«Медициналық-әлеуметтік сараптаманың тәуелсіз сарапшылары жұмысының нәтижелерін бағалау қағидалары мен өлшемшарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 28 қыркүйектегі № 408 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» және «Медициналық-әлеуметтік сараптаманың тәуелсіз сарапшыларының қызметтеріне ақы төлеу қағидаларын және медициналық-әлеуметтік сараптаманың тәуелсіз сарапшылары көрсететін қызметтерге тарифтерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушысының 2023 жылғы 29 қыркүйектегі № 411 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы _____ ___________ № ______ бұйрығы

БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 28 қыркүйектегі № 408 «Медициналық-әлеуметтік сараптаманың тәуелсіз сарапшылары жұмысының нәтижелерін бағалау қағидалары мен өлшемшарттарын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33482 болып тіркелген) бұйрығына келесі өзгеріс енгізілсін:

бұйрықтың 2 – тармағының бірінші абзацы келесі редакцияда жазылсын:

  1. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әдістеме және медициналық-әлеуметтік сараптаманы жетілдіру департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:

Көрсетілген бұйрықпен бекітілген медициналық-әлеуметтік сараптаманың тәуелсіз сарапшылары жұмысының нәтижелерін бағалау қағидалары мен өлшемшарттары осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 29 қыркүйектегі № 411 «Медициналық-әлеуметтік сараптаманың тәуелсіз сарапшыларының қызметтеріне ақы төлеу қағидаларын және медициналық-әлеуметтік сараптаманың тәуелсіз сарапшылары көрсететін қызметтерге тарифтерді бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33492 болып тіркелген) бұйрығына келесі өзгерістер енгізілсін:

бұйрықтың 2 – тармағының бірінші абзацы келесі редакцияда жазылсын:

  1. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әдістеме және медициналық-әлеуметтік сараптаманы жетілдіру департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:

Көрсетілген бұйрықпен бекітілген медициналық-әлеуметтік сараптаманың тәуелсіз сарапшыларының қызметтеріне ақы төлеу қағидалары және медициналық-әлеуметтік сараптаманың тәуелсіз сарапшылары көрсететін қызметтердің тарифтерін осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әдістеме және медициналық-әлеуметтік сараптаманы жетілдіру департаменті» заңнамада белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы

Еңбек және халықты әлеуметтік

қорғау министрі                                                                       С. Жақыпова

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрлігі

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрлігі

Дата публикации
31 октября 2024