«_______________________» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына салыстырмалы кесте
|
№ р/с |
Құрылымдық элемент |
Қолданыстағы редакция |
Ұсынылатын редакция |
Түзетулерді енгізу қажеттігіне негіздеме |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
|
1. |
пп. 2) п.2 ст. 26 |
26-бап. Еңбек шартын жасасуға және жұмысқа орналасуға салынатын тыйымдар және қойылатын шектеулер 2. Мыналарға: … 2) шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарға, ұлттық басқарушы холдингтерге, ұлттық даму институттарына, ұлттық холдингтерге және ұлттық компанияларға, сондай-ақ олардың еншілес ұйымдарына басқару функцияларын орындаумен байланысты лауазымға бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамды жұмысқа орналастыруға жол берілмейді ; |
26-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын: 2. Жұмысқа орналасуға жол берілмейді: 2) мемлекеттік кәсіпорындарға, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге, акционерлік қоғамдарға, оның ішінде құрылтайшысы, қатысушысы немесе Акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтерге, ұлттық холдингтерге, ұлттық компанияларға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес олармен үлестес болып табылатын еншілес, тәуелді және өзге де заңды тұлғаларға бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамдардың; |
Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру бойынша жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 121-тармағын орындау үшін |
|
2 |
52-баптың 1-1-тармығының 1) тармақшасы |
52-бап. Еңбек шартын жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзу негіздері Жоқ |
52-бап. Еңбек шартын жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзу негіздері 1-1. Жұмыс берушінің бастамасы бойынша жұмыскермен еңбек шарты мынадай жағдайларда бұзылуға жатады: 1) квазимемлекеттік сектор субъектісі басшысының шет мемлекеттің азаматтығын алуы; 2) Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасау; |
|
|
3 |
53-баптың 11-тармағы |
53-бап. Еңбек шартын жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзу тәртібі Жоқ |
53-бап. Еңбек шартын жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзу тәртібі 11. Осы Кодекстің 52-бабы 1-1-тармағының 1) тармақшасында көзделген негіз бойынша еңбек шартын бұзу Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарының ұсынуы негізінде жүргізіледі. 12. Осы Кодекстің 52-бабы 1-1-тармағының 2) тармақшасында көзделген негіз бойынша еңбек шартын бұзу заңды күшіне енген сот үкімінің немесе қаулысының негізінде жүргізіледі. |
|