«Еңбек мобильділігі орталықтары мен мансаптық орталықтар қызметкерлерінің кәсіби құзыреттілігіне аттестаттауды өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығының жобасына БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ.
«Еңбек мобильділігі орталықтары мен мансаптық орталықтар қызметкерлерінің кәсіби құзыреттілігіне аттестаттауды өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі бұйрығының жобасы (бұдан әрі – бұйрықтың жобасы) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі туралы Ереженің 15-тармағының 98-1) тармақшасына сәйкес әзірленді.
Бұйрық жобасының мақсаты Кәсіби құзыреттілік деңгейін айқындау үшін еңбек ұтқырлығы орталықтары мен мансаптық орталықтардың қызметкерлерін кемінде үш жылда бір рет аттестаттаудан өткізу болып табылады.
Бұйрық жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.
2024 жылғы 16 Тамызда бұйрықтың жобасы «Электрондық үкімет» порталында ашық НҚА бөлімінде және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми сайтында орналастырылды.