«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы № 81 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы № 81 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

                                                                     

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы № 81 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір мәселелері туралы ережеде:

9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі» мемлекеттік мекемесі, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, кіреберіс-6.»;

15-тармақ мынадай мазмұндағы 206-2), 229-41), 229-42), 229-43), 229-44), 229-45), 229-46), 229-47) және 229-48) тармақшаларымен толықтырылсын:

«206-2) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі тәртібімен петицияны қарау;

229-41) адам саудасы құрбандарын әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады, адам саудасына қарсы іс-қимыл субъектілерінің қызметін үйлестіреді;

229-42) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адам саудасына қарсы іс-қимылдың өзге де субъектілерімен, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілмен, Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкілмен және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкілмен өзара іс-қимыл жасайды;

229-43) адам саудасына қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды жоспарлау, ұйымдастыру және іске асыру жөніндегі, оның ішінде адам саудасына қарсы іс-қимыл саласындағы қауіп-қатерлердің алдын алу, оларды бағалау, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен адам саудасы құрбандарына көмек көрсету және арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну үшін оларды қайта бағыттау жөніндегі жұмысты үйлестіреді және жүзеге асырады;

229-44) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адам саудасы құрбандарын әлеуметтік қорғау және оларға арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;

229-45) Қазақстан Республикасының адам саудасы құрбандарын әлеуметтік қорғау және оларға арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну саласындағы заңнамасын қолдану практикасын жинақтайды, сондай-ақ оны жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлейді және енгізеді;

229-46) адам саудасына қарсы іс-қимыл субъектілерінің қызметкерлерін даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастырады;

229-47) адам саудасына қарсы іс-қимылды жүзеге асыру процесінде адамның және азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, қоғамның және мемлекеттің мүдделерін қорғауды қамтамасыз етеді;

229-48) жұртшылықты адам саудасына қарсы іс-қимыл саласындағы қызметтің нәтижелері туралы хабардар етеді;».

  1. Осы қаулы 2024 жылғы 5 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші және он бесінші абзацтарын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі                                           О. Бектенов

 

 

«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы № 81 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Дата публикации
22 июля 2024