«Еңбек мобильділігі орталықтары мен мансап орталықтары қызметкерлерінің үздіксіз кәсіптік даму қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі бұйрығының жобасына баспасөз-релизі

«Еңбек мобильділігі орталықтары мен мансап орталықтары қызметкерлерінің үздіксіз кәсіптік даму қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі бұйрығының жобасына баспасөз-релизі

 

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің «Батыс Қазақстан, Түркістан, Қостанай облыстарының еңбек мобильділігі орталығының филиалдары қызметкерлеріне пилоттық режимде еңбекақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» бұйрығының жобасы «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысының 5-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді.

Бұйрық жобасы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру нәтижелері бойынша мансап орталықтары қызметкерлеріне еңбекақы төлеуді енгізу көзделеді.

Ағымдағы жылдың ақпан айында Мемлекет Басшысы Жұмыспен қамту орталықтарының басталған трансформациясын уақтылы аяқтауды тапсырды, онда ол «Еңбек мобильділігі орталықтары қызметкерлеріне еңбекақы төлеу нәтижесі бойынша яғни әрбір жұмысқа орналасқандар үшін жүзеге асырылуы тиіс» деді Осы мақсатқа жету үшін еңбекақы төлеудің жаңа тәсілдері әзірленді, олар жүргізіліп жатқан жұмыстың тиімділігіне қосымша ынталандыру және кепілгер болады.

Жаңа форматқа сәйкес, мансап орталықтары қызметкерлерінің жалақысы екі бөліктен тұрады базалық және тарифтік. Біріншісі, білімі, жұмыс өтілі, азаматтардың кәсіпкерлік бастамасына жәрдемдесу, бос орындар жәрмеңкелерін немесе басқа да жұмыстарды ұйымдастыру сияқты ағымдағы жұмыстарды жүргізу сияқты ағымдағы жұмысты жүргізу негізінде қалыптастырылады.

Өз кезегінде тарифтік бөлік жұмысқа орналастырылған ізденушілер санынан қалыптастырылатын болады – олардың әрқайсысы үшін тікелей жұмысқа орналастырылған күннен бастап 6 ай ішінде ай сайынғы жалақыға үстемеақы айқындалатын болады. Индикатор ретінде жұмыс берушілерден жұмысқа орналастырылған міндетті зейнетақы төлемдерін төлеу фактісі болады. Бұл ретте қосымша ақы төлеу деңгейіне жұмыс іздеушінің біліктілік деңгейі мен жұмысқа орналасу түрі (уақытша немесе тұрақты жұмыс орны), сондай-ақ басқа да факторлар әсер ететін болады.

 «Нәтижелер бойынша еңбекақы төлеу» форматы 2025 жылдың басынан бастап іске асырылатын болады. Қазіргі уақытта жаңа тарифтер Түркістан облысында пилоттық режимде іске қосылды және өз тиімділігін дәлелдеді -жұмысқа орналасқандар саны бойынша оң динамика атап өтілді, қызметкерлер өз міндеттерін сапалы орындауға ынталы.

Қаулы жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды

бұйрық жобасына баспасөз релизі
Дата публикации
02 сентября 2024