«Тауарларды өндіретін және (немесе) беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін Қазақстан Республикасының мүгедектігі бар адамдар қоғамдық бірлестіктері және (немесе) Қазақстан Республикасының мүгедектігі бар адамдар қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардан сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі бұйрығының жобасы (бұдан әрі – бұйрық жобасы) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2024 жылғы 31 шілдедегі № 108-ө Өкімімен бекітілген Қабылдануы «Мемлекеттiк сатып алу туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сатып алу және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2024 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарымен негізделген құқықтық актілердің тізбесінің
21-тармағын іске асыру мақсатында әзірленді.
Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектілері шығынын талап етпейді.
Бұйрық жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында 2024 жылғы 6 тамызда жарияланды. Бұйрық жобасын қарау үшін келесі сілтеме арқылы өту қажет https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15159857.