«Кәсіптік оқытуды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы № 231 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Кәсіптік оқытуды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларында:
81-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«81. Білім алушы платформада сұранысқа ие кәсіптер мен дағдылар бойынша ұсынылған курстарды өз бетінше таңдайды.
Қажетті практикалық дағдыларды беру үшін білім алушыларға виртуалды шындық технологияларын пайдалана отырып Оқыту жүзеге асырылады.»;
мынадай мазмұндағы 81-1-тармақпен толықтырылсын:
«81-1. Виртуалды шындық технологияларын пайдалана отырып Оқытуды таңдағанда, білім алушы алдымен платформада профильге сәйкес курстан өтеді.»;
мынадай мазмұндағы 81-2-тармақпен толықтырылсын:
«81-2. Оқыту виртуалды шындық технологияларын пайдалана отырып мансап орталықтарында жүзеге асырылады.»;
83-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«83. Оқыту аяқталғаннан кейін виртуалды шындық технологияларын пайдалана отырып Оқытуды қоспағанда, қорытынды тестілеу жүргізіледі.
Виртуалды шындық технологияларын пайдалана отырып Оқытуды аяқтағаннан кейін емтихан өткізіледі.
Сұрақтардың жалпы санынан 70 (жетпіс) пайыздан астам дұрыс жауап алған білім алушыға платформада курстың атауы және осы Қағидаларға
13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бірегей нөмір беріле отырып, оқуды аяқтау туралы электрондық сертификат беріледі.»;
84-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«84. Қорытынды тестілеуден және (немесе) емтиханнан өтпеген білім алушы қорытынды тестілеуді және (немесе) емтиханды 5 (бес) реттен артық емес қайта тапсыруға жіберіледі.».
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы