«Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі Ішкі аудит
басқармасының 2024 жылға
арналған мемлекеттік аудит
объектілерінің тізбесін бекіту
туралы» Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің 2023 жылғы
29 желтоқсандағы № 538
бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 65-бабының 3-тармағына және «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 18-бабының 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Ішкі аудит басқармасының 2024 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесінде (бұдан әрі - Тізбе):
тізбе атауындағы «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгі Ішкі аудит басқармасының 2024 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің ТІЗБЕСІ» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгі Ішкі аудит департаментінің 2024 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің ТІЗБЕСІ» деген сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 1-жолда:
«Тексеру түрі» деген бағандағы «Ішкі мемлекеттік аудит» деген сөздер «Электрондық ішкі мемлекеттік аудит» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Аудиторлық іс-шараның атауы» деген бағандағы «Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасы нормаларының сақталуына сәйкестік аудиті» деген сөздер «Ерікті түрде қоныс аударушыларды қолдау шараларын қамтамасыз ету үшін ақпараттық жүйелердің («Қандас» ААЖ, «Еңбек нарығы» ӘЕС БАЖ) сәйкестік аудиті» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Мемлекеттік аудитпен қамту кезеңі» деген бағандағы «01.01.2022 ж. бастап 31.12.2023ж. қоса алғанда» деген цифрлар сөздер «01.01.2023 ж. бастап 31.08.2024 ж. қоса алғанда» деген цифрлармен және сөздермен ауыстырылсын;«Аудит жүргізу мерзімі» деген бағандағы «2024 жылғы 1-2 тоқсан» деген цифрлар және сөздер, «2024 жылғы 4 тоқсан» деген цифрлармен және сөздермен ауыстырылсын;«Мемлекеттік аудитпен қамтылатын бюджет қаражаты мен активтердің жоспарлы көлемі (мың теңге)*» деген бағандағы «6 297 586,0» деген цифрлар «20 816 400,0» цифрлармен ауыстырылсын;
реттік нөмірлері 3, 4, 5, 6-жолдарда:
«Аудиторлық іс-шараның атауы» деген бағандағы «Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасы нормаларының сақталуына сәйкестік аудиті» деген сөздер «Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасы нормаларының сақталуына сәйкестік аудиті» деген сөздермен ауыстырылсын;«Аудит жүргізу мерзімі» деген бағандағы «2024 жылғы 1-2 тоқсан», «2024 жылғы 2-3 тоқсан» деген цифрлар және сөздер, «2024 жылғы 4 тоқсан» деген цифрлармен және сөздермен ауыстырылсын;«Мемлекеттік аудитпен қамтылатын бюджет қаражаты мен активтердің жоспарлы көлемі (мың теңге)*» деген бағандағы «2 386 506,3», «738 314,9», «403 607,0», «406 605,3» деген цифрлар, «676 248,6», «465 974,7», «212 159,9», «155 842,3» деген цифрлармен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 5-жолда:
«Мемлекеттік аудитпен қамту кезеңі» деген бағандағы «01.01.2023 ж. бастап 31.12.2023ж. қоса алғанда» деген цифрлар және сөздер «01.01.2021 ж. бастап 31.12.2023 ж. қоса алғанда» деген цифрлармен және сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірлері 10, 11-жолдарда:
«Мемлекеттік аудит объектісінің атауы» деген бағандағы «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті», «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті» деген сөздердi «Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті», «Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті» деген сөздермен ауыстырылсын.
Негіздеме: Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Ішкі аудит департаменті директорының 2024 жылғы 17 қазандағы № 03-1-0/3665-вн қызметтік жазбасы.
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі С. Жақыпова