 жылғы 10 қазаны № 396
|
«Денсаулық сақтау ұйымдарының COVID-19 коронавирустық инфекциясына қарсы күрес жөніндегі эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған қызметкерлері аталған инфекцияны немесе вирустық пневмонияны жұқтырған немесе солардан қайтыс болған жағдайда оларға біржолғы әлеуметтік төлемді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 9 сәуірдегі № 129 және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 9 сәуірдегі № ҚР ДСМ-35/2020 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫЗ:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Денсаулық сақтау жүйесінің қызметкерлері эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізу кезінде коронавирустық инфекцияны немесе вирустық пневмонияны жұқтырған жағдайда оларға, сондай-ақ қызметкер қайтыс болған жағдайда эпидемияға қарсы іс-шараларға қатысу-қатыспауына қарамастан олардың отбасыларына біржолғы әлеуметтік төлемді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Денсаулық сақтау жүйесінің қызметкерлері эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізу кезінде коронавирустық инфекцияны немесе вирустық пневмонияны жұқтырған жағдайда оларға, сондай-ақ қызметкер қайтыс болған жағдайда эпидемияға қарсы іс-шараларға қатысу-қатыспауына қарамастан олардың отбасыларына біржолғы әлеуметтік төлемді жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Денсаулық сақтау ұйымдарының COVID-19 коронавирустық инфекциясына қарсы күрес жөніндегі эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған қызметкерлері аталған инфекцияны немесе вирустық пневмонияны жұқтырған немесе солардан қайтыс болған жағдайда оларға біржолғы әлеуметтік төлемді жүзеге асыру қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бірлескен бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қоғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген
іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
|
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі __________А. Цой
|
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі __________Б. Нурымбетов
|
|
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2020 жылғы 10 қазаны № ҚР ДСМ-124/2020 мен |
|
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 10 қазаны № 396 |
|
Бірлескен бұйрыққа
Қазақстан Республикасы |
Денсаулық сақтау жүйесінің қызметкерлері эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізу кезінде коронавирустық инфекцияны немесе вирустық пневмонияны жұқтырған жағдайда оларға, сондай-ақ қызметкер қайтыс болған жағдайда эпидемияға қарсы іс-шараларға қатысу-қатыспауына қарамастан олардың отбасыларына біржолғы әлеуметтік төлемді
жүзеге асыру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1) реанимация бөлімшелерін қоса алғанда, инфекциялық стационарлардың және коронавирустық инфекциясы бар пациенттерге медициналық көмек көрсету үшін айқындалған басқа да стационарлардың дәрігерлеріне, орта және кіші медицина қызметкерлеріне;
2) провизорлық стационарлардың дәрігерлеріне, орта және кіші медицина қызметкерлеріне, жедел медициналық көмектің, оның ішінде амбулаториялық-емханалық ұйымдар жанындағы дәрігерлер мен фельдшерлерге, сондай-ақ санитариялық авиацияның дәрігерлері мен орта медицина қызметкерлеріне;
3) жіті респираторлық вирустық инфекциялары, пневмониясы бар пациенттерді қабылдауға және эпидемияға қарсы іс-шаралармен байланысты биологиялық материалды алуға айқындалғандарға:
карантиндік стационарлардың дәрігерлеріне, орта және кіші медицина қызметкерлеріне, жедел медициналық көмек бригадаларының жүргізушілеріне;
медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарының, жедел және шұғыл медициналық көмек көрсететін стационарлардың қызметкерлеріне, сондай-ақ зертхана мамандарына;
4) санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің қызметкерлеріне;
5) сот сараптамасы органдарының қызметкерлеріне;
6) блок-бекеттерде карантиндік режимді қатамасыз ететін дәрігерлерге, денсаулық сақтау ұйымының орта және кіші медицина қызметкерлеріне жүзеге асырылады.
1) осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген адамдарға «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 104-бабына сәйкес шектеу іс-шаралары қолданылған кезеңде инфекциясына қарсы күрес жөніндегі эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізген кезде коронавирустық инфекцияны жұқтырған, вирустық пневмониямен сырқаттанған жағдайда – екі миллион теңге мөлшерінде;
2) осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген адамдар «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 104-бабына сәйкес шектеу іс-шаралары қолданылған кезеңде коронавирустық инфекцияға қарсы күрес жөніндегі эпидемияға қарсы іс-шараларға қатысу-қатыспауына қарамастан қайтыс болған жағдайда олардың отбасыларына – он миллион теңге мөлшерінде жүзеге асырылады.
2-тарау. Біржолғы әлеуметтік төлемді тағайындау тәртібі
Комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санды құрайды.
Комиссияның құрамы:
1) облыстың, репсубликалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының;
2) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері және (немесе) оның орынбасары атынан халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган аумақтық бөлімшесінің;
3) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органының;
4) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі мемлекеттік басқарудың жергілікті органының;
5) «Nur Otan» партиясының;
6) медицина қызметкерлерінің мүддесін білдіретін үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерінен құрылады.
Комиссия төрағасы болып облыс, республикалық маңызы бар қала және астана әкімінің орынбасарынан төмен емес лауазымда жұмыс істейтін адам тағайындалады.
Комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санды құрайды.
Комиссияның құрамы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органның, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі уәкілетті органның, Қазақстан Республикасының бала құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органының, медицина қызметкерлерінің мүддесін білдіретін үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерінен құрылады.
Комиссияның төрағасы болып халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган басшысының орынбасарынан төмен емес лауазымда жұмыс істейтін адам тағайындалады.
Қалыптастырылған қызметкерлердің тізімдері екі жұмыс күні ішінде электрондық форматта Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйесіне жіберіледі және Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйелері:
«Ресурстарды басқару жүйесі» ақпараттық жүйесінде денсаулық сақтау қызметкері туралы мәліметтердің болуын;
қызметкердің «Стационардағы науқастардың электрондық тіркелімі» ақпараттық жүйесінде стационардағы науқас ретінде тіркелуін автоматтандырылған режимде тексереді.
«Стационардағы науқастардың электрондық тіркелімі» ақпараттық жүйесінде, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйесінде стационардағы науқас ретінде тіркелмеген қызметкерлер бойынша «амбулаториялық деңгей» белгісі көрсетіледі және мынадай деректер енгізіледі: сырқаттану күні, диагноз, жүгіну күні.
Тексеру қорытындылары бойынша біржолғы төлемге әрбір қызметкер бойынша жеке-жеке электрондық өтінімдер қалыптастырылады.
Қызметкер қайтыс болған жағдайда біржолғы әлеуметтік төлем алуға өтінішті осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оның отбасы мүшелерінің бірі облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органына немесе халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органға береді.
Қайтыс болу туралы куәлікті алғаннан кейін комиссия отбасыларға біржолғы әлеуметтік төлемді жүзеге асыру немесе жүзеге асырудан бас тарту туралы шешім қабылдайды және қызметкерлердің тізімдерін қалыптастырады.
Электрондық және сканерленген нұсқада Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйесіне жүктелген қызметкерлердің тізімдері негізінде біржолғы төлемге әрбір қызметкер бойынша жеке-жеке электрондық өтінімдер қалыптастырылады.
Комиссияның отбасыларға біржолғы әлеуметтік төлемді жүзеге асыру немесе жүзеге асырудан бас тарту туралы шешімдерін барлық растаушы құжаттарымен бірге сақтауды облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараттық жүйесіне жіберілу кезінде мәліметтерге Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің көліктік электрондық-цифрлық қолтаңбасымен қол қойылады.
Бақылаудан өтпеген электрондық өтінімдер себебі көрсетіліп қабылданбайды.
Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі қалыптастырған ЭІМ-ні қордың филиалына жібереді.
Қордың филиалы біржолғы әлеуметтік төлемдерді тағайындау туралы шешім шығаруы кезінде электронды өтінімдерде көрсетілген дербес деректерін қоса берілген жұмыскерлер тізіміндегі деректерімен салыстыра тексереді.
Мемлекеттік корпарация әлеуметтік төлемдерге қаражаттың қажеттілігін күн сайын қалыптастырады.
Мемлекеттік корпорация және қор есепті айдан кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірмей жүргізілген әлеуметтік төлемдер сомалары бойынша, сондай-ақ артық аударылған (төленген) әлеуметтік төлемдерді қайтару бойынша салыстырып тексеру актісіне қол қояды.
|
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2020 жылғы 10 қазаны № ҚР ДСМ-124/2020 мен |
|
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 10 қазаны № 396 |
|
Бірлескен бұйрыққа
Денсаулық сақтау жүйесінің қызметкерлері эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізу кезінде коронавирустық инфекцияны немесе вирустық пневмонияны жұқтырған жағдайда оларға, сондай-ақ қызметкер қайтыс болған жағдайда эпидемияға қарсы іс-шараларға қатысу-қатыспауына қарамастан олардың отбасыларына біржолғы әлеуметтік төлемді қағидаларына
Нысан |
Коронавирустық инфекциясын жұқтырған, вирустық пневониямен ауырған (қайтыс болған жағдайда) денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің және/немесе денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің отбасы мүшелерінің тізімі
|
Денсаулық сақтау қызметкері |
|||||||||||
|
Қызметкердің мәліметтері |
Қайтыс болғанын растайтын құжаты |
Банкі деректемелері |
Байланыс деректері (+77….) |
||||||||
|
Денсаулық сақтау қызметкері ЖСН |
ТАӘ |
Туған күні |
Ұйым БСК |
Ұйым атауы |
Ұйым бөлімшесі |
Акті жазбасыкүні мен нөмірі (қызметкер қайтыс болған жағдайда)
|
БСК |
Банк атауы |
Шот нөмірі |
Шот түрі (картокалық /дербес шот) |
Мобильді телефон нөмірі |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
кестенің жалғасы
|
Отбасы мүшелері (қызметкер қайтыс болған жағдайда толтырылады) |
||||||||
|
Отбасы мүшесіЖСН |
ТАӘ |
Туған күні |
Денсаулық сақтау ұйымы қызметкеріне туыстығы |
БСК |
Банктің атауы |
Шот нөмірі |
Шот түрі (картокалық /дербес шот) |
Байланыс деректері (+77 …..) |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Комиссия төрағасы ________________________________________
Комиссия мүшелері ______________________________________________
ТӘА (бар болса) және лауазымы
|
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2020 жылғы 10 қазаны № ҚР ДСМ-124/2020 мен |
|
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 10 қазаны № 396 |
|
Бірлескен бұйрыққа
Денсаулық сақтау жүйесінің қызметкерлері эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізу кезінде коронавирустық инфекцияны немесе вирустық пневмонияны жұқтырған жағдайда оларға, сондай-ақ қызметкер қайтыс болған жағдайда эпидемияға қарсы іс-шараларға қатысу-қатыспауына қарамастан олардың отбасыларына біржолғы әлеуметтік төлемді қағидаларына
Нысаны
|
Біржолғы әлеуметтік төлем алуға өтініш
Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органына ____________________
(аудан, қала)
немесе халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органына (қажетінің астын сызу)
Кімнен _______________________________________
(Т.А.Ә. (бар болса), ЖСН)
Өтініші берушінің мекенжайы__________________________________
Банкілік деректемелері:
Банктің атауы: _______________________
Банкілік шот №______________________
Шот түрі: _______________________________
БСК: ___________________________________
E-mail _______________________
Телефон нөмірі ______________________________
Коронавирустық инфекциясына коронавирустық инфекциясына қарсы күрес жөніндегі эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған қызметкердің аталған инфекциядан немесе клиникалық және эпидемиологиялық белгілері бойынша коронавирустік инфекциясын (коронавирустік инфекциясының ықтимал жағдайы) жоққа шығармайтын вирустық пневмониядан қайтыс болуына байланысты біржолғы әлеуметтік төлем төлеу мәселесін қарауларыңызды сұраймын:
|
№ |
ЖСН (қайтыс болған денсаулық сақтау қызметкері)
|
Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қайтыс болған денсаулық сақтау қызметкері) |
Туған күні (қайтыс болған денсаулық сақтау қызметкері) |
Денсаулық сақтау қызметкері қайтыс болған күні |
Қайтыс болғаны туралы акті жазбасы күні |
Жалған ақпарат пен дәйексіз (жалған) құжаттарды ұсынғаны үшін жауапкершілік туралы ескертілді.
Өтініш берушінің Т.А.Ә. (болған жағдайда) және қолы __________________________________________________________________
|
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2020 жылғы 10 қазаны № ҚР ДСМ-124/2020 мен |
|
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 10 қазаны № 396 |
|
Бірлескен бұйрыққа
Денсаулық сақтау жүйесінің қызметкерлері эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізу кезінде коронавирустық инфекцияны немесе вирустық пневмонияны жұқтырған жағдайда оларға, сондай-ақ қызметкер қайтыс болған жағдайда эпидемияға қарсы іс-шараларға қатысу-қатыспауына қарамастан олардың отбасыларына біржолғы әлеуметтік төлемді қағидаларына
Нысан |
Код _______________________
Облыс (қала) _______________
«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ ____________________ облысы (қаласы) бойынша филиалының әлеуметтік төлемді тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы
20___ ж. «____» __________
№ _________
ШЕШІМІ
Істің № ___________________________________________________________
Тегі _____________________________________________________________
Аты ______________________________________________________________
Әкесінің аты (бар болса)_____________________________________________
Туған күні________________ жынысы _____________________________
(айы, күні, жылы) (ер, әйел)
Тізім түскен күн: _______________________________________ 20___ ж.
Қайтыс болған денсаулық сақтау қызметкері деректері (қайтыс болған жағдайда):
Тегі _____________________________________________________________
Аты ______________________________________________________________
Әкесінің аты (бар болса)_____________________________________________
Қайтыс болған күні: 20__ жылғы "__" ____________
Біржолғы әлеуметтік төлем мөлшері ___________________________сомасында
(сома санмен және жазбаша)
Филиал басшысы __________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Филиал маманы __________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Шешім жобасын дайындаған:
Мемлекеттік корпорация бөлімшесінің басшысы
________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Мемлекеттік корпорация бөлімшесінің маманы
_________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)