Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы № 81 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігi туралы ереженің 16-тармағының 3) тармақшасына, «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес «Әкімшілік деректерді жинауға арналған ұжымдық шарттарды есепке алу нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрық жобасы әзірленді.
Аталған бұйрық жобасын қабылдаудың мақсаты Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуына мониторингті жүзеге асыру болып табылады.