Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыру;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың 1) және 2) - тармақтарында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынсын.
Министр С. Жақыпова
Бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
көрсетілген бұйрығымен бекітілген Кәсіптік біліктілікті тану қағидаларында:
5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Тану орталығы өтініш тіркелген күннен кейін үш жұмыс күні ішінде кандидат ұсынған құжаттардың толықтығын және өтініштің дұрыс толтырылуын тексереді.
Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған және (немесе) өтініш дұрыс толтырылмаған жағдайда, тану орталығы осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімдерде кандидатқа тану орталығының басшысы қол қойған қағаз немесе электрондық нысанда ҰБЖ цифрлық платформасы арқылы кәсіптік біліктілікті тану жөніндегі қызметті көрсетуге шарт жасасудан дәлелді бас тартуды жібереді.
Кандидат (кандидаттармен) құжаттардың толық топтамасын берген және осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімдерде өтінішті дұрыс толтырған кезде тану орталығы кандидатпен (кандидаттармен) кәсіптік біліктілікті тану жөніндегі қызметті көрсетуге шарт жасасады.
Осы Қағидалардың 7 және 11-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, хабарламаны жіберу күні мен кәсіптік біліктілікті тануды өткізу күні арасындағы кезең кемінде он жұмыс күнін құрайды және жиырма жұмыс күнінен аспайды.»;
10-тармақ мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) бейнебақылауды орнату, бейнежазбаларының сақталуы, толықтығы және түсірілуі.»;
11-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) тану орталығы кандидатқа:
мүгедектігі бар адамдарға оның тыныс-тіршілігіне шектеулер дәрежесін ескере отырып, оған қол жеткізуді қамтамасыз ету шартымен, кәсіптік біліктілікті тану рәсімінен өту үшін ақпараттандыру объектісін;
Skills Enbek платформасында онлайн прокторинг белгілеуге сілтеме береді;»;
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Кәсіптік біліктілікті тану рәсімінен өту кезінде және өткеннен кейін осы Қағидалардың 12-тармағында көзделген бұзушылықты тіркеу кезінде:
онлайн-режимде кандидатқа онлайн прокторинг ескерту шығарады, бұзушылықты қайта тіркеген кезде кәсіптік біліктілікті танудан өту рәсімі автоматты түрде аяқталады;
офлайн режимде емтихан комиссиясы кандидатты ауызша ескертеді, қайта бұзылған жағдайда – емтиханнан шеттетеді, бейнежазбада бұзушылықтар анықталған кезде кәсіптік біліктілікті танудан өту рәсімі автоматты түрде жойылады.»;
23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«23. Апелляциялық комиссияның оң қорытындысы болған жағдайда тану орталығы кандидатты осы Қағидалардың 6-17-тармақтарында белгіленген мерзімде және тәртіппен кәсіптік біліктілікті тану рәсімінен қайта өтуге жібереді немесе осы Қағидалардың 18-тармағында белгіленген мерзімдер мен тәртіппен оның кәсіптік біліктілігін тану туралы құжат береді.».
көрсетілген бұйрығымен бекітілген Кәсіптік стандарттарды әзірлеу және (немесе) жаңарту қағидаларында:
4, 5, 6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Кәсіптік стандарт осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес кәсіптік стандарттың құрылымы бойынша ҰБЖ цифрлық платформасында кәсіптік қызмет түріне әзірленеді және кәсіптердің карточкаларынан (карточкасынан) тұрады.
Кәсіптік қызмет түрі Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші (бұдан әрі – ЭҚЖЖ) бойынша бесінші белгіге (кіші сыныпқа) сәйкес айқындалады.
Кәсіптік стандарттың карточкаларындағы (карточкасындағы) кәсіптердің атауларына ҰКС-дан алынған қызметтер атауларына сәйкес келеді.
Ұлттық кеңестің бюджет қаражаты есебінен кәсіптік стандарттарды әзірлеуді қаржыландыру жөніндегі ұсынымдарын алу үшін мемлекеттік органдар жыл сайын жоспарланатын жылдың алдындағы жылдың 1 ақпанына дейін Ұлттық кеңеске кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестермен (бұдан әрі – салалық кеңестер) келісілген осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес тиісті жылға арналған Кәсіптік стандарттарды әзірлеу және (немесе) жаңарту жөніндегі жоспарға (бұдан әрі – Жоспар) ұсыныстарды жібереді.
Ұлттық кеңес Жоспарға ұсыныстарды алған күннен кейін оларды қарайды және мемлекеттік органдарға кәсіптік стандарттарды әзірлеуді қаржыландыру жөніндегі ұсынымдарды жібереді.
Жоспарға ұсыныстарды мемлекеттік органдар жұмыс берушілер бірлестіктерінің (қауымдастықтарының, одақтарының) (бар болса) ұсыныстарын ескере отырып, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысанда қалыптастырады және мемлекеттік органның (оның ішінде, жауапты тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) кәсіптік стандарттардың, кәсіптік стандарттар саласының (аясының), кәсіптер карточкаларының (карточкасының) атауларын, кәсіптік стандарттарды бекіту мерзімін және кәсіптік стандарттарды әзірлеу бойынша қызметтерді қаржыландыру көзін қамтиды.
Белгіленген мерзімнен кейін уәкілетті органға енгізілген Жоспарға мемлекеттік органдардың ұсыныстары қаралмайды.
мемлекеттік органдардың ұсыныстарын қарайды және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Жоспарды бекітеді;
бекітілген Жоспарды одан әрі іске асыру үшін мемлекеттік органдарға және ҰБЖ цифрлық платформасында орналастыру үшін Кәсіптік біліктілік жөніндегі ұлттық органға (бұдан әрі – Ұлттық орган) жібереді.»;
мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
«7-1. Кәсіптік стандарттарды әзірлеуді және (немесе) өзектендіруді жұмыс берушілер бірлестіктері (қауымдастықтары, одақтары) өкілдерінің қатысуымен мемлекеттік органдар жүзеге асырады.
Кәсіптік стандартты бірлестіктер (қауымдастықтар, одақтар) жұмыс берушілердің өз қаражаты есебінен әзірлеген жағдайда мемлекеттік органдармен келісу бойынша кәсіптік стандарттың жобасын дайындайды және оны мемлекеттік органның қарауына жібереді.»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Кәсіптік стандарт жобасын әзірлеу аяқталғаннан кейін:
1) жұмыс берушілердің бірлестіктері (қауымдастықтары, одақтары) кәсіптік стандарттың жобасын мемлекеттік органға жібереді, ол оны бес жұмыс күні ішінде қарайды және:
пысықтау бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар болған кезде оларды жұмыс берушілердің бірлестіктеріне (қауымдастықтарына, одақтарына) жібереді. Кәсіптік стандарттың жобасын бес жұмыс күні ішінде жұмыс берушілердің бірлестіктері (қауымдастықтары, одақтары) пысықтайды және мемлекеттік органға қайта жібереді;
пысықтау бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар болмаған кезде кәсіптік стандарттың жобасын электрондық нысанда түсіндірме жазбаны қоса бере отырып, ҰБЖ цифрлық платформасы арқылы салалық кеңестің қарауына және келісуіне жібереді;
түсіндірме жазбада саланы, кәсіптік қызмет салаларын, еңбек қызметінің түрлерін, ұсынылған кәсіптік қызмет салалары, еңбек қызметінің түрлері бойынша біліктілік картасын талдау нәтижелерінің сипаттамасы, ескірген және (немесе) жаңа кәсіптерді қосудың негіздемесі, әрбір әзірлеушінің және тартылатын сарапшылардың дербес түйіндемесі қамтылады;
2) мемлекеттік орган салалық кеңеске осы тармақтың 1) тармақшасының үшінші абзацына сәйкес кәсіптік стандарттың жобасын жібереді.»;
мынадай мазмұндағы 8-1, 8-2, 8-3- тармақтармен толықтырылсын:
«8-1. Кәсіптік стандарттың жобасы келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде салалық кеңес кәсіптік стандарттың жобасын келіседі немесе мемлекеттік органға кәсіптік стандарттың жобасын пысықтау жөніндегі ұсынымдарды жібереді.
Салалық кеңес кәсіптік стандарттың жобасын кәсіптік қызмет саласы мен еңбек қызметінің түріне (кәсіптік топқа және кіші топқа), жұмыс құрамына, білім деңгейіне, арнайы даярлыққа сәйкестігін қарайды.
8-2. Мемлекеттік орган салалық кеңестің ұсынымдарын алған күннен кейін бес жұмыс күні ішінде кәсіптік стандарттың жобасын пысықтауды және оны салалық кеңеске қайта жіберуді жүзеге асырады.
Салалық кеңес осы Қағидалардың 12-тармағына сәйкес пысықталған кәсіптік стандарттың жобасын қарайды. Салалық кеңестің шешімі хаттамамен ресімделеді.
8-3. Салалық кеңестің келісуін алғаннан кейін мемлекеттік орган салалық кеңестің келісуі туралы хаттаманы қоса бере отырып, кәсіптік стандарттың жобасын ҰБЖ цифрлық платформасы арқылы электрондық нысанда Ұлттық органға жібереді.»;
9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Ұлттық орган кәсіптік стандарттың жобасын алған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде мемлекеттік органға осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кәсіптік стандарттың жобасына сараптама қорытындылары жөніндегі қорытынды жібереді.
Ұлттық орган белгіленген мерзімде сараптамалық қорытындыны ұсынбаған жағдайда, кәсіптік стандарттың жобасы ескертусіз келісілген болып есептеледі.
Кәсіптік стандарт жобасының сараптамасы кәсіптік стандарттың белгіленген құрылымына қойылатын талаптарға сәйкестігі тұрғысынан жүргізіледі:
1) негізгі бөліктің сипаттамасын бағалау;
2) кәсіп карточкаларының (карточкасының) мазмұнын бағалау.
Ұлттық орган пысықталған кәсіптік стандарттың жобасын алған күннен кейін бес жұмыс күні ішінде оны қарайды және осы Қағидалардың 9-тармағына сәйкес тиісті қорытынды береді.»;
11, 12 және 13-тармақтар алып тасталсын;
14 және 15-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының құқықтық актілер туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен уәкілетті органмен келісу бойынша кәсіптік стандарттың жобасын бекітеді.
осы тізбеге 1-қосымшаға сәйкес көрсетілген Қағидалардың 2-қосымшасы жаңа редакцияда жазылсын.
көрсетілген бұйрығымен бекітілген Кәсіптік біліктілікті тану орталықтарын аккредиттеу, аккредиттеу аттестатын қайта рәсімдеу, кері қайтарып алу, оның қолданысын қайта бастау және тоқтату қағидаларында:
6-тармақ мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) өтініш берушіде Қазақстан Республикасының білім туралы заңнамасына сәйкес білім беру қызметімен айналысуға лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның болмауы ескеріледі.»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Құжаттарда берілген ақпараттың нақты жай-күйіне сәйкестігін бағалау мақсатында өтініш берушіні орналасқан жері бойынша тексеруді өтініш берушінің орналасқан жері бойынша салалық жұмыс тобы оған хабарламаны қолма-қол немесе электрондық нысанда өтініш берушінің байланыс деректерінде көрсетілген электрондық поштаға жіберген күннен кейін есептелетін 10 (он) жұмыс күні ішінде жүргізеді.
Өтініш берушінің орналасқан жері бойынша тексеру аяқталған күннен кейін есептелетін 1 (бір) жұмыс күні ішінде салалық жұмыс тобы құжаттарда берілген ақпараттың өтініш берушінің орналасқан жері бойынша нақты жай-күйіне сәйкестігін бағалау туралы есеп қалыптастырады.
Салалық жұмыс тобы ұсынылған құжаттардағы ақпараттың өтініш берушінің орналасқан жері бойынша нақты жай-күйіне сәйкессіздігі туралы есепті шығарған кезде өңірлік кәсіпкерлер палатасының қызметкері оны зерттеп-қараған күннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде өтініш берушіге құжаттарды электрондық нысанда қайтарады не бұрын қағаз нысанда ұсынылған құжаттарды қол қойғызып қолма-қол тапсырады, өтініш берушіні тексеру қорытындысы бойынша өтініш берушіге қол қою арқылы табыс етеді.
Салалық жұмыс тобы ұсынылған құжаттардағы ақпараттың өтініш берушінің орналасқан жері бойынша нақты жай-күйіне сәйкестігі туралы есеп шығарған кезде оны аккредиттеу жөніндегі құжаттар 3 (үш) жұмыс күні ішінде өңірлік кеңестің қарауына шығарылады.
Өңірлік кеңес 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардағы ақпараттың сәйкестігі туралы шешім шығарады.
Өңірлік кәсіпкерлер палатасының қызметкері өңірлік кеңестің шешімі шығарылған күннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде оны, сараптама қорытындысын және өтініш берушінің орналасқан жері бойынша тексеру есебін Ұлттық палатаға жібереді.»;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Уәкілетті орган Ұлттық палата жіберген құжаттарды алған күннен кейін есептелетін 5 (бес) жұмыс күні ішінде мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
1) аккредиттеу туралы немесе аккредиттеуден бас тарту туралы шешімнің жобасын келіседі;
2) аккредиттеу туралы немесе аккредиттеуден бас тарту туралы шешімнің жобасын пысықтау бойынша ұсынымдар жібереді;
3) бас тарту себептерін негіздей отырып, аккредиттеу туралы немесе аккредиттеуден бас тарту туралы шешімнің жобасын келісуден бас тартады.
Ұлттық палата 5 және одан да көп өтініш берушіні аккредиттеуге жіберген жағдайда, уәкілетті органның шешім қабылдау мерзімі 10 (он) жұмыс күніне дейін ұзартылады.
Уәкілетті орган аккредиттеу туралы немесе аккредиттеуден бас тарту туралы шешімді Ұлттық палатаның осы Қағидалардың 4-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген тану орталықтарын аккредиттеу кезеңдерін өткізуіне сәйкес қабылдайды.
Тану орталығын аккредиттеу туралы немесе аккредиттеуден бас тарту туралы шешімді Ұлттық палата уәкілетті органның шешімін алған күннен кейін есептелетін 10 (он) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды сараптау және оның орналасқан жері бойынша тексеру нәтижелері негізінде қабылдайды.».
көрсетілген бұйрығымен бекітілген Салалық біліктілік шеңберлерін әзірлеу және (немесе) жаңарту қағидаларында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. СБШ-ны осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес салалық біліктілік шеңберінің құрылымға сәйкес мемлекеттік органдар ҰБЖ цифрлық платформасында әзірлейді.»;
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Мемлекеттік орган салалық кеңес бекіткеннен кейін үш жұмыс күні ішінде СБШ-ны мемлекеттік және орыс тілдерінде ҰБЖ цифрлық платформасында өзектендіреді.»;
осы тізбеге 2-қосымшаға сәйкес көрсетілген Қағидалардың қосымшасы жаңа редакцияда жазылсын.
көрсетілген бұйрығымен бекітілген Кәсіптер тізілімін қалыптастыру, жаңарту және жүргізу қағидаларында:
8-тармақ мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) кәсіптің бекітілген кәсіптік стандарттарда, ал олар болмаған жағдайда – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес белгіленген қолданыстағы біліктілік талаптарында болуын ескереді.»;
осы тізбеге 3-қосымшаға сәйкес көрсетілген Қағидалардың қосымшасы жаңа редакцияда жазылсын.
көрсетілген бұйрығымен бекітілген Кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестерді құру қағидаларында:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Салалық кеңес құрамына:
1) мемлекеттік органның;
2) Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының;
3) Кәсіптік біліктілік жөніндегі ұлттық органның;
4) жұмыс берушілердің;
5) салалық кәсіптік одақтардың (бар болса);
6) жұмыс берушілердің салалық бірлестіктері (қауымдастықтары, одақтары), олар болмаған кезде салалық ұйымдардың (бар болса);
7) тиісті салада (аяда) білім беру бағдарламаларын іске асыратын техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының;
8) тиісті салада (аяда) білім беру бағдарламаларын іске асыратын жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының екеуден аспайтын өкілдері кіреді.
Бұл ретте салалық кеңестің құрамына шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қосуға тыйым салу белгіленеді.»;
мынадай мазмұндағы 12, 13, 14, 15, 16 және 17-тармақтармен толықтырылсын:
«12. Салалық кеңестің мүшесін салалық кеңестің құрамынан шығару мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:
1) салалық кеңестің мүшесін салалық кеңестің құрамынан шығару туралы еркін нысандағы жазбаша өтініш негізінде ерікті тәртіппен;
2) осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген негіздер бойынша салалық кеңес мүшесін алып тастау жөніндегі салалық кеңес отырысының хаттамасы негізінде мәжбүрлеу тәртібімен.
Салалық кеңес мүшесін салалық кеңес құрамынан шығару туралы шешім салалық кеңестің отырысында өтініш келіп түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде қабылданады.
1) уәкілетті орган бекіткен кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңес туралы ережеде көзделген міндеттерді орындамау және (немесе) бұзылуы;
2) іскерлік қатынастарда этикалық қағидаттар мен нормалардың бұзылуы;
3) салалық кеңестің беделіне және (немесе) мүдделеріне нұқсан келтіру жолымен қызметті бұзылуы;
4) салалық кеңес мүшелерінің міндеттерді объективті орындауына кедергі келтіретін мүдделер қақтығысының болуы;
5) салалық кеңестің үш және одан да көп отырыстарында күнтізбелік бір жыл ішінде дәлелді себептерсіз болмауы жағдайларында жүзеге асырылады.
Салалық кеңестің мүшесін шығару туралы мәселені қарау кезінде уақытша комиссия құрылады және төрағаның немесе оның орынбасарының бұйрығымен бекітіледі.
Уақытша комиссия дауыс беру құқығы жоқ хатшыны қоспағанда, уәкілетті органның өкілдерін, салалық кеңес мүшелерін қоса алғанда, өкілдердің тақ санынан тұрады.
Салалық кеңес құрамынан мәжбүрлеп шығару туралы мәселені қарауға бастама жасалған салалық кеңестің мүшесі салалық кеңестің отырысы өткізілетін күнге дейін кемінде 10 (он) жұмыс күні бұрын хабарланады.
Салалық кеңес мүшесін салалық кеңес құрамынан шығару туралы шешім уақытша комиссияның отырысына қатысушылардың көпшілік дауысымен қабылданады.
Уақытша комиссияның шешімі отырыс өткізілген күннен бастап 3 жұмыс күнінен кешіктірілмей еркін нысандағы хаттамамен ресімделеді және салалық кеңес құрамынан мәжбүрлеп шығару туралы мәселені қарауға бастамашылық жасалған салалық кеңес мүшесінің назарына жеткізіледі.
Салалық кеңестің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексімен реттеледі.
Салалық кеңес төрағасының өкілеттігінен ерікті түрде мерзімінен бұрын босату салалық кеңес отырыстарының кестесіне сәйкес келесі отырыс өткізілетін күнге дейін бір айдан кешіктірмей уәкілетті органға және салалық кеңес мүшелеріне тиісті өтініш жіберу арқылы жүзеге асырылады.
Салалық кеңес төрағасының орынбасары салалық кеңестің кезектен тыс отырысын өткізуге бастамашы болады.
Салалық кеңестің жаңа төрағасын сайлау туралы шешім дауыс беру жолымен көпшілік дауыспен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда төрағалық етушінің дауысы шешуші болып табылады.