Еңбек мобильділігі орталықтары (мансап орталықтары) қызметкерлерінің кәсіптік құзыреттілігін аттестаттау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы
№81 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі туралы ереженің 15-тармағының
98-1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
- Осы бұйрықтың қосымшаға сәйкес Еңбек мобильділігі орталықтары
(мансап орталықтары) қызметкерлерінің кәсіптік құзыреттілігін аттестаттау қағидалары бекітілсін.
- Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң Жұмыспен қамту департаментiне заңнамада белгiленген тәртiппен:
- осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
- осы бұйрықты ресми жариялауды және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.
- Осы бұйрық 2024 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
Қорғау министрі С. Жақыпова
Еңбек мобильділігі орталықтары мен мансап орталықтары жұмыскерлерінің кәсіптік құзыреттілігін аттестаттаудан өткізу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
- Осы Еңбек мобильділігі орталықтары мен мансап орталықтары жұмыскерлерінің құзыреттіліген аттестаттауды өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы № 81 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 98-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және еңбек мобильділігі орталықтары мен мансап орталықтары жұмыскерлерін аттесттаудан өткізу тәртібін айқындайды.
- Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
- аттестатталушы – осы Қағидаларға сәйкес аттестаттауға қатысатын еңбек мобильділігі орталығының немесе мансап орталығының жұмыскері;
- аттестаттау – еңбек мобильділігі орталығы немесе мансап орталығы жұмыскерінің кәсіптік құзыреттілік деңгейін, оның ішінде біліктілік санатын беру (растау) немесе атқаратын лауазымына сәйкестігін растау мақсатында біліктілікті арттыру қорытындылары бойынша айқындау рәсімі;
- біліктілік санаты – орындалатын жұмыстардың күрделілігін көрсететін, жұмыскердің біліктілігіне қойылатын талаптар деңгейі;
- еңбек мобильділігі орталығы – жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын әзірлеу және іске асыру мақсатында облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы құратын заңды тұлға;
- еңбек мобильділігі орталығының (мансап орталығының) жұмыскері (бұдан әрі – жұмыскер) – «Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту ұйымдарының басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 25 қазандағы № 360 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16057 болып тіркелген) сәйкес біліктілік талаптарына (бұдан әрі – біліктілік сипаттамалары) сәйкес келетін еңбек мобильділігі орталығында (мансап орталығында) кәсіптік қызметті жүзеге асыратын маман не басшы;
- еңбек мобильділігі орталықтары (мансап орталықтары) жұмыскерлерінің біліктілігін арттыру ұйымы (бұдан әрі – біліктілікті арттыру ұйымы) – Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 16-бабының 2-тармақшасына сәйкес жергілікті атқарушы органдар мен еңбек мобильділігі орталықтары (мансап орталықтары) мамандарының біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын Еңбек ресурстарын дамыту орталығының құрылымдық бөлімшесі;
- еңбек мобильділігі орталықтары мен мансап орталықтары жұмыскерлерінің үздіксіз кәсіптік дамуының онлайн-платформасы (бұдан әрі – Платформа) – еңбек мобильділігі орталығы (мансап орталығы) жұмыскерінің біліктілігін арттыру және оны онлайн режимде аттестаттау мүмкіндігін қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе;
- Еңбек ресурстарын дамыту орталығы – Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша уәкілетті мемлекеттік органның жанынан құрылатын, еңбек нарығын ақпараттық-талдамалық сүйемелдеуді, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын, жұмыспен қамту қызметтерін әдіснамалық қолдауды, әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесін дамытуды және сүйемелдеуді қамтамасыз ететін заңды тұлға;
- жеке оқу жоспары – міндетті түрде өту керек оқу курстарын (модульдерін) қамтитын күнтізбелік жылға арналған еңбек мобильділігі орталығы (мансап орталығы) жұмыскерінің құзыреттерін дамыту жоспары;
- кәсіптік стандарт – «Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу» кәсіптік стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 19 маусымдағы № 200 бұйрығымен бекітілген «Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу» кәсіптік қызмет саласында білімге, машыққа, дағдыларға, формалды және (немесе) формалды емес және (немесе) информалды білім беруді ескере отырып, жұмыс тәжірибесіне, біліктілік пен құзыреттілік деңгейіне, мазмұнға, сапа мен еңбек жағдайларына қойылатын жалпы талаптарды белгілейтін жазбаша ресми құжат;
- мансап орталығы – аудандарда, облыстық және республикалық маңызы бар қалаларда, астанада өз функцияларын орындауды жүзеге асыратын еңбек мобильділігі орталығының филиалы;
- сараптама комиссиясы – еңбек мобильділігі орталықтары мен мансап орталықтарының жұмыскерлерін аттестаттау рәсімін өткізуге уәкілетті алқалы орган;
- уәкілетті мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты әлеуметтік қорғау саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қызметін реттеуді, бақылау функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
- халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган – облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту саласындағы бағыттарды айқындайтын жергілікті атқарушы органы.
- Еңбек мобильділігі орталықтарының (мансап орталықтарының) жұмыскерлерін аттестаттау кемінде үш жылда бір рет өткізіледі.
- Еңбек мобильділігі орталығына және мансап орталығына алғаш рет қызметке кірген жұмыскерлер атқаратын лауазымына сәйкестігі бойынша бастапқы аттестаттаудан бір жыл ішінде, бірақ лауазымға орналасқанынан бастап 6 (алты) айдан ерте емес мерзімде өтеді.
- Еңбек мобильділігі орталығына (мансап орталығына) алғаш рет қызметке кірген мамандарға бастапқы аттестаттаудан өткенге дейін «санатсыз» біліктілік санаты беріледі.
- Еңбек мобильділігі орталықтарының (мансап орталықтарының) жұмыскерлерін кезектен тыс аттестаттау алдыңғы аттестаттауды өткізу мерзімдеріне қарамастан уәкілетті мемлекеттік органның шешімі бойынша жүргізіледі.
- Еңбек мобильділігі орталығының (мансап орталықтарының) келесі жұмыскерлері аттестаттауға жатпайды:
- атқаратын лауазымында алты айдан аз жұмыс істегендер;
- жүкті әйелдер;
- жүктілігі және босануы бойынша демалыста немесе бала күтімі бойынша демалыста немесе жұмысқа шыққаннан кейін он екі айдан ерте емес жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған жұмыскерлер үшін демалыста жүргендер;
- оқу демалысындағылар.
- Еңбек мобильділігі орталықтары мен мансап орталықтарының құрылымдық бөлімшелерінің (бөлімдерінің, секторларының, топтарының) мамандарына біліктілік санаттары үш жыл мерзімге беріледі.
2-тарау. Еңбек мобильділігі орталықтары мен мансап орталықтарының жұмыскерлерін аттестаттаудан өткізу тәртібі
1-параграф. Аттестаттауды өткізу бойынша жұмысты ұйымдастыру
- Аттестаттау келесі кезеңдерді қамтиды:
- тестілеу;
- портфолионы бағалау.
- Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдарында еңбек мобильділігі орталықтарының (мансап орталықтарының) жұмыскерлерін аттестаттаудан өткізу үшін бірінші басшының бұйрығымен:
- еңбек мобильділігі орталықтары мен мансап орталықтарының мамандарына «екінші санат», «бірінші санат», «жоғары санат» біліктілік санаттарын беру (растау) үшін;
- еңбек мобильділігі орталығына және мансап орталығына алғаш рет қызметке кірген жұмыскерлердің, құрылымдық бөлімшелер (бөлімдер, секторлар) басшыларының, еңбек мобильділігі орталықтары мен мансап орталықтары директорларының атқаратын лауазымдарының сәйкестігін растау үшін сараптама комиссиялары құрылады.
- Сараптама комиссиялары жергілікті атқарушы органдардың, өңірлік кәсіпкерлер палатасы филиалдарының, қоғамдық бірлестіктердің, әлеуметтік-еңбек саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдар мен қауымдастықтардың, өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарының, әлеуметтік-еңбек саласындағы сарапшылардың, әлеуметтік-еңбек саласындағы мамандарды даярлауды жүргізетін білім беру ұйымдарының өкілдері қатарынан келесі өлшемшарттардың кем дегенде біреуіне сәйкес келетін кемінде 10 сарапшыдан құрылады:
- халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту саласындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл;
- әлеуметтік немесе гуманитарлық ғылымдар саласындағы ғылыми дәрежесінің немесе атағының болуы;
- халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау, азаматтарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу бағыттары бойынша қызметті жүзеге асыру.
- Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органы сараптама комиссиясының отырысын ұйымдастыруды қамтамасыз етеді, отырыстың өткізілетін орнын, күнін және уақытын айқындайды, сараптама комиссиясының мүшелеріне алдағы отырыс туралы хабарлайды, сараптама комиссиясының мүшелеріне отырысты өткізу үшін қажетті материалдарды ұсынады.
- Еңбек мобильділігі орталығы жыл сайын 15 қарашадан кешіктірмей Платформада осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша алдағы күнтізбелік жылға аттестатталушылардың тізімін қалыптастырады.
- Қажет болған жағдайда еңбек мобильділігі орталығы аттестатталушылардың тізімін түзетеді.
- Аттестаттау кезеңдерін өткізу мерзімдерін қамтитын еңбек мобильділігі орталықтарының (мансап орталықтарының) жұмыскерлерін алдағы аттестаттау туралы хабарландыру уәкілетті мемлекеттік органның және біліктілікті арттыру ұйымының ресми интернет-ресурстарында жарияланады.
- Еңбек мобильділігі орталығының (мансап орталығының) жұмыскеріне Платформадағы жеке кабинетінде аттестаттаудан өту мерзімі, қолжетімділігі, мәртебесі көрсетіледі.
2-параграф. Тестілеуді өткізу тәртібі
- Еңбек мобильділігі орталықтарының (мансап орталықтарының) жұмыскерлерін тестілеу пайдаланушылардың мінез-құлқын бақылау, хаттамалау және бағалау үшін бағдарламалық қамтуды пайдалана отырып, Платформада электрондық форматта жүргізіледі.
- Тестілеуге Платформада оқытудың жеке жоспарында айқындалған сағат санында біліктілікті арттыру курстарынан өткен еңбек мобильділігі орталығының (мансап орталығының) жұмыскері жіберіледі.
- Тестілеуге тапсырмаларды (сұрақтарды) әзірлеуді және Платформада орналастыруды біліктілікті арттыру ұйымы жүзеге асырады.
- Тестілеу 100 (жүз) тапсырмадан (сұрақтан) тұрады, оның ішінде:
50 (елу) сұрақ – біліктілік сипаттамалары мен кәсіптік стандартта көзделген нормативтік құқықтық актілерді білуге арналған;
50 (елу) сұрақ – біліктілік сипаттамалары мен кәсіптік стандартқа сәйкес еңбек функциялары мен лауазымдық міндеттерін орындау үшін қажетті білім, дағдылар мен машықтарды меңгеруге арналған.
- Тестілеу нәтижесі шекті деңгейге жеткенде оң деп саналады:
- алғашқы аттестаттау кезінде еңбек мобильділігі орталығының (мансап орталығының) жұмыскері үшін – 70%;
- біліктілік санатына өтініш берген кезде маман үшін:
«екінші санат» – 75%;
«бірінші санат» – 80%;
«жоғары санат» – 85%;
- құрылымдық бөлімше басшысы, директор үшін – 85%.
- Қағидалармен танысу уақытын есепке алмағанда тестілеуден өту ұзақтығы 150 (жүз елу) минутты құрайды.
- Тестілеуді тапсыру мерзіміне қарамастан аттестатталушылардың мінез-құлқын бақылау, хаттамалау және бағалау үшін бағдарламалық қамтумен анықталған қағидаларды бұзу фактісі анықталған жағдайда нәтижелердің күші жойылады.
- Тестілеу нәтижесі аяқталғаннан кейін компьютер экранында және Платформадағы еңбек мобильділігі орталығы (мансап орталығы) жұмыскерінің жеке кабинетінде көрсетіледі.
- Тестілеу нәтижесімен келіспеген жағдайда еңбек мобильділігі орталығының (мансап орталығының) жұмыскері Платформадағы тестілеуден шықпай-ақ әрбір тапсырма (сұрақ) бойынша дәлелді негіздемесімен (толық түсіндірмесімен) Платформа арқылы апелляцияға өтініш береді. Еңбек мобильділігі орталығының (мансап орталығының) жұмыскері тестілеуден шыққаннан кейін апелляцияға өтініштер Платформада қабылданбайды.
Дәлелді негіздемені көрсетпей тапсырмаларды (сұрақтарды) қайта қарау бойынша апелляцияға берілген өтініштер қарауға жатпайды.
- Біліктілікті арттыру ұйымы күнтізбелік 5 (бес) күн ішінде апелляция жүргізеді және Платформаға шешімді енгізеді.
- Апелляция келесі жағдайларда қаралады:
- тест тапсырмаларының мазмұны бойынша:
дұрыс жауаппен келіспегенде;
дұрыс жауап жоқ болғанда;
тапсырма қате болғанда;
- техникалық себептер бойынша:
тапсырмаларда фрагмент немесе мәтін жоқ болғанда;
бағдарламалық қамту қатесі пайда болғанда.
- Апелляция нәтижелері бойынша Платформада еңбек мобильділігі орталығы (мансап орталығы) жұмыскерінің жеке кабинетінде апелляцияны ескере отырып тестілеу нәтижелері көрсетіледі.
- Тестілеу нәтижелері бойынша осы Қағидалардың 21-тармағында белгіленген шекті деңгейден төмен балл жинаған аттестатталушы:
- қолданыстағы біліктілік санатынан бір деңгейге төмен біліктілік санаты беріледі;
- портфолионы бағалау кезеңіне жіберілмейді.
3-параграф. Еңбек мобильділігі орталығы және мансап орталығы жұмыскерінің портфолиосын бағалау тәртібі
- Тестілеу нәтижелері бойынша осы Қағидалардың 21-тармағында белгіленген шекті деңгейді жинаған аттестатталушы тестілеу кезеңі аяқталған күннен кейін күнтізбелік 10 (он) күн ішінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес портфолио қалыптастырады.
- Портфолионы қалыптастыру кезінде еңбек мобильділігі орталығының (мансап орталығының) жұмыскері кәсіптік қызмет бойынша тақырыптар тізбесіне сәйкес эссе жазады.
- Эссе тақырыптарын әзірлеуді біліктілікті арттыру ұйымы жүзеге асырады.
- Эссе жазу мерзіміне қарамастан, еңбек мобильділігі орталықтарының (мансап орталықтарының) екі немесе одан да көп жұмыскерлерінде эссе мазмұнының қайталану фактісі анықталған кезде, эссенің қайталануы анықталған еңбек мобильділігі орталықтарының (мансап орталықтарының) барлық жұмыскерлерінің нәтижелерінің күші жойылады.
- Еңбек мобильділігі орталықтары (мансап орталықтары) жұмыскерлерінің портфолиосын еңбек мобильділігі орталығы сараптама комиссиясының отырысына шығарады.
- Сараптама комиссиясының отырысы еңбек мобильділігі орталықтары (мансап орталықтары) жұмыскерлерінің портфолиосын қалыптастыру аяқталған күннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде өткізіледі.
Сараптама комиссиясының отырысында аттестатталушы портфолиосын қорғайды.
Сараптама комиссиясының отырысы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана отырып жазылады. Комиссия отырысының жазбасы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органында отыз алты ай бойы электрондық жеткізгіште сақталады.
Аттестатталушы адамдарға портфолионы онлайн қорғауды жүргізуге рұқсат етіледі.
- Сараптама комиссиясының сарапшысы аттестатталушының портфолиосын осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес өлшемшарттарға сәйкес қарайды және бағалайды.
- Аттестатталушының портфолиосын сараптама комиссиясының кемінде 5 (бес) сарапшысы бағалайды.
4-параграф. Біліктілік санатын беру (растау) және атқаратын лауазымына сәйкестігін растау тәртібі
- Біліктілік санатын беру (растау) немесе атқаратын лауазымына сәйкестігін растау біліктілік сипаттамаларына және кәсіптік стандартқа сәйкес біліктілік санатының өту мерзімдері мен реттілік қағидатын сақтай отырып жүзеге асырылады.
- Сарапшылардың портфолионы бағалау нәтижелері бойынша сараптама комиссиясы орташа баллды есептейді және келесі шешімдердің бірін қабылдайды:
- алғашқы аттестаттау кезінде еңбек мобильділігі орталығының және мансап орталығының жұмыскері бойынша:
атқаратын лауазымына сәйкес келеді – 70 және одан жоғары балл;
атқаратын лауазымына сәйкес келмейді – 69 және одан аз балл;
- біліктілік санатына өтініш берген кезде маман бойынша:
мәлімделген біліктілік санатына сәйкес келеді – 85 және одан жоғары балл;
мәлімделген біліктілік санатына сәйкес келмейді – қолданыстағы біліктілік санатына сәйкес келеді – 70-тен 84 баллға дейін;
мәлімделген біліктілік санатына сәйкес келмейді – мәлімделген деңгейден төмен біліктілік санатына сәйкес келеді – 69 және одан төмен балл;
- құрылымдық бөлімше басшысы, директор бойынша:
атқаратын лауазымына сәйкес келеді – 85 және одан жоғары балл;
атқаратын лауазымына сәйкес келмейді – 84 және одан аз балл.
- «Мәлімделген біліктілік санатына сәйкес келмейді» деген шешім қабылданған кезде аттестатталушы үшін қолданыстағы біліктілік санаты оның қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін сақталады.
- Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органы біліктілік санатын беру (растау) туралы немесе атқаратын лауазымының сәйкестігі туралы шешім шығарылған күннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде:
- еңбек мобильділігі орталығының (мансап орталығының) жұмыскеріне осы Қағидаларға 4-қосымшаға немесе 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша куәлік береді;
- осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша еңбек мобильділігі орталықтарының (мансап орталықтарының) жұмыскерлерін аттестаттау нәтижелері туралы ақпаратты уәкілетті мемлекеттік органға жібереді.
- Біліктіліктің орта деңгейінен біліктіліктің жоғары деңгейіне өту кезінде еңбек мобильділігі орталығының (мансап орталығының) маманы қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін «санатсыз», «екінші санат», «бірінші санат», «жоғары санат» біліктілік санатын сақтайды.
Еңбек мобильділігі орталықтары мен мансап орталықтары жұмыскерлерінің кәсіптік құзыреттілігін аттестаттаудан өткізу қағидаларына
1-қосымша
Нысан
Еңбек мобильділігі орталықтарының және/немесе мансап орталықтарының аттестатталатын жұмыскерлерінің тізімі
|
№
|
Т.А.Ә. (бар болса)
|
Лауазымы
|
Жұмыс орны
|
Халықты әлеуметтік қорғау немесе жұмыспен қамту жүйесіндегі жұмыс өтілі
|
Қолданыстағы біліктілік санаты (бар болса)
|
Аттестаттау рәсімі
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Еңбек мобильділігі орталықтары мен мансап орталықтары жұмыскерлерінің кәсіптік құзыреттілігін аттестаттаудан өткізу қағидаларына
2-қосымша
Еңбек мобильділігі орталығы және/немесе мансап орталығы жұмыскерінің портфолиосы
|
1. Жеке деректер
|
|
Т.А.Ә. (бар болса)
|
|
|
Жұмыс орны
|
|
|
Лауазымы
|
|
|
Білім деңгейі
|
|
|
Білімі туралы құжаттардың көшірмелері
|
|
|
Халықты әлеуметтік қорғау немесе жұмыспен қамту саласындағы жұмыс өтілі
|
|
|
Еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері
|
|
|
2. Аттестаттау рәсімі туралы мәліметтер
|
|
Соңғы 3 жылда біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы мәліметтер
|
|
|
Тестілеу нәтижесі
|
|
|
Қолданыстағы біліктілік санаты (бар болса)
|
|
|
Мәлімделетін біліктілік санаты (бар болса)
|
|
|
3. Кәсіби қасиеттері
|
|
Тәртіптік жазалары туралы мәліметтер
|
|
|
Тікелей басшыдан сипаттаманың көшірмесі
|
|
|
4. Кәсіби жетістіктері
|
|
Грамоталардың, алғыс хаттардың, марапаттау туралы құжаттардың көшірмелері (бар болса)
|
|
|
Кәсіптік конкурстарға, іс-шараларға қатысуды растайтын құжаттардың көшірмелері, тренерлік, тәлімгерлік және т. б. туралы мәліметтер (бар болса)
|
|
|
5. Эссе (кәсіптік қызмет бойынша)
|
Еңбек мобильділігі орталықтары мен мансап орталықтары жұмыскерлерінің кәсіптік құзыреттілігін аттестаттаудан өткізу қағидаларына
3-қосымша
Еңбек мобильділігі орталығы және/немесе мансап орталығы жұмыскерінің портфолиосын бағалау өлшемшарттары
|
№
|
Өлшемшарт
|
Көрсеткіштер*
|
Баллдар
|
Сараптама комиссиясының баллдары
|
|
1
|
Тестілеу
|
ең жоғары деңгей – 100%
|
ең көп балл саны – 50
|
автоматты түрде қойылады
|
|
2
|
Тәртіптік жазаның болмауы
|
болмауы
|
5 балл
|
|
|
болуы
|
0 балл
|
|
3
|
Оң сипаттама
|
болуы
|
5 балл
|
|
|
болмауы
|
0 балл
|
|
4
|
Грамоталардың, алғыс хаттардың, марапаттау туралы құжаттардың болуы
|
болуы
|
5 балл
|
|
|
болмауы
|
0 балл
|
|
5
|
Кәсіптік конкурстарға, іс-шараларға қатысу, тренинг, тәлімгерлік және т. б. туралы мәліметтер.
|
болуы
|
5 балл
|
|
|
болмауы
|
0 балл
|
|
6
|
Кәсіптік қызмет туралы эссе
|
жауаптардың толықтығы мен дұрыстығы, жұмыспен қамту саласын, оның қызметі мен жұмыспен қамту қызметінің миссиясын түсіну дәрежесі
|
ең көп балл саны – 30
|
|
* Көрсеткіштерге қол жеткізу аттестаттау арасындағы кезеңде ескеріледі
Еңбек мобильділігі орталықтары мен мансап орталықтары жұмыскерлерінің кәсіптік құзыреттілігін аттестаттаудан өткізу қағидаларына
4-қосымша
Нысан
Біліктілік санатын беру туралы куәлік
Сараптама комиссиясының 20___ жылғы «____» «__________» шешімімен
_______________________________________________________________
Т.А.Ә. (бар болса)
20___ жылғы «____» «_________» дейінгі мерзіммен
________________________________ біліктілік санаты берілді
(санат атауы)
Сараптама комиссиясының мүшелері:
- ________________________________________________________________
(Т.А.Ә. (бар болса), қолы)
- ________________________________________________________________
(Т.А.Ә. (бар болса), қолы)
- ________________________________________________________________
(Т.А.Ә. (бар болса), қолы)
…
М.О.
Берілген орны ___________________________________________________
(қала, облыс)
Күні 20__ жылғы «____» «___________»
Еңбек мобильділігі орталықтары мен мансап орталықтары жұмыскерлерінің кәсіптік құзыреттілігін аттестаттаудан өткізу қағидаларына
5-қосымша
Нысан
Атқаратын лауазымына сәйкестігі туралы куәлік
Сараптама комиссиясының 20___ жылғы «____» «__________» шешімімен
_______________________________________________________________
Т.А.Ә. (бар болса)
________________________________ атқаратын лауазымына сәйкес келеді.
(лауазымның атауы)
Куәліктің қолданылу мерзімі 20___ жылғы «____» «_________».
Сараптама комиссиясының мүшелері:
- ________________________________________________________________
(Т.А.Ә. (бар болса), қолы)
- ________________________________________________________________
(Т.А.Ә. (бар болса), қолы)
- ________________________________________________________________
(Т.А.Ә. (бар болса), қолы)
…
М.О.
Берілген орны ___________________________________________________
(қала, облыс)
Күні 20__ жылғы «____» «___________»
Еңбек мобильділігі орталықтары мен мансап орталықтары жұмыскерлерінің кәсіптік құзыреттілігін аттестаттаудан өткізу қағидаларына
6-қосымша
Нысан
Еңбек мобильділігі орталықтарының (мансап орталықтарының) жұмыскерлерін аттестаттау нәтижелері туралы ақпарат
|
№
|
ЖСН
|
Аттестатталушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
|
Білімі
|
Лауазымы
|
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
кестенің жалғасы
|
Біліктілік санатын беру туралы куәліктің деректері*
|
Атқаратын лауазымына сәйкестігі туралы куәліктің деректері*
|
|
Біліктілік санаты
|
Берілген күні
|
Атқаратын лауазымына сәйкестігі
|
Растау күні
|
|
6
|
7
|
8
|
9
|
| |
|
|
|
| |
|
|
|
*Ескертпелер: еңбек мобильділігі орталығының (мансап орталығының) жұмыскері алған куәліктің түріне сәйкес толтырылады