«Мүгедектерге тауарлар мен қызметтерді әлеуметтік қызметтер порталы арқылы сатқан кезде олардың құнын мемлекеттік бюджет қаражатынан өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 20 қаңтардағы № 14 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығы жобасы

«Мүгедектерге тауарлар мен қызметтерді әлеуметтік қызметтер порталы арқылы сатқан кезде олардың құнын мемлекеттік бюджет қаражатынан өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 20 қаңтардағы
№ 14 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

 

 

«Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы
1-тармағының 7-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Мүгедектерге тауарлар мен қызметтерді әлеуметтік қызметтер порталы арқылы сатқан кезде олардың құнын мемлекеттік бюджет қаражатынан өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 20 қаңтардағы
    № 14 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде
    2020 жылғы 21 қаңтарда № 19902 болып тіркелді, 2020 жылғы 21 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкінде жарияланды) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мүгедектерге тауарлар мен қызметтерді әлеуметтік қызметтер порталы арқылы сатқан кезде олардың құнын мемлекеттік бюджет қаражатынан өтеу қағидаларында:

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Уәкілетті орган тауарлар мен қызметтердің құнын өтеуді осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес мүгедектің өтініші және өнім беруші ұсынған және порталда ЭЦҚ арқылы куәландырылған растайтын құжаттар негізінде жүзеге асырылады:

1) жеке көмекшінің ілесіп жүру парақтарымен, ымдау тілі маманының ілесіп жүру парақтарымен, санаторий-курорттық емдеуден өткен тізімдермен, протездік-ортопедиялық құралдарға ведомостармен, жеке көмекшінің және ымдау тілі маманының қызметтері, санаторий-курорттық емдеу, протездік-ортопедиялық көмек көрсету үшін шот-фактуралармен қоса көрсетілген қызметтер актісі;

2) кассалық чекті (өзі алып кеткен кезде) және/немесе өнім берушінің жеткізгенін растайтын құжатты (курьерлік жеткізу кезінде) қоса бере отырып, тауарды (ларды) қабылдау-тапсыру актісін, сөйлеу процессорлары мен есту аппараттарын қоспағанда, арнаулы жүріп-тұру құралдары, техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар үшін – шот-фактура;

3) көрсетілген қызметтер ведомосін қоса бере отырып, көрсетілген қызметтер актісі, сөйлеу процессорын кохлеарлық имплантқа ауыстыру және есту аппараттарымен қамтамасыз ету бойынша қызметтер үшін шот-фактура.»;

осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес қосымшамен толықтырылсын.

  1. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік қызметтер саясатын дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық ресми жарияланғанынан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Е. М. Әукеновке жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы                                                                           аты-жөні

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

бұйрығына қосымша

 

 

Мүгедектерге тауарлар мен қызметтерді әлеуметтік қызметтер порталы арқылы сатқан кезде олардың құнын мемлекеттік бюджет қаражатынан өтеу қағидаларына қосымша

 

 

Өнім берушіге (ЗТ, ЖК) тауарлар мен көрсетілген қызметтерді өтеуге арналған өтініштің нысаны

 

Мемлекеттік органның атауы

 

№ Өтеуге өтініш

 

Мен, ______________________ «Қазақстан Республикасында мүгедектерді

   (көрсетілетін қызметті алушының ТАӘ)

әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 32-1-бабына сәйкес өнім берушіге:

Өнім берушінің (маманның) атауы –

ЖСН/БСН -

БИК -

ЖСК/IBAN (банктік шот нөмірі) –

«Мүгедектердi оңалтудың кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 22 қаңтардағы № 26 бұйрығымен бекітілген нысандарға сәйкес жеке көмекшінің, ымдау тілі маманының сүйемелдеу парағын (парақтарын) қоса бере отырып, тараптар қол қойған көрсетілген қызметтер актісі негізінде Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы жеке көмекшінің, ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтері, санаторий-курорттық емделу, оңалтудың техникалық (көмекші) құрал құнының кепілдік берілген _________ теңге сомасын өтеуді сұраймын.

_______белгіленген санынан _____саны құрайтын _____________

(дана)                                         (дана)                        (тауардың атауы)

Нақты құны ____ теңгені құрайды, оның ішінде өз қаражатым есебінен төленгені ____ теңге.

______ мекенжайы бойынша орналасқан ______ санаторийге _____ төсек-күн ұзақтығымен тұратын ___ дан ___ ға дейін кезеңі бойынша.

Тауарлармен көрсетілген қызметтерді төлеу үшін құжаттарды ресімдеуге қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге, ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпиядан тұратын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

Ұялы телефонға sms-хабарлама жіберу арқылы маған көрсетілген қызметтерді алуға және растауға келісім беремін.

Дәйексіз мәліметтер мен жалған құжаттар бергені үшін жауапкершілік туралы ескертілдім.

 

Күні ________________

Көрсетілетен қызметті алушының/заңды өкілінің ЭЦҚ қойылған.

 

 

 

Дата публикации
25 августа 2020