«Персоналды басқару қызметі жұмыскерлерінің салааралық уақыт нормативтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі бұйрығының жобасына
баспасөз-релизі
«Персоналды басқару қызметі жұмыскерлерінің салааралық уақыт нормативтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі бұйрығының жобасын Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексі 16-бабының 41-10) тармақшасына сәйкес әзірледі.
Осы бұйрық жобасын әзірлеуге негіз болып табылады:
Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасынан (ҰКП) мемлекеттік органдардың деңгейіне еңбек жөніндегі бірыңғай салааралық және үлгілік нормативтерді әзірлеу және бекіту жөніндегі функцияларды беру және
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2024 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңымен негізделген құқықтық актілердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2024 жылғы 17 мамырдағы № 68-ө өкімінің 81-тармағы.
2016 жылы мемлекеттік сектор мен жұмыс берушілер арасындағы еңбек нормаларын әзірлеу және бекіту жөніндегі өкілеттіктерді бөлу шеңберінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 605-ө бұйрығымен бекітілген персоналды басқару қызметі жұмыскерлерінің салааралық уақыт нормативтерін ҰКП-ға бекіту үшін берілді.
ҚР ҰКП 2016 жылғы 15 желтоқсандағы № 244 бұйрығымен персоналды басқару қызметі жұмыскерлерінің салааралық уақыт нормативтері бекітілді.
Осы еңбек нормалары кадрларды жинақтау және есепке алу жөніндегі жұмыстарға жұмыс уақытының шығындарын айқындау, сондай-ақ жұмысты кадр қызметтерінің жұмыскерлері арасында бөлу мақсатында ұйымдарда (кәсіпорындарда) қолдану үшін әзірленді және ұсынылды.
Министірлік 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 65-бабына сәйкес көрсетілген бұйрықтың жобасы а.ж. 7 шілдеде нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырды.