«Құжаттардың орыс тілінен мемлекеттік тілге және мемлекеттік тілден орыс тіліне аудару жұмыстарына кететін уақыттың салааралық үлгілік нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі бұйрығының жобасына баспасөз-релизі

«Құжаттардың орыс тілінен мемлекеттік тілге және мемлекеттік тілден орыс тіліне аудару жұмыстарына кететін уақыттың салааралық үлгілік нормаларын бекіту туралы»

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі бұйрығының жобасына

баспасөз-релизі

 

«Құжаттарды орыс тілінен мемлекеттік тілге және мемлекеттік тілден орыс тіліне аудару жұмыстарына кететін уақыттың салааралық үлгілік нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі бұйрығының жобасын Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 16-бабының 41-10) тармақшасына сәйкес әзірледі.  

Осы бұйрық жобасын әзірлеуге негіз болып табылады:

Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасынан (ҰКП) мемлекеттік органдардың деңгейіне еңбек жөніндегі бірыңғай салааралық және үлгілік нормативтерді әзірлеу және бекіту жөніндегі функцияларды беру және

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2024 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңымен негізделген құқықтық актілердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы                             Премьер-Министрінің 2024 жылғы 17 мамырдағы № 68-ө өкімінің 82-тармағы.

2016 жылы мемлекеттік сектор мен жұмыс берушілер арасындағы еңбек нормаларын әзірлеу және бекіту жөніндегі өкілеттіктерді бөлу шеңберінде

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2001 жылғы 24 желтоқсандағы № 275-ө бұйрығымен бекітілген нормативтік құқықтық актілерді және басқа да құжаттарды орыс тілінен мемлекеттік тілге және мемлекеттік тілден орыс тіліне аудару жөніндегі жұмыстарға арналған уақыттың үлгілік нормаларын ҰКП-ға бекіту үшін берілді.

ҚР ҰКП 2017 жылғы 10 қазандағы № 244 бұйрығымен қызметтің ұйымдарда жүзеге асырылатын нормативтік құқықтық актілер мен басқа да құжаттарды орыс тілінен мемлекеттік тілге және мемлекеттік тілден орыс тіліне аудару бойынша жұмыстарға уақыттың салааралық үлгілік нормалары бекітілді.

Осы нормативтер аудармашылардың еңбегін нормалау үшін мемлекеттік органдарда әзірлеу және практикалық қолдану нормаларын айқындау үшін әзірленген.

Министірлік 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 65-бабына сәйкес көрсетілген бұйрықтың жобасы а.ж. 3 маусымда нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырды.

Баспа сөз
Дата публикации
08 августа 2024