«Әлеуметтік сақтандыру жүйесінің және әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 21 маусымдағы № 229 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әлеуметтік аударымдарды есептеу және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына төлеу және олар бойынша өндіріп алу қағидаларында:
2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) әлеуметтік аударымдарды төлеуші (бұдан әрі – төлеуші) – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарды есептеуді және төлеуді жүзеге асыратын жұмыс беруші, дара кәсіпкер, оның ішінде шаруа немесе фермер қожалығы, жеке практикамен айналысатын адам, оның ішінде Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалған, нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын жеке тұлғалар үшін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар төлеуді жүзеге асыратын салық агенттері.
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 319-бабы 2-тармағы 31) тармақшасының тоғызыншы абзацына сәйкес жергілікті атқарушы органдар немесе жеке көмекшілерге материалдық пайда төлеген кезде өзге де заңды тұлғалар, сондай-ақ Кодекстің 243-бабы бірінші бөлігінің 7) тармақшасында аталған адамдар үшін әлеуметтік аударымдарды төлейтін, Кодекстің
102-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында айқындалған интернет-платформа операторы әлеуметтік төлемдерді төлеушілер деп танылады;»;
4-тармақ алып тасталсын;
11-тармақ алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 11-1-тармағымен толықтырылсын:
«11-1. Осы Қағидалардың 7 және 8 тармақтарында белгіленген шектеулерді ескере отырып, Қорға әлеуметтік аударымдар төленбейтін кірістерді қоспағанда, нысаналы жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар үшін әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі азаматтық-құқықтық шарт бойынша алынған табыс сомасы болып табылады.
Осы Қағидалардың 7 және 8 тармақтарында белгіленген шектеулерді ескере отырып, Қорға әлеуметтік аударымдар төленбейтін кірістерді қоспағанда, жұмыстарды орындау (қызмет көрсету) нысанасы болып табылады.
Жеке тұлғалар нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша және өзі де оның жұмыс берушісі болып табылатын төлеушіден кіріс алған жағдайда осы Қағидалардың 7 және 8-тармақтарында белгіленген шектеулер бір төлеушіден алынған жиынтық табысқа қолданылады.
Бұл ретте бір төлеушіден әлеуметтік аударымдарды есептеудің жалпы объектісіне шектеулерді төлеуші дербес есептейді және қолданады.»;
мынадай мазмұндағы 15-1-тармағымен толықтырылсын:
«15-1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, Салық агенттері азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кірістер алған жеке тұлғалар үшін әлеуметтік аударымдарды есепті айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей, әлеуметтік аударымдар төленетін айды көрсете отырып, уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын тәртіппен ай сайын төлейді.»;
17-тармақ алып тасталсын;
34-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдарды және (немесе) әлеуметтік аударымдардың уақтылы және (немесе) толық төленбегені үшін өсімпұлдарды қайтаруды жүзеге асырудың қағидалары мен жағдайларында:
2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) әлеуметтік аударымдарды төлеуші (бұдан әрі – төлеуші) – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарды есептеуді және төлеуді жүзеге асыратын жұмыс беруші, дара кәсіпкер, оның ішінде шаруа немесе фермер қожалығы, жеке практикамен айналысатын адам, оның ішінде Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалған, нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын жеке тұлғалар үшін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар төлеуді жүзеге асыратын салық агенттері.
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 319-бабы 2-тармағы 31) тармақшасының тоғызыншы абзацына сәйкес жергілікті атқарушы органдар немесе жеке көмекшілерге материалдық пайда төлеген кезде өзге де заңды тұлғалар, сондай-ақ Кодекстің 243-бабы бірінші бөлігінің 7) тармақшасында аталған адамдар үшін әлеуметтік аударымдарды төлейтін, Кодекстің
102-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында айқындалған интернет-платформа операторы әлеуметтік төлемдерді төлеушілер деп танылады;»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті Мемлекеттік корпорацияға қағаз түрінде немесе портал арқылы электрондық түрде мынадай құжаттарды қоса бере отырып ұсынады:
1) осы Қағидалардың 3-тармағы 2) тармақшасында көрсетілген жағдайда міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының еңбек қызметінің басталғанын/тоқтатылғанын растайтын құжаттың көшірмесі;
2) осы Қағидалардың 3-тармағы 5) немесе 6) тармақшаларында көрсетілген жағдайлар бойынша әлеуметтік аударымдарды және (немесе) әлеуметтік аударымдардың уақтылы және (немесе) толық төленбегені үшін өсімпұлдарды қайтару кезеңі үшін "Салық есептілігі нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 20 қаңтардағы № 39 бұйрығымен (бұдан әрі – Бұйрық) бекітілген нысан бойынша шағын бизнес субъектілері үшін оңайлатылған декларацияның көшірмелері (910.00-нысан) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19897 болып тіркелген) қоса беріледі.
Осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген құжат болмаған кезде Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 306 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16601 болып тіркелген) (бұдан әрі – Салық төлеушінің жеке шотынан үзінді көшірме) бекітілген Жеке шоттарын жүргізу қағидаларына 19-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бюджетпен есеп айырысулардың жай-күйі туралы, сондай-ақ мемлекеттік кіріс органдары берген әлеуметтік төлемдер бойынша салық төлеушінің жеке шотынан үзінді-көшірме;
3) осы Қағидалардың 3-тармағы 5) немесе 6) тармақшаларында көрсетілген жағдайлар бойынша әлеуметтік аударымдарды және (немесе) әлеуметтік аударымдардың уақтылы және (немесе) толық төленбегені үшін өсімпұлдарды қайтару кезеңінде Бұйрықпен бекітілген нысан бойынша патент құны есебінің көшірмелері (911.00-н.) қоса беріледі.
Осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген құжат болмаған кезде Салық төлеушінің жеке шотынан үзінді-көшірме қоса беріледі.
Азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар үшін Қорға әлеуметтік аударымдарды төлеуді жүзеге асыратын салық агенті қағаз түрінде өтініш берген жағдайда, өтінішке осы Қағидаларға
1-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік аударымдардың артық (қате) төленген сомаларын қайтаруға келісім беру туралы міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының нотариалды куәландырылған өтініші қоса беріледі.»;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Қызметті портал арқылы алу үшін көрсетілетін қызметті алушы төлеушінің сұратылған деректерін, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің әрбір қатысушысы бойынша артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдарды және (немесе) әлеуметтік аударымдардың уақтылы және (немесе) толық төленбегені үшін өсімпұлдардың төлем тапсырмасының деректемелерін (төлем референсы, төлем тапсырмасының нөмірі, күні және сомасы), соманы және қайтару кезеңін енгізеді, осы Қағидалардың 3-тармағына сәйкес қайтару себебін көрсетеді және Негізгі талаптар тізбесінде көзделген электрондық құжаттарды және (немесе) құжаттардың электрондық көшірмелерін қоса береді.
Азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар үшін Қорға әлеуметтік аударымдарды төлеуді жүзеге асыратын салық агенті өтініш берген жағдайда портал міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға Қағидаларға 1-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша порталдағы оның жеке кабинетіне Артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдарды және (немесе) әлеуметтік аударымдардың уақтылы және (немесе) толық төленбегені үшін өсімпұлдардың сомасын қайтаруға келісім алуға сұрау салу жібереді.»;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Портал арқылы келіп түскен құжаттары бар электрондық өтініш мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелерінде мынадай параметрлер бойынша:
1) көрсетілетін қызметті алушы порталда көрсеткен төлеушінің деректемелерінің әлеуметтік аударымдар және (немесе) әлеуметтік аударымдардың уақтылы және (немесе) толық төленбегені үшін өсімпұлдар төленген төлем тапсырмасының деректемелерімен сәйкестігіне;
2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу, оның филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу және (немесе) заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру туралы мәліметтердің жарамдылығына (заңды тұлғалардың құқықтық мирасқорлық қатынастарына алып келетін заңды тұлғаның құқықтық жағдайын тоқтату немесе өзге де өзгерту) тексеруден өтеді.
3) міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының әлеуметтік аударымдарды және (немесе) уақтылы және (немесе) толық төленбегені үшін өсімпұлдарды қайтаруға келісімінің болуы.
Порталда тексеру нәтижесі оң болған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының электрондық өтініші мен құжаттары Еңбекмині АЖ-ға келіп түседі.
Көрсетілген параметрлер бойынша тексеруден өтпеген кезде портал көрсетілетін қызметті алушыға электрондық өтініштің қабылданбағаны туралы хабарламаны оның «жеке кабинетіне» жолдайды.»;
көрсетілген Қағидалардың 1-1-қосымшасы осы тізбеге 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
көрсетілген Қағидалардың 2-қосымшасы осы тізбеге 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға әлеуметтік аударымдардың жай-күйі мен қозғалысы туралы ақпарат беру қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Төлеушілерге әлеуметтік аударымдардың жай-күйі мен қозғалысы туралы ақпарат беру қағидаларында:
2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) әлеуметтік аударымдарды төлеуші (бұдан әрі – төлеуші) – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарды есептеуді және төлеуді жүзеге асыратын жұмыс беруші, дара кәсіпкер, оның ішінде шаруа немесе фермер қожалығы, жеке практикамен айналысатын адам, оның ішінде Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалған, нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын жеке тұлғалар үшін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар төлеуді жүзеге асыратын салық агенттері.
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 319-бабы 2-тармағы 31) тармақшасының тоғызыншы абзацына сәйкес жергілікті атқарушы органдар немесе жеке көмекшілерге материалдық пайда төлеген кезде өзге де заңды тұлғалар, сондай-ақ Кодекстің 243-бабы бірінші бөлігінің 7) тармақшасында аталған адамдар үшін әлеуметтік аударымдарды төлейтін, Кодекстің
102-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында айқындалған интернет-платформа операторы әлеуметтік төлемдерді төлеушілер деп танылады;».
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген
іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |