«Әлеуметтік қызметтер (протездік-ортопедиялық бұйымдарды жобалау, өңдіру және жөндеу)» кәсіптік стандартын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
министрі бұйрығының жобасына
баспасөз-релизі
«Әлеуметтік қызметтер (протездік-ортопедиялық бұйымдарды жобалау, өңдіру және жөндеу)» кәсіптік стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі бұйрығының жобасы (бұдан әрі – бұйрық жобасы) «Кәсіптік біліктілік туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 5-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді.
Бұйрық жобасы протездік-ортопедиялық бұйымдарды өндіру және жөндеу, ортопедиялық аяқ киімді жобалау және модельдеу кезінде қызметкердердің іскерлігіне, дағдыларына және жеке құзыреттеріне қойылатын талаптарды айқындайды, сондай-ақ протездік-ортопедиялық құралдарды әзірлетйні кәсіпорындардыға қызметкерлерді оқытуды жүзеге асырады.
Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектілері шығынын талап етпейді.
Бұйрық жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында 2024 жылғы 14 қыркүйекте жарияланды.
Бұйрық жобасын қарау үшін келесі сілтеме арқылы өту қажет https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15201621