2024 жылғы шілдеде Қазақстан Республикасының еңбек ресурстары https://hr.enbek.kz порталында еңбекші көшіп келушімен электрондық еңбек шарттарын жасасу функционалы іске қосылды.
Функционал Қазақстан Республикасының азаматтарына жақын шетелден келген еңбекші көшіп келушіні жұмысқа қабылдауға, онымен электрондық форматта еңбек шартын жасасуға мүмкіндік береді.
Электрондық еңбек шартын жасасу механизмі
- ҚР азаматы (жұмыс беруші) HR Enbek порталында жұмыс берушінің рөлімен тіркеледі;
- Конструктордың көмегімен немесе өз файлын қоса отырып, электрондық еңбек шартының жобасын жасайды. Осыдан кейін шарт қызметкерге (еңбекші көшіп келушіге) қол қоюға жіберіледі;
- Қызметкерге порталдағы жеке кабинетіне, Enbek HR мобильді қосымшасына, eGov Mobile мобильді қосымшасына хабарлама келеді (қол қою тәсілдері: порталда ЭЦҚ көмегімен, порталда, мобильді қосымшада QR көмегімен) *;
- Жұмыс берушіге порталдағы жеке кабинетіне хабарлама келеді (қол қою тәсілдері: порталда ЭЦҚ көмегімен, порталда QR көмегімен)**;
- Тараптар электрондық еңбек шартына қол қойғаннан кейін ол автоматты түрде еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне тіркеуге жіберіледі, содан кейін осы электрондық құжат жасалған болып есептеледі және заңды күшіне енеді.
Функционалдылықтың артықшылықтары
Тараптарға қағаз тасымалдағыштарды қажет етпестен онлайн еңбек шарттарын жасасуға мүмкіндік береді. Электрондық еңбек шарттары жасасу процесін жеделдетіп, қол қоюға кететін уақытты азайта алады.