2023 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қазақстан «Кәсіптік біліктілік туралы» заңынының 5-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- Қоса беріліп отырған «Сақтандыру» кәсіптік стандарты бекітілсін.
- «Сақтандыру» кәсіптік стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 16 мамырдағы № 253 бұйрығының (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 17 мамырда № 18692 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
- Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрыққа қол қойылған күнінен кейін күнтізбелік бес күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.
- Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.