«Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік аттестаттау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1057 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі бұйрық жобасына баспасөз релиз

 «Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік аттестаттау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы                       28 желтоқсандағы № 1057 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі бұйрық жобасына

баспасөз релиз

 

 

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 16-бабының 29) тармақшасына сәйкес «Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік аттестаттау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы №1057 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикаcының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрық жобасы әзірленді. 

Аталған бұйрық жобасын қабылдаудың мақсаты «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2024 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келтіру болып табылады, оған сәйкес жұмыс берушінің еңбекті қорғау және қауіпсіздік жөніндегі ақпараттық жүйе арқылы бір ай мерзімде еңбек жағдайлары бойынша өндірістік  объектілерді аттестаттау нәтижелері туралы мәліметтерді беру жөніндегі  міндеті алынып тасталды. (Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 182 - бабының 2-тармағының 13) тармақшасы)

2024 жылғы 17 маусымда бұйрықтың жобасы ашық нормативтік            құқықтық актілердің интернет-порталында жария талқылау үшін орналастырылды.

 

 

Баспасөз релизі
Дата публикации
17 июня 2024