«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы

 жоба

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының

ЗАҢЫ

 

 

1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енізілсін:

  1. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 16-17, 642-құжат; № 23, 929-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 7-құжат; № 4, 25-құжат; № 11, 56-құжат; № 14, 103-құжат; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 3-4, 16-құжат; № 5, 25-құжат; № 6, 42-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24, 25-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 3, 21-құжат; № 4, 28-құжат; № 5-6, 37-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат.; № 9-10, 48-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 3-4, 12-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50, 53-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 24, 196-құжат.; 2012 ж., № 2, 13, 14, 15-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 85-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 15, 82-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 11, 61, 69-құжаттар; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 22-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 7, 34-құжат; № 8, 42, 45-құжаттар; № 13, 68-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-I, 100-құжат; № 19-II, 102-құжат; № 20-VII, 117, 119-құжаттар; № 22-I, 143-құжат; № 22-II,145-құжат; № 22-III, 149-құжат; № 22-VI, 159-құжат; № 22-VII, 161-құжат; 2016 ж., № 7-I, 49-құжат; № 7-II, 53-құжат; № 8-I, 62-құжат; № 12, 87-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 13, 45-құжат; № 21, 98-құжат; 2018 ж., № 11, 37-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 47-құжат, 50; № 19, 62-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 7, 37-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 19-20, 86-құжат; № 23, 103-құжат; № 24-I, 118-құжат); «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне ойын бизнесi мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2020 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы, 2020 жылғы 3 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған.):

940-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Зиян: кәмелетке толмағандарға – он сегiз жасқа толғанға дейiн, он сегiздегi және одан да ересек жастағы оқушыларға – күндiз оқыту нысанындағы оқу орындарындағы оқуы аяқталғанға дейiн, бiрақ әрi кеткенде жиырма үш жасқа дейiн; Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында белгіленген зейнеткерлік жасқа толған адамдарға – өмiр бойы; мүгедектігі бар адамдарға – мүгедектiк мерзiмiне; ата-аналарының бiреуiне, жұбайына не қайтыс болған адамның асырауында болған балаларын, немерелерiн, аға-iнiлерi мен апа-сiңлiлерiн, қарындастарын күтумен айналысатын отбасының басқа мүшесiне – олар он төрт жасқа толғанға дейiн не денсаулық жағдайы өзгергенге дейiн өтеледi.»;

2) 1052-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) ауруханаларда, санаторийлерде, өзге де емдеу-алдын алу мекемелерiнде емделiп жатқан, сондай-ақ қарттар мен мүгедектерге арналған үйлерде тұратын азаматтардың осы ауруханалардың, санаторийлердiң, өзге де емдеу-алдын алу мекемелерiнiң бас дәрiгерлерi және кезекшi дәрiгерлерi, сондай-ақ қарттар мен мүгедектерге арналған үйлердiң директорлары, бас дәрiгерлерi куәландырған өсиеттерi.».

  1. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж.), № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат;
    № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж.,
    № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11,
    102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 125-құжат; № 16, 129-құжат; № 20, 151-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 16-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 36, 41-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 94-құжат; № 18-19, 119-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат;
    № 5-6, 30-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 13,
    63-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 20,
    113-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 6-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар;
    № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат.; № 8, 44-құжат; № 11, 63, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжаттар;
    № 21, 122-құжат; № 22, 128, 131-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2,
    3-құжат; № 11, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-I, 100-құжат;
    № 19-II, 106-құжат; № 20-IV, 113-құжт; № 20-VII, 117-құжат; № 21-I, 121,
    124-құжаттар; № 21-II, 130, 132-құжаттар; № 22-I, 140, 143-құжаттар; № 22-ІІ, 144-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; № 23-II, 172-құжат; 2016 ж., № 7-II, 53-құжат; № 8-I, 62-құжат; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 23,
    119-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 6, 11-құжат; № 9,
    18-құжат; № 10, 23-құжат; № 13, 45-құжат; № 14, 51-құжат; № 15, 55-құжат;
    № 20, 96-құжат; № 22-III, 109-құжат; № 23-III, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат;
    № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 1, 2-құжат; № 7-8, 22-құжат; № 9, 31-құжат; № 10, 32-құжат; № 12, 39-құжат; № 14, 42-құжат; № 15, 47, 50-құжаттар; № 16,
    55-құжат; № 19, 62-құжат; № 22, 82, 83-құжаттар; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 1, 4-құжат; № 5-6, 27-құжат; № 7, 37, 39-құжат; № 8, 45-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 19-20, 86-құжат; № 23, 99, 106-құжаттар; № 24-I, 118, 119-құжаттар;
    2020 жылғы 7 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру және еңбек мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының
    2020 жылғы 6 мамырдағы Заңы; 2020 жылғы 14 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне көші-қон процестерін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 13 мамырдағы Заңы; 2020 жылғы 26 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы Заңы; 2020 жылғы 10 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй бағдарламалары операторларының санын қысқарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 9 шілдедегі Заңы; 2020 жылғы 8 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):

1) 51-баптың 1-тармағы 8) тармақшасының алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасының аумағында жасалған жеңіл автомобильдерге (мүгедектігі бар адамдарға арнайы арналған қолмен басқарылатын немесе қолмен басқаруға бейімделген автомобильдерден басқа);»;

2) 52-баптың 1-тармағы 8) тармақшасының алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасының аумағында жасалған жеңіл автомобильдерге (мүгедектігі бар адамдар үшін арнайы арналған қолмен басқарылатын немесе қолмен басқаруға бейімделген автомобильдерден басқа);»;

3) 54-баптың 1-тармағы 5) тармақшасының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттен қаржыландырылатын әлеуметтік көмек түрлерін қоспағанда, қарттарды және мүгедектігі бар балаларды қоса, мүгедектерді әлеуметтік қамсыздандыру;»;

4) 55-баптың 1-тармағы 5) тармақшасының алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«мүгедектігі бар балаларды қоса алғанда, қарттар мен мүгедектерді әлеуметтік қамсыздандыру;»;

5) 56-баптың 1-тармағында:

56-баптың 4) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:

«үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедектігі бар балаларды материалдық қамтамасыз ету;

жеке оңалту бағдарламасына сәйкес мүгедектігі бар балаларды міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету, жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін жеке көмекші, құлағы естімейтін мүгедектігі бар адамдар үшін – ымдау тілінің мамандарын ұсыну;»;

7) және 9) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

«7) мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктерімен бірлесіп, мәдени-бұқаралық және ағарту іс-шараларын ұйымдастыру;»;

«9) дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкілетті органмен және мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктерімен бірлесіп, мүгедектігі бар адамдар арасында сауықтыру және спорттық іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;».

  1. 2011 жылғы 26 желтоқсандағы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 22, 174-құжат; 2012 ж., № 21-22,
    124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 13-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11,
    56-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 6, 28-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-І, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 122-құжат; № 22, 128-құжат; 2015 ж., № 10, 50-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 22-II, 145-құжат; № 23-II, 170-құжат; 2016 ж., № 8-II, 67-құжат; 2017 ж., № 8, 16-құжат; № 16, 56-құжат; 2018 ж., № 14, 42-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 7, 36-құжат; № 21-22, 90-құжат; № 24-II, 120-құжат; 2020 жылғы 14 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне көші-қон процестерін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2020 жылғы 8 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):

1) 147-баптың 2-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3) ортақ мүгедектігі бар баланы он сегіз жасқа толғанға дейін бағып-күтуді жүзеге асырып отырған, сондай-ақ он сегіз жасқа толған соң ортақ мүгедектігі бар балаға I-II топтағы мүгедектік белгіленген жағдайда көмекке мұқтаж жұбайының алимент төлеуді сот тәртібімен талап етуге құқығы бар.»;

2) 148-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) ортақ мүгедектігі бар баланы он сегіз жасқа толғанға дейін бағып-күтуді жүзеге асырып отырған, сондай-ақ он сегіз жасқа толған соң ортақ мүгедектігі бар балаға I-II топтағы мүгедектік белгіленген жағдайда көмекке мұқтаж бұрынғы жұбайының;»;

3) 222-баптың 3-тармағының 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«6) жүріп-тұруы қиын мүгедектігі бар адамдарды дәрігерлік-консультативтік комиссияның төрағасы куәландыруы мүмкін.».

  1. 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 13-I,
    13-II, 83-құжат.; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 16, 79-құжат; № 21-III, 137-құжат; № 22-I, 140-құжат; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат.; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; № 8-II, 67-құжат; № 12, 87-құжат.; № 23, 118-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 8, 16-құжат; № 9, 21-құжат; № 14, 50-құжат; № 16, 56-құжат; № 22-III, 109-құжат.; № 23-III, 111-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 1, 2-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 46-құжат; № 16, 56-құжат; № 23, 88, 91-құжаттар; № 24, 94-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 7, 36-құжат; № 8, 45-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 19-20, 86-құжат; № 23, 108-құжат; № 24-I,
    118-құжат; № 24-II, 120-құжат; 2020 жылғы 5 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2020 жылғы 26 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 25 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2020 жылғы 26 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» 2020 жылғы 25 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2020 жылғы 8 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):

1) 43-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

« 3. Қоғамдық жұмыстарға тарту жүктi әйелдерге, үш жасқа дейiнгi жас балалары бар әйелдерге, үш жасқа дейiнгi жас балаларын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған еркектерге, елу сегіз жастағы және ол жастан асқан әйелдерге, алпыс үш жастағы және ол жастан асқан еркектерге, бiрiншi немесе екiншi топтағы мүгедектігі бар адамдарға, әскери қызметшілерге тағайындалмайды.»;

44-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Бас бостандығын шектеу сотталған адамға алты айдан жеті жылға дейінгі мерзімге пробациялық бақылау белгілеуден және оны жазаны өтеудің бүкіл мерзімі ішінде жыл сайын бір жүз сағаттан мәжбүрлі еңбекке тартудан тұрады. Бас бостандығын шектеу сотталған адамның тұрғылықты жері бойынша қоғамнан оқшауланбай өтеледі. Мәжбүрлі еңбекті жергілікті атқарушы органдар қоғамдық орындарда ұйымдастырады және күніне төрт сағаттан асырылмай өтеледі. Тұрақты жұмыс орны бар немесе оқып жүрген сотталғандар, кәмелетке толмағандар, жүктi әйелдер, үш жасқа дейiнгi жас балалары бар әйелдер, үш жасқа дейiнгi жас балаларын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған еркектер, елу сегіз жастағы және ол жастан асқан әйелдер, алпыс үш жастағы және ол жастан асқан еркектер, бiрiншi немесе екiншi топтағы мүгедектігі бар адамдар, сондай-ақ жазасы алты айдан аз мерзімге бас бостандығын шектеуге ауыстырылған сотталғандар мәжбүрлі еңбекке тартылмайды.»;

45-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Қамаққа алу кәмелетке толмағандарға, жүкті әйелдерге, жас балалары бар әйелдерге, жас балаларын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған еркектерге, елу сегіз жастағы және ол жастан асқан әйелдерге, алпыс үш жастағы және ол жастан асқан еркектерге, бiрiншi немесе екiншi топтағы мүгедектігі бар адамдарға тағайындалмайды.»;

72-бапта:

төртінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Жүкті әйелдерге, жас балалары бар әйелдерге, жас балаларын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған еркектерге, елу сегіз жастағы және ол жастан асқан әйелдерге, алпыс үш жастағы және ол жастан асқан еркектерге, бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға жазаны өтеуден шартты түрде мерзiмiнен бұрын босату:»;

жетінші бөліктің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) қылмысты абайсызда жасаса, сол сияқты жүктi әйел, жас балалары бар әйел, жас балаларын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған еркек, елу сегіз жастағы және ол жастан асқан әйел, алпыс үш жастағы және ол жастан асқан еркек, бiрiншi немесе екiншi топтағы мүгедектігі бар адамдар қылмыстық теріс қылық, қасақана онша ауыр емес қылмыс жасаған жағдайларда, жаңа қылмыс үшін жаза тағайындау кезiнде шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатудың күшiн жою не оны күшінде қалдыру туралы мәселенi сот шешедi. Егер сот шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың күшін жойса, жаза үкімдердің жиынтығымен жаза тағайындау қағидалары бойынша тағайындалады;»;

152-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Әйелмен оның жүктілігі себебі бойынша еңбек шартын жасасудан негізсіз бас тарту немесе онымен еңбек шартын негізсіз тоқтату немесе үш жасқа дейінгі балалары бар әйелмен осы себептер бойынша еңбек шартын жасасудан негізсіз бас тарту немесе онымен еңбек шартын негізсіз тоқтату, сол сияқты мүгедектігі бар адаммен оның мүгедектігі себебі бойынша не кәмелетке толмаған адаммен оның кәмелетке толмағандығы себебі бойынша еңбек шартын жасасудан негізсіз бас тарту немесе еңбек шартын негізсіз тоқтату – белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан бір жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, екі жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жүз сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не елу тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.».

  1. 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 15-I, 15-II, 88-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж.,
    № 20-VII, 115-құжат; № 21-III, 137-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI,
    159-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; № 8-II, 67-құжат; № 12, 87-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 126, 129-құжат; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 8, 16-құжат; № 14, 50, 53-құжаттар; № 16, 56-құжат; № 21, 98, 102-құжаттар; № 24, 115-құжаттар; 2018 ж., № 1, 2-құжат; № 10, 32-құжат; № 16, 53, 56-құжаттар; № 23, 91-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 7, 36-құжат; № 19-20, 86-құжат; № 23, 103-құжат; № 24-I, 118, 119-құжаттар; № 24-II, 120-құжат; 2020 жылғы
    5 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы
    4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2020 жылғы 26 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 25 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2020 жылғы 8 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):

1) 145-баптың үшінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) асырауында кәмелетке толмаған балалары, қарт ата-анасы, мүгедектігі бар туыстары бар, сондай-ақ қорғаншы және қамқоршы болып табылатын адамдарға;»;

2) 640-баптың екінші бөлігінің 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3) мүгедектігі бар адам болып табылатын басқа да адамдардың сот отырысына толыққанды қатысуын қамтамасыз етудің ұйымдастырушылық не техникалық мүмкiндiктері болмаған кезде, оларды процеске қатысушылармен талқыламастан, алқаби мiндеттерiн атқарудан босатады.».

  1. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж.,
    № 17, 91-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат;
    2015 ж., № 7, 33-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-III, 149-құжат; № 23-II,
    170-құжат; 2016 ж., № 8-II, 67-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 126, 129,
    131-құжаттар; 2017 ж., № 8, 16-құжат; № 14, 50-құжат; № 16, 56-құжат; 2018 ж., № 1, 2-құжат; № 16, 56-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 23,
    106-құжат; № 24-II, 120-құжат; 2020 жылғы 8 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):

1) 10-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Сөйлеу не есту, не көру кемістігі бар мүгедектігі бар адам болып табылатын сотталғандардың дактильді-ымдау тілін немесе Брайль әліпбиін меңгерген мамандар көрсететін қызметтерді пайдалануға құқығы бар.»;

2) 52-баптың тоғызыншы бөлігі иынадай редакцияда жазылсын:

« 9. Сотталған адам бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адам деп танылған кезде, пробация қызметі сотқа оны жазасын одан әрі өтеуден босату туралы ұсыну енгізеді.»;

3) 57-баптың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Сотталған адам бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адам деп танылған кезде, пробация қызметі сотқа оны жазасын одан әрі өтеуден босату туралы ұсыну енгізеді.»;

4) 69-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Сотталған адам бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адам деп танылған кезде, пробация қызметі сотқа оны мәжбүрлі еңбектен босату туралы ұсыну, ал сотталған адам жүкті болған жағдайда – жазасын өтеуін кейінге қалдыру туралы ұсыну жібереді.»;

         5) 86-баптың екінші бөлігінің 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

          «4) айына бір рет бірінші кезекте қажетті заттар мен маусым бойынша киім салынған сауқаттар, сәлемдемелер, бандерольдер алуға құқығы бар.

Науқас сотталғандар, мүгедектігі бар адамдар медициналық қорытындыда саны мен ассортименті айқындалған дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар салынған сауқаттар мен сәлемдемелер алуға құқылы;»;

6) 96-баптың 3-1) бөлігінің үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«Сотталған жүкті әйелдерге және жанында жас балалары бар сотталған әйелдерге, сондай-ақ мүгедектігі бар адам болып табылатын сотталғандарға қатысты мекеме түрін толық қауіпсіз мекемеге өзгертуге жол берілмейді.»;

7) 105-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Жүктi әйелдер, балалары бар әйелдер, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдар мен емдеу-профилактикалық мекемелерде ұсталатын сотталғандар тамақ өнімдері мен бiрiншi кезекте қажеттi заттарды ақшаны уақытша орналастырудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы қаражаты есебінен шектеусiз сатып алуға құқылы.»;

8) 113-бапта:

екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«Мекемеден тыс жерде кәмелетке толмаған мүгедектігі бар балалары бар сотталған әйелдердің олармен кездесу үшін жылына бір рет қысқа мерзімге шығуына құқығы бар.»;

төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар болып табылатын және денсаулық жағдайына байланысты үнемі күтiмдi қажет ететін сотталғандарға, сондай-ақ кәмелетке толмаған сотталғандарға мекеме шегінен тыс жерге шығуға жұбайының (зайыбының), туысының немесе өзге еріп жүруші адамның бірге жүруiмен рұқсат етiледi.»;

9) 115-баптың бесінші және алтыншы бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Жүкті әйелдерге, бала емізетін аналарға, кәмелетке толмағандарға, сондай-ақ науқастар мен мүгедектігі бар адамдарға жақсартылған тұрғынжай-тұрмыстық жағдайлар жасалады және тамақтанудың жоғарылатылған нормалары белгіленеді.

  1. Мүгедектігі бар адам болып табылатын сотталғандар ұсталатын үй-жайлар арнаулы техникалық құралдармен және құрылғылармен жабдықталады.»;

10) 127-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Отыз жастан асқан сотталғандар мен мүгедектігі бар адамдар бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта бiлiмдi өздерiнiң қалауы бойынша алады.»;

11) 134-баптың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Мүгедектігі бар адам сотталғандарды ұстауға арналған тәртіптік изоляторлардағы камералар мен жалғыз адамдық камералар арнаулы техникалық құралдармен жабдықталады.»;

12) 144-баптың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Сотталған жүкті әйелдер мен жанында жас балалары бар сотталған әйелдер, сондай-ақ мүгедектігі бар адам болып табылатын сотталғандар қатаң жағдайларда ұсталмайды.»;

13) 162-баптың жетінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«7. Қоғамдық жұмыстарға тарту, түзеу жұмыстары немесе бас бостандығын шектеу түрiндегi жазаға сотталған адам бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адам деп танылған жағдайда, жазаны орындайтын орган сотқа оны жазасын өтеуден мерзiмiнен бұрын босату туралы ұсыну енгiзедi.»;

14) 166-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды, сондай-ақ алпыс үш жастан асқан ерлер мен елу сегіз жастан асқан әйелдерді олардың жазбаша өтiнiшi және мекеменiң ұсынуы бойынша әлеуметтiк қорғау органдары мүгедектігі бар адамдар және қарттар үйiне жiбередi.»;

15) 167-баптың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар, жүктi әйелдер мен жас балалары бар әйелдердi, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды бас бостандығынан айыру түрiндегi жазаны өтеуден босату кезiнде мекеме әкiмшiлiгi олардың жұбайын (зайыбын), туыстарын не сотталған адамның өтінішінде көрсетілген өзге де адамдарды, сондай-ақ сотталған адамның таңдаған тұрғылықты жері бойынша пробация қызметін алты ай бұрын хабардар етедi.»;

16) қосымшаның 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«9) мүгедектігі бар адамдардың жүріп-тұруына арнайы арналған көлік құралдары, техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар және мүгедектігі бар адамдардың арнаулы жүріп-тұру құралдары;».

  1. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 20-II, 20-III, 112-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-II, 55-құжат; № 8-I, 62, 65-құжаттар; № 8-II, 72-құжат; № 12, 87-құжат; № 23, 118-құжат; № 24,
    124, 126-құжаттар; 2017 ж., № 9, 21-құжат; № 14, 50, 51-құжаттар; № 22-III,
    109-құжат; № 23-III, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж.,
    № 10, 32-құжат; № 11, 37-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 46, 49, 50-құжаттар;
    № 19, 62-құжат; № 22, 82, 83-құжаттар; № 24, 94-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 5-6, 27-құжат; № 7, 37, 39-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 15-16, 67-құжат;
    № 19-20, 86-құжат; № 21-22, 90, 91-құжаттар; № 23, 108-құжат; № 24-I, 118-құжат; № 24-II, 123, 124-құжаттар; 2020 жылғы 14 мамырдағы «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2020 жылғы 14 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне көші-қон процестерін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2020 жылғы 26 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 25 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2020 жылғы 8 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):

1) 138-бапта:

47) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«47) мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтiк қорғау саласында;»;

мынадай мазмұндағы 117) тармақшамен толықтырылсын:

«117) зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру саласында».

  1. 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 20-V, 20-VI, 114-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; № 12, 87-құжат; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 7-құжат; № 8, 16-құжат; № 16, 56-құжат; № 21, 98-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 16, 53-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 7, 36, 37-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 23, 103-құжат; № 24-I, 118, 119-құжаттар; 2020 жылғы 7 мамырдағы «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру және еңбек мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2020 жылғы 11 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне соттар жұмысының заманауи форматтарын ендіру, артық сот рәсімдері мен шығындарын қысқарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2020 жылғы 8 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):

1) 112-баптың бірінші бөлігінің 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3) Ұлы Отан соғысының қатысушылары, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген адамдар, сондай-ақ басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер, І және ІІ топтардағы мүгедектігі бар адамдар, жасына байланысты зейнеткерлер болып табылатын, кәсіпкерлік қызметке байланысты емес даулар бойынша талап қоюшылар мен жауапкерлерді;»;

  1. 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 22-IV, 151-құжат.; 2016 ж., № 7-І, 49-құжат; 2017 ж., № 11, 29-құжат; № 12, 34-құжат; № 13, 45-құжат; № 20, 96-құжат; 2018 ж., № 1, 4-құжат; № 7-8, 22-құжат; № 10, 32-құжат; № 14, 42-құжат; № 15, 47, 48-құжат; 2019 ж., № 15-16, 67-құжат; № 21-22, 91-құжат; 2020 жылғы 5 мамырдағы «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2020 жылғы 14 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне көші-қон процестерін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2020 жылғы 11 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне соғыс жағдайы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы
    10 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2020 жылғы 8 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы
    7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):

1) 28-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

« 2. Мүгедектігі бар адаммен жасалатын еңбек шартында жұмыс орындарын олардың жеке мүмкіндіктерін ескере отырып жабдықтау жөніндегі талаптар қамтылуға тиіс.»;

2) 54-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Жұмыс берушіге жүктілік туралы анықтаманы ұсынған жүктi әйелдермен, үш жасқа дейiнгi балалары бар әйелдермен, он төрт жасқа дейінгі баланы (он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар баланы) тәрбиелеп отырған жалғызілікті аналармен, аталған балалар санатын анасыз тәрбиелеп отырған өзге де адамдармен осы Кодекстiң 52-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша жұмыс берушінің бастамасымен еңбек шартын бұзуға жол берілмейді.»;

3) 69-баптың 3-тармағы  мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар жұмыскерлерге аптасына 36 сағаттан аспайтын жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы белгіленеді.»;

4) 75-баптың 8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«8. Бірінші топтағы мүгедектігі бар жұмыскерлерге жұмыс уақытының жиынтық есебін қолдануға жол берілмейді.

Егер екінші және үшінші топтардағы мүгедектігі бар жұмыскерлерге сараптамалық кәсіптік-патологиялық комиссияның қорытындысы негізінде жұмыс уақытының жиынтық есебі белгіленетін режимге тыйым салынған болса, оларға мұндай есеп белгіленбейді.»;

5) 76-баптың 3 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Мүгедектігі бар жұмыскерлерді түнгі уақытта жұмысқа тартуға, оларға мұндай жұмысқа медициналық қорытындыға сәйкес денсаулық жағдайына байланысты тыйым салынбаған жағдайда, олардың жазбаша келісімімен ғана жол беріледі.

  1. Жұмыс беруші:

1) жеті жасқа дейінгі балалары бар әйелдерді және жеті жасқа дейінгі балаларды анасыз тәрбиелеп отырған басқа да адамдарды;

2) он алты жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған жұмыскерлерді жазбаша келісімінсіз түнгі уақыттағы жұмысқа тартуға құқылы емес.»;

6) 77-баптың 3-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3) мүгедектігі бар адамдар жіберілмейді.»;

7) 89-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

2) бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдарға ұзақтығы кемінде күнтізбелік алты күн болатын жыл сайынғы ақы төленетін қосымша еңбек демалыстары беріледі.;

8) 127-баптың 4 және 5-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Он сегіз жасқа толмаған жұмыскерлер, жүкті әйелдер, сондай-ақ мүгедектігі бар жұмыскерлер үшін мұндай жұмысқа медициналық көрсетілімдер бойынша тыйым салынбаған болса, оларды іссапарға жіберуге жол беріледі. Бұл ретте, аталған жұмыскерлер іссапарға барудан бас тартуға құқылы.

  1. Үш жасқа дейінгі балалары бар жұмыскерлер, егер медициналық қорытынды негізінде мүгедектігі бар балалар не отбасының науқас мүшелері тұрақты күтімді жүзеге асыруға мұқтаж болса, отбасының науқас мүшелерін күтуді жүзеге асыратын не мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған жұмыскерлер іссапарға барудан бас тартуға құқылы.»;
  • 135-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Вахталық әдіспен орындалатын жұмыстарға он сегіз жасқа толмаған жұмыскерлер, жүктілігі туралы анықтама берген, он екі және одан көп апта жүктілік мерзіміндегі жүкті әйелдер, бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдар медициналық қорытындыны ұсынған күннен бастап жіберілмейді. Өзге жұмыскерлер, егер медициналық қорытындылар негізінде мұндай жұмыстардың оларға қарсы көрсетілімі болмаса, вахталық әдіспен орындалатын жұмыстарға тартылуы мүмкін.».

  1. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
    2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексіне (2020 жылғы
    8 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған):

1) 1-баптың 1-тармағында:

159) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«159) медициналық-әлеуметтік оңалту – жұмысқа араластыруға, отбасылық және қоғамдық өмірге қатыстыруға арналған медициналық, әлеуметтік және еңбек іс-шараларын пайдалана отырып, науқастар мен мүгедектігі бар адамдардың денсаулығын қалпына келтіру жөніндегі шаралар кешені;»;

191) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«191) мейіргерлік күтім – денсаулықты насихаттауды, аурулардың профилактикасын және науқастардың, мүгедектігі бар адамдар мен хал үстіндегі адамдардың күтімін қамтитын, барлық жастағы, топтар мен қоғамдастықтардың адамдарына, науқастарға немесе сау адамдарға мейіргерлер және кеңейтілген практиканың мейіргерлері көрсететін медициналық қызметтер кешені;»;

2) 65-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) халықтың барлық тобы үшін көрсетілетін медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін жақсарту, оның ішінде мүгедектігі бар адамдар мен халықтың мүмкіндігі шектеулі басқа да топтары үшін медициналық мақсаттағы объектілерді бейімдеу;»;

3) 122-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Дәрігерге дейінгі медициналық көмек – орта медицина қызметкерлері дербес немесе денсаулықты насихаттауды, пациенттің жай-күйін бағалауды, дәрігерге дейін диагноз қоюды, дәрігерге дейінгі араласу жоспарын тағайындауды, дәрігерге дейінгі манипуляциялар мен емшараларды орындауды және науқастарға, мүгедектігі бар адамдарға мен хал үстіндегі адамдарға күтімді қамтитын мультипәндік команда құрамында көрсететін медициналық көмек.»;

4) 125-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Медициналық абилитация – мүгедектігі бар балалардың қалыптаспаған функциялар мен дағдыларды меңгеруге немесе алмастыруға және оларды қоғамға интеграциялауға бағытталған медициналық оңалту процесі. Медициналық абилитация туа біткен функционалдық шектеулері бар балаларға олар үш жасқа толғанға дейін жүргізіледі.»;

5) 165-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) еңбек терапиясына, жаңа кәсіптерге оқытуға арналған емдік- өндірістік объектілер мен құрылымдық бөлімшелер, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдарды қоса алғанда, психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар адамдарды осы ұйымдарда жұмысқа орналастыру үшін еңбек жағдайлары жеңілдетілген арнайы өндірістер, цехтар немесе учаскелер құрады;»;

  1. «Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» 1992 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1992 ж., № 13-14, 348-құжат; 1994 ж., № 8, 140-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 7, 79-құжат; № 12, 184-құжат; № 21, 274-құжат; 1998 ж., № 24, 432-құжат; 1999 ж., № 8, 247-құжат; № 23, 924-құжат.; 2004 ж., № 24, 150-құжат; 2007 ж., № 20, 152-құжат; 2011 ж., № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2018 ж., № 24, 93-құжат):

1) 13-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Экологиялық қасірет аймағында тұратын зейнеткерлер мен мүгедектігі бар адамдарға арналған интернат-үйлерде орындармен қамтамасыз етуде артықшылық алуға құқық беріледі.»;

2) 17-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Экологиялық қасірет салдарынан І және ІІ топтағы мүгедектігі бар адамдардың Қазақстан Республикасының облыс орталықтарын, республикалық маңызы бар қалаларын және астанасын қоспағанда, жаңа тұратын жері бойынша бірінші кезекте тұрғын үй алуға құқығы бар.».

  1. «Семей сынақ ядролық полигонындағы ядролық сынаулардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» 1992 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1992 ж., № 23, 560-құжат; 1994 ж., № 8, 140-құжат; № 20, 252-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 184-құжат; 1998 ж., № 24, 432-құжат; 1999 ж., № 8, 247-құжат; № 23, 923-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат;
    № 8, 64-құжат; 2013 ж., № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 6, 28-құжат;
    2018 жылғы 3 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру және еңбек мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):

10-баптың бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«осы баптың екiншi және үшінші абзацтарында аталған, мүгедектігі бар адам деп танылған аурулары бар адамдардың балалары, олардың денсаулық жағдайы мен Заңда аталған аймақтарда ата-аналарының бiрiнiң болу факторы арасындағы себепті байланыстар анықталған ретте.».

  1. «Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 14 сәуірдегі Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1993 ж., № 10, 242-құжат; 1994 ж., № 8, 140-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 7, 79-құжат; № 12, 184-құжат; № 17-18, 220-құжат; 1998 ж., № 24, 432-құжат;
    1999 ж., № 8, 247-құжат; 2000 ж., № 20, 380-құжат; 2001 ж., № 2, 14-құжат;
    2007 ж., № 10, 69-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат;
    2018 жылғы 3 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):

         24-баптың бірінші бөлігінің жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

         «қарттар мен мүгедектігі бар адамдарғаарналған интернат-үйлерге бiрiншi кезекте орналасуға, оларда Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес толық мемлекеттiк қамсыздандыру жағдайында тұруға;».

  1. «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» 1994 жылғы
    21 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 15, 201-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 186-құжат; 1998 ж., № 24, 447-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат, 321; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 10,
    54-құжат; 2004 ж., № 18, 110-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 15, 63-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 14, 89-құжат; № 24, 148-құжат; 2009 ж., № 18,
    84-құжат; 2010 ж., № 17-18, 114-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжат; № 5, 43-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 3, 21-құжат; № 14, 92, 96-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 123-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 19-I, 100, 101-құжаттар; № 20-IV, 113-құжат; № 22-VI, 159-құжат; № 23-II, 170-құжат; 2016 ж., № 8-I, 60-құжат; 2017 ж., № 9, 17, 22-құжаттар; № 11,
    29-құжаттар; № 22-III, 109-құжат.; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 19, 62-құжат;
    2019 ж., № 8, 45-құжат; № 21-22, 91-құжат):

1) 6-баптың бірінші бөлігінің жетінші және сегізінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:

«жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыру кезінде, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қоса алғанда, жаңа технологияларды, мүгедектігі бар адамдар үшін бейімделген құрылғылар мен технологиялардың ұтқырлығын жеңілдететін құралдарды пайдалану;

жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыратын көлік жұмыскерлерін мүгедектігі бар адамдар қарым-қатынас жасау және оларға қызмет көрсету дағдыларына үйрету, оның ішінде ымдау тіліне үйрету;»;

2) 11-баптың бірінші бөлігінің он екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«мүгедектігі бар адамдарға жолаушылар тасымалының, тасымалдаушылар көрсететін қызметтердің, қызмет көрсету жөніндегі ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз етуге, оларға тасымалдау бойынша қызметтер көрсету кезінде қолайлы және қажетті жағдайлар жасауға міндетті.»;

3) 18-баптың оныншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Тасымалдаушы рейстер он және одан да көп сағатқа кідірген жағдайда жолаушыларға, оның ішінде мүгедектігі бар адамдардың мұқтаждығын ескере отырып, өз есебінен қонақүйден орындар беруге және оларды тамақтандыруға міндетті.»;

4) 25-баптың екінші бөлігінің 1-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1-1) мүгедектігі бар жолаушылар тасымалының, тасымалдаушылар көрсететін қызметтердің, қызмет көрсету жөніндегі ақпараттың қолжетімділігінің қамтамасыз етілуін, оларға тасымалдау бойынша қызметтер көрсету кезінде қажетті қолайлылық пен жағдайлар жасалуын бақылауды;».

  1. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат;
    № 15, 281-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 5, 58-құжат; № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж.,
    № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8,
    52-құжат; № 9, 86-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 5, 31-құжат;
    № 10, 51-құжат; № 11, 56, 67-құжаттар; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж.,
    № 11-12, 66-құжат; № 15, 86-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18, 21-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19,88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 17-18,
    111-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 12,
    111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат;
    № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 15,
    76-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 13, 68-құжат;№ 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 21-II, 130-құжат; № 21-ІІІ, 137-құжат; № 22-I, 140, 143-құжаттар; № 22-ІІІ, 149-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-II, 55-құжат; № 8-I, 65-құжат; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 9, 21-құжат; № 13, 45-құжат; № 21,
    98-құжат; № 22-III, 109-құжат; № 23-III, 111-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж.,
    № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 47-құжат; 2019 ж., № 2,
    6-құжат; № 7, 37-құжат; № 15-16, 67-құжат.; № 21-22, 90-құжат; № 23, 103-құжат; № 24-I, 119-құжат; 2020 жылғы 7 мамырдағы «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2020 жылғы 14 мамырдағы «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2020 жылғы 6 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне шетел валютасындағы ипотекалық қарыздар, көрсетілетін төлем қызметтері нарығының субъектілерін реттеуді жетілдіру, жалпыға бірдей декларациялау және экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):

74-2-баптың 3-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«5) бесінші кезекте тек қайырымдылықпен айналысатын коммерциялық емес ұйымдармен, Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ұйымдарымен, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлердің ұйымдарымен және басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдары ардагерлерінің ұйымдарымен, Қазақстан Республикасы мүгедектерінің ерікті қоғамымен, Қазақ зағиптар қоғамымен, Қазақ саңыраулар қоғамымен және осы заңды тұлғалардың меншігі болып табылатын және олардың қаражаты есебінен құрылған өндірістік ұйымдармен, басқа да мүгедектігі бар адамдар ұйымдарымен олардың банктік шоттардағы және депозитке орналастырылған қаражаты бойынша есеп айырысулар жүзеге асырылады;».

  1. «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» 1996 жылғы
    10 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 8-9, 237-құжат; 2004 ж., № 17, 100-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; 2007 ж., № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 15-16,
    75-құжат; 2012 ж., № 2, 13-құжат; № 3, 25-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22,
    124-құжат; 2014 ж., № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 7, 34-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 22-V, 156-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 11, 37-құжат;
    2020 жылғы 14 мамырдағы «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көші-қон процестерін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):

9-2-баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«мүгедектігі бар адамдарға, сондай-ақ бала кезінен мүгедектігі бар адамдардың ата-анасының біреуіне;».

  1. «Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының бiр жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» 1996 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 13, 271-құжат; «Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының бiр жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасы Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу жөнiнде» 1997 жылғы 8 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):

1) 1-баптың 1), 2), 3) және 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

«1) 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектігі бар адамдар, сондай-ақ оларға теңестiрiлген адамдар;

2) әскери және интернационалдық борышын атқару кезiнде қаза тапқан әскери қызметшiлердiң жесiрлерi, күйеулерi соғыс мүгедектігі бар адамдар және оларға теңестiрiлген адамдардың әйелдерi;

3) 16 жасқа дейiнгi балалары, I және II топтағы мүгедектігі бар балалары бар әйелдер, сондай-ақ жүктi әйелдер;

5) I және II топтағы мүгедектігі бар адамдар;»;

2) 25-бапта:

2) тармақшада;

2) тармақшаның оныншы және он бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«Ұлы Отан соғысының қайтыс болған мүгедектегі бар адамдар мен оларға теңестiрiлген мүгедектігі бар адамдардың әйелдерiне (ерлерiне), сондай-ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандар мен астыртын қимыл жасаушылардың, Ленинград қаласындағы қоршау кезеңiнде қаланың кәсiпорындары мен ұйымдарында жұмыс iстеген, «Ленинградты қорғағаны үшiн» медалiмен және «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгiсiмен марапатталған, жалпы науқастану, еңбекте зақымдану мен басқа да себептер (құқыққа қарсы iс-әрекеттер салдарынан мүгедектігі бар адам болған адамдарды қоспағанда) салдарынан мүгедектігі бар адам деп танылған, басқа тiркелген некеде тұрмаған азаматтардың әйелдерiне (ерлерiне);»;

он бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«Чернобыль атом электр станциясындағы апат пен Семей ядролық полигонындағы жарылыстардың салдарынан зардап шеккен және мүгедектігі бар адам болып қалған азаматтарға;»;

«3) тармақша келесі редакцияда жазылсын:

3) Ұлы Отан соғысының мүгедектігі бар адамдарды мен оларға теңестiрiлген адамдар деп мыналар түсiнiледi:

Ұлы Отан соғысы кезеңiнде майданда, әскери қимылдар ауданында, темiр жолдардың майдан өңiрiндегi учаскелерiнде, қорғаныс шептерi, әскери-теңiз базалары мен аэродромдар құрылыстарында жарақаттану, жарымжан болу, зақымдану немесе сырқаттану салдарынан мүгедектігі бар адам болып қалған Ұлы Отан соғысының майдандағы армиясының әскери қызметшiлерi, партизандары мен астыртын қимыл жасаушылары, сондай-ақ тиiстi санаттардағы жұмысшылары мен қызметшiлерi және зейнетақымен қамсыздандыру жөнiнен әскери қызметшiлерге теңестiрiлгендер қатарындағы адамдар;

1945 жылы Жапониямен соғыс барысында жарақаттану, жарымжан болу, зақымдану немесе сырқаттану салдарынан мүгедектігі бар адам болып қалған бұрынғы КСРО Қарулы Күштерiнiң әскери қызметшiлерi мен ерiктi жалданушылары қатарындағы адамдар;

бұрынғы КСР Одағын қорғау кезiнде, басқа кезеңдерде әскери қызметтiң өзге де мiндеттерiн атқару кезiнде алған жарақат, жарымжан болу, зақымдану салдарынан немесе майданда болуына байланысты сырқаттану салдарынан, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттерде әскери қызметiн өтеген кезде мүгедектігі бар адам болып қалған әскери қызметшiлер қатарындағы адамдар;

қызмет мiндеттерiн атқару кезiнде жарақаттану, жарымжан болу, зақымдану салдарынан не майданда болуына немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген мемлекеттерде қызмет мiндеттерiн атқаруына байланысты сырқаттану салдарынан мүгедектігі бар адам болып қалған бұрынғы КСР Одағы iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары;

басқа елдердегi майдандағы әскери контингенттерге қызмет көрсетушi және ұрыс қимылдарын жүргiзу кезеңiнде жарақаттану, жарымжан болу, зақымдану не сырқаттану салдарынан мүгедектігі бар адам болып қалған жұмысшылар мен тиiстi санаттағы қызметшiлер.»;

3) 26-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) соғыс мүгедектігі бар адам мен оларға теңестiрiлген адамдардың әйелдерiне қолданылады деп белгiленсiн.»;

4) 28-баптың 1) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

«1) 1-баптың 3) тармақшасы - ана құқығынан айырылмаған және балаларды, соның iшiнде асырап алған, не қамқорлыққа алған, осы Заң күшiне енген күнi
16 жасқа толмаған балалары бар, не жасына қарамастан I және II топтардағы мүгедектігі бар балалары бар әйелдерге; осы Заң күшiне енген күнi жүктi болған әйелдерге;»;

« 3) 1-баптың 5) тармақшасы осы Заң күшiне енгенге дейiн белгiленген тәртiппен I және II топтардың мүгедектігі бар адамдар деп танылған адамдарға;»;

5) 42-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

  «2) рақымшылық жасау бойынша жазадан босатылған және туыстары мен жақындары жоқ мүгедектігі бар адамдар мен қартайған адамдарды орналастыруға;».

  1. «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 8, 84-құжат; 1999 ж., № 13, 431-құжат; № 23, 921-құжат; 2001 ж.,
    № 15-16, 228-құжат; 2002 ж., № 6, 71-құжат; 2003 ж., № 11, 67-құжат; 2004 ж.,
    № 14, 82-құжат; № 17, 101-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 16, 103-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 15, 106, 108-құжат; № 18, 143-құжат; 2009 ж., № 11-12, 54-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 122-құжат; 2010 ж., № 5,
    23-құжат; № 10, 52-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6,
    50-құжат; № 10, 86-құжат; № 11, 102-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; 2012 ж.,
    № 1, 5-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 41-құжат; № 15, 97-құжат;
    № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15,
    77-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 144-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат;
    № 20-IV, 113-құжат; № 22-V, 154, 158-құжаттар; № 23-II, 170-құжат; 2016 ж.,
    № 8-I, 65-құжат; № 12, 87-құжат; № 23, 118-құжат; 2017 ж., № 8, 16-құжат; № 11, 29-құжат; № 21, 98-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжа; № 16, 56-құжат; № 24,
    93-құжат; 2019 ж., № 7, 39-құжат.; № 9-10, 52-құжат; № 21-22, 90-құжат; № 23, 103-құжат; № 24-I, 119-құжат; № 24-II, 122-құжат; 2020 жылғы 7 мамырдағы «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы;
    2020 жылғы 14 мамырдағы «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне көші-қон процестерін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2020 жылғы 30 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік заңнамасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):

1) 4-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етуге тиіс.»;

2) 13-баптың 8-тармағының 2), 5) және 10) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

«2) 1 және 2-топтағы мүгедектігі бар адамдар;»;

«5) бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағын қорғау кезінде, әскери қызметтің өзге де міндеттерін басқа кезеңдерде орындау кезінде немесе майданда болуға байланысты ауруға шалдығу салдарынан, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттерде әскери қызметін өткеру кезiнде жаралану, контузия алу, мертiгу салдарынан мүгедектігі бар адам болған әскери қызметшілер;»

 10) ішкі істер органдарының күнтiзбелiк есеппен жиырма және одан да көп еңбек сiңiрген жылдары бар қызметкерлері және теріс себептер бойынша қызметтен шығарылғандарды қоспағанда, қызметтен шығарылған және күнтiзбелiк есеппен жиырма және одан да көп еңбек сiңiрген жылдары бар қызметкерлер, сондай-ақ күнтiзбелiк есеппен он және одан да көп еңбек сiңiрген жылдары бар және мүгедектігі бар балаларды асырап-бағып отырған қызметкерлер құқылы. Ішкі істер органдарының берілген қызметтік тұрғын үйді жекешелендіруге құқығы бар зейнеткері қайтыс болған жағдайда, жекешелендіру құқығы қайтыс болған (қаза тапқан) адамның отбасы мүшелеріне өтеді.

3) 40-баптың 3-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген өзгерістер мүгедектігі бар адамдардың тұрғынжайға кіруін қамтамасыз етуге байланысты болған жағдайда, пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің жазбаша келісімі талап етілмейді.»;

4) 67-баптың 1-тармағы екінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) осы Заңның 68-бабының 1-1) – 5), 7,) 8), 10) және 11) тармақшаларында аталған, тұрғын үй беру туралы өтініш жасаудың алдында соңғы он екі ай ішінде жиынтық орташа айлық табысы отбасының әрбір мүшесіне республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 еселенген мөлшерінен төмен болатын, халықтың әлеуметтiк жағынан әлсіз топтарына жататын Қазақстан Республикасы азаматтарының пайдалануына беріледі.

 Ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 еселенген мөлшеріндегі коэффициент мүгедектігі бар балаларға қолданылмайды.»;

5) 68-баптың 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

«2) 1 және 2 топтағы мүгедектігі бар адамдар;

3) мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi отбасылары;»;

6) 73-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

«2-1. Отбасы осы Заңның 68-бабының 3) тармақшасында көзделген негіз бойынша есепте тұрған мүгедектігі бар бала он сегіз жасқа толған жағдайда, оған 1 және 2-топтағы мүгедектік белгіленген кезде мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беру кезегі оны алғанға дейін сақталады.»;

7) 76-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Мүгедектігі бар адамдарға, қарттарға, жүрек-қан тамырлары және басқа да асқынған аурулармен ауыратын адамдарға мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжай немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжай – олардың тілегі ескеріліп, төменгі қабаттардан немесе лифтілері бар тұрғын үйлерден, ал тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектігі бар адамдарға екіншіден жоғары емес қабаттан беріледі.

Мүгедектігі бар адамдарға ғимараттың үлгiсi, жайлылық дәрежесі және тұруға қажеттi басқа да жағдайларды ескере отырып, тұрғын үй-жайды таңдау құқығы берiледi.»;

8) 101-10-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3) ортақ немесе ерлі-зайыптылардың біреуінің он сегіз жасқа толғанға дейін мүгедектігі бар адам болған он сегіз жастан асқан баласы (балалары) жатады.»;

9) 118-баптың 1-тармақтың 4), 10) және 12) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

«4) I және II топтағы мүгедектігі бар адамдарға (өздерi жасаған қылмыс салдарынан мүгедектігі бар адам болған адамдарды қоспағанда);»;

«10) мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеушi адамдарға;»;

«12) III топтағы мүгедектігі бар адамдарға, жасына байланысты демалысқа шыққан зейнеткерлерге, жалғызбасты аналарға (некеге тұрмаған бала тәрбиелеушi әйелдерге), егiз бала тапқан отбасыларына, егер азаматтардың бұл санаты Қазақстан Республикасының заңдары белгiлеген тәртiппен анықталатын ең төменгi күнкөрiс деңгейiнен төмен табыс алатын болса;»;

10) 120-баптың 1) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

«1) мүгедектігі бар адамдарды (өздері жасаған қылмыс салдарынан мүгедек болған адамдарды қоспағанда);».

  1. «Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы» 1997 жылғы 16 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 11, 154-құжат; 1999 ж., № 8, 239-құжат.; № 23, 925-құжат; 2002 ж.,
    № 6, 71-құжат; 2003 ж., № 1-2, 13-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24,
    157-құжат; 2005 ж., № 23, 98-құжат; 2006 ж., № 12, 69-құжат; 2007 ж., № 10,
    69-құжат; № 20, 152-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; 2013 ж.,
    № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 6, 28-құжат; № 19-І, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 6, 27-құжат; № 8, 45-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-II, 106-құжат; № 22-II, 145-құжат; № 23-II, 170-құжат; 2016 ж., № 7-І, 49-құжат; 2017 ж., № 12, 36-құжат;
    2018 ж., № 14, 42-құжат; № 22, 83-құжат; 2019 ж., № 21-22, 90-құжат; 2020 жылғы 30 маусымдағы «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік заңнамасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):

1) 1-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

«Бұл норма мүгедектігі бар балаларға және бала кезінен мүгедектігі бар адамдарға қолданылмайды.»;

2) 1-1-баптың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«4) уәкілетті мемлекеттік орган – орталық атқарушы орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі;»;

3) 6-баптың 1-2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«1-2. Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) стационар жағдайында тұратын және мемлекеттің толық қамсыздандыруындағы, тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектігі бар балаларға мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар толық көлемде төленеді.»;

4) 8-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Зейнетақы төлемдерiн алуға құқық беретiн жасқа жеткен мүгедектігі бар адамдарды қайта куәландыру олардың өтiнiшi бойынша ғана жүргiзiледi.»;

5) 10-бапта;

2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

  «Қайта куәландырылушы еңбекке қабілетті деп танылған жағдайда, жәрдемақы еңбекке қабілетті деп танылған күнге дейін төленеді.»;

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Егер мүгедектігі бар адам қайта куәландыруға осы үшін тағайындалған мерзімде МӘС бөлімшесіне келмесе, онда оған жәрдемақы төлеу тоқтатыла тұрады, ал ол мүгедектігі бар адам деп қайта танылған жағдайда, егер МӘС бөлімшесі оны осы кезеңде мүгедектігі бар мүгедек деп таныса, бұл тоқтатылған күннен бастап, бірақ бір айдан аспайтын уақыт үшін қайта басталады.

Қайта куәландыру мерзімін дәлелді себеппен өткізіп алған жағдайда, жәрдемақы төлеу, егер МӘС бөлімшесі оны осы кезеңде мүгедектігі бар мүгедек деп таныса, төлем тоқтатыла тұрған күннен бастап қайта куәландыру күніне дейін, бірақ үш жылдан аспайтын уақыт үшін жүргізіледі. Бұл ретте, егер қайта куәландыру кезінде мүгедектігі бар адам мүгедектіктің басқа (неғұрлым жоғары немесе неғұрлым төмен) тобына ауыстырылса, онда көрсетілген уақыт үшін жәрдемақы бұрынғы топ бойынша төленеді.

6) Бұл ретте, егер қайта куәландыру кезінде мүгедектігі бар адам мүгедектіктің басқа тобына (неғұрлым жоғары немесе неғұрлым төмен) ауыстырылса, онда көрсетілген уақыт үшін жәрдемақы бұрынғы топ бойынша төленеді..»;

11-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«11-бап. Мүгедектiгi бойынша жәрдемақыға құқығы бар мүгедектігі бар адамдардың санаттары

Мүгедектiгi бойынша жәрдемақыға құқығы бар мүгедектігі бар адамдарға:

1) жалпы аурулардан, еңбекте мертiгуден, кәсiби аурулардан мүгедектігі бар адам болғандар, он алты жасқа дейiнгi мүгедектігі бар балалар, он алтыдан он сегіз жасқа дейiнгi бiрiншi, екiнші, үшiншi топтағы мүгедектігі бар  балалар;

1-1) бала кезiнен мүгедектігі бар адамдар;

 2) мүгедектiкке әскери қызметтен өту кезiнде алған жарақаттың, контузияның, мертiгудiң, аурудың салдарынан душар болған мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлер қатарынан шыққан мүгедектігі бар адамдар, азаматтық немесе әскери мақсаттағы ядролық объектiлердегi авариялардың зардаптарын жою кезiнде не ядролық объектiлердегi авариялық жағдайлар салдарынан мүгедектігі бар болған адамдар;

3) әскери қызмет міндеттерін, арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметін (қызмет мiндеттерiн) атқаруға байланысты емес жазатайым жағдайдың салдарынан болған мертiгу не әскери және қызметтік борышын орындауға байланысты емес ауру салдарынан мүгедектігі бар адам болған жағдайда әскери қызметшiлер (мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлерден басқа), арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлері, Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары мен бұрынғы Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң басшы және қатардағы құрамының адамдары арасынан шыққан мүгедектігі бар адамдар;

4) әскери қызмет, арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметті өткеру кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертiгуі, ауыруы салдарынан мүгедектігі бар адам болған әскери қызметшiлер (мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлерден басқа), арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлері, қызмет мiндеттерiн атқару кезiнде Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары мен бұрынғы Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң қызметкерлерi арасынан шыққан мүгедектігі бар адамдар;

5) себеп-салдарлық байланысы анықталған жағдайда төтенше экологиялық жағдайлар, соның iшiнде ядролық жарылыстар мен сынақтар кезiндегi радиациялық әсер етудiң салдарынан және/немесе олардың зардаптарынан болған мүгедектігі бар адамдар жатады.

6) төтенше экологиялық жағдайлар салдарынан, оның ішінде ядролық жарылыстар мен сынақтар жүргізу кезінде радиациялық әсер ету және/немесе себеп-салдарлық байланыс анықталған жағдайда олардың зардаптары салдарынан мүгедектігі бар адамдар жатады.»;

8) 12-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«12-бап. Мүгедектігі бойынша жәрдемақылардың мөлшері

  1. Осы Заңның 11-бабының 1), 1-1)және 3) тармақшаларындакөрсетілген мүгедектерге мүгедектігі бойынша айлық жәрдемақылар:

1) 2014 жылғы 1 сәуірден бастап:

бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға – республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленетін ең төмен күнкөріс деңгейінің (бұдан әрі – ең төмен күнкөріс деңгейі) 1,42 мөлшерінде;

екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға – 1,11 ең төмен күнкөріс деңгейі; үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға – 0,78 ең төмен күнкөріс деңгейі; он алты жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға – 1,05 ең төмен күнкөріс деңгейі;

бала кезінен бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға – 1,42 ең төмен күнкөріс деңгейі;

бала кезінен екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға – 1,16 ең төмен күнкөріс деңгейі;

бала кезінен үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға – 0,91 ең төмен күнкөріс деңгейі;

он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі бірінші топтағы мүгедектігі бар балаларға – 1,42 ең төмен күнкөріс деңгейі;

он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі екінші топтағы мүгедектігі бар балаларға – 1,16 ең төмен күнкөріс деңгейі;

он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі үшінші топтағы мүгедектігі бар балаларға – 0,91 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде;

2) 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап:

бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға – 1,92 ең төмен күнкөріс деңгейі;

екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға – 1,53 ең төмен күнкөріс деңгейі;

үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға – 1,04 ең төмен күнкөріс деңгейі;

он алты жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға - 1,40 ең төмен күнкөріс деңгейі;

бала кезінен бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға – 1,92 ең төмен күнкөріс деңгейі;

бала кезінен екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға – 1,59 ең төмен күнкөріс деңгейі;

бала кезінен үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға – 1,20 ең төмен күнкөріс деңгейі;

он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі бірінші топтағы мүгедектігі бар балаларға – 1,92 ең төмен күнкөріс деңгейі;

он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі екінші топтағы мүгедектігі бар балаларға – 1,59 ең төмен күнкөріс деңгейі;

он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі үшінші топтағы мүгедектігі бар балаларға – 1,20 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде тағайындалады.

  1. Осы Заңның 11-бабының 2)және 5) тармақшаларындакөрсетілген мүгедектігі бар адамдарға мүгедектігі бойынша айлық жәрдемақылар:

1) 2014 жылғы 1 сәуірден бастап:

бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға – 1,69 ең төмен күнкөріс деңгейі;

екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға – 1,36 ең төмен күнкөріс деңгейі;

үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға – 1,05 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде;

2) 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап:

бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға – 2,81 ең төмен күнкөріс деңгейі;

екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға – 2,40 ең төмен күнкөріс деңгейі;

үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға – 2,01 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде тағайындалады.

  1. Осы Заңның 11-бабының 4) тармақшасындакөрсетілген мүгедектігі бар адамдарға мүгедектігі бойынша айлық жәрдемақылар:

1) 2014 жылғы 1 сәуірден бастап:

бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға – 2,19 ең төмен күнкөріс деңгейі;

екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға – 1,56 ең төмен күнкөріс деңгейі;

үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға – 1,05 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде;

2) 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап:

бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға – 3,44 ең төмен күнкөріс деңгейі;

екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға – 2,65 ең төмен күнкөріс деңгейі;

үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға – 2,01 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде тағайындалады.

  1. Жұмыс істейтін жәрдемақы алушыларға мүгедектігі бойынша айлық жәрдемақы толық мөлшерде төленеді.
  2. Егер жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің немесе еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшері мүгедектігі бар адамдардың тиісті санаттары үшін белгіленген мүгедектігі бойынша айлық жәрдемақының мөлшерінен аз болса, мүгедектігі бойынша айлық жәрдемақы төлеу жасына байланысты зейнетақы төлемдеріне немесе еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдеріне мүгедектігі бар адамдардың осы санаты үшін белгіленген мүгедектігі бойынша айлық жәрдемақы мөлшеріне дейінгі тиісті қосымша ақылар түрінде жүргізіледі.»;

9) 13-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын;

«2. Отбасының еңбекке жарамсыз мүшелерi болып:

1) егер он сегіз жасқа толғанға дейiн мүгедектігі бар адам болып қалса, он сегіз жасқа толмаған және осы жастан асқан балалары (оның iшiнде асырап алған балалары, өгей ұлдары мен өгей қыздары), аға-iнiлерi, апа-сiңлілерi және немерелерi есептеледi, бұл орайда аға-iнiлерi, апа-сiңлiлерi және немерелерi - егер олардың еңбекке жарамды ата-аналары болмаса, өгей ұлдары мен қыздары - егер олар ата-аналарынан алимент алмаса есептеледi.

Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақы алуға құқығы бар кәмелетке толмағандар бұл құқықты өздерiн асырап алған кезде де сақтайды;»;

10) мынадай мазмұндағы 21-1-баппен толықтырылсын:

«21-1-бап. Осы Заңның сақталуын мемлекеттік бақылау.

  1. Жәрдемақыларды төлеу жөніндегі талаптардың толық мөлшерде және (немесе) белгіленген мерзімдерде сақталуын мемлекеттік бақылауды уәкілетті мемлекеттік орган тексеру және профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырады.
  2. Тексеру және профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.».
  3. «Сот приставтары туралы» 1997 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 13-14, 201-құжат; 2003 ж., № 10, 49-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат; № 20, 152-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 24, 144-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2019 ж., № 21-22, 91-құжат; 2020 жылғы 30 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік заңнамасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):

10-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Сот приставына қызмет мiндеттерiн атқару үстiнде алған жарақаты, жаралану (контузия), мертiгу, сырқат салдарынан болған мүгедектiктi белгiлеу кезiнде оған мынадай мөлшерде бiржолғы өтемақылар:

1) бiрiншi топтағы мүгедектігі бар адамға – бес жылдық жалақысы;

2) екiншi топтағы мүгедектігі бар адамға – үш жылдық жалақысы;

3) үшiншi топтағы мүгедектігі бар адамға – жылдық жалақысы төленедi.».

  1. «Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы» 1999 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 6, 190-құжат.; 2001 ж., № 17-18, 245-құжат; 2002 ж., № 15, 147-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 154-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; 2008 ж., № 15-16, 63-құжат; 2009 ж., № 24, 128, 130-құжат; 2010 ж., № 24, 152-құжат; 2011 ж., № 19, 145-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; 2013 ж., № 13, 62-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; 2016 ж., № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 8, 16-құжат; № 16, 56-құжат; 2018 ж., № 16, 53, 56-құжаттар; 2019 ж., № 24-II, 120-құжат; 2020 жылғы 14 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне көші-қон процестерін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):

16-баптың 2-1-тармағы мындай редакцияда жазылсын:

  «2-1. Сөйлеу не есту, не көру кемістігі бар мүгедектігі бар адамдар болып табылатын күдіктілер мен айыпталушылардың дактильді-ымдау тілін немесе Брайль әліпбиін меңгерген мамандар көрсететін қызметтерді пайдалануға құқығы бар.».

  1. «Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы» 1999 жылғы 5 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 8, 238-құжат; № 23,
    925-құжат; 2000 ж., № 23, 411-құжат; 2001 ж., № 2, 14-құжат; 2002 ж., № 6,
    71-құжат; 2004 ж., № 24, 157-құжат; 2005 ж., № 23, 98-құжат; 2006 ж., № 12,
    69-құжат; 2007 ж., № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 23, 111-құжпт; 2012 ж., № 4,
    32-құжат; № 8, 64-құжат; 2014 ж., № 6, 28-құжат; № 19-І, 19-II, 96-құжат;
    2015 ж., № 6, 27-құжат; № 19-II, 106-құжат; № 22-II, 145-құжат; 2016 ж., № 7-І, 49-құжат; 2018 ж., № 14, 42-құжат; № 22, 83-құжат; 2019 ж., № 21-22, 90-құжат; № 23, 106-құжат; 2020 жылғы 7 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2020 жылғы 26 маусымдағы «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне цифрлық технологияларды реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 25 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):

1) 4-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«4-бап. Жәрдемақыға құқығы бар азаматтар

Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде айқындалған жеңілдіктер тізбесі негізге алына отырып, арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алуға құқығы бар азаматтарға:

1) Ұлы Отан соғысының ардагерлері;

2) басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері;

3) мәртебесі «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 1) тармақшасында айқындалған, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген адамдар;

4) мәртебесі «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 2) тармақшасында айқындалған, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген адамдар;

5) Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердiң ата-аналары және екiншi рет некеге тұрмаған жесiрлерi;

6) Ауғанстандағы немесе соғыс қимылдары жүргiзiлген басқа мемлекеттердегі соғыс қимылдары кезiнде қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе жаралану, контузия алу, мертiгу, ауру салдарынан қайтыс болған әскери қызметшiлердiң, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің отбасылары; бейбiт уақытта әскери қызмет, арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет атқару кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің отбасылары, қызметтік мiндеттерiн атқару кезiнде қаза тапқан iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң отбасылары; Чернобыль АЭС-тағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарын жою кезiнде қаза тапқандардың отбасылары; сәуле аурулары салдарынан қайтыс болғандардың немесе қайтыс болған мүгедектігі бар адамдардың, сондай-ақ қайтыс болуы Чернобыль АЭС-тағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың және ядролық сынақтардың әсерiне белгiленген тәртiппен байланысты болған азаматтардың отбасылары;

7) Ұлы Отан соғысының қайтыс болған мүгедектігі бар адамның немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектігі бар адамына теңестiрiлген адамның екiншi рет некеге тұрмаған зайыбы (жұбайы), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығу, жұмыста мертігу және басқа да себептер (құқыққа қайшы келетiндердi қоспағанда) салдарынан мүгедектігі бар адам деп танылған, Ұлы Отан соғысының қайтыс болған қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушiнің, «Ленинградты қорғағаны үшiн» медалiмен немесе «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгiсiмен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған зайыбы (жұбайы);

8) Кеңес Одағының Батырлары, Социалистік Еңбек Ерлері, үш дәрежелі Даңқ, үш дәрежелі Еңбек Даңқы ордендерінің иегерлері, «Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы» құрметті атағына ие болған адамдар;

9) «Халық қаһарманы» атағына ие болған адамдар;

10) «Қазақстанның Еңбек Ері» атағына ие болған адамдар;

 11) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен марапатталмаған адамдар;

12) 1988-1989 жылдардағы Чернобыль АЭС-дағы апаттың зардаптарын жоюға қатысушылардың, қоныс аудару күнінде құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймағынан қоныс аударылғандардың (өз еркімен кеткендердің) және Қазақстан Республикасына қоныстанғандардың қатарындағы адамдар;

13) «Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 5-тармағында көзделген жасына байланысты берілетін зейнетақы төлемдеріне мүгедектігі бойынша төленетін айлық жәрдемақы мөлшеріне дейін қосымша төлем алушыларды қоспағанда, жасына байланысты берілетін зейнетақы төлемдері немесе еңбек сiңiрген жылдары үшiн төленетiн зейнетақы төлемдерi тағайындалған бірінші, екінші және үшінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар, сондай-ақ Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес мүгедектігі бойынша зейнетақы алатын жағдайда Байқоңыр қаласында тұратын бірінші, екінші және үшінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар;

14) Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес мүгедектігі бойынша зейнетақы алатын жағдайда Байқоңыр қаласында тұратын он алты жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар;

15) Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес мүгедектігі бойынша зейнетақы алатын жағдайда Байқоңыр қаласында тұратын он алтыдан он сегіз жасқа дейiнгi бiрiншi, екiншi, үшiншi топтардағы мүгедектігі бар балалар;

16) саяси қуғын-сүргін құрбандары, мүгедектігі бар адам болып қалған немесе зейнеткер болып табылатын саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккен адамдар;

 17) Қазақстан Республикасына сіңірген ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған адамдар жатады;

18) бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды күтуді жүзеге асыратын тұлғалар (бұдан әрі - күтімді жүзеге асыратын тұлғалар).»;

2) 5-баптың 2-1-тармағының екінші бөлігі келесі редакцияда жазылсын:

«Осы Заңның 4-бабының 5) тармақшасында аталған адамдардың 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамыр аралығындағы жұмыс істеген фактісін растайтын құжаттары жоқ болса, жұмыс өтілін орталық атқарушы орган белгілеген тәртіппен құрылатын арнайы комиссиялар белгілейді.»;

3) 6-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«6-бап. Жәрдемақы төлеу тәртібі

  1. Жәрдемақы төлеу тәртібін орталық атқарушы орган бекітеді.
  2. Жәрдемақы төлеу ағымдағы ай үшін және оны алу құқығы туындаған күннен бастап жәрдемақы тағайындалған жағдайлар сақталған кезеңге жүргізіледі. Жәрдемақы алушы қайтыс болған жағдайда, жәрдемақы – қайтыс болған айына қоса, ал жәрдемақы алушы Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге тұрақты тұрғылықты жерге кеткен жағдайда кеткен айына қоса төленедi.
  3. Мүгедектік тобы өзгерген жағдайда жәрдемақы төлеу жаңа мөлшерде жәрдемақы алуға құқық пайда болған кезден бастап, заңдарда мүгедектіктің тиісті тобы үшін белгіленген мөлшерде жүзеге асырылады.
  4. Егер мүгедектігі бар адам Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде қайта куәландыру үшін МӘС бөлімшесіне келмесе, онда оған жәрдемақы төлеу оны қайтадан мүгедектігі бар адам деп таныған кезге дейін тоқтатыла тұрады.

Қайта куәландыру мерзімін дәлелді себеппен өткізіп алған жағдайда, жәрдемақы төлеу, егер МӘС бөлімшесі оны осы кезеңде мүгедектігі бар адам деп таныса, төлем тоқтатыла тұрған күннен бастап қайта куәландыру күніне дейін, бірақ алты айдан аспайтын уақыт үшін жүргізіледі. Бұл ретте, егер қайта куәландыру кезінде мүгедектігі бар адам мүгедектіктің басқа (неғұрлым жоғары немесе неғұрлым төмен) тобына ауыстырылса, онда көрсетілген уақыт үшін жәрдемақы бұрынғы топ бойынша төленеді.

  1. Жәрдемақы алуға құқылы екі және одан да көп адам бiрге тұрған жағдайда жәрдемақы олардың әрқайсысына тағайындалады және төленедi.
  2. Отбасында бірінші топтағы мүгедектігі бар екі және одан да көп адам тұрған жағдайда, күтімді жүзеге асыратын адамдарға жәрдемақы олардың әрқайсысына тағайындалады және төленеді.
  3. Мүгедектігі бар адамға бірнеше адам күтімді жүзеге асырған жағдайда, күтім бойынша жәрдемақы осы адамдардың біріне тағайындалады және төленеді.
  4. Бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасау:

1) күтімді жүзеге асыратын адамның және бірінші топтағы мүгедектігі бар адамның бір елді мекенде бірге тұруы;

2) бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға бір немесе бірнеше реттелмейтін шұғыл қажеттіліктерді орындау үшін (жеке гигиенаны сақтау, киіну, тамақ ішу, физиологиялық жөнелту, ілесіп жүру және басқа да қажеттіліктерді іске асыру кезінде), оларды қанағаттандыру қажеттілігі тәулігіне бір және одан көп рет туындайтын күтімді жүзеге асыратын адамға көмек көрсету.»;

4) 7-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«7-бап. Жәрдемақы мөлшері

Жәрдемақы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде айқындалған жеңілдіктер тізбесі негізге алына отырып, арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны алуға құқығы бар азаматтарға белгіленеді.

Жәрдемақы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленетін айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің өзгеруі ескеріле отырып төленеді.

Жәрдемақы мынадай мөлшерде тағайындалады:

1) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне – 16,0 айлық есептік көрсеткіш;

2) «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 1), 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында санамаланған, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне – 6,19 айлық есептік көрсеткіш;

3) «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 6), 7) және 8) тармақшаларында санамаланған, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне – 4,8 айлық есептік көрсеткіш;

4) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген адамдарға – 6,19 айлық есептік көрсеткіш;

5) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген адамдарға – 7,55 айлық есептік көрсеткіш;

6) Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабар-ошарсыз кеткен) жауынгерлердің екінші рет некеге отырмаған жесірлеріне – 4,48 айлық есептік көрсеткіш;

7) Ауғанстандағы немесе соғыс қимылдары жүргізілген басқа да мемлекеттердегі соғыс қимылдары кезінде қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе жаралану, контузия алу, мертігу, ауыру салдарынан қайтыс болған әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің отбасыларына; бейбіт уақытта әскери қызметті, арнаулы мемлекеттік органдарда қызметті өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің отбасыларына; қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан ішкі істер органдары қызметкерлерінің отбасыларына; Чернобыль АЭС-тағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарын жою кезінде қаза тапқандардың отбасыларына; сәуле ауруы салдарынан қайтыс болғандардың немесе қайтыс болған мүгедектігі бар адамдардың, сондай-ақ қайтыс болуы Чернобыль АЭС-тағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың және ядролық сынақтардың әсеріне белгіленген тәртіппен байланысты болған азаматтардың отбасыларына – 4,59 айлық есептік көрсеткіш;

8) Ұлы Отан соғысының қайтыс болған мүгедектігі бар адамның немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектігі бар адамдарға теңестiрiлген адамның екiншi рет некеге тұрмаған зайыбы (жұбайы), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығу, жұмыста мертігу және басқа да себептер (құқыққа қайшы келетiндердi қоспағанда) салдарынан мүгедектігі бар адам деп танылған, Ұлы Отан соғысының қайтыс болған қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушiнің, «Ленинградты қорғағаны үшiн» медалiмен немесе «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгiсiмен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған зайыбы (жұбайы) – 2,56 айлық есептік көрсеткіш;

9) Кеңес Одағының Батырларына, үш дәрежелі Даңқ ордендерінің иегерлеріне, «Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы» құрметті атағына ие болған адамдарға - 138,63 айлық есептік көрсеткіш;

10) Социалистік Еңбек Ерлеріне, үш дәрежелі Еңбек Даңқы ордендерінің иегерлеріне, «Қазақстанның Еңбек Ері» атағына ие болған адамдарға – 138,63 айлық есептік көрсеткіш;

11) «Халық қаһарманы» атағына ие болған адамдарға – 138,63 айлық есептік көрсеткіш;

12) алып тасталды - ҚР 06.05.2020 №323-VI Заңымен (ресми жарияланған күнінен бастап алғашқы күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

13) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға, сондай-ақ мемлекеттік наградалармен наградталмаған, 1941 жылғы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамыр аралығындағы кезеңде кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет атқарған) адамдарға – 2,13 айлық есептік көрсеткіш;

14) 1988 – 1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың зардаптарын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдарға – 4,8 айлық есептік көрсеткіш;

15) «Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының
5-тармағына көзделген жасына байланысты берілетін зейнетақы төлемдеріне мүгедектігі бойынша төленетін айлық жәрдемақы мөлшеріне дейін қосымша төлем алушыларды қоспағанда, жасына байланысты берілетін зейнетақы төлемдері немесе еңбек сiңiрген жылдары үшiн төленетiн зейнетақы төлемдерi тағайындалған бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдарға, сондай-ақ Байқоңыр қаласында тұратын бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдарға, Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес мүгедектігі бойынша зейнетақы алатын жағдайда – 1,49 айлық есептік көрсеткіш;

16) «Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының
5-тармағына көзделген жасына байланысты берілетін зейнетақы төлемдеріне мүгедектігі бойынша төленетін айлық жәрдемақы мөлшеріне дейін қосымша төлем алушыларды қоспағанда, жасына байланысты берілетін зейнетақы төлемдері немесе еңбек сiңiрген жылдары үшiн төленетiн зейнетақы төлемдерi тағайындалған үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға, сондай-ақ Байқоңыр қаласында тұратын үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға, Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес мүгедектігі бойынша зейнетақы алатын жағдайда – 0,64 айлық есептік көрсеткіш;

17) Байқоңыр қаласында тұратын он алты жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға, Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес мүгедектігі бойынша зейнетақы алатын жағдайда – 0,96 айлық есептік көрсеткіш;

18) Байқоңыр қаласында тұратын он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға, Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес мүгедектігі бойынша зейнетақы алатын жағдайда:

бірінші және екінші топтағыларға – 1,49 айлық есептік көрсеткіш;

үшінші топтағыларға – 0,64 айлық есептік көрсеткіш;

19) саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына, саяси қуғын-сүргіндерден зардап шеккен, мүгедектігі бар немесе зейнеткерлер болып табылатын адамдарға – 1,07 айлық есептік көрсеткіш;

20) Қазақстан Республикасына ерекше еңбек сіңіргені үшін зейнетақы тағайындалған адамдарға – 1,07 айлық есептік көрсеткіш.

21) 1-топтағы мүгедектігі бар адамға күтімді жүзеге асыратын адамға -1,4 ең төмен күнкөріс деңгейі.»;

5) 8-бапта:

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Жәрдемақы төлеу жәрдемақы алушының сот тағайындаған бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жазаны өтеу кезеңінде тоқтатыла тұрады. Егер мұндай жәрдемақы алушы осы Заңның 4-бабының 6) тармақшасында көрсетілген азаматтарға жататын болса, жәрдемақы отбасының оған құқығы бар басқа мүшесіне қайта ресімделуі мүмкін.»;

мынадай мазмұндағы 5, 6 және 7-тармақтармен толықтырылсын:

«5. Бала күтімін жүзеге асыратын адамдарға жәрдемақы тағайындалмайды:

1) кәмелетке толмағандарға;

2) сот әрекетке қабілетсіз не әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп таныған;

3) психиатриялық және (немесе) наркологиялық диспансерде есепте тұратындарға.;

  1. Күтімді жүзеге асыратын адамдарға төлемді тоқтату немесе тоқтата тұру бірінші топтағы мүгедектігі бар адамның немесе оның заңды өкілінің немесе күтімді жүзеге асыратын адамның өтініші негізінде жүргізіледі;
  2. Күтімді жүзеге асыратын адамды өзгерту бірінші топтағы мүгедектігі бар адамның немесе оның заңды өкілінің күтімді жүзеге асыратын адамды ауыстыру туралы өтініші негізінде күнтізбелік жыл ішінде екі реттен асырмай жүргізіледі.

Ауыстыру өтініш берген айдан кейінгі айдың басынан бастап жүргізіледі.

Күтімді жүзеге асыратын адамды ауыстыру туралы өтініш осы Заңның
5-бабына сәйкес Мемлекеттік корпорацияға беріледі.»;

. Күтімді жүзеге асыратын адамды өзгерту бірінші топтағы мүгедектігі бар адамның немесе оның заңды өкілінің күтімді жүзеге асыратын адамды ауыстыру туралы өтініші негізінде күнтізбелік жыл ішінде екі реттен асырмай жүргізіледі.

Ауыстыру өтініш берген айдан кейінгі айдың басынан бастап жүргізіледі.

Күтімді жүзеге асыратын адамды ауыстыру туралы өтініш осы Заңның
5-бабына сәйкес Мемлекеттік корпорацияға беріледі.»;

мынадай мазмұндағы 8-1-баппен толықтырылсын:

«8-2-бап. Осы Заңның сақталуын мемлекеттік бақылау.

Жәрдемақыларды төлеу жөніндегі талаптардың толық мөлшерде және (немесе) белгіленген мерзімдерде сақталуын мемлекеттік бақылауды уәкілетті мемлекеттік орган тексеру және профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырады.

  1. Тексеру және профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.».;
  2. «Жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда немесе еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстарда істеген адамдарға берілетін мемлекеттік арнайы жәрдемақы туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 19, 647-құжат; 2002 ж., № 10, 105-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 23, 98- құжат; 2006 ж., № 12, 69-құжат.; 2007 ж., № 24, 178-құжат; 2014 ж., № 6, 28-құжат;
    № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 6, 27-құжат; № 22-II, 145-құжат; 2018 жылғы 3 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру және еңбек мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):

1) 1-баптың 1-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті орган-орталық атқарушы орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі;»;

2) мынадай мазмұндағы 7-1-баппен толықтырылсын:

«7-1-бап. Осы Заңның сақталуын мемлекеттік бақылау.

  1. Жәрдемақы төлеу жөніндегі талаптардың толық мөлшерде және (немесе) белгіленген мерзімдерде сақталуын мемлекеттік бақылауды жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган тексеру және профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырады.
  2. Тексеру және профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.».
  3. «Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылына байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі Заңы (1999 жылғы 30 шілдеде «Казахстанская правда» газетінде жарияланған):

2) 16 жасқа толмаған балалары немесе І және ІІ топтағы мүгедектігі бар балалары бар әйелдер, сондай-ақ жүкті әйелдер;

3) 16 жасқа толмаған балалары немесе І және ІІ топтағы мүгедектігі бар балалары бар болып, олардың аналары, қамқоршылары (қорғаншылары) болмаған жағдайда, ер адамдар;

6) 1941 – 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектігі бар адамдары, сондай-ақ оларға теңестірілген адамдар;

7) әскери және интернационалдық борышын атқару кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің жесірлері, күйеулері соғыс мүгедектігі бар адамдары және оларға теңестірілген адамдар болып табылатын әйелдер;

8) І және ІІ топтағы мүгедектігі бар адамдар, сондай-ақ онкологиялық ауруы бар науқастар (екінші, үшінші және төртінші клиникалық топтар);

2) 17-бапта:

2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«2) Осы Заңның 1-бабының 2) тармақшасында аталған адамдарға аналық құқығынан айрылмаған және осы Заң күшiне енетiн күнге 16 жасқа толмаған, соның iшiнде асырап алған не қамқорлыққа алған балалары бар немесе жасына қарамастан І және II топтардағы мүгедектігі бар балалары бар әйелдер; осы Заң күшiне енетiн күнге жүктi болған әйелдер жатады;»;

тармақшаның бірінші, жиырмасыншы, жиырма бірінші, жиырма екінші, жиырма үшінші, жиырма төртінші және жиырма бесінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:

«4) осы Заңның 1-бабының 6) тармақшасында аталған адамдарға: Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және оларға теңестірілген:»;

«Чернобыль атом электр станциясындағы апат пен Семей ядролық полигонындағы жарылыстардың салдарынан зардап шеккен және мүгедектігі бар адам болып қалған азаматтар;

Ұлы Отан соғысы кезеңiнде майданда әскери қимылдар ауданында, темiр жолдардың майдан маңындағы учаскелерiнде, қорғаныс шептерi, әскери-теңiз базалары мен аэродромдар құрылыстарында жарақаттану, жарымжан болу, зақымдану немесе сырқаттану салдарынан мүгедектігі бар адам болып қалған Ұлы Отан соғысының майдандағы армиясының әскери қызметшілері, партизандары мен астыртын қимыл жасаушылары, сондай-ақ тиiстi санаттардағы жұмысшылары мен қызметшiлерi және зейнетақымен қамсыздандыру жөнiнен әскери қызметшiлерге теңестiрiлгендер;

1945 жылы Жапониямен соғыс барысында жарақаттану, жарымжан болу, зақымдану немесе сырқаттану салдарынан мүгедектігі бар адам болып қалған бұрынғы КСР Одағы Қарулы Күштерiнiң әскери қызметшiлерi мен ерiктi жалданушылары;

бұрынғы КСР Одағын қорғау кезiнде, басқа кезеңдерде әскери қызметтiң өзге де мiндеттерiн атқару кезiнде алған жарақаттану, жарымжан болу, зақымдану салдарынан немесе майданда болуына байланысты сырқаттану салдарынан, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттерде әскери қызмет өтеген кезде мүгедектігі бар адам болып қалған әскери қызметшiлер;

қызмет мiндеттерiн атқару кезiнде жарақаттану, жарымжан болу, зақымдану салдарынан не майданда болуына немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген мемлекеттерде қызмет мiндеттерiн атқаруына байланысты сырқаттану салдарынан мүгедектігі бар адам болып қалған бұрынғы КСР Одағы iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарының қатардағы және басшы құрамының адамдары;

басқа елдерде iс-қимылдар жасаған әскери контингенттерге қызмет көрсеткен және ұрыс қимылдарын жүргiзу кезеңiнде жарақаттану, жарымжан болу, зақымдану не сырқаттану салдарынан мүгедектігі бар адам болып қалған жұмысшылар мен тиiстi санаттағы қызметшiлер қатарындағы адамдар жатады;»;

5) тармақшаның үшінші және төртінші абзацтары келесі редакцияда жазылсын:

«соғыс мүгедектігі бар адамдары мен оларға теңестiрiлген адамдардың әйелдерi;

Ұлы Отан соғысының қайтыс болған мүгедектігі бар адамдары мен оларға теңестiрілген мүгедектігі бар адамдардың әйелдерi (күйеулерi), сондай-ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандар мен астыртын қимыл жасаушылардың, Ленинград қаласында қоршау кезеңiнде қаланың кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстеген және «Ленинградты қорғағаны үшiн» медалiмен, «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгiсiмен марапатталған, жалпы ауруының, жұмыс кезiнде жарақаттануы және басқа да себептер нәтижесiнде мүгедек деп танылған азаматтардың (мүгедектiгi құқыққа қарсы әрекет салдарынан болғандардан басқа) басқа тiркелген некеге тұрмаған әйелдерi (күйеулерi) жатады;»;

6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«6) осы Заңның 1-бабының 8) тармақшасында аталған адамдарға осы Заң күшiне енгенге дейiн белгiленген тәртiппен I және II топтағы мүгедектігі бар адамдар деп танылғандар, сондай-ақ осы Заң күшiне енгенге дейiн берiлген тиiстi медициналық қорытындының негiзiнде есепте тұрған онкологиялық аурулары бар науқастар және осы Заңның орындалу мерзiмi iшiнде онкологиялық ауруы бар деп танылған адамдар жатады;»;

3) 37-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) рақымшылық жасау бойынша жазадан босатылған және туған-туыстары мен жақын жуықтары жоқ мүгедектігі бар адамдар мен қарт адамдарды арнаулы интернат-үйлерге орналастыруға;»;

  1. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 3, 17-құжат; № 9, 86-құжат; № 24, 338-құжат.; 2002 ж., № 10,
    103-құжат.; 2004 ж., № 10, 56-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 144-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23- құжат; 2006 ж., № 1, 5- құжат; № 13, 86,
    87-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 99-құжат; № 18, 113-құжат; № 23,
    141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 14-құжат; № 10, 69-құжат; № 12,
    88-құжат; № 17, 139-құжат; № 20, 152-құажт; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114, 124-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 9-құжат; № 24, 133-құжат.; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 2, 28-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 3, 21-құжат; № 5,
    35-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15,
    81-құжаттар; № 20, 113-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 3, 21-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 67-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар;№ 21, 118,
    122-құжаттар; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; № 19-I, 101-т.; № 19-II, 103-құжат; № 21-I, 121, 124, 125-құжаттар; № 21-II, 130, 132-құжаттар; № 22-I, 140-құжат; № 22-V, 154, 156, 158-құжаттар; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-I, 47, 49-құжаттар; № 8-II, 72-құжат; № 23, 118-құжат; 2017 ж., № 3, 6-құжат; № 8,
    16-құжат; № 13, 45-құжат; № 15, 55-құжат; № 16, 56-құжат; 2018 ж., № 12,
    39-құжат; № 16, 56-құжат; № 21, 72-құжат; № 22, 83-құжат; № 24, 93-құжат;
    2019 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37, 39-құжаттар; № 19-20, 86-құжат; № 21-22,
    91-құжат; № 23, 103, 108-құжаттар; № 24-I, 119-құжат; 2020 жылғы
    14 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2020 жылғы 14 мамырдағы «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне көші-қон процестерін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2020 жылғы 8 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):

1) 35-баптың 1-тармағының 12-2), 12-4) және 12-5) және 12-6) тармақшалары кмынадай редакцияда жазылсын:

«12-2) мүгедектігі бар адамдарға көмек көрсетуді ұйымдастырады;»;

«12-4) дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкілетті органмен және мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктерімен бірлесіп, мүгедектігі бар адамдар арасында сауықтыру және спорттық іс-шаралар өткізуді ұйымдастырады;

12-5) мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктерімен бірлесіп, мәдени-бұқаралық және ағартушылық іс-шараларды ұйымдастырады;

12-6) мүгедектігі бар адамдарға қайырымдылық және әлеуметтік көмек көрсетуді үйлестіреді;»;

  1. «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» 2001 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 13-14, 175-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; 2003 ж., № 23, 168-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат;
    2007 ж., № 2, 18-құжат; № 17, 139-құжат; 2008 ж., № 13-14, 57-құжат; 2009 ж.,
    № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжт; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж.,
    № 1, 4-құжат.; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23,
    143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; № 22-I, 143-құжат; № 22-II, 144-құжат; 2016 ж., № 23, 118-құжат; 2017 ж., № 12, 34-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат;
    № 13, 41-құжат; № 19, 62-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 7, 37-құжат;
    2020 жылғы 3 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне ойын бизнесi мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2020 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):

1) 1-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) әлеуметтік туризм – жұмыс берушінің және (немесе) өзге де үшінші тұлғалардың қаражаты есебінен толық немесе ішінара жүзеге асырылатын, туристік көрсетілетін қызметтердің мүгедектігі бар адамдарға, халықтың күнкөрісі төмен топтарына қолжетімді болуын қамтамасыз ететін туризм түрі;»;

2) 9-баптың 3) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

«3) балалардың, жасөспiрiмдердiң, жастардың, мүгедектігі бар адамдар мен халықтың күнкөрiсi төмен топтарының арасында туристiк және экскурсиялық жұмысты ұйымдастыру үшін жеңілдікті жағдайлар енгiзу;»;

  1. «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 243-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 6, 10-құжат; № 7-8, 19-құжат;
    2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; № 23, 144-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 16, 129-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 15-16, 76-құжат; № 18, 84-құжат;
    2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 6, 50-құжат, № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 3, 21, 27-құжат; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат;
    № 14, 92, 95-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 4, 6-құжат; № 2, 10,
    12-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 86-құжат;
    № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 19-I, 99, 101-құжаттар;
    № 19-II, 103-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 21-I, 128-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 23-II, 170-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-II, 53-құжат; 2017 ж., № 4,
    7-құжат; № 14, 51-құжат; № 22-III, 109-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 19,
    62-құжат; № 22, 82-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 7, 37, 39-құжат; № 8,
    45-құжат; № 19-20, 86-құжат; № 23, 103, 108-құжатта; № 24-I, 119-құжат;
    2020 жылғы 1 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аймақтар мен тыйым салынған аудандар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 29 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2020 жылғы 30 маусымдағы «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік заңнамасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):

1) 1-баптың 61-3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«61-3) халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары - өз бетімен жүріп-тұру, көрсетілетін қызметтер, ақпарат алу немесе кеңістікте бағдарлану кезінде қиындық көріп жүрген, оның ішінде балаларға арналған арбаларды пайдаланатын адамдар, қарттар, мүгедектігі бар адамдар;»;

2) 6-баптың 4-тармағының 4) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

«4) мүгедектігі бар адамдардың тұруына, келіп-кетуіне және жұмыс істеуіне арналған үй-жайлар мен ғимараттар жатады.»;

3) 7-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) мемлекеттiк қала құрылысы саясатының өндiргiш күштердi қоныстандыру мен орналастыру бөлiгiне, аумақтарды аймақтарға бөлуге қойылатын қала құрылысы талаптарына, экологиялық және санитариялық-гигиеналық қауiпсiздiк нормаларына және аталған жергiлiктi жердiң инфрақұрылыммен қамтамасыз етiлу деңгейiне сәйкес елдi мекеннiң (қоныстың) аумағы шегiнде осы мекенге қатысты мекендеу мен тiршiлiк етуге қолайлы, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдарға және халықтың жүріп-тұруы шектеулі басқа да топтарына қолжетімді ортаға;»;

4) 11-баптың 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Елдi мекендер қоныстану үлгiсiне және сол жердiң жағдайына сәйкес халықтың барлық санаттары үшiн (мүгедектігі бар адамдар мен iс-қимылы шектеулi басқа да топтарды қоса алғанда) жұмыс орындарына, жалпыға ортақ пайдаланылатын орындарға, әлеуметтiк, рекреациялық, инженерлiк және көлiк инфрақұрылымы объектiлерiне (ғимараттарына, коммуникацияларына) қол жеткiзуiн оңтайлы жағдайлармен және құралдармен қамтамасыз етiлуге тиiс.

  1. Елдi мекендерге арналған қала құрылысы құжаттамаларында мүгедектігі бар адамдардың және халықтың iс-қимылы шектеулi басқа топтарының әлеуметтiк және рекреациялық инфрақұрылым объектiлерiне қажеттерiн қамтамасыз етуге жағдай жасау жөнiндегi бөлiмдер мазмұндалуға тиiс.»;

5) 17-баптың 1-тармағының 9) және 12) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

«9) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы, сондай-ақ объектiнi жобалау, салу және кейiннен пайдалану процесiнде еңбек қорғау, өрт және жарылыс қауiпсiздiгi, санитариялық және экологиялық қауiпсiздiк, мүгедектігі бар адамдар мен халықтың қауқары аз топтары үшiн әлеуметтiк, көлiктiк және рекреациялық инфрақұрылым объектiлерiне қол жеткiзудi қамтамасыз ету жөнiндегi мемлекеттiк нормативтердi сақтамау;

 12) мекендеу және тiршiлiк ету ортасының жай-күйiнiң нашарлауына, азаматтар, соның iшiнде мүгедектігі бар адамдар мен тұтас алғанда қоғамның құқықтарына және заңды мүдделерiне нұқсан келтiруге, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа әкеп соғатын мемлекеттік мүдделерге зиян келтiруге себеп болатын өзге де әрекеттер.»;

6) 25-баптың 1-тармағының 13) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«13) мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етуді міндетті түрде ескере отырып, объектілерді пайдалануға қабылдау актілерін, сондай-ақ пайдалануға берілетін объектілерді (кешендерді) есепке алуды жүргізу;»;

7) 30-баптың 3-тармағының үшінші бөлігінің мынадай редакцияда жазылсын:

«Құрылыс салуды ұйымдастыру және құрылыс саласында рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларында мүгедектігі бар адамдар мен халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін қолжетімділікті қамтамасыз ету жөніндегі талаптар ескерілуге тиіс.»;

8) 31-баптың 2-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«5) мүгедектігі бар адамдар мен халықтың қауқары аз топтары үшiн әлеуметтiк, көлiктiк және рекреациялық инфрақұрылым объектiлерiне қол жеткiзудi қамтамасыз ету бөлiгiнде - халықты әлеуметтiк қорғау уәкiлеттi органын тарта отырып жүзеге асырылады.»;

9) 48-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Тұрғын үй, қоғамдық (қоғамдық-iскерлiк) рекреациялық аймақтардың аумағы, инженерлiк және көлiк инфрақұрылымының аймақтары бөлінген шекараларда болуға және мүгедектігі бар адамдар мен халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарының қолжетімділігі ескеріле отырып, жайластырылуға тиіс.»;

79-баптың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«Тапсырыс берушілерді (инвесторларды, құрылыс салушыларды), техникалық және авторлық қадағалуды жүзеге асыратын тұлғаларды, iздену, жобалау, құрылыс-монтаждау жұмыстарына мердiгерлiктiң жауапты орындаушыларын, құрылыс материалдарын, бұйымдарын, конструкцияларын және жабдықтарын дайындаушылар мен берушiлерді қоса алғанда, салынған объектiлердi пайдалануға тапсыруға және қабылдауға қатысушылар, сондай-ақ құрылыстың және жабдықтарды монтаждаудың барысын жедел қадағалау қызметтері және басқа да қатысушылар жiберiлген бұзушылықтар не мiндеттi нормативтiк талаптардан (шарттардан, шектеулерден) ауытқушылықтар салдарынан азаматтардың өмiрiне немесе денсаулығына қауiп төнгені үшін, сондай-ақ мемлекеттiк, қоғамдық немесе жеке мүдделерге залал (зиян) келтiрiлгені үшiн, оның ішінде мүгедекігі бар адамдар мен халықтың жүріп-тұруы шектеулі басқа да топтары үшін объектілердің қолжетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды сақтамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылықта болады.».

  1. «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 247-құжат; 2004 ж., № 23,
    142-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж.,
    № 1, 4-құжат; № 23, 117-құжат; 2011 ж., № 10, 86-құжат; № 16, 128-құжат;
    2012 ж., № 2, 14-құжат; № 8, 64-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 19-І, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 6, 27-құжат; № 10, 50-құжат; № 19-II, 106-құжат;
    № 22-II, 145-құжат; № 22-V, 158-құжат; 2016 ж., № 7-І, 49-құжат; 2017 ж., № 12, 36-құжат; 2018 ж., № 7-8, 22-құжат; № 14, 42-құжат, № 22, 83-құжат; № 24,
    93-құжат; 2019 ж., № 7, 39-құжат; № 23, 106-құжат; 2020 жылғы 14 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне көші-қон процестерін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы;
    2020 жылғы 30 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік заңнамасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):

1) 1-бапта:

мынадай мазмұндағы 1-4) тармақшамен толықтырылсын:

«1-4) Әлеуметтік қызметтер порталы – халықтың жекелеген санаттарына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік қорғау шараларын алуға мүмкіндік беретін, әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесінің бөлігі болып табылатын автоматтандырылған ақпараттық жүйе;»;

3-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«3-2) кепілдік берілген әлеуметтік топтама – бір жастан он сегіз жасқа дейінгі балалары бар табысы аз отбасыларға орталық атқарушы орган айқындайтын түрлерде және көлемдерде көрсетілетін көмек;»;

2) 2-бапта:

4-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) құрамында еңбекке қабілетті адамдары жоқ немесе жалғыз еңбекке қабілетті мүшесі үш жасқа дейінгі балаға, мүгедектігі бар балаға, бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамға, бөгде адамның күтіміне және көмегіне мұқтаж қарттарға күтімді жүзеге асыратын табысы аз отбасыларға көрсетіледі.»;

6-тармақтың екінші бөлігінің 1) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

«1) бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдарға;»;

«4) үш жасқа дейінгі баланы, мүгедектігі бар баланы, бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдарды, бөгде адамның күтіміне және көмегіне мұқтаж, сексен жастан асқан қарттарды бағып-күтуді жүзеге асыратын адамдарға;»;

7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«7. Кепілдендірілген әлеуметтік топтама шартсыз немесе шартты ақшалай көмек алушылар қатарынан аз қамтылған:

бір жастан алты жасқа дейінгі балалары бар, оның ішінде алты жасқа толған, орта білім беру ұйымдарында оқуға кіріспеген балалары бар отбасыларға;

алты жастан он сегіз жасқа дейінгі балалары бар, сондай-ақ он сегіз жасқа толған, орта білім беру ұйымдарында оқитын балалары бар адамдарға - тиісті оқу жылы ішінде беріледі.

Шартсыз немесе шартты ақшалай көмек төлеуді тоқтату, атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін жалған мәліметтер және (немесе) дәйексіз құжаттар ұсыну жағдайларын қоспағанда, отбасыларға кепілдендірілген  әлеуметтік топтаманы беруді тоқтату үшін негіз болып табылмайды.

Кепілдендірілген әлеуметтік топтама Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес немесе жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша әлеуметтік қызметтер порталы арқылы ұсынылады.»;

3) 4-бапта:

1-тармақта:

төртінші бөліктің үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«мемлекеттің толық қамтамасыз етуіндегілерден басқа, интернат ұйымдарында білім алатын, сондай-ақ кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) Қазақстан Республикасының орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балаларға талап етілмейді.»;

мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:

«Отбасының тұрғылықты жері бойынша осындай деңгейдегі білім беру ұйымының болмауына байланысты отбасында тұратын және орта білім беру ұйымдарында оқу орны бойынша басқа елді мекенде тіркелген балалар осы Заңның мақсаттары үшін отбасы құрамына енгізіледі.»;

4-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3) «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабында айқындалған мүгедектерді әлеуметтік оңалту шараларын қамтитын әлеуметтік бейімдеу шаралары, «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдарға көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен көрсетілетін өзге де мемлекеттік қолдау шаралары айқындалады.»;

4) мынадай мазмұндағы 4-1 және 4-2-баптармен толықтырылсын:

«4-1-бап. Кепілдік берілген әлеуметтік пакеттің құнын өтеу

5) аз қамтылған отбасы әлеуметтік қызметтер порталы арқылы кепілдік берілген әлеуметтік пакетті сатып алған кезде жергілікті атқарушы органдардың оның құнын, бірақ осы баптың 2-тармағында көзделген кепілдік берілген соманың мөлшерінен аспайтын мөлшерде өтеуіне құқығы бар.

Аз қамтылған отбасы кепілдік берілген сомадан асатын баға бойынша әлеуметтік қызметтер порталы арқылы кепілдік берілген әлеуметтік пакетті сатып алған кезде кепілдік берілген сома мен кепілдік берілген әлеуметтік пакеттің нақты құны арасындағы айырманы аз қамтылған отбасы өз қаражаты есебінен дербес төлейді.

  1. Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы сатып алынатын кепілдік берілген әлеуметтік пакеттің құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдік берілген сома өнім берушіге орталық атқарушы орган бекітетін тәртіпке сәйкес орталық атқарушы орган есептейтін мөлшерде өтеледі.

 

4-2-бап. Әлеуметтік қызметтер порталы

6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке тұлғалар, заңды тұлғалар және олардың филиалдары әлеуметтік қызметтер порталында тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді жеткізушілер бола алады.

Әлеуметтік қызметтер порталында тіркеле алатын өнім берушілер:

1) салық берешегі және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі жоқ;

2) банкроттық не тарату рәсіміне жатпайды;

3) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізілмеген;

4) міндетті сертификаттауға жататын тауарларды жеткізу кезінде сәйкестік сертификаты бар;

5) кепілдік берілген соманы өтеу шарттарында Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған көмектің көлемі мен түрлеріне сәйкес кепілдік берілген әлеуметтік пакетпен қамтамасыз ету жөнінде міндеттемелер қабылдады.

  1. Өнім беруші әлеуметтік қызметтер порталында тіркеуден мынадай жағдайларда алынады:

1) әлеуметтік қызметтер порталында тіркеуден шығару туралы өтініш беру;

2) қызметі тоқтатылған немесе қайтыс болған;

3) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізу;

Өнім беруші осы тармақшада көзделген негіз бойынша әлеуметтік қызметтер порталында тіркеуден шығарылған жағдайда, әлеуметтік қызметтер порталында кейіннен тіркеу Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінен ол туралы мәліметтер алып тасталғаннан кейін мүмкін болады;

7) әлеуметтік қызметтер порталы арқылы өзіне алған міндеттемелерін орындамау және (немесе) тиісінше орындамау.

Осы тармақтың үшінші бөлігінің 4) тармақшасында көрсетілген жағдайда, алушы өнім берушінің өз міндеттемелерін бұзу фактісі туралы өзіне белгілі болған күннен бастап күнтізбелік он төрт күннен кешіктірмей әлеуметтік қызметтер порталында тиісті ақпаратты орналастырады. Осы ақпаратты орналастыру күнінен бастап он жұмыс күні ішінде жергілікті атқарушы орган құратын Комиссия қарайды, ол өнім беруші тарапынан бұзушылықтардың болуын немесе болмауын айқындайды.

Өнім беруші осы тармақшада көзделген негіз бойынша әлеуметтік қызметтер порталында тіркеуден шығарылған жағдайда, оны кейіннен әлеуметтік қызметтер порталында тіркеу тіркеуден шығарылған күннен бастап кемінде бір жыл өткен соң мүмкін болады.

  1. Әлеуметтік қызметтер порталында өнім берушілерді тіркеу, сондай-ақ әлеуметтік қызметтер порталында тіркеуден шығару орталық атқарушы орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.
  2. Кепілдік берілген әлеуметтік пакетті сатып алуға, оның ішінде өнім берушінің қалыптастыру туралы міндеттемелерін қабылдауға байланысты аз қамтылған отбасы мен өнім берушілер арасындағы қатынастар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасымен, сондай-ақ нысанын орталық атқарушы орган бекітетін әлеуметтік қызметтер порталында жасалатын шартпен реттеледі.
  3. Әлеуметтік қызметтер порталын дамытуды, сүйемелдеуді және жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, әлеуметтік-еңбек саласы мәселелері бойынша мемлекеттік саясатты ақпараттық және талдамалық қолдауды қамтамасыз ететін заңды тұлға жүзеге асырады.»;

5) 5-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Учаскелік комиссиялар өз қызметін жергілікті өкілді органдармен келісілген және облыстық (республикалық маңызы бар қалалар, астана) атқарушы органдар бекітетін учаскелік комиссиялар туралы ережелерге, сондай-ақ өтініш берушінің материалдық жағдайын тексеру нәтижелері бойынша атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаждықтың болмауы өлшемдеріне сәйкес жүзеге асырады.

Учаскелік комиссиялар туралы үлгі Ережені, сондай-ақ өтініш берушінің материалдық жағдайын тексеру нәтижелері бойынша атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаждықтың болмауы критерийлерін орталық атқарушы орган бекітеді.»;

6-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын айқындау атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш жасалған кезде ұсынылған өтініштің және мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелерінен алынған мәліметтердің негізінде жүргізіледі.

Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдары заңнамаға сәйкес табыс бермейтін үй малын, құсты және жер учаскесін (жер үлесін) айқындауға құқылы.

Жиынтық табысты есептеу қағидаларын орталық атқарушы орган бекітеді.»;

7-баптың 1-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«1-1. Кепілдік берілген әлеуметтік пакет шеңберінде ұсынылатын көмектің түрлері мен көлемін орталық атқарушы орган айқындайды.»;

8-1-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

«Жергілікті атқарушы органдар өткен қаржы жылында осы баптың бірінші бөлігіне сәйкес атаулы әлеуметтік көмек төлеу жөніндегі міндеттемелерді уақтылы орындамаған жағдайда төлемдер ағымдағы қаржы жылында заңнамада белгіленген тәртіппен тиісті жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.».

  1. «Теміржол көлігі туралы» 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің ведомстволары, 2001 ж., № 23, 315-құжат; 2003 ж., № 10, 54-құжат; 2004 ж.,
    № 18, 110-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 13, 87-құжат;
    № 14, 89-құжат; № 16, 99-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 2-3,
    18-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж.,
    № 1, 2, 3-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 14, 72, 75-құжат;
    № 16, 83-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 12, 82-құжат;
    № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 19-І,
    100-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 20-VІІ, 117-құжат; № 23-ІІ, 170, 172-құжаттар; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 8-І, 60-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 9, 17-құжат; № 11, 29-құжат; № 23-ІІІ, 111-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 19, 62-құжат; 2019 ж., № 7, 37-құжат; № 8, 45-құжат; № 21-22, 91-құжат; № 24-І, 118-құжат; № 24-ІІ, 123-құжат; 2020 жылғы 30 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес-ахуалды жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):

1) 17-1-баптың 1, 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Теміржол вокзалында билет кассалары, күтуге арналған үй-жайлар, санитариялық-тұрмыстық, оның ішінде мүгедектігі бар адамдар мен халықтың баяу қимылдайтын топтары үшін арнайы жабдықталған үй-жайлар, ана мен бала бөлмесі, ақпараттық қызмет көрсету объектілері (оның ішінде жолаушыларды бірыңғай анықтамалық-ақпараттық орталықпен байланыстыратын объектілер), медициналық пункт, қоғамдық тәртіпті сақтау пункті болуға тиіс.

  1. Ақпаратты беру тілдерді, мәтіндерді, Брайль қарпін, тактильдік қатынасты, ірі қаріпті, қолжетімді мультимедиялық құралдарды пайдалана отырып, мүгедектігі бар адамдар үшін де қамтамасыз етіледі.
  2. Жолаушылар платформалары мен перрондарға өту және шығу мүгедектер мен халықтың баяу қимылдайтын топтарына қолжетімді болуға (пандустармен, мамандандырылған лифтілермен жабдықталуға) тиіс.»;

2) 17-2-тармақта:

тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

  «17-2-бап. Теміржол көлігі саласындағы көрсетілетін қызметтердің мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділігі»;

  бірінші, екінші және төртінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:

  «1. Мүгедектігі бар адамдардың теміржол көлігі саласындағы көрсетілетін қызметтерге қол жеткізуі үшін теміржол вокзалдарында және теміржол станцияларында:

 8) арнайы жол белгілері орнатыла отырып, мүгедектігі бар адамдардың автокөлік құралдарын қоюға арналған орындардың бөлінуі;»;

«3) көру және (немесе) есту қабілеттері бұзылған мүгедектігі бар адамдар үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес қолжетімді ақпараттық сигналдық құрылғылармен және байланыс құралдарымен жабдықталуы;»;

9) 67-баптың 1-тармағы 4) тармақшасының бірінші абзацы келесі редакцияда жазылсын:

«4) Мүгедектігі бар адамдар мен халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары арасынан шыққан жолаушылардың жеке пайдалануға арналған техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдарды және арнайы қозғалыс құралдарын өздерімен тегін алып жүруге қосымша құқығы бар;».

  1. «Қазақстан Республикасы тәуелсiздiгiнiң он жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» 2002 жылғы 19 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 4, 31-құжат):

1) 1-баптың 2), 4) және 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

«2) кәмелетке толмаған балалары немесе асырауында I және II топтағы мүгедектігі бар балалары бар әйелдер, сондай-ақ жүктi әйелдер;

4) 1941 – 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектігі бар адамдар және оларға теңестiрiлген адамдар;

5) I және II топтағы мүгедектігі бар адамдар жазадан босатылсын.»;

2) 11-бапта:

2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«2) Осы Заңның 1-бабының 2) тармақшасында аталған адамдарға ата-ана құқығынан айырылмаған және осы Заң күшіне енетін күнге 18 жасқа толмаған балалары, соның ішінде асырап алған не қамқорлыққа алған балалары бар не жасына қарамастан I және II топтағы мүгедектігі бар балалары бар әйелдер, осы Заң күшiне енген күнiнде жүктiлiк жағдайында болған әйелдер жатады;»;

4) тармақшаның бірінші, жиырмасыншы, жиырма бірінші, жиырма екінші, жиырма үшінші, жиырма төртінші, жиырма бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«4) осы Заңның 1-бабының 4) тармақшасында аталған адамдарға Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектігі бар адамдар және соларға теңестiрiлген мына адамдар жатады:

 Чернобыль атом электр станциясындағы апат пен Семей ядролық полигонындағы жарылыстардың салдарынан зардап шеккен және мүгедектігі бар адамдар болып қалған азаматтар;

Ұлы отан соғысы кезеңінде майданда, әскери қимылдар аймағында, темір жолдардың майдан маңындағы учаскелерінде, қорғаныс шептері, әскери-теңіз базалары мен аэродромдар құрылыстарында жарақаттану, контузия алу, зақымдану немесе сырқаттану салдарынан мүгедектігі бар адам болып қалған Ұлы Отан соғысының майдандағы армиясының әскери қызметшілері, партизандары мен астыртын қимыл жасаушылары, сондай-ақ тиісті санаттардағы жұмысшылары мен қызметшілері және зейнетақымен қамсыздандыру жөнінен әскери қызметшілерге теңестірілгендер;

бұрынғы КСР Одағы Қарулы Күштерінің 1945 жылы Жапониямен соғыс барысында жарақаттану, контузия алу, зақымдану немесе сырқаттану салдарынан мүгедектігі бар адам болып қалған әскери қызметшілері мен ерікті жалданушылары;

бұрынғы КСР Одағын қорғау кезінде, басқа кезеңдерде әскери қызметтің өзге де міндеттерін атқару кезінде, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа да мемлекеттерде әскери қызметін өткеру кезінде жарақаттану, контузия алу, зақымдану салдарынан немесе майданда болуына байланысты сырқаттану салдарынан мүгедектігі бар адам болып қалған әскери қызметшілер;

қызмет міндеттерін атқару кезінде жарақаттану, контузия алу, зақымдану салдарынан не майданда болуына немесе ұрыс қимылдары жүргізілген мемлекеттерде қызмет міндеттерін атқаруына байланысты сырқаттану салдарынан мүгедектігі бар адам болып қалған бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары;

басқа елдерде іс-қимылдар жасаған әскери контингенттерге қызмет көрсеткен және ұрыс қимылдарын жүргізу кезеңінде жарақаттану, контузия алу, зақымдану не сырқаттану салдарынан мүгедектігі бар адам болып қалған жұмысшылар мен тиісті санаттағы қызметшілер қатарындағы адамдар;»;

5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«5) осы Заңның 1-бабының 5) тармақшасында аталған адамдарға, осы Заң күшіне енгенге дейін белгіленген тәртіппен І және ІІ топтағы мүгедектігі бар адамдар теп танылған адамдар жатады.»;

27-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) рақымшылық жасау бойынша жазадан босатылған және туған-туыстары мен жақын-жуықтары жоқ мүгедектігі бар адамдар мен қарт адамдарды арнаулы интернат-үйлерге орналастыру;»;

  1. «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 7 наурыздағы Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 5, 51-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 9, 49-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 20, 152-құжат;
    2009 ж., № 8, 44-құжат; 2010 ж., № 24, 143-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат;
    2014 ж., № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 118-құжат; № 23,
    138-құжат; 2015 ж., № 22-II, 148-құжат; № 22-V, 154-құжат; 2017 ж., № 12,
    37-құжат; № 14, 51-құжат; № 16, 56-құжат; 2019 ж., № 21-22, 91-құжат):

1) 25-баптың 10-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«10. Дипломатиялық қызметтiң қызметкерiне немесе жұмыскерiне шет елде қызметтiк мiндеттерiн орындау кезiнде алған жарақат, жаралану (контузия), мертiгу, ауру салдарынан болған мүгедектiк белгiленген кезде, оған оның Сыртқы iстер министрлiгiнде атқарған соңғы лауазымы бойынша лауазымдық айлықақысымен есептелген мөлшерде:

1) I топтағы мүгедектігі бар адамға - отыз айлық ақшалай қаражат;

2) II топтағы мүгедектігі бар адамға - он сегiз айлық ақшалай қаражат;

3) III топтағы мүгедектігі бар адамға - алты айлық ақшалай қаражат мөлшерiнде бiржолғы өтем төленедi.»;

  1. «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» 2002 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 16, 152-құжат; 2004 ж., № 23, 142; 2007 ж., № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 24, 122-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 14, 92-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; 2015 ж., № 23-II, 170-құжат; 2018 ж., № 14, 42-құжат; 2019 ж., № 24-II, 122-құжат):

11) 8-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) мүгедектігі бар адамдар қатарындағы кемтар балаларға үйде әлеуметтiк көмек көрсету бөлiмшесi туралы ережені әзiрлейдi, үйде әлеуметтiк көмек көрсету бөлiмшелерiн құрады;»;

2) 9-баптың 6-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) Қазақстан Республикасының мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтiк қорғау саласындағы заңдарында белгiленген тәртiппен әлеуметтiк көмек көрсету;»;

12) 11-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Жалпы білім беретін арнаулы білім беру ұйымдары ымдау тілін, Брайль әліпбиін, басқа да балама қаріптерді және қарым-қатынас әдістерін пайдалана отырып, тірек-қимыл аппараты бұзылған, көру және (немесе) есту және (немесе) сөйлеу қабілеттері бұзылған балалардың білім алуы үшін арнайы жағдайлар жасайды.

Арнаулы білім беру ұйымдары педагогтерді, оның ішінде ымдау тілін, Брайль әліпбиін, басқа да балама қаріптерді және қарым-қатынас әдістерін меңгерген мүгедектерді жұмысқа тартады.»;

13) 15-баптың 2-тармағы мынадайредакцияда жазылсын:

«2. Бюджеттен қаржыландыру арқылы мемлекеттiк тегiн бiлiм алу, бiлiм беру гранттарын алу конкурсына қатысқан кезде көрсеткiштерi басқалармен бiрдей болған жағдайда, медициналық-әлеуметтiк сараптау бөлiмдерiнiң қорытындысына сәйкес тиiстi бiлiм беру ұйымдарында бiлiм алуына болатын I және II топтағы мүгедектігі бар адамдар, бала кезiнен мүгедектігі бар адамдар басым құқыққа ие болады.»;

14)  16-баптың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«4) мүгедектігі бар адамдар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын жергілікті өкілді органдардың шешімімен айқындалатын тәртiппен және мөлшерлерде өндіріп алуға құқығы бар.».

  1. «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» 2002 жылғы 8 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 17, 154-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 15-16, 72-құжат; № 17, 81-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 17, 136-құжат; № 21, 173-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 13, 62-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 77-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 21-құжат; № 11, 65-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 94-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; № 22-I, 140-құжат; № 23-II, 172-құжат; 2016 ж., № 8-II, 67-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 15, 46-құжат; 2019 ж., № 7, 36-құжат; 2020 жылғы 8 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):

1) 1-баптың 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«12) мүгедектігі бар бала – тіршілік етуінің шектелуіне және оны әлеуметтік қорғау қажеттігіне әкеп соқтыратын аурулардан, жарақаттардан, олардың салдарынан, кемістіктерден организмінің функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығына зақым келген он сегіз жасқа дейінгі адам;»;

2) 30-баптың 1-тармағының алтыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Медициналық-әлеуметтік мекемеге (ұйымға) төрт жастан он сегiз жасқа дейiнгi күтіп-бағуға, медициналық, тұрмыстық қызмет көрсетуге және әлеуметтiк-еңбекке бейiмдеуге мұқтаж мүгедектігі бар балалар қабылданады.»;

3) 31-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«31-бап. Мүгедектігі бар баланың толымды өмiрге құқықтары

  1. Мүгедектігі бар баланың қоғам өмiрiне белсене араласуына ықпал ететiн өз қадiр-қасиетiн қамтамасыз ету жағдайындағы толымды өмiрге денi сау балалармен бiрдей құқығы бар.
  2. Мүгедектігі бар бала өзiнің дене бiтiмiне, ақыл-ес қабiлетiне және тiлегiне сай бiлiм алуға, қызмет түрi мен кәсiптi таңдауға, шығармашылық және қоғамдық қызметтерге қатысуға құқылы.
  3. Ақыл-есiнiң немесе дене бiтiмiнiң дамуында кемiстiгi бар балаларды қоса алғанда, мүгедектігі бар балалар мамандандырылған балалар ұйымдарында медициналық-әлеуметтiк көмек алуға құқылы.»;

4) 32-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«32-бап. Мүгедектігі бар баланы жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттiк кепiлдiктер

  1. Мемлекеттiк органдар және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүгедектігі бар баланың денсаулық жағдайын, қажеттерi мен мүмкiндiктерiн ескере отырып, оны оқыту, кәсiптiк даярлау, лайықты жұмыс тауып беру және жұмысқа орналастыру үшiн қажеттi жағдайлар жасауға мiндеттi.
  2. Мүгедектігі бар балалардың жұмысқа орналасуын қамтамасыз ету, оларды кәсiби даярлау мен қайта даярлауды ұйымдастыру жөнiндегi қызметтi жеке жүзеге асыратын және заңды тұлғалар үшiн Қазақстан Республикасының заңдарымен жеңiлдiктер белгiленуi мүмкiн.»;

5) 33-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«33-бап. Мүгедек балаларға мемлекеттiк көмек

  1. Мемлекет мүгедектігі бар балаларды қолдауға бағытталған медициналық, құқықтық, әлеуметтiк-экономикалық шаралар кешенiн жүзеге асырады.
  2. Мүгедектігі бар балаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк көмек Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.
  3. Мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеушi және оларды күтiп-бағуды жүзеге асырушы ата-аналардың және басқа да заңды өкілдердің мемлекеттiк көмек алуға құқығы бар.».
  4. «Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» 2003 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 14, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 25-құжат;
    2007 ж., № 8, 52-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2009 ж., № 17, 81-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат;
    2011 ж., № 2, 25-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2014 ж.,
    № 8, 44-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; № 21, 122-құжат; № 23,
    143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 8-І, 65-құжат; 2017 ж., № 23-III, 111-құжат; 2018 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 7, 37-құжат; № 15-16, 67-құжат, № 21-22, 90-құжат):

1) 20-баптың 1-тармағының сегізінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«мүгедектігі бар балаға – 5 000;»

  1. «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» 2003 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 14, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 25-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2009 ж, № 17, 81-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 2,
    25-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2014 ж., № 8, 44-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж.,
    № 8, 45-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 8-І, 65-құжат; 2017 ж., № 23-III, 111-құжат; 2018 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 24,
    93-құжат; 2019 ж., № 7, 37-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 21-22, 90-құжат;
    № 24-I, 119-құжат; 2020 жылғы 7 мамырдағы «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):

1) 20-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Көлiк құралдарының иелерi – Ұлы Отан соғысының қатысушылары және жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген адамдар, басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, I және II топтағы мүгедектігі бар адамдар, зейнеткерлер стандартты шарт жасасқан кезде осы Заңның 19-бабына сәйкес есептелген, төленуге жататын сақтандыру сыйлықақысының елу пайызы мөлшерінде сақтандыру сыйлықақыларын төлейдi.»;

2) 24-баптың 1-тармағы 1) тармақшасының жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«мүгедектігі бар балаға – 1 000;»;

  1. «Автомобиль көлiгi туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 15, 134-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 16,
    129-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2,
    1-құжат; № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2,
    3-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 8, 44-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 87-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21,
    122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; № 19-І, 100, 101-құжат;
    № 20-IV, 113-құжат; № 23-II, 170-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 8-I, 65-құжат; 2017 ж., № 9, 17-құжат; № 23-III, 111-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат;
    № 19, 62-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 8, 45-құжат; № 21-22, 91-құжат;
    2020 жылғы 7 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2020 жылғы 29 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалап отыру мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 26 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):

1) 13-баптың 23) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«23) Автомобиль көлігімен мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету қағидасын бекітеді;»;

2) 26-баптың 2-тармағының 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«7) отыз және одан да көп такси болған кезде әрбір отыз таксиге шаққанда арнайы жүріп-тұру құралдарын пайдаланатын мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау үшін ыңғайластырылған кем дегенде бір таксиінің болуына;»;

3) 27-бапта:

1-тармақтың 2) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«Аталған басымдықтарды мүгедектігі бар адамдар, зейнеткерлер, жүктi әйелдер, мектеп жасына дейiнгi балалары бар жолаушылар пайдаланады;»;

2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) мүгедектігі бар жолаушыларды отырғызуға және түсiруге арналған қондырғылар жасалады.»;

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Жалпы пайдаланудағы көлiк мүгедектігі бар жолаушылардың мiнiп-түсуiне арналған құрылғылармен жабдықталады.

Мемлекеттiк органдар жолаушыларды тасымалдау бағыттарына қызмет көрсету құқығына конкурстар өткiзген кезде, мүгедектігі бар адамдардң пайдалануына бейiмделген көлiк құралдары бар жеке және заңды тұлғалар артықшылыққа ие болады.»;

4) 27-1-бапта:

1-тармақтың 1), 3), 4), 5) және 7) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

1) мүгедектігі бар адамдардың автокөлік құралдарын қою үшін арнайы жол белгілері орнатылған орындардың бөлінуі;

«3) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес есту және көру қабілеті бойынша мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді ақпараттық сигналдық құрылғылармен және байланыс құралдарымен жабдықтау;

4) тірек-қозғалыс аппараты бұзылған мүгедектігі бар адамдарға және халықтың баяу қимылдайтын басқа да топтарына қызмет көрсету үшін мүгедектігі бар адамдарға арналған кезекші кресло-арбаның болуы;

5) күту залдарында мүгедектігі бар адамдарға арналған кресло-арбалармен жүріп-тұратын адамдардың қажеттіліктерін ескере отырып жабдықталуға тиіс мүгедектігі бар адамдарға арналған арнайы орындар бөлу;»;

«7) мүгедектігі бар адамдарға қызмет көрсету үшін арнайы бейімделген билет кассаларымен жабдықтау;»;

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Әуежайларда, вокзалдарда, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, бос уақытты өткізу және демалыс объектілерінде, сондай-ақ алаңдарда, даңғылдарда, көшелерде, орамдарда мүгедектігі бар адамдардың арнайы автокөлік құралдарын қоюға арналған тегін тұрақ орындары бөлінеді, оларға өзге автокөлік құралдары қойылмауға тиіс.

Егер тұрақ орындарының саны:

1) қоса алғанда онға дейін болса – мүгедектігі бар адамның арнайы автокөлік құралын қою үшін бір орын;

2) оннан астам болса, мүгедектігі бар адамның арнайы автокөлік құралын қою үшін тұрақ орындарының жалпы санының кемінде он пайызы бөлінеді.

Бұл ретте егер есептеу қорытындылары бойынша тұрақ орындарының саны 0,5-тен бастап және жоғары бөлшек мәнді құраса, мұндай мән бүтін бірліктерге дейін дөңгелектеуге жатады.».

  1. «Iшкi су көлiгi туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы
    6 шілдедегі Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж.,
    № 15, 88-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 23, 141-құжат; № 24, 148-құжат;
    2007 ж., № 9, 67-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 18,
    84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжат;
    № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 14, 92, 95-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 72, 75-құжат; № 16, 83-құжат;
    2014 ж., № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23,
    143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 19-І, 100-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 23-II, 170-құжат; 2016 ж., № 8-I, 65-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 9, 17-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 19, 62-құжат; 2019 ж., № 8, 45-құжат; 2020 жылғы
    30 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік заңнамасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы Заңы:

1) 46-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Порт айлақтарының иелерi кемелер үшiн қауiпсiз кiреберiстердi, кемелердiң мұндай айлақтардағы қауiпсiз тұрағын қамтамасыз етуге мiндеттi, олардың қоймалары, жүк массасын анықтауға арналған, жүк тиеу-жүк түсiру құралдары, жолаушыларды, оның iшiнде мүгедектердi кемеге отырғызуға, түсiруге және олардың кеменiң келуiн күтуге арналған құрылғылары мен қондырғылары, ал қажет болған жағдайларда портқа вагондарды әкелуге арналған темiржолдың кiрме жолдары болуға тиiс.

 Жүк массасын анықтауға арналған құралдар белгiленген тәртiппен мемлекеттiк метрологиялық бақылануға тиiс.»;

2) 51-2-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«51-2-бап. Ішкі су көлігі саласындағы көрсетілетін қызметтердің мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділігі

  1. Ішкі су көлігі саласындағы көрсетілетін қызметтерге мүгедектігі бар адамдардың қол жеткізуі үшін портта:

1) арнайы жол белгілері орнатыла отырып, мүгедектігі бар адамдардың автокөлік құралдарын қоюға арналған орындардың бөлінуі;

2) ғимараттардың, ғимараттарға кіреберіс жолдардың (ғимаратқа кірер жолдардың, баспалдақтардың), ғимарат ішіндегі қозғалыс жолдарының халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін ыңғайластырылуы;

3) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес көру және (немесе) есту қабілеттері бұзылған мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді ақпараттық сигналдық құрылғылармен және байланыс құралдарымен жабдықталуы;

4) тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектігі бар адамдарға және халықтың жүріп-тұруы шектеулі басқа да топтарына қызмет көрсету үшін мүгедектігі бар адамдарға арналған кезекші кресло-арбаның болуы;

5) күту залдарында халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарының қажеттіліктері ескеріле отырып жабдықталуға тиісті, мүгедектігі бар адамдарға арналған арнайы орындардың бөлінуі;

6) қоғамдық дәретханалардың мүгедектігі бар адамдардың кресло-арбаларымен жүріп-тұратын адамдарға арналған кабиналармен жабдықталуы;

7) мүгедектігі бар адамдардың кресло-арбаларымен жүріп-тұратын адамдарға арналған арнайы таксофондардың орнатылуы;

8) мүгедектігі бар адамдарға қызмет көрсетуге арналған арнайы билет кассаларының жабдықталуы қамтамасыз етілуге тиіс.»

1) 52-баптың 1-тармағының 3) тармақшасының мынадай редакцияда жазылсын:

«3) өзiмен бiрге жалпы салмағы отыз алты килограмнан аспайтын, ал жүрдек кемелерде - жиырма килограмнан аспайтын қолжүгiн (алып жүруге жеңiл, басқа жолаушылардың орнын тарылтпайтын ұзындығы 1,8 метрден аспайтын немесе периметрi бойынша жалпы ұзындығы 2,6 метрден аспайтын заттарды) ақысыз алып жүруге құқылы. Қолжүгiн сақтау жауапкершiлiгi оның иесiне жүктеледi;

Мүгедектігі бар адамдар мен халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары арасынан шыққан жолаушылардың жеке пайдалануға арналған техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдарды және арнайы қозғалыс құралдарын өздерімен тегін алып жүруге қосымша құқығы бар;»;

  1. «Қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiлер иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы» 2004 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 16, 94-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 9, 44-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; 2019 ж., № 15-16, 67-құжат)

1) 18-баптың 2-тармағы 1) тармақшасының бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

  «2) мүгедектігі бар балаға – 500;»

  1. «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 21, 124-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 15, 92-құжат; № 24, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 60-құжат; 2009 ж., № 17, 80-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 5, 41-құжат; № 14, 92-құжат, 95; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 81-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; № 22-V, 156-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-II, 53-құжат; 2017 ж., № 11, 29-құжат; № 22-III, 109-құжат; № 23-III, 111-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 19,
    62-құжат; № 24, 94-құжат; 2019 ж., № 7 (2782), 39-құжат):

1) 18-баптың 6-тармағының 1) тармақшасы мынадайредакцияда жазылсын:

«1) азаматтардың жекелеген санаттарын (кәмелетке толмағандарды, жүктi әйелдердi, бала емiзетiн аналарды, мүгедектігі бар адамдарды) қорғауды қамтамасыз ететiн;»;

  1. «Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7 ақпандағы Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 3-4, 2-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат;
    2009 ж., № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат;
    2014 ж., № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат;
    № 22-V, 152-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; 2019 ж., № 15-16, 67-құжат; 2020 жылғы 30 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік заңнамасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының
    2020 жылғы 29 маусымдағы Заңы):

1) 24-баптың 2-тармағының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«2.   Қызметкердi жазатайым оқиға немесе кәсiптiк ауру салдарынан еңбекке қабiлеттiлiгiнен айырылу дәрежесiн айқындауға куәландыру, сондай-ақ қосымша көмек пен күтiм түрлерiне мұқтаждықты айқындау Қазақстан Республикасының мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу арқылы жүзеге асырылады.».

  1. «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 7-8, 18-құжат; 2006 ж., № 15, 92-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 178-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 122-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 19-І, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; № 22-І, 140-құжат; № 22-V, 152-құжат, 158; № 23-II, 170-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 14, 42-құжат; № 19, 62-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 23, 99, 106-құжаттар; 2020 жылғы 30 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес-ахуалды жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):

1) тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы»;

2) кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Осы Заң Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтiк қорғау саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi және мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтiк қорғауды қамтамасыз етудiң, олардың тiршiлiк-тынысы мен қоғамға интеграциялануы үшiн тең мүмкiндiктер жасаудың құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық шарттарын айқындайды.»;

3) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

1) абилитация - мүгедектігі бар адамдардың болмаған тұрмыстық, қоғамдық және кәсіби қызметке қабілетін қалыптастыруға және дамытуға бағытталған шаралар кешені;

2) арнаулы жүрiп-тұру құралдары – мүгедектігі бар адамдардың белсендi және баяу жүрiп-тұруына арналған техникалық көмек түрi;

3) ымдау тілі маманы – мүгедектігі бар адамдарға еститін және естімейтін адамдар арасында делдалдық қызмет көрсетумен байланысты әлеуметтік қызмет көрсететін маман;

4) жеке көмекші - жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға ілесіп жүру бойынша әлеуметтік қызметтерді көрсететін адам;

5) инватакси - мүгедектігі бар адамдарды автомобиль көлігімен тасымалдау бойынша әлеуметтік қызмет;

6) кәсiптiк бағдарлау - мүгедектігі бар адамның еңбек қызметi түрлерiн таңдауына көмек көрсетуге бағытталған шаралар жүйесi;

7) медициналық-әлеуметтiк сараптама - организм функциясының тұрақты бұзылуынан туындаған шектеулі тіршілік-тынысты мүгедектік және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу мәніне бағалау, сондай-ақ  әлеуметтiк қорғау шараларына қажеттiлiкті айқындау;

8) медициналық-әлеуметтік мекеме (ұйым) – көмек пен күтімге, медициналық қызмет көрсетуге мұқтаж қарттардың, мүгедектігі бар адамдардың, оның ішінде психоневрологиялық науқастар қатарындағы мүгедектігі бар адамдардың, мүгедектігі бар балалардың стационар, жартылай стационар немесе күндіз болу жағдайында тұрақты немесе уақытша тұруына арналған ұйым;

9) мiндеттi гигиеналық құралдар - табиғи физиологиялық мұқтаждықтарды және қажеттiлiктердi қанағаттандыруға арналған құралдар;

10) мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтiк қорғау - мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтiк көмек көрсету, оңалту, сондай-ақ олардың қоғамға интеграциялануы жөнiндегi шаралар кешенi;

11) мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтiк оңалту - мүгедектігі бар адамдардың тiршiлiк-тынысының шектелуiн жеңiп шығуы үшiн жағдай туғызуға, олардың әлеуметтiк мәртебесiн қалпына келтiруге, әлеуметтiк-тұрмыстық және ортаға бейiмделуiне бағытталған шаралар кешенi;

12) мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыруға арналған арнайы жұмыс орындары - мүгедектігі бар адамдардың жеке мүмкiндiктерi ескерiле отырып жабдықталған жұмыс орындары;

13) мүгедектігі бар адам – тiршiлiк-тынысының шектелуiне және оны әлеуметтiк қорғау қажеттiгiне әкеп соқтыратын, ауруларға, мертігулерге (жаралануға, жарақаттарға, контузияларға), олардың зардаптарына, кемiстiктерге байланысты организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы нашарлаған адам;

14) мүгедектігі бар адамдарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу операторы (бұдан әрі – оператор) - мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру жөніндегі квотаны сақтамағаны және осы Заңда көзделген мүгедектігі бар адамдарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын осы қаражат есебінен іске асырғаны үшін жұмыс берушілердің өтемақы төлемдерін шоғырландыруды жүргізетін заңды тұлға;

15) мүгедектігі бар адамдарды кәсiптiк оңалту - мүгедектігі бар адамдардың бұзылған не жоғалтқан кәсiптiк дағдыларын, бiлiмi мен машықтарын алуына немесе қалпына келтiруiне және оларды бейiмдеу мен жұмысқа орналастыруға бағытталған шаралар кешенi;

16) мүгедектігі бар адамды оңалту мен абилитациялаудың жеке бағдарламасы - мүгедектігі бар адамды оңалтудан өткiзудiң нақты көлемiн, түрлерi мен мерзiмдерiн белгiлейтiн құжат;

17) медициналық оңалту - организмнiң бұзылған және (немесе) жоғалтылған функцияларын сақтауға, iшiнара немесе толық қалпына келтiруге бағытталған медициналық қызметтер кешенi;

18) мүгедектігі бар адамдардың мамандандырылған ұйымдары – мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктері, сондай-ақ ондағы қатысу үлестерінің жүз пайызы мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктеріне тиесілі ұйымдар мына талаптарға сай келсе:

мүгедектігі бар адамдардың орташа жылдық саны қызметкерлердің жалпы санының кемінде 51 пайызын құраса;

бір жылда мүгедектігі бар адамдардың еңбегіне ақы төлеу жөніндегі шығыстар еңбекке ақы төлеу жөніндегі жалпы шығыстардың кемінде 35 пайызын құраса, осындай бірлестіктер мен ұйымдар;

19) мүгедектігі бар адамдардың әлеуметтiк-тұрмыстық және ортаға бейiмделуi - мүгедектігі бар адамдардың өзiне-өзi қызмет көрсету, өз бетiмен өмiр сүру мүмкiндiгiне қол жеткiзу немесе олардың отбасылық және қоғамдық өмiрдiң үйреншiктi жағдайларына қайта оралу процесi;

20)  тiршiлiк-тынысының шектелуi - адамның өзiне-өзi қызмет көрсету, өздiгiнен жүрiп-тұру, бағдарлай алу, қарым-қатынас жасау, өзiнiң мiнез-құлқын бақылау, оқу және еңбекпен айналысу қабiлетiнен немесе мүмкiндiгінен толық немесе ішінapa айрылуы;

21) мүгедектігі бар бала – тұрмыс-тіршілігінің шектелуiне және оны әлеуметтiк қорғау қажеттiгiне әкеп соқтыратын, ауруларға, мертігулерге (жаралануға, жарақаттарға, контузияларға), олардың зардаптарына, кемiстiктерге байланысты организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы нашарлаған он сегiз жасқа дейінгі адам;

22) мүгедектiк - организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулықтың бұзылуы салдарынан адамның тiршiлiк-тынысының шектелу дәрежесi;

23) оңалту - мүгедектігі бар адамдардың тұрмыстық, қоғамдық және кәсіби қызметке қабілетін толық немесе ішінара қалпына келтіруге бағытталған шаралар кешені;

24) протездiк-ортопедиялық көмек - мүгедектігі бар адамдарды протездiк-ортопедиялық құралдармен қамтамасыз ету жөнiндегi медициналық-техникалық көмектiң мамандандырылған түрi және оларды пайдалануды үйрету;

25) протездiк-ортопедиялық құралдар - кем аяқ-қолды немесе дененiң басқа да мүшелерiн алмастыратын, аурудың немесе денсаулыққа зақым келудiң салдарынан организмнiң бұзылған немесе жоғалтылған функцияларының орнын толтыратын құралдар;

26) қайта жасау хирургиясы - организмнiң бұзылған функцияларын қалпына келтiруге немесе олардың орнын толтыруға бағытталған хирургиялық емдеу әдiсi;

27) сурдоаударма – қандай да бір тілден дактильді әліпби және (немесе) ымдау тілі көмегімен аудару;

28) сурдотехникалық құралдар - есiту кемiстiктерiн түзеуге және олардың орнын толтыруға арналған, оның iшiнде байланыс құралдары мен ақпарат берудi күшейтетiн техникалық құралдар;

29)  техникалық көмекшi (орнын толтырушы) құралдар - протездiк-ортопедиялық және сурдо-тифлотехникалық құралдар мен мiндеттi гигиеналық құралдар;

30) тифлотехникалық құралдар - мүгедектігі бар адамдардың көру кемiстiгi салдарынан жоғалтқан мүмкiндiктерiн түзеуге және олардың орнын толтыруға бағытталған құралдар;

31) халықты әлеуметтік қорғау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттары – мүгедектігі бар адамдарға және мүгедектігі бар балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету сапасын, көлемін және шарттарын белгілейтін нормативтік құқықтық актілер;»;

4) 2-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қазақстан Республикасының мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтiк қорғау туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.»;

5) 3-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ мемлекеттiк органдар мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтiк қорғау саласындағы қатынастардың субъектiлерi болып табылады.»;

6) 2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«2-тарау. Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғауды мемлекеттік реттеу»

7) 4-бап мынадай редакцияда жазылсын:

4-бап. Қазақстан Республикасының мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттiк саясаты

Қазақстан Республикасының мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттiк саясаты:

1) мүгедектіктің профилактикасына;

2) мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтiк қорғауға, оның iшiнде оңалтуға;

3) мүгедектігі бар адамдардың қоғамға интеграциялануына бағытталған.»;

8) 5-бап мынадай редакцияда жазылсын:

5-бап. Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтiк қорғау принциптерi

Қазақстан Республикасының мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттiк саясаты:

1) заңдылық, iзгiлiк, адам құқықтарының сақталуы;

2) әлеуметтiк қорғауға кепiлдiк берiлу, медициналық, әлеуметтiк және кәсiптiк оңалтуға қолжетiмдiлiктi қамтамасыз ету;

3) мүгедектігі бар адамдардың денсаулық сақтауға, бiлiм алуға және қызмет түрiн, оның iшiнде еңбек қызметi түрiн еркiн таңдауға басқа азаматтармен қатар қол жеткiзуi мен тең құқылы болуы;

4) мемлекеттiк органдардың мүгедектігі бар адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын қоғамдық бiрлестiктермен және өзге де ұйымдармен өзара iс-қимыл жасауы;

5) мүгедектiк белгiсi бойынша кемсiтуге тыйым салу принциптерi негiзiнде жүргiзiледi.»;

9) 6-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«6-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтiк қорғау саласындағы құзыретi

Қазақстан Республикасының Үкiметi:

1) мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлейдi;

2) Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және тұрмыс сапасын жақсарту жөніндегі ұлттық жоспарды бекітеді;

3) мемлекеттік тапсырыс немесе грант бойынша оқитын мүгедектігі бар адамдарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес стипендиялар тағайындау және төлеу тәртібін бекітеді;

4) мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесін құрады;

5) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.»;

10) 7-бапта:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

 «1. Халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы уәкiлеттi орган:

1) Қазақстан Республикасының мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтiк қорғау саласындағы, сондай-ақ медициналық-әлеуметтiк сараптама саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерiн әзiрлейдi және бекiтедi;

2) мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау, оңалту және абилитациялау саласындағы әдістемелік ұсынымдарды әзірлейді және бекітеді;

3) медициналық-әлеуметтiк сараптаманы және мүгедектігі бар адамдарды оңалтуды ұйымдастыру мен жүзеге асырудың жалпы принциптерiн белгiлейдi;

4) медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын әзiрлейдi және бекітеді;

5) медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу кезінде қалыптастырылатын құжаттардың нысандарын әзірлейді және бекітеді;

6) мүгедектігі бар адамдарды есепке алу жүйесiнiң орталықтандырылған деректер банкiн қалыптастырады, мүгедектiк себептерiнiң, құрылымының және жай-күйiнiң мониторингiн жүргiзедi;

7) мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

8) оңалту мен абилитациялаудың жеке бағдарламасына сәйкес жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға жеке көмекшінің қызметтерін ұсыну қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

9) медициналық-әлеуметтік көрсеткіштердің негізінде қажеттілік дәрежесін ескере отырып жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға жеке көмекшінің қызметтерін ұсыну уақытын айқындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

10) оңалту мен абилитациялаудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектігі бар адамдарға ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

11) оңалту және абилитациялаудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектігі бар адамдарға санаторий-курорттық емдеуді ұсыну қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

12) оңалту мен абилитациялаудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектігі бар адамдарды протездік-ортопедиялық көмекпен және техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен қамтамасыз ету қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

13) оңалту және абилитациялаудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектігі бар адамдарды арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

14) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;

2-тармақтың 3), 5) және 7) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

«3) мүгедектігі бар адамдарды оңалтудың жеке бағдарламасының әлеуметтік және кәсіптік бөліктерін әзірлеу, өзінің еңбек (қызметтік) міндеттерін орындауына байланысты мертіккен немесе өзге де денсаулық зақымын алған жұмыскердің Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген көмек пен күтімнің қосымша түрлеріне мұқтаждығын айқындау;»;     

«5) мүгедектігі бар адамдарды оңалту мен абилитациялаудың жеке бағдарламаларының iске асырылуын бақылау;»;

«7) өз құзыретi шегiнде мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау.»;

11) 8-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3) мүгедектігі бар адамды оңалту мен абилитациялаудың жеке бағдарламасының медициналық бөлігін әзірлейді және оны орындауды жүзеге асырады;

12) 9-бап мынадай редакцияда жазылсын:

9-бап. Бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi органның құзыретi

Бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган:

  1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мүгедектігі бар адамдардың бiлiм алуын қамтамасыз етедi;

2) мемлекеттiк тапсырыс немесе грант бойынша оқып жүрген мүгедектігі бар адамдарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес стипендиялар тағайындау мен төлеудiң тәртiбiн әзiрлейдi;

3) мүгедектігі бар адамдарды оқытуды жүзеге асыратын арнаулы бiлiм беру ұйымдарының бiлiм беру қызметiн регламенттейтiн Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн әзiрлейдi және бекiтедi;

4) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

13) 10-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергiлiктi атқарушы органдары:

1) мүгедектігі бар адамдарды оңалтуды жүзеге асыратын мемлекеттiк мекемелер мен кәсiпорындарды құрады;

2) мүгедектігі бар адамдарға Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қосымша әлеуметтік қолдау шараларын ұсынады;

3) мүгедектігі бар адамдарды оңалтуды жүзеге асыратын ұйымдарды құруға ықпал етедi;

4) Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес мүгедектігі бар адамдарды кәсiптiк оқытуды (қайта оқытуды) ұйымдастырады;

5) мүгедектігі бар адамдарды оңалту жөнiндегi мамандарды, оның iшiнде ымдау тiлiнiң мамандарын, Брайльдiң бедерлi-нүктелiк қарпі бойынша оқу және жазу жөніндегі мамандарды даярлауды, қайта даярлауды және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастырады;

6) осы Заңға сәйкес тиiстi аумақта медициналық, әлеуметтiк, кәсiптiк оңалтудың орындалуын ұйымдастырады;

7) мүгедектiгі бар адамды оңалтудың және абилитациялаудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектігі бар адамдардың санаторий-курорттық емделуiн қамтамасыз етедi;

8) мүгедектiгі бар адамды оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектiгі бар адамдарды техникалық көмекшi (орнын толтырушы) құралдармен және (немесе) арнаулы жүрiп-тұру құралдарымен қамтамасыз етуді ұйымдастырады;

9) дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкiлеттi органмен және мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бiрлестiктерiмен бiрлесiп мүгедектігі бар адамдар арасында сауықтыру және спорттық iс-шараларды өткiзудi ұйымдастырады;

10) мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бiрлестiктерiмен бiрлесiп мәдени-көпшілік және ағарту iс-шараларын ұйымдастырады;

11) мүгедектігі бар адамдарға қайырымдылық және әлеуметтiк көмектiң көрсетiлуiн үйлестiредi;

12) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;

14) 11-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдары:

1) мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтiк көмек көрсетудi ұйымдастырады және қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіреді;

2) мүгедектігі бар адамдарға Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қосымша әлеуметтік қолдау шараларын ұсынады;

3) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады»;

15) 3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«3-тарау. Мүгедектігі бар адамдардың құқықтары және оларды әлеуметтік қорғау»;

16) 13-баптың 3 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Адамға мүгедектік белгіленген және (немесе) еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі белгіленген кезде әлеуметтік қорғау шараларының себептері, мерзімдері, қажеттіліктері айқындалады, сондай-ақ мүгедектігі бар адамды оңалту мен абилитациялаудың жеке бағдарламасының әлеуметтік және кәсіптік бөліктері әзірленеді.

  1. Мүгедектік тобы жеті жастан бастап белгіленеді.»;

17) 14-бапта:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«14-бап. Мүгедектігі бар адамдардың құқықтары»;

14-баптың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдар Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актiлерiмен бекiтiлген әлеуметтiк-экономикалық және жеке басының құқықтары мен бостандықтарына толығымен ие болады, оның ішінде»;

18) 15-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«15-бап. Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтiк қорғау

Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтiк қорғау әлеуметтiк, қайырымдылық көмекті, медициналық, әлеуметтiк және кәсiптiк оңалтуды, бiлiм алуға қолжетімділікті және мүгедектігі бар адамдардың қоғам өмiрiне басқа азаматтармен бірдей қатысуына мүмкiндiктер жасауға бағытталған өзге де шараларды ұсыну арқылы қамтамасыз етiледi.»;

19) 16-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«16-бап. Мүгедектігі бар адамдарға көрсетiлетiн әлеуметтiк көмек

Мүгедектігі бар адамдарға көрсетiлетiн әлеуметтiк көмек мемлекеттiк жәрдемақылар, өтемақылар түрiндегi төлемдерді және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де, оның ішінде қайырымдылық есебінен берілетін төлемдердi де қамтиды.

Әлеуметтік көмектің қосымша түрлерін жергілікті атқарушы органдар, жұмыс беруші және өзге де ұйымдар көрсетуге құқылы.»;

20) 16-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«16-1-бап. Мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұратын психоневрологиялық аурулар қатарындағы мүгедектігі бар адамдарға және мүгедектігі бар балаларға әлеуметтік көмек

  1. Мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұрып жатқан, сот шешімімен әрекетке қабілетсіз және қорғаншылыққа мұқтаж деп танылған мүгедектігі бар адамдардың (бұдан әрі – қорғаншылықтағылар) зейнетақы төлемдері және мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылары «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» және «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен есепке жазылады.
  2. Медициналық-әлеуметтік мекеменің әкімшілігі қорғаншылықтағылардың Мемлекеттік корпорациядан төленетін зейнетақы төлемдерінің және мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларының пайдаланылуы туралы есепті облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органына тоқсан сайын ұсынуға міндетті.
  3. Облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергілікті атқарушы органдары қорғаншылықтағылардың «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамынан төленетін зейнетақы төлемдерін және мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларын медициналық-әлеуметтік мекеме әкімшілігінің дұрыс жұмсауын бақылауды жүзеге асырады.»;

21) 17-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«17-бап. Мүгедектігі бар адамдарды оңалту және абилитациялау

«1. Мүгедектігі бар адамдарды оңалту және абилитацилау организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулықтың бұзылуынан тiршiлiк-тынысының шектелуiн жоюға немесе оның орнын мүмкiндiгiнше толықтай толтыруға,  сондай-ақ қалыптаспаған функциялар мен дағдыларды игеру және дамытуға .бағытталған медициналық, әлеуметтiк және кәсiптiк iс-шаралар кешенiн қамтиды.

  1. Мүгедектігі бар адамдарды оңалту және абилитацилау мүгедектігі бар адамды оңалтудың және абилитациялаудың жеке бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылады.»;

22) 19-тармақта:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«19-бап. Мүгедектігі бар адамдарды оңалту мен абилитациялаудың жеке бағдарламасы»;

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Оңалту мен абилитациялаудың жеке бағдарламасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мүгедекдігі бар адамға тегiн көрсетiлетiн оңалту iс-шараларын, сол сияқты ақысын төлеуге мүгедектiгі бар адамның өзi немесе оның жұмыста мертiгуiне немесе кәсiптiк ауруға шалдығуына кiнәлi жұмыс берушi қатысатын оңалту iс-шараларын да қамтиды.»;

23) 20-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«20-бап. Мүгедектігі бар адамдарды медициналық оңалту

  1. Мүгедектігі бар адамдарды медициналық оңалту:

1) қалпына келтiру терапиясын (дәрi-дәрмекпен, физикалық, санаторий-курорттық емдеудi және организмнiң бұзылған немесе жоғалтылған функциялары мен денсаулықты қалпына келтiруге бағытталған басқа да емдеу әдiстерiн);

2) қайта жасау хирургиясын;

3) протездiк-ортопедиялық көмектi қамтиды.

  1. Медициналық оңалту жөнiндегi iс-шараларды денсаулық сақтау ұйымдары мен меншiк нысанына қарамастан басқа да мамандандырылған ұйымдар жүргiзедi.
  2. Санаторий-курорттық емдеу мүгедектігі бар адамдарға оңалту мен абилитациялаудың жеке бағдарламасына сәйкес халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртiппен ұсынылады.

Мүгедектігі бар адамдарды оңалту мен абилитациялаудың жеке бағдарламасына сәйкес санаторийлік-курорттық емдеумен қамтамасыз ету осы Заңның 32-1-бабына сәйкес оның құнын жергілікті атқарушы органдардың толық немесе ішінара өтеуі жолымен жүзеге асырылады.

  1. Жұмыс берушiнiң кiнәсiнен жұмыста мертiгуге ұшыраған немесе кәсiптiк ауруға шалдыққан мүгедектігі бар адамға санаторий-курорттық емделуге жолдама осы баптың 5 және 6-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыс берушiнiң есебiнен берiледi.
  2. Жұмыс берушіге қатысты соттың оны банкрот деп тану туралы шешімі заңды күшіне енген жағдайда жұмыс берушiнiң кiнәсiнен жұмыста мертiгуге ұшыраған немесе кәсiптiк ауруға шалдыққан мүгедектігі бар адамға санаторий-курорттық емделу осы баптың 3-тармағына сәйкес беріледі.
  3. Жұмыс берушi - дара кәсiпкердiң қызметi тоқтатылған немесе заңды тұлға таратылған жағдайда жұмыс берушiнiң кiнәсiнен жұмыста мертiгуге ұшыраған немесе кәсiптiк ауруға шалдыққан мүгедекке санаторий-курорттық емдеу осы баптың 3-тармағына сәйкес жұмыс берушiнiң есебiнен берiледi.»;

24) 21-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«21-бап. Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтiк оңалту

  1. Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтiк оңалту:

1) мүгедектігі бар адамдарға жеке басы гигиенасының, өзiне-өзi қызмет көрсетудің, жүріп-тұрудың, қарым-қатынастың негiзгі әлеуметтік дағдыларын үйретудi;

2) мүгедектігі бар адамдарды техникалық көмекшi (орнын толтырушы) және арнаулы жүрiп-тұру құралдарымен қамтамасыз етудi;

3) басқа адамның күтiмi мен көмегiне мұқтаж мүгедектігі бар адамдарға, оның iшiнде мүгедектігі бар балаларға үйде арнаулы әлеуметтiк қызметтер ұсынуды;

4) жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедек адамдар үшін жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтерін ұсыну оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес айына бір жүз жетпіс алты сағаттан және жергілікті атқарушы органдардың осы Заңның 32-1-бабына сәйкес олардың құнын толық өтеуі арқылы күніне сегіз сағаттан аспайтын көлемде ұсынылады.

Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедек адамға арналған жеке көмекшінің әлеуметтік қызметі бала кезінен бірінші топтағы мүгедек адамға күтімді жүзеге асыратын адамға «Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабында көзделген тәртіппен ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау және төлеу кезінде ұсынылмайды.»;

5) жергілікті атқарушы органдардың осы Заңның 32-1-бабына сәйкес олардың құнын толық немесе ішінара өтеуі арқылы жеке оңалту бағдарламасына сәйкес есту қабілеті нашар адамдар үшін жылына алпыс сағат ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтерін ұсыну. Қамтамасыз ету тәсілін жергілікті атқарушы орган айқындайды;

6) медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету;

7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқықтық көмек көрсету;

8) оңалту мен абилитацияның жеке бағдарламасына сәйкес әлеуметтік оңалтудың өзге де түрлері.

  1. Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік оңалтуды және абилитациялауды медициналық-әлеуметтік мекемелер (ұйымдар), үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелері, арнайы білім беру ұйымдары (психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар, оңалту орталықтары, психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері), денсаулық сақтау ұйымдары және басқа да мамандандырылған ұйымдар жүзеге асырады.»;

25) 22-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«22-бап. Мүгедектігі бар адамдарға техникалық көмекшi (оpнын толтырушы) құралдар мен арнаулы жүрiп-тұру құралдарын беру

  1. Оңалтудың және абилитацияның жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектігі бар адамдар Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тізбе бойынша халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіпке сәйкес протездiк-ортопедиялық көмекпен, техникалық көмекшi (компенсаторлық) құралдармен, арнаулы жүрiп-тұру құралдарымен қамтамасыз етiледi.

Протездік-ортопедиялық көмекпен, техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен, арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету осы Заңның 32-1-бабына сәйкес олардың құнын жергілікті атқарушы органдардың толық немесе шінара өтеуі жолымен жүзеге асырылады.

  1. Жұмыс берушiнiң кiнәсiнен жұмыста мертiгуге ұшыраған немесе кәсiптiк ауруға шалдыққан мүгедектігі бар адамдар оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес техникалық көмекшi (орнын толтырушы) және арнаулы жүрiп-тұру құралдарымен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыс берушiнiң қаражаты есебiнен қамтамасыз етiледi.
  2. Жұмыс берушi - дара кәсiпкердiң қызметi тоқтатылған немесе заңды тұлға таратылған жағдайда, жұмыс берушiнiң кiнәсiнен жұмыста мертiгуге ұшыраған немесе кәсiптiк ауруға шалдыққан мүгедектігі бар адамдарға протездiк-ортопедиялық көмек, техникалық көмекшi (орнын толтырушы) құралдар, арнаулы жүрiп-тұру құралдары осы баптың 1-тармағына сәйкес берiледi.
  3. Техникалық көмекшi (орнын толтырушы) құралдар Қазақстан Республикасы мемлекеттiк сертификаттау жүйесiнiң талаптарына сәйкес мiндеттi түрде сертификатталуға тиiс.»;

26) 23-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«23-бап. Үйде және аумақтық әлеуметтiк қызмет көрсету орталықтарында арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну

  1. Өзiнiң негiзгi өмiрлiк қажеттiлiктерiн өз бетiнше қанағаттандыру мүмкiндiгiн, өзiне-өзi қызмет көрсету және (немесе) жүрiп-тұру қабiлетiн iшiнара немесе толық жоғалтуына байланысты басқа адамның күтiмi мен көмегiне мұқтаж бірінші және екінші топтардағы жалғызiлiктi мүгедектігі бар адамдарға арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсынуды халықты әлеуметтік қорғау саласындағы арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсету стандарттарына сәйкес әлеуметтiк көмекті үйде көрсететін бөлiмшелер және қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтiк қызмет көрсететін аумақтық орталықтар жүзеге асырады.
  2. Өзiнiң негiзгi өмiрлiк қажеттіліктерін өз бетiнше қанағаттандыру мүмкiндiгiн, өзiне-өзi қызмет көрсету және (немесе) жүрiп-тұру қабiлетiн iшiнара немесе толық жоғалтуына байланысты басқа адамның күтiмi мен көмегiне мұқтаж мүгедектігі бар балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсынуды халықты әлеуметтік қорғау саласындағы арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсету стандарттарына сәйкес әлеуметтiк көмекті үйде көрсететін бөлiмшелер және қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтiк қызмет көрсететін аумақтық орталықтар жүзеге асырады.
  3. Үйде және қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтiк қызметтер көрсететiн аумақтық орталықтарда арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.»;

27) 24-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«24-бап. Медициналық-әлеуметтiк мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну

  1. Денсаулық жағдайына байланысты басқа адамның тұрақты күтiміне және медициналық қызмет көрсетуге мұқтаж бірінші және екінші топтардағы жалғызiлiктi мүгедектігі бар адамдарға, психоневрологиялық науқастар қатарындағы бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдарға, мүгедектігі бар балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну мүгедектігі бар адамдардың жасына, денсаулық жағдайына сәйкес бейiнделген қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға, мүгедектігі бар балаларға арналған интернат-үйлерде жүзеге асырылады және тұрмыс-тіршілік жағдайларын жасауды, күтiммен қамтамасыз етудi, медициналық қызмет көрсетудi, оңалтуды, әлеуметтiк-еңбектiк бейiмдеудi, демалыс пен бос уақытты ұйымдастыруды қамтиды.»;

28) 25-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«25-бап. Мүгедектігі бар адамдардың әлеуметтiк инфрақұрылым объектiлерiне кiрiп-шығуын қамтамасыз ету

  1. Жергiлiктi атқарушы органдар:

1) ұлттық стандарттарға сәйкес елдi мекендердi жобалау, салу және оларда құрылыс жүргізу, тұрғын аудандарды қалыптастыру, жаңадан игерiлетiн және реконструкцияланатын аумақтар мен басқа да елдi мекендердi абаттандыру кезiнде мүгедектігі бар адамдардың тұрғын, қоғамдық және өндiрiстiк ғимараттарға, құрылыстарға және үй-жайларға кiрiп-шығуын;

2) тұрғын үй құрылыстары шегiнде, сондай-ақ қызмет көрсету мекемелерi мен еңбек ету объектiлерi жанында орналасатын жеңiл автомобильдердi уақытша сақтауға арналған ашық тұрақтарды жобалау және салу кезiнде мүгедектігі бар адамдардың жеке автокөлiк құралдарына арналған орындарды;

3) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттiк нормативтердi ескере отырып, автомобильдердi қоса алғанда, арнаулы жүрiп-тұру құралдарына apналған гараждар немесе тұрақтар салу үшiн мүгедектігі бар адамдарға кезектен тыс орын берудi;

4) мүгедектігі бар адамдарға қызмет көрсетуге бағдарланған мекемелер орналасқан жерлерде, сондай-ақ халық көп жүретiн жерлерде iлесе дыбыстайтын және жарық беретiн арнаулы бағдаршамдар, жол белгiлерiн және көрсеткiштер орнатуды, дыбыстайтын және жарық түсiретiн құрылғылармен жарақталған жаяу жүргiншiлер өтетiн жерлердi белгiлеудi қамтамасыз етуге тиiс.

  1. Сәулет, қала құрылысы, құрылыс және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдар салынып жатқан (салынуы болжанып отырған) объектілер мен кешендердің мониторингіне қатысуға мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктерінің өкілдерін тартуға тиіс.
  2. Кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлғалар, сондай-ақ заңды тұлғалар мүгедектігі бар адамдарға ортақ пайдаланылатын көлiк құралдарына, тұрғын, қоғамдық және өндірістiк ғимараттарға, құрылыстар мен үй-жайларға кедергiсiз кiрiп-шығуына, әуежайларда, темiржол вокзалдарында, автовокзалдарда, автостанцияларда, теңiз және өзен порттарында еркiн бағдар ұстануы мен жүрiп-тұруына ұлттық стандарттарға сәйкес жағдай жасауға мiндеттi.

Аталған объектiлердi мүгедектігі бар адамдардың кiрiп-шығуына бейiмдеу мүмкiн болмаған жағдайларда, тиiстi жеке және заңды тұлғалар мүгедектігі бар адамдардың қажеттiлiктерiн барынша ескеретiн қажеттi шараларды әзiрлеп, жүзеге асыруға тиiс.

Мемлекеттiк органдар жолаушыларды тасымалдау бағыттарына қызмет көрсету құқығына конкурстар өткiзген кезде мүгедектігі бар адамдардың пайдалануына бейiмделген көлiк құралдары бар тұлғалар артықшылыққа ие болады.

  1. Лауазымды адамдардың, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалардың және заңды тұлғалардың мүгедектігі бар адамдардың әлеуметтік инфрақұрылымға және көлік инфрақұрылымына кедергісіз қол жеткізуі үшін жағдайларды қамтамасыз етпеуі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тартуға әкеп соғады.»;

29) мынадай мазмұндағы 25-1-баппен толықтырылсын:

«25-1-бап. Автомобиль көлігімен тасымалдау бойынша қызмет көрсету кезінде мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді көлік ортасын қамтамасыз ету.

  1. Автомобиль көлігімен тасымалдау бойынша қызметтер көрсету кезінде мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді көлік ортасын қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының автомобиль көлігі туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
  2. Мүгедектігі бар адамдарды инватакси қызметтерімен қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы заңнамасына сәйкес немесе әлеуметтік қызметтер порталы арқылы осы Заңның 32-1-бабына сәйкес олардың құнын толық немесе ішінара өтеу арқылы жүзеге асырылады. Қамтамасыз ету тәсілін жергілікті атқарушы орган айқындайды.»;

30) 26-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«26-бап. Мүгедектердi тұрғын үймен қамтамасыз ету

  1. Жергiлiктi атқарушы органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен:

1) тұрғын үйге мұқтаж мүгедектігі бар адамдарды есепке қояды және олардың пайдалануына тұрғынжай бередi;

2) мүгедектігі бар адамдарға немесе құрамында мүгедектігі бар адамдар бар отбасыларға берiлетiн тұрғын үй-жайларды арнайы құралдармен және жабдықпен жабдықтауды қамтамасыз етедi.

  1. Мүгедектігі бар адамдарға ғимараттың қабаты, тұрпаты, абаттандырылу дәрежесі және тұруға қажеттi басқа да жағдайлар ескеріле отырып, тұрғын үй-жайды таңдау құқығы берiледi.»;
Дата публикации
17 сентября 2020