«Мүгедектерге тауарлар мен қызметтерді әлеуметтік қызметтер порталы арқылы сатқан кезде олардың құнын мемлекеттік бюджет қаражатынан өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 20 қаңтардағы
№ 14 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығы жобасына БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
«Мүгедектерге тауарлар мен қызметтерді әлеуметтік қызметтер порталы арқылы сатқан кезде олардың құнын мемлекеттік бюджет қаражатынан өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 20 қаңтардағы № 14 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі бұйрығының жобасы (будан әрі –бұйрық жобасы) «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңның 7-бабы 1-тармағының 7-1) тармақшасын іске асыру мақсатында әзірленді.
Қолданыстағы бұйрыққа өзгеріс пен толықтыру әлеуметтік қызметтер портал арқылы сатқан кезде мемлекеттік бюджет қаражатынан тауралар мен қызметтердің құнын өтеуді алу кеөінде өнім беруші ұсынатын құжаттарды нақтылауды көздейді.
Жаңа қосымша әлеуметтік қызметтер порталы арқылы сатып алынған өнім берушіге тауарлар мен қызметтердің құнын өтеуге арналған өтініш нысаны болып табылады.