«Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2020 жылғы 16 наурыздағы
№ 287 Жарлығын салық салу мәселелері бойынша iске асыру жөнiндегi одан арғы шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2020 жылғы 20 сәуірдегі № 224 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына баспасөз релизі
Мемлекет Басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» Қазақстан халқына Жолдауын орындау бойынша іс-шаралар жөніндегі» мемлекет басшысының 2020 жылғы 14 қыркүйектегі № 413 Жарлығымен бекітілген Жалпы ұлттық іс-шаралар жоспарының 27-тармағы шеңберінде экономиканың барынша зардап шеккен салаларындағы микро, шағын және орта бизнес субъектілері үшін 2020 жылдың соңына дейін еңбекке ақы төлеу қорынан бюджеттен тыс қорларға барлық аударымдарды тоқтату көзделген «Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2020 жылғы 16 наурыздағы
№ 287 Жарлығын салық салу мәселелері бойынша iске асыру жөнiндегi одан арғы шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 сәуірдегі № 224 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы әзірленді.
Аталған Қаулыға толықтыру жеке практикамен айналысатын адамдарға, сондай-ақ осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес қызмет түрлерінін тізбесі бойынша қызметті жүзеге асыратын микро, шағын және орта кәсіпкеркерлік субъектілеріне және дара кәсіпкердің өзі үшін төлейтіндерін қоспағанда, төлеу (аудару) мезрімі 2020 жылғы 1 қазаннан 2021 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде олардың қызметкерлеріне қатысты қолданылады.
Жобаны қабылдау мен жүзеге асыру мемлекеттік бюджет қаражатынан қосымша шығыстарды талап етпейді.