«Қызметтің барлық салалары үшін еңбек жөніндегі бірыңғай салааралық үлгiлiк нормалар мен нормативтерді бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі бұйрығының жобасына
баспасөз-релизі
«Қызметтің барлық салалары үшін еңбек жөніндегі бірыңғай салааралық үлгiлiк нормалар мен нормативтерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі бұйрығының жобасын Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 16-бабының 41-10) тармақшасына сәйкес әзірледі.
Осы бұйрық жобасын әзірлеуге негіз болып табылады:
Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасынан (ҰКП) мемлекеттік органдардың деңгейіне еңбек жөніндегі бірыңғай салааралық және үлгілік нормативтерді әзірлеу және бекіту жөніндегі функцияларды беру және
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2024 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңымен негізделген құқықтық актілердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2024 жылғы 17 мамырдағы № 68-ө өкімінің 80-тармағы.
2016 жылы мемлекеттік сектор мен жұмыс берушілер арасында еңбек нормаларын әзірлеу және бекіту жөніндегі өкілеттіктерді бөлу шеңберінде көрсетілген еңбек нормаларын Еңбекмині бекіту үшін ҰКП-ға берді.
ҚР ҰКП 2016 жылғы 15 желтоқсандағы № 280 бұйрығымен әкімшілік және қоғамдық ғимараттарда қызмет көрсетімен айналысатын қызметкерлер санының салааралық үлгі нормативтері бекітілді.
Осы нормативтер әкімшілік жане қоғамдык ғимараттарда қызмет көрсетумен айналысатын жұмыскерлердің қажетті нормативтік сандарын, уақыт нормаларын, қызметтерінің нормаларын белгілеу және негіздеу үшін әзірленген (бұрын осы нормативтер әзірленіп ҚР ДСӘДМ 2014 жылғы 20 тамыздағы № 9 бұйрығымен бекітілді).
Министірлік 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 65-бабына сәйкес көрсетілген бұйрықтың жобасы а.ж. 15 шілдеде нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырды.