«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлiгінiң кейбiр мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы № 81 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгінiң кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы № 81 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі туралы ережеде:
15-тармақта:
79) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«79) ақпараттық жүйелердің және дерекқорларды сүйемелдеу және оларға қол жеткізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;
108) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«108) Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын, өзге де жоспарлау құжаттарын іске асыруға жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдардың жұмыс орындарын құру мониторингін жүзеге асыру, жұмыс орындарын, оның ішінде жеке кәсіпкерлік субъектілері құратын жұмыс орындарын құру туралы мәліметтерді ұсыну қағидаларын әзірлеу және бекіту;».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі О. Бектенов