«Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын (6-шығарылым) бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 21 қыркүйектегі № 401 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрық жобасына
баспасөз-релизі
«Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын (6-шығарылым) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 21 қыркүйектегі № 401 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрық жобасы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексі 16-бабының 16-1) тармақшасына сәйкес әзірленді.
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 26 маусымдағы № 408 (ҚР Әділетминінде 32893 тіркеу нөмірі) бұйрығымен бекітілген Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге жатпайтын нормативтік құқықтық актілер тізбесінің 19-тармағына сәйкес біліктілік анықтамалар мен сипаттамалар әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге жатпайды.
Мұнай-газ саласы кәсіпорындарындағы жұмыс технологиясын жетілдіруге байланысты ұйымдардың ұсыныстарына сәйкес Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығында (6-шығарылым) (бұдан әрі - БТБА, 6-шығарылым) «Ұңғымаларды бұрғылау жұмыстарының разрядтары бойынша жұмысшылар кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамалары» деген 2-тарауы 5-разрядты мұнай мен газ бұрғылау қондырғыларының машинистің жұмыс сипаттамасымен толықтырылды.
Тарифтік-біліктілік сипаттамалар, осы БТБА-да көрсетілген өндірістер мен жұмыс түрлері бар ұйымдардың, меншік және ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, жұмыстарды тарифтеу және жұмысшыларға біліктілік разрядтарын белгілеген кезде қолданылады.
«Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын (6-шығарылым) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 21 қыркүйектегі № 401 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығының жобасы бойынша қаржылық шығындар талап етілмейді.
Министірлік 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 65-бабына сәйкес көрсетілген бұйрықтың жобасы а.ж. 30 шілдеде нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырды.