«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы Ақмола облысының, Астана және Алматы қалаларының аумағында жеке көмекші қызметтерінің құнын жергілікті атқарушы органдардың өтеуі жөніндегі пилоттық жобаны іске қосу туралы БІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҚ

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы Ақмола облысының, Астана және Алматы қалаларының аумағында жеке көмекші қызметтерінің құнын жергілікті атқарушы органдардың өтеуі жөніндегі

пилоттық жобаны іске қосу туралы

 

БІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҚ

 

 

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

  1. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы Ақмола облысының, Астана және Алматы қалаларының аумағында жеке көмекші қызметтерінің құнын жергілікті атқарушы органдардың өтеуі жөніндегі пилоттық жобасы (бұдан әрі – пилоттық жоба) іске қосылсын.
  2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Орталық мемлекеттік және Ақмола облысының, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарының, ақпараттық жүйелер мен ұйымдардың «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы жеке көмекші қызметтерінің құнын жергілікті атқарушы органдардың өтеуі жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру кезіндегі өзара іс-қимыл алгоритмі бекітілсін.
  3. Пилоттық жобаны іске асыру кезеңі 2024 жылғы 1 тамыздан 30 қарашаға дейін белгіленсін.
  4. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Инклюзия бойынша департаменті мен Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік қызметтер комитеті осы бірлескен бұйрықты пилоттық жобаға қатысатын ведомстволық бағынысты ұйымдар мен жергілікті атқарушы органдардың назарына жеткізсін.
  5. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Инклюзия бойынша департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бірлескен бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін бірлескен бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

2) осы бірлескен бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау мен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрлеріне жүктелсін.
  2. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2024 жылғы 1 шілдеден бастап туындаған құқықтық қатыныстарға қолданылады.

 

 

Қазақстан Республикасының

Еңбек және халықты әлеуметтік

қорғау министрі

 

________________С. Жақыпова

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі

 

______________Ж. Мәдиев

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы Ақмола облысының, Астана және Алматы қалаларының аумағында жеке көмекші қызметтерінің құнын жергілікті атқарушы органдардың өтеуі жөніндегі пилоттық жобаны іске қосу туралы БІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҚ
Дата публикации
01 августа 2024