«Жұмыс берушінің қаражаты есебінен кәсіптік төлемді жүзеге асыру, тоқтата тұру, қайта бастау және тоқтату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 526 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Жұмыс берушінің қаражаты есебінен кәсіптік төлемді жүзеге асыру, тоқтата тұру, қайта бастау және тоқтату қағидаларында:
2-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақы – Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 195-1-бабында көзделген жағдайлар туындаған кезде, кәсіптері уәкілетті мемлекеттік органдар бекітетін өндірістердің, жұмыстардың, жұмыскерлер кәсіптерінің тізбесінде көзделген еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істейтін адамдарға ақшалай төлемдер.»;
25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«25. Жұмыс беруші Еңбекмині АЖ-дан хабарлама алғаннан кейін ай сайын төлем айының алындағы айдың 5 (бесінші) жұмыс күнінен кешіктірмей, төлем кезеңін көрсете отырып, кәсіптік төлемді жүзеге асыруға арналған сомаларды, оның ішінде арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақы төлеуге қажеттілікке кірген алушылардың тізіміне сәйкес қажеттілік қалыптастырылған айда пайда болған сомаларды Мемлекеттік корпорацияның шотына аударады.
Мемлекеттік корпорация ай сайын айдың соңғы жұмыс күнінен кешіктірмей жұмыс берушінің шотына Мемлекеттік корпорацияға келіп түскен кәсіптік төлемдердің артық есептелген (төленген) сомаларын аударады.
Бірінші ай үшін төлем Кодекстің 127-3-бабының 4-тармағында белгіленген, тиісті айда жұмыскер еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда еңбек қызметін тоқтатқан немесе зиянды өндірістік факторлардың әсерін болғызбайтын басқа жұмысқа ауысқан күннен кейін қалған күнтізбелік күндер санына барабар есептелген төлем мөлшеріне сүйене отырып айқындалады.»;
көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген
іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
|
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі |
|
С. Жакупова |